Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті «Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология»



бет13/13
Дата09.06.2016
өлшемі1.42 Mb.
#124550
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Киім гигиенасы. Адамдар киімді қоғамның дамуының ерте кезеңдерінде қолдана бастады. Киім адамның денесін ауа райының әр түрлі қолайсыз жағдайларынан және әр түрлі факторлардың әсерінен қорғайды.

Киімнің гигиеналық қасиеті материалға, пішілгеніне және матаны дайындауға байланысты болады. Ең алдымен киімде жылу сақтау қасиеті болу керек. Сол жердің климатына, жыл мезгіліне және ауа райына сай болу керек.

Физиологиялық зерттеулер көрсеткендей, адам өзін 28-32 ˚С температурада жақсы сезінеді. Киімнің көмегімен адам өзінің денесінің айналасында жасанды жолмен реттелетін микроклимат жасайды, ол кезде адам қоршаған ортаның метеорологиялық өзгерістерін аз сезінеді. Егер киім дұрыс киілген болса, киім астындағы микроклимат мынадай болады: ауа температурасы

29-32 ˚С, ал салыстырмалы ылғалдылық 30- 40%.

Киімнің жылулық қорғау қасиеті матаның жылу өткізгіштігіне және қалыңдығына байланысты болады. Қалың және үлпілдек маталар (жүннен дайындалған маталар, сукна ) жылу ұстағыштығы жоғары маталар, ал тығыз, жұқа маталардың жылу ұстағыштық қасиеті нашар болып саналады.

Киімнің пішілуі де маңызды орын алады. Қыстық киімдер адамның денесінің барлық бөліктерін жауып, адамның денесінде жылудың ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді.

Киімге қойылатын маңызды гигиеналық талаптарға оның ауа өткізгіштігі жатады. Ол киімнің астында ауаның жылжуын және ауа алмасуды қамтамасыз етеді. Киімнің астындағы ауа алмасу теріден бөлініп шыққан су буларының және газ тәрізді заттардың шығарылуына әсер етеді. Киімнің ауа өткізгіштігі әсіресе күннің ыстық кездерінде, жылудың көп мөлшері тері арқылы шығарылатын кезде маңызды орын алады. Ауа өткізгіштігі жақсы маталарға мыналар жатады: кеуекті, тоқыма және жібек.

Ауа температурасы төмен, қатты жел соғатын жақтарда киімнің астындағы ауа температурасы сыртқы температурамен алмасып тұрады, сондықтан адамның денесі салқындайды. Теңізшілер, ұшқыштар, мотоциклистер, солтүстік жақта тұратын адамдар тек жылу ұстатын ғана емес, сонымен қатар желді ұстайтын киімдер ( жүннен, терідер және т.б.) кию керек.

Киімнің гигиеналық қасиеті суланған кезде төмендейді. Сулы киім, әсіресе аяқ киім жылу жоғалтуды тездетеді, ол көбіне адамдарда салқындап ауруды, үсіп қалуды туындатады.

Киім адамның денесін қыспауы, жылжуды шектемеуі, тыныс алуды және қан айналымын бұзбауы керек. Сонымен қатар теріні тітіркендіріп, қажамау керек.

Іш киімдерді және төсек жаймаларды 7-10 күнде бір рет жуып тұру керек.

Қазіргі кезде маталардың көбісі синтетикалық жолмен алынады. Біздің елімізде әр синтетикалық жолмен алынатын мата тексеріліп, оны киім тігуге, қолдануға болатындығы анықталады. Синтетикалық материалдан дайындалған киім және аяқ киімдер ауаға ұшыш зиянды заттар және жаман иіс бөлмеу керек. Синтетикалық материалдан тігілген киімдер адамның терісімен жанасқан кезде аллергия, тітіркендіру туындатпау керек және құрамында тері арқылы адамның ағзасына енетін уытты заттардың қалдық мөлшері болмау керек.

Синтетикалық материалдардың жетіспеушілігіне су өткізбейтіндігі және бойына сіңіріп алу (сорбциялық) қасиетінің аздығы жатады.

Қазіргі кезде табиғи және жасанды талшықтарды қолданып аралас маталар кеңінен шығарылып жатыр, мысалы, жүн- лавсан, жүн- нейлон, зығыр - лавсан. Балалар киімдерін тігуге қолданылатын маталардан құрамында синтетикалық талшықтар араласқан маталар қолдануға тыйым салынады.



Денешынықтыруға гигиеналық баға беру денешынықтыруадамның дене тәрбиесінің және жеке бас гигиенасының маңызды элементі болып табылады.

Шынығу дегеніміз метеорологиялық жағдайдың күрт өзгеруіне ағзаның төзімділігін арттыру шараларының жүйесі.

Шынығудың жоғары тыныс алу жолдарының респираторлы ауруларының алдын алуда тиімді екендігі бұрыннан белгілі.

Шынығуға көп рет, белгілі дозада адамның ағзасына суықтың, ыстықтың және сәулелі энергияның табиғи факторларын ( суды, ауаны, күн радиациясы және т.б.) қолдана отырып қол жеткізуге болады.

Шынығудың негізгі мақсаты, ол жылу реттегіш процесті жетілдіру болып саналады.

Шынығудың негізгі принциптеріне мыналар жатады- жаймен, жүйелі шаралардың кешенділігі.



Жаймен ағзаға түсетін жүктемені арттыру, мысалы, судың температурасын жайлап төмендету немесе процедура уақытын ұзарту.

Жүйелілік дегеніміз яғни шынығуды күнде жүргізу керек. Шынығудың бірінші айының соңында шынығу шараларының тиімділігі айқын көрінеді. Шынығу арасында үзілістер болса, адамның иммунитеті нашарлағаны байқалады.

Әр түрлі факторлардың кешені – адамның ағзасы жан - жақты жетілу үшін ағзаға әр түрлі факторлар кешені: су, ауа және күн көзінің көптеген процедуралары әсер ету керек.

Шынығуды адамның өмір сүруінің бірінші күндерінен бастауға болады. Ол кезде адамда шынығу процедураларын әдетке айналдыруға тәрбиелеу, үйрену, төменгі және жоғары температуралардан қорықпау, жеңіл киімге, желге, аяқтың жаурауына төзімді болуға тәрбиелейді.

Көбіне адамдар шынығуды ауамен шынығудан бастайды, өйткені ол ең жеңіл процедураларға жатады. Ауамен шынығуды адам шешініп жүргізеді. Ауамен шынығу кезінде адамға ауаның әр түрлі ағыны, түрлі салқындату күшімен және күн сәулесінің шашыраңқы сәулелері әсер етеді. Ауамен шынығу адамға тітіркендіргіш әсер етеді, ол жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді, жылу реттегіш аппараттың жұмысын жаттықтырады, зат алмасу процесіне, тәбетіне және ұйқысына жақсы әсер етеді. Ауамен шынығуды жылдың кез келген уақытында жүргізе берсе болады: жазда – ашық аспан астында, қыста- ауа ламасуы жақсы бөлмелерде. Ең алғашқы ауа ваннасын 10-15 минут уақыт, 20-22˚С температурада жүргізу керек. Ары қарай күннен күнге ауа температурасын жаймен төмендетіп және уақытын ұзарта бастайды. Ауа ваннасының ұзақтығын ағзаның реакциясына байланысты реттейді. Шынығу кезінде қалтырауды болдырмау керек. Ауа ваннасын ойындармен, жүрумен және денешынықтырумен бірге жүргізген дұрыс. Шынықтыру тек ауа ваннасымен ғана шектелу емес, оған қыста жеңіл киіммен серуендеу, жыл бойы бөлменің ауасын желдетіп тұру, терезені немесе фрамуганы ашып ұйықтау да жатады. Қысқы спорттың барлық түрлері салқын ауамен шынығуға жатады.

Сумен шынығу. Ауамен шынығудан да тиімді шара болып саналады. Ең кең тараған сумен шынығу түріне денені суланған сүлгімен сүрту, су құю және себіл жатады. Соңғы жағдайда суықтың әсеріне механикалық тітіркендіргіштер әсері қосылады. Суға шомылу шынығу әсерін күшті береді, өйткені бұл кезде адамға келесі факторлар әсер етеді: температура, судың қысымы, ауа, күн радиациясы және адамның шамадан тыс көп жыбырлауы.

Салқын сумен сүртінуді 30-32 ˚С температурадағы сумен бастайды, жаймен төмендетіп ( күзгі- қысқы кезде) -14˚С, ал жазғы кезде -16˚С, содан кейін төбесінен суық су құюды және себілге түсуді бастауға болады. Су процедураларынан кейін денені кептіріп сүртіп, кебу сүлгімен дене қызарғанша үйкелеу керек. Белгілі бір мүшеге су процедурасын қолданған да тиімді болып саналады, мысалы, ауызды суық сумен шаю, аяқты салқын сумен жуу. Аяқты шынықтыру үшін аяқ ванналарын 16-20˚С температурадан бастап, 5˚С температураға дейін жаймен түсіреді. Аяқтың салқындауы көбіне адамдарда салқындап ауыруды туындататындықтан аяқты шынықтыру өте пайдалы. Салқын сумен шынығу адамға жақсы әсер етеді: тонусын көтереді, қан айналымын, зат алмасу процесін, адамның әр түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін жақсартады.



Күн сәулесінің ваннасы. Күн көзінің ваннасын таңертеңгі уақытта

(сағат 8 - 9- дан 11-12 –ге дейін) қабылдаған дұрыс. Бұл кезде күн сәулесінің ыстық әсері жоғары емес. Күн сәулесі ваннасын таңертеңгі астан кейін

1-1,5 сағаттан кейін қабылдауға болады, бірақ басқа міндетті түрде бас киім кию керек. Ең алғашқы күні сәулелену ұзақтығы 5-7 минуттан көп болмау керек. Содан кейінгі сәулелену ұзақтығы күнде 5 минутқа ұзарып, ең ұзағы

30-45 минут болу керек. Одан ұзақ уақыт күн сәулесін қабылдау денсаулыққа зиян болуы мүмкін. Адам денесі ашық күйде күн сәулесін 1 сағаттан көп емес уақыт қабылдау керек.

Күн сәулесінің ваннасын қабылдап болғаннан кейін адам көлеңкеде дем алып, содан кейін су процедураларына өтсе болады. Адам күн сәулесінің ваннасын дұрыс қабылдаған жағдайда өзін жақсы сезінеді, жақсы ұйықтайды, сергек болады. Күн көзінің тура сәулесін мынадай адамдарға қабылдауға болмайды: гипертония, атеросклероз, туберкулез, қан және жүрек ауруларымен ауыратындар, менструация кезінде және жүкті әйелдер.

12. Жаңа тақырыпты бекіту 20 мин (22%)

1. Жеке бас гигиенасының негізгі міндеті?

2. Шаш күтімі?

3. Тері күтімі?

4. Киім гигиенасы?

11. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау



- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

12. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет