Дәріс тезистері:
Максималды тазартылған фитопрепараттар. Номенклатурасы.
Олардың жіктелуі. Алу тәсілдері.
Тазарту тәсілдері.
Жаңа галендік препараттар деп балласты заттардан толық тазартылған биологиялық белсенді заттары табиғи түрде болатын экстракциялық препараттардың ерекше тобы аталады. Жаңа галендік препараттардың галендік препараттардан айырмашылығы балласты заттардан толық таза болуында. Өзінің фармакологиялық әсері бойынша олар химиялық таза заттарға жақын келеді.сондықтан парентеральді түрде қолданыла береді.
Көптеген жаңа галендік препараттар МФ Х басылымына енгізілген: адонизид, лантозид, дигален-нео, коргликон, эрготал .
Жаңа галендік препараттардың көбі құрамында гликозидтер, оның ішінде жүрек гликозидтері бар препараттардан алынады. Олар келесі топқа бөлінеді:
жүрек гликозидтері препараттары.
фенолды қосылыстардың препараттары.
антрагликозидтер препараттары.
стероидты сапониндер препараттары.
Алкалоидтар препараттары.
шырышты заттар препараттары.
Жаңа галендік препараттарды алу технологиясы келесі сатылардан тұрады:
шикізат пен экстрагентті дайындау.
өсімдік шикізатын экстракциялау.
сығындыны тазарту.
буландыру.
кептіру.
стандарттау.
дәрілік түр дайындау.
Жаңа галендік препараттарды экстракциялау сатысында экстракция тәсілін таңдап алу маңызды роль атқарады. Бұл үшін қарсы ағымды және циркуляциялық экстракция тәсілдері кеңінен қолданылады. Бұл тәсілдер уақыт пен еріткіштерді аз мөлшерде жұмсай отырып, концентрлі сығындылар алуға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары тиімді де әсерлі ультрадыбысты экстракция тәсілі қолданылып жүр.
Сығындыны тазарту сатысының негізгі мақсаты балласты заттардан тазартылған биологиялық белсенді заттар комплексін алу.
Эксракциялық препараттарды балласты заттардан терең тазарту оларға мынадай артықшылықтарды береді:
препараттардың тұрақтылығын жоғарылатады.
зиянды, қосалқы әсері басылады.
препараттарды инъекцияға қолдануға мүмкіндік туады.
Достарыңызбен бөлісу: |