Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті «Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология»


Бөлмелерді жинау және науқастардың гигиенасы



бет12/13
Дата09.06.2016
өлшемі1.42 Mb.
#124550
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Бөлмелерді жинау және науқастардың гигиенасы

Бөлмелерді жуатын және залалсыздандыратын заттар пайдаланып ылғалды жинау тәулігіне кемінде 2 рет, керек жағдайда одан да көп рет жүргізіледі. Терезе әйнектерін сүрту ішкі жағынан айына кемінде 1 рет, ал сыртқы жағынан 4 - 6 айда 1 рет жүргізіледі. Ылғалды жинау жүргізу үшін сабынды, содалы және санитарлық эпидемиологиялық қызмет мекемелері рұқсат берген басқа да ертінділер пайдаланылады. Түйіршік тәрізді синтетикалық жуушы заттарды пайдалануға тыйым салынады.

Бөлім палаталары мен бөлімшелерде түбегейлі тазалау график бойынша жүргізіледі, бірақ айына кемінде 1 рет, ал операциялық блок, таңу мен босанатын бөлмелер құрал - жабдықтардан және жиһаздан босатылып, аптасына 1 рет жүргізіледі. Коридор, дәретхана және қосымша бөлмелерде қоқыс салатын ыдыстар, ал процедуралық және басқа кабинеттерде аяқпен басып ашатын шелектер қойылу керек.

Қатаң стерильдік режимді, асептика және антисептиканы қажет ететін бөлмелерде (операциялық, таңу, реанимация палаталары, ем- шаралық бөлме, босану палаталары және т.б. жинаудан кейін ультракүлгін бактериоцидтік шамдармен сәулелендіру жүргізу қажет. Олар стационарлық және жылжымалы болуы мүмкін. Сәулелендіру кезінде қызметкерлерге бұл бөлмелерде аз уақыт қана болуына рұқсат етіледі.

Науқастардың төсегін ауыстыру ластануына байланысты жүргізіледі, бірақ аптасына 1 реттен жиі болмауы керек. Босанған әйелдер төсегі 3 күнде 1 рет, ал орамалы қажетіне қарай ауыстырылады. Лас төсек жабдықтарын арнайы ыдысқа: клеенкалы немесе полиэтилендік қапшықтарға жинап, орталық лас төсек жабдықтарын жинайтын бөлмеге жіберіледі. Лас төсек жабдықтарды бөлімде уақытша, 12 сағаттан ұзақ емес уақыт, тек санитарлық бөлмеде сақтайды. Қызметкерлердің лас төсекпен жұмыс істейтін арнайы киімі болуы керек. Бөлмелерде лас төсек жабдықтарын бөлуге болмайды.

Ауруханалық төсек жабдықтарын жуу орталықтандырылған, аурухана құрамындағы арнайы кір жуу бөлмелерінде «Медициналық мекемелердің кір жуу бөлмелерінде төсекті өңдеу технологиясы жайындағы нұсқамаға» сай жүргізіледі. Лас және таза төсекті «лас» немесе «таза» деген белгісі бар, тығыз матадан дайындалған арнайы қапта тасымалдайды.



Таза төсектер - төсекті жинайтын арнайы бөлмелерде немесе таза режимдегі басқа бөлмелерде сақталады. Бөлімдерде таза төсектің тәуліктік қоры болу керек. Төсек жабдықтары міндетті түрде белгілену керек, белгісі жоқ төсек жабдықтарды бөлімде сақтауға болмайды. Төсек жабдықтарын тасымалдауға байланысты барлық процестер механизацияланған болғаны дұрыс.

Науқастарды, егер шомылуға қарсы медициналық көрсеткіштері болмаса. жеті күнде 1 рет шомылдырады. Науқастардың шашын қысқарту және сақал-мұртын қыру жүйелі түрде ұйымдастырылу керек. Әр науқас жеке орамалмен, сабынмен және пияламен, ал керек болса түкіргіш және дәрет сындыратын ыдыспен қамтамасыз етілуі керек. Науқастардың жеке киімдері сақтауға өткізіледі, бірақ санитарлық ережелер бойынша науқастардың стационарда үй киімінде жүруіне рұқсат етіледі.



12. Жаңа тақырыпты бекіту 20 мин (22%)

1. Аурухананың құрылымдық бөлімшелерін атап беріңіз?

2. Медициналық мекемелерге қойылатын гигиеналық талаптар?

3. Бөлмелерді жинау және науқастардың гигиенасы?



11. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

12. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
16- тақырып

1. Сабақтың тақырыбы: Ауруханаішілік инфекциялар және олардың алдын алу.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға ауруханаішілік инфекциялар және олардың алдын алуды таныстыру. Аурухананың құрылысына, орналасуына, желдетілуіне, жарықандыруына қойылатын талаптармен таныстыру.

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: оқытудың жаңа дағдыларын және тәсілдерін дамыту.

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі
7. Әдебиеттер:

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

6. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

7. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

8. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

9. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

10. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

11.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

Сұрау арқылы білімін тексеру. 15 мин (16%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Аурухана ішілік инфекциялар (АІИ) - бұл, ауруларды стационарда және емханада емдеу және диагностикалық процедуралар мен алдын алу шараларын жургізу кезінде, ауру адамдар мен медицина қызметкері ауруды емдеу мекемелерінде жұқтырып алуы нәтижесінде дамитын және көрінісі, ол адамдардың ауруханада болуы уақытында немесе кейінірек білінетіндігіне байланысты емес ауру. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДДҰ) эксперттер комитеті келесі анықтама береді: «Аурухана ішілік инфекция - бұл, ауру адамды емдеу мақсатында ауруханаға жатқызумен немесе олардың емдеу мекемелеріне келіп-кетуімен және медицина қызметкердің жұмысын орындауымен байланысты, оларды зақымдайтын және мұндай адамдардың ауруханада болуы уақытында біліне ме, әлде білінбейді ме, оған байланысты емес кез келген, клиникалық корінісі айқын, микроб текті ауру».

АІИ барлық елдерде тіркіледі. Соңғы жылдарда, оның деңгейінің жоға- рылағаны соншалақты, антибиотиктер сияқты, кушті антисептикалық заттар әлі синтезделмеген және АІИ-мен күресу, негізінен асептикалық әдістермен жүргізілген жылдардағы деңгейіне жақындады. БДДҰ мәліметтері бойынша, емдеу-алдын алу мекемелеріне медициналық көмек алуға келген науқастардың 6-7% АІИ ауырады. Операциядан кейінгі жараның инфекциялары, жергілікті іріңді-септикалық инфекциялар, сепсис, жедел ішек инфекциялары, гепатит В және С, жыныстық қатынас жолымен берілетін аурулар, қызылша, ЖИТС (СПИД) - осының бәрі, аурухана ішілік ортада берілетін аурулардың толық емес тізімі.

АІИ өсуі мен таралуының себептері өте көп турлі. Олардың бірі, ауру жұғу қаупі жоғарылау адамдар контингенті деп аталатын, агзасының қарсылық күші төмендеген адамдар санының көбеюі. Бұлар, дамуында кемістіктері бар, жаңа туған және шала туған балалар, тұншығу жағдайында туылған, босану кезінде жарақаттанған балалар, қарт адамдар, компенсация және субкомпенсация сатысында созылмалы аурулары бар науқастар, иммундық тапшылық тудыратын вирус (ВИЧ) жұққан адамдар, гепатит В және С-мен ауратындар, әскери әрекеттер, апаттар нәтижесінде зардап шеккендер және т.б. Мұндай адамдар жақсы күтімніћ, күрделі хирургиялық операциялар жасаудың, белсенді емдеудің арқасында тірі қалады, бірақ, олардың ағзасы инфекция агенттерімен жақсы күресе алмайды. Ағзаның қарсы тұру мүмкіншілігі төмендегендерге иммунодепрессанттар, цитостатиктер қабылдайтын, сәулемен емдеу алатын науқастар, сондай-ак, химиялық және физикалық қарқынды ластанған аудандарда тұратын адамдар да жатады.

Келесі және аса маңызды себебі болып табылатыны – көпшілік анти- биотиктердіц және дезинфекциялық заттардың әсеріне төзімді, вируленттілігі және патогенділігі жоғарылаған, қоршаған ортада тұрақты, микроағзалардың жеңіл жойылмайтын ассоциациясының аурухана ішінде калыптасуы мен таралуы. Мұндай селекция, қолдануы жеткіліксіз негізделген немесе жет- кіліксіз дозада және аз уақыт антибиотиктерді, әсіресе, әсер ету спектрі кең антибиотиктерді кеңінен қолданудың, дезинфекциялайтьтн химиялық заттар- дың концентрациясын, қолдану режимін, сақтау жагдайымен мерзімін сақтамаудығ, бактериоцидтік шам сәулесімен зарарсыздандырудың дозасы мен уақытын сақтамаудың нәтижесі болып табылады. Егер антибиотиктің кезеңнің басында көп ауруларды, оның ішінде АІИ-ды да, емдеуге антибиотиктерді қолдану орасан көмектеседі, қазіргі кезде микробтардың антибиотиктерге төзімді штаммдарының пайда болуына, жаңа антибиотиктерді синтездеп үлгермейді.

Сондай-ақ, практикаға инвазивті күрделі емдеу және диагностикалық әдістерді: бронхоскопияны, гастрофиброскопияны, цистоскопияны, колонос- копияны, амниоцентезді, гемодиализді, тамырларға түтік (катетер) салу, жасанды қан айналымын және басқаларды енгізу де, АІИ өсуіне себеп болады. Бұл әдістердің көпшілігі, медицина практнкасында жиі қолданылады. Бірақ, бұл әдістерде қолданылатын аспаптарды зарарсыздандыру үшін басқа әдістер қажет, мысалы, хирургиялық саймандарды зарарсыздандыру әдістеріндей емес, себебі, бұл аспаптардың құрамына өте байқап ұстауды қажет ететін, құрам бөліктер кіреді. Мұндай аспаптарды деконтаминациялау жөнінде анық айтылған нұсқаулар әзірше жоқ.

Соңғы жылдарға тән, дәрілік препараттарды парентералдық жолмен енгізу, қан және оның құрам бөліктерін құю, қуыстарға пункция жасау, сұңғымен тексеру сияқты, медициналық әрекеттер де, ауру адамдарға да, медицина қызметкеріне де, аурухана ішілік инфекция жұғуы себептерінің бірі болып табылады.

Медицина қызметкерінің аурухана ішіндегі тәртіпті және жеке басының гигиенасын сақтамауы сыңайлы АІИ дамуының себебін де, ерекше айтып көрсеткен жөн. Гигиеналық талаптарға бұлай қараудың салдары ретінде, кең таралған, тексерілмеген қанды құюдан және бір рет пайдаланатын шприцті қайта пайдаланудан 2007 жылы Республиканың Оңтүстік Қазақстан облысында 120-дан астам балаларга ЖИТС жұққан және өлімге әкеп соққан, қайғылы оқиға мысал бола алады.

АІИ көздері, жиі жұқпалы аурулардың жедел, жасырын немесе созылмалы түрлерімен ауыратын немесе денесінің әр түрлі жерінде іріңді жаралары, іріңді-қабыну үрдістері бар аурулар, медицина қызметкері, ас блогының қызметкері, ауруға келіп-кететіндер, сондай-ақ, студенттер, интернатурадағы дәрігерлер және басқа да емдеу-алдын алу мекемелерінде болатын адамдар. Дені сау және аурудан жаңадан сауыққан бактерия тасымалдаушы адамдар да, қоздырғыштардың көзі болып табылады. Ең кауіптілері -медицина қызметкері және ауруханада ұзақ уақыт жаткан аурулар, себебі, олар микробтардың тұрақты госпиталдық штаммдарын тасымалдаушыларға айналады. Медицина қызметкерлерінің ішінде, бәрінен де жиі АІИ көздері, аурулармен ұзақ уақыт байланыста болатын, медбикелер мен санитаркалар. Медицина қызметкерінің арасында 15%-дан 80% дейін вирулентті инфекция тасымалдаушылар болу мүмкіндігі көрсетілген.

АІИ қоздырғыштары әр түрлі жолдарымен беріледі: жанаспалы тұрмыстық, ауа-тамшылы, алиментарлық, нәжіспен ластанған заттармен ауыз арқылы. Соңғы жылдарда әр түрлі инвазивті медициналық әрекеттер кезінде, артифициальді жолмен берілуі жиірек кездеседі.

Қоздырғыштар берілетін факторлар, өте көп түрлі нысандар болуы мүмкін. Олар, ауру адамдар мен медицина қызметкерінің қолы, шаштары, киімдері, аяқ киімдері, қоздырғыштар жұққан құрал-саймандар, медициналық аспаптар, іш киім, төсек-орын жабдықтары, ауруларға күтім көрсетуде қолданылатын заттар, құйылатын қан және қан алмастырушы заттар, парентералды жолмен енгізуге арналған ерітінділер, тігетін және таңатын материалдар, стерильді емес және концентрациясы жеткіліксіз дезинфекциялаушы заттар, түтік сүңгілер, науқастардың биосубстраттары (қан, нәжіс, зәр, қақырық, шырышты қабықшалардың бөлінділері), тағам, су, т.б.

АІИ қоздырғыштары- патогенді және шартты-патогенді микроағзалар. АІИ ең жиі тудыратын патогенді микрофлораға гепатит В, С, ЖИТС, грипп, аденовирус инфекциялары, полиомиелит қоздыратын вирустар, Коксаки, ЕСНО вирустары және басқа да, бұрыннан белгілі, бактериялық инфекция қоздырғыштары жатады. Бірақ, АІИ дамуында негізгі рольді шартты-патогенді микроағзалар атқарады. Оларға жататындар стафилококктар, стрептококктар, ротей, эшерихалар (Е. соіі), сальмонеллалар, Рекитсиоздар, клебсиеллалар, бактероидтер, энтерококктар,клостридийлер, көк-іріңді таяқша, саңырауқұлақтар, пневмоцисталар, т.б.

АІИ этиологиялық құрылымында үнемі белгілі бір өзгерістер болып тұратынын айта кету керек. Мысалы, 20 ғасырдың 30-40 жылдарында стрептококк инфекциялары, газды гангрена, сіреспе, көкжөтел, қызылша, дифтерия, желшешек жиі кездесетін, 50-60- жылдарда басым -стафилококк инфекциялары болды, оларды ең жиі қоздыратын 51. антигені. болды, 20 ғасырдың екінші жартысы грамм теріс микроағзалар: протей, эшерихалар, көк-іріңді таяқша, және аурухана ортасында бұрын сирек кездесетін, легионеллалар, иерсинийлер сияқты, микроағзалар тудыратын АІИ-ің жиілігі едәуір өсуімен сипатталды.

Аурухана ішілік инфекцияның клиникалық көріністері әр түрлі. Бұл, бұрыннан белгілі жұқпалы аурулар - қызамық, қызылша, вирустық гепатит, сальмонеллездер, тілме, желшешек және басқалар болуы мүмкін. АІИ басқа топтарына жалпы (сепсис) және жергілікті сипаттағы іріңді-септикалық (іріңді ісік, флегмона, отит, желін сау, қуықтың қабынуы, уретрит, пиелонефрит, пиодермия т.б.) аурулар жатады. АІИ құрылымында іріңді-септикалық иифекциялар бірінші орын алады, екінші орында - балалардың жедел ішек инфекциялары, үшінші орында - парентералды инфекциялар.

Аурухана ішілік инфекциялар, аурухана ортасының өте қауіпті туындысы болыптабылады. АІИ хирургиялық науқастардың операциядан кейінгі кезеңінің ағымын, жүктілік кезеңінің, босануының және босанғаннан кейінгі кезеңініц өтуін асқындырады, жаңа туған балалардың және басқа жас топтарындағы аурулардың өлім-жітімі көбеюінің себебі болады. Жүрекке, бйрекке, өкпеге және басқаларга өте жақсы жасалған операциялардың өзінде инфекцияның қосылуы, негізгі ауруының ағымын шұғыл асқындырады, өміріне қауіп тудырады. Вирустық гепатит В,С жэне Е, ЖИТС сияқты инфекцияларды жұқтыру өмірін қысқартады, ең ақырында өлімге әкеп соғады. АІИ қосылуының барлық жағдайларында да, аурулардың стационарда болу уақыты немесе амбулаторияда емдеу мерзімі едәуір ұзарады, мњндай ауруларды емдеуге кететін шығын және олардыц өздерінің материалдық шығындары да көбейеді.

АІИ алдын алу, инфекция көзін анықтауга, аурухана ішілік ортаның ластануының алдын алу, әр түрлі жолдармен қоздыргыштардың берілуінің алдын алуға, қоздырғыштарды жоюға және ауру адам ағзасының резистенттілігін арттыруға бағытталған шаралар кешені болып саналады

АІИ алдын алудағы әр турлі шаралардың рөлін жұқпалы аурулар бөлімінің мысалында талдаймыз. АІИ алдын алу мәселелерінің негізгілерінін бірі- сәулеттік - жсоспарлау шаралары болып табылады, себебі, АІИ-ң алдын алуды тиімді жүргізудегі оның мүмкіншілігі, көбінде жер телімінің таңдалуының, аурухананың елді мекенде орналасқан жерінің, олардың аумағын зоналарға бөлудің, құрылыс жүйесін таңдаудың, ішкі жоспарлануының, негізгі бөлімшелірінің жабдықталуы дұрыстығымен анықталады. Жұқпалы аурулар ауруханасын дұрыс орналастыру және жоспарлау науқастардың, медицина қызметкерлерінің және келіп-кететін адамдардың аурухана ішілік инфекцияны жұқтыру қаупін, ннфекцияның ауруханадан сыртқа шығуын төмендетуі керек. Мысалы, жұқпалы аурулар ауруханасын елді мекеннің шетінде орналастыру қолайлы деп есептеледі, бұл, инфекцияны халық арасында таралу мумкіншілігін азайтады.



АІИ алдын алу шараларының кешені

Алдын-алу жөніндегі шаралар

І.Өзіне тән емес (спецификалык емес) алдын алу

Сәулеттік-жоспарлау

• Секцияларды, палаталарды, операция блоктарын, бөлімдерді оқшаулау

• Жүретін жолдарды таза және лас жолдарға бөлу

• Аурухана аумағын зоналарға бөлу

• Қабылдау бөлімін ұтымды орналастыру

• Бөлімдерді ұтымды орналастыру


Санитарлық эпидемияға қарсы.

• Инфекцня көздерін, оның шінде бактерия тасмалдаушыларды да, анықтау

• Бактерия тасмалдаушыларды жұмысқа жібермеу және оларды санациялау (тазалау)

• Ауруларды оқшаулау

• Ауаны, заттың беттерін, саймандарды және басқаларды дезинфекциялау және стерильдеу

• Қызметкер мен аурулар гигиеналык тәртіпті сақтауы.

• Стационардың санитарлык жағдайы мен режимін, аурухана- ішілік ортаның бактериялармен ластануын бақылау.

• Қызметкер мен аурулар арасында санитарлық-ағарту жұмысын жургізу.


Санитарлық- техникалык

• Желдету

Медицина қызметкері мен ауру нау қас адамдардың инфекцияға спецификалык емес резистенттілігін арттыру

• Шыныктыру, тъшыс алу гимнастикасын жасау, қосымша дәрумендер беру, УК-сәулеге түсіру және т.б.

2. Өзіне тән (спецификалык) алдын алу

Иммундау

• Пассивті (антибиотиктер колдану, гамма-глобулин, анатоксин және басқалар енгізу)

• Активті (вакцина егу)



Егер жұқпалы аурулар бөлімі, жалпы соматикалық аурухананың құрамында болса, онда оны учаскенің түкпір жағында, бөлек ғимаратта, басқа корпустардан 30 м кем емес қашықтықта орналастырады және дуалмен қоршайды. Жұқпалы аурулар бөлімінің зонасына өз алдына бөлек, көлік кіріп-шығатын жол қарастырылады. Жұқпалы аурулар ауруханасының немесе бљлімінің аумағында, бір-бірінен егілген бұталармен және ағаштармен оқшауланған таза және лас зоналарға бөледі.

12. Жаңа тақырыпты бекіту 20 мин (22%)

1. Аурухана ішілік инфекциялар дегеніміз не?

2. Аурухана ішілік инфекцияларды алдын-алу жөніндегі шаралар?

- санитарлық

- сәлеттік жоспарлау

- иммундау



11. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

12. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
17- тақырып

1. Сабақтың тақырыбы: Жеке бас гигиенасы.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқыушыларға жеке бас гигиенасын сақтауды, үйрету және оқыту.

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: оқытудың жаңа дағдыларын және тәсілдерін дамыту.

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

6. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

7. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

8. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

9. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

10. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

11.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

Сұрау арқылы білімін тексеру. 15 мин (16%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)

Жеке адам гигиенасының қазіргі кездегі мәселелері

Жеке адам гигиенасы қоғам гигиенасының бір бөлігі. Гигиенаның, медицинаның кез келген жетістігі егер адам жеке бас гигиенасын сақтамай, өзінің денсаулығына немқұрайды қараса, адам денсаулығын сақтай алмайды.

Физиолог Павлов И.П айтқан: қазіргі кездегі адамдардың өмір сүру ұзақтығы 100 жылдан кем болмау керек, егер ондай болмаса, яғни адамдар өздерінің денсаулығына дұрыс көңіл бөлмегені.

Салауатты өмір сүруге қазіргі кездегі ғылыми- техникалық жетістіктердің адам ағзасына теріс әсерін (гиподинамия, жүйке- психикасына күш түсіретін жұмыстар) жою және ағзаның жаңа факторлары мен қоршаған ортаның жаңа жағдайларына адамның бейімделуін жоғарылату жатады.

Жеке бас гигиенасы түсінігіне мыналар кіреді: күн тәртібі, тамақтану, терінің күтімі, ауыз қуысының күтімі, дұрыс киіну, дене тәрбиесі, үйдің санитарлық жағдайы, тұрмыстық аспаптарды қолдану (теледидар, шаңсорғыш, газ плитасы) және тұрмыстық химия тауараларын қолдану, тұрмыста, еңбек кезіндегі, дем алу және ұйқы кезіндегі жеке бас гигиенасы мәселелері және т.б. Бұл тақырыптардың көбісі оқулықтың алдыңғы тарауларында айтылып өткен, айтылмаған мәселелер туралы осы тарауда айтылады.

Адам терісінің гигиенасыа дамның терісі ағзада газ және жылу алмасу қызметін атқарады. Зат алмасудың соңғы қалдықтарын, су буларын, тер, май және бактерицидті заттарды ағзадан шығарады. Терінің беткі қабатында ультракүлгін сәулелердің әсерінен «Д» витаминінің синтезі жүреді. Адамның терісі ағзаны метеорологиялық, механикалық, химиялық факторлардың әсерінен және микроорганизмдерден қорғайды. Терінің тазалығы мен шынығу деңгейі

жоғарыда айтылған қызметтің бәрін жақсы атқаруда маңызды орын алады.

Егер адамның терісі нашар бапталса, ол жерде микроорганизмдердің әсерінен органикалық заттар ыдырап, иісі жаман, ұшқыш қосылыстар пайда болады. Ыдырағаннан пайда болған заттар теріні тітіркендіреді, шаңдар май және тер шығатын жолдарды бітеп қалады да микроорганизмдер мен саңырауқұлақтардың көбеюіне жағдай туындатады. Соның салдарынан дерматиттер, іріңді және басқа да тері аурулары пайда болады. Адамның терісі ластанған жағдайда, оның тыныс алуы 10-15% нашарлайды. Терінің тазалығы сақталмаған жағдайда адамдардың киімдері қатты ластанады да ауа өткізгіштігі нашарлайды.

Терінің тазалығын сақтау үшін үнемі жуынып - шайынып жүру керек. Жуыну үшін сабын және жөке қолданса, адамның терісі жақсы тазаланады. Сабын таңдағанда құрамында бос сілтісі көп сабындар теріні жақсы майсыздандырады және теріні кеуіп кетуден сақтайды. Адамның терісі құрғақ болса немесе беткі қабаты жұқа болса, сабынды соғұрлым аз қолданған дұрыс. Сабындардың ішінде ең нәзік әсер беретіні « Детский» сабын болып саналады. Иіс сабындардың құрамындағы бос сілітілердің мөлшері 0,05% - дан көп болмау керек. Ал кір сабынның құрамында бос сілті 2% мөлшерінде болады. Сабынға бактерицидті заттар қосу арқылы залалсыздандыратын сабын шығарады. Оны емдеу- сауықтыру мекемелерінде қолданады. Сусабындардың құрамына сабыннан басқа эмульгаторлар мен көбіктендіретін қоспалар, ароматизаторлар мен бояғыштар қосылады. Сусабынның қарқынды көбіктенуі, оның жуғыш әсерін күшейтеді. Соңғы кездері синтетикалық жуғыш заттар кеңінен қолданылып жүр: ұнтақ, паста, сұйықтар. Синтетикалық жуғыш заттардың сабынға қарағанда көптеген артықшылықтары бар: олардың әсері судың қаттылығына байланысты емес, жоғары деңгейде белсенді, судың төмен температурасында (20-30 ˚С) адамның қолын аз тітіркендіреді және майсыздандырады, киімдердің ұзақ киілуіне әсер етеді. Жуғыш және тазалағыш заттар адамның ағзасына әр түрлі әсер ететіндігіне байланысты, оларды тек сыртындағы жапсырмадағы жазуға сай қолдану керек. Барлық жуғыш тәне тазалағыш заттар гигиеналық сыннан тексеріліп, қабылданады, ол кезде олардың құрамында тітіркендіргіш заттар, уытты заттар және аллергенді заттардың бар - жоқтығы анықталады.

Теріні, шашты таза ұстау үшін адам сабын және сусабын қолданып үнемі жуынып, іш киімдерін ауыстырып тұру керек. Дененің ашық жерлері тез ластанады, сондықтан бетті, мойынды күніне екі рет жуып тұру керек. Адамның қолы микроорганизмдер, гельминт жұмыртқалары және кір көп жиналатын жер болып саналады. Қол арқылы олар адамның денесінің басқа жерлеріне тасымалданады. Сондықтан жұмыс соңында, дәретханадан кейін және тамақ ішер алдын қолды екі рет сабындап жуу керек. Адамның терісі таза болса, теріден бактерицидті зат бөлініп шығып, теріде өзін - өзі стерильдеу процесі жүреді. Адамның қолындағы микроорганизмдердің 95% - ы тырнақтың астында болады. Оны толық тазалау үшін қолды щеткамен сабындап жуу керек. Аяқтың терісі тері бездеріне бай болады. Аяқ киім ауа жібермейтін матриалдан дайындалған болса немесе аяқты қысатын болса, аяқтағы шұлық кір болса, аяқ терлей береді. Аяқ терісі дұрыс бапталмаған жағдайда бармақтардың арасында жиналған кір микроорганизмдердің көмегімен ыдырап, май қышқылдары, ұшқыш зат, жаман иіс бөліп шығарады және аяқтың терісінде іріңді жаралар және эпидермофития туындатады. Аяқтың қатты терлеуінің алдын алу үшін кешке аяқты салқын сумен жуып, содан кейін аяқты 5 % - ды формалин ертіндісімен сүрту керек. Ол процедураны аптасына 1-2 рет қайталап тұру керек. Шұлықты жиі ауыстырып тұру керек және синтетика материалдан тоқылған шұлықтарды қолданбау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет