Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет19/36
Дата11.03.2024
өлшемі494.5 Kb.
#494942
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
тезисы-лек-5-курс-9-семестр.каз

Тұндырмаларды сақтау. Тұнырмаларды қатты тығындалған бутыльдерде, жарықтан таса жерде сақтайды. Жарықта көптеген тұндырмалардың түрлерi тiкелей күн сәулесiнiң әсер етуiнен тотығу-тотықсыздану процестерiнiң активтенуi салдарынан өзгерiп кетедi. Оларды 15°С температурада сақтайды, бiрақ, ол (+8°)С төмен болмауы керек, өйткенi, тұндырмалар төмен температурада тұнып, қайтадан тұнба түзіледi.
Кейде сақтау ережелерiн орындаған күнде де, сақтау мерзiмi ұзарған сайын тұнбалар түсуi мүмкiн, яғни, тұндырмалар ескiредi. Бұл биологиялық белсенді заттардың ерiгiштiгiнiң өзгеруiне және тұндырмалардағы заттардың өзара әрекеттесуi нәтижесiнде ерiмейтiн қосылыстар түзiлуiне байланысты. Тұнбада қант, илiк (малма) заттар, органикалық қышқылдар, пигменттер, алкалоидтардың, гликозидтердiң iздерi және т.б. заттар болуы мүмкiн. Тұнбасы бар тұндырмаларды фильтрден өткiзiп, қайтадан стандарттайды. Сандық көрсеткiштерi талапқа сай болса, оларды қайта қолдануға рұқсат етiледі.
Шикiзаттан спирттi айдау (рекуперация). Өңделген шикiзаттың құрамында әлі де болса құнды экстрагенттiң бiраз бөлiгi қалып қояды. Сондықтан, өсiмдiк шикiзатынан спирттi айдайды, яғни, спирттiң рекуперациясын жүргiзедi.
Рекуперация (лат. recuperatio – қайтару, қайта алу) – өңделген шикізаттан, конденсаттан құнды еріткіштердің бөлігін өндіріске қайтару мақсатында жүргізілетін технологиялық әдіс.
Бұл үшiн негiзiнен екi тәсiл қолданылады:
1) сумен ығыстыру;
2) су буымен айдау.
Экстрактар деп дәрілік өсiмдiк шикiзатынан алынатын концентрлi сығындылар аталады. Өсiмдiк материалын сығындауға арналған экстрагентке байланысты барлық экстрактар келесi топтарға бөлiнедi:
Сулы экстрактар – Ехtrасtа аguоsа
Спирттi экстрактар – Ехtrасtа sрirituosа
Эфирлi экстрактар – Ехtrасtа аеthеreа
Майлы экстрактар – Ехtrасtа оlеоsа
Консистенциясы бойынша экстрактар:
Сұйық - Ехtrасtа fluida – қозғалмалы, боялған сұйықтықтар;
Қою - Ехtrасtа sрissа – ылғалдылығы 25% -ға дейiн болатын тұтқыр
массалар;
Кұрғақ - Ехtrасtа siсса – ылғалдығы 5%-ға дейiн болатын сусымалды
массалар.
Сұйық экстрактар тек спирттi ғана болады; қалғандары сулы, әрi спирттi болуы мүмкiн. Қазiргi кезде УФМ, ФМ, МФ Х басылымында 45-тен астам сұйық, қою, құрғақ экстрактар енгiзiлген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет