ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы студенттерге арналған тәжірбиелік сабақТЫҢ


Тақырып №4: Рефлекторлық доға. Ожж-дегі қозудың



бет8/22
Дата01.03.2024
өлшемі279 Kb.
#493924
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Методичка-Фарм-1курс-каз

1.Тақырып №4: Рефлекторлық доға. Ожж-дегі қозудың
таралу ерекшелігі. Жүйке орталықтары.
ОЖЖ-сін зерттеу әдістері
2. Оқу сағаттарының саны- 2 сағат
3.Тақырыптың маңыздылығы: ОЖЖ-нің негізгі интегративтік іс-әрекеті өзара байланысты екі процесс қозу мен тежелу болып табылады. ОЖЖ-нің қозуды натрий және калий иондарының жасуша мембранасының өтімділігінің жоғарлауына немесе төмендеуіне байланысты болуы мүмкін. Студенттер қозу мен қатар ОЖЖ-дегі тежелудің физиологиялық рөлінде білу қажет.
4.Сабақтың мақсаты:
Студент білуі тиіс:
- Тежелу түрлерін және ақпарат беру жолдарының ара-қатынасы механизмі туралы білу қажет
Студент жасай білуі тиіс:

  • Пресинапстық, постсинапстық, пессимальды тежелу, қозудан кейінгі тежелу механизмінің өтуін схема түрінде сыза білу қажет

5.Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
Базистік білім бойынша

  • ОЖЖ өткізгіштік қызметі дегеніміз не?

  • ОЖЖ-ң рефлекторлық қызметі

  • ОЖЖ-дегі тежелуші клеткалардың түрлері (Реншоу, Веца)

Негізгі сабақ бойынша сұрақтар

  • ОЖЖ-дегі тежелу И.В. Сеченов пен Павловтың тежелу процесстерін зерттеу әдістері

  • ОЖЖ-нің рефлекстік қызметі

  • Рефлекс түрлері

  • Нейрондар мен нейроглияның әрекеттік маңызы

  • ОЖЖ-нің қозуды өткізу ерекшеліктері

  • ОЖЖ-дегі тежелу

  • ОЖЖ-нің рефлекстерді үйлестіруі

  1. Ақпараттық- дидактикалық блок

ОЖЖ денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен үрдістерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Адамда жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі- ми. Ми сыңары қыртысының ерекше қызметі- ойлау,дүниетану, пікір тудыру. Мұның арқасында адам өзін сыртқы ортадағы құбылыстарға бейімдеп қана қоймай, сол ортаны өз мақсатында лайықты өзгерте алады, өткен-кеткенді талдап, кенлешекті болжайды. Аса күрделі тіршілік үшін зор маңызы бар үрдістерді нейрондар мен жүйке орталықтары қамтамасыз етеді.
Жүйке орталығы деп бірыңғай қызмет атқаратын орталық жүйке жүйесінің белгілі бір жерінде топталған нейрондар жиынтығын айтады. Әрбір рефлекстің жүйке жүйесінде өз орталығы болады. Мәселен, тізе рефлексінің орталығы жұлынның бел омыртқа бөлігінде (сегментінде), зәр шығару орталығы жұлынның сегізкөз бөлігінде, тыныс орталығы сопақша мидың орта шенінде орналасқан. Бірақ бірыңғай қызмет атқаруға бір орталықтың нейрондары ғана емес, сондай-ақ ожж-нің әр деңгейінде орналасқан көптеген басқа нейрондар тобы орталықтар үркері деп аталады. Сонымен орталық жүйке жүйесі көптеген жүйке орталықтарынан, орталықтар үркерлерінен тұрады.

  1. Қолданылған әдебиеттер:

1. А.А. Өтепбергенов, Х.Қ Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева «Қалыпты физиология». Алматы-2005ж.
2. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмысы. Ақтөбе-1993ж. Х.Қ.
Сатпаева, нілдібаева Ж.Б.
3. Покровский В.М. физиология Человека. I-II том. М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.
4. Косицкий Г.И. «Физиология человека» М.: Медицина, 1975,1986.
5. Логинов А.В. «Физиология с основами анатомии человека» М.: Медицина, 1983г.
6. Ткаченко Б.И. «основы физиологии человека». А-Ата, 1992г.
7. Тель Л.З., Агаджанян Н.а. «Физиологии человека». А-ата, 1992г.
8. Коробков А.В., Чеснокова С.А. «Атлас по нормальной физиологии» М.: ВШ, 1987.
9. Румянцева М.Ф., и др. Руководство к практическим занятиям по физиологии с основами анатомии человека. М.: Медицина, 1986г.

  1. Тестер :

~ ОЖЖ қызметiн сипаттаушы негiзгi жүйкелiк үрдістерге ...жатады.
| қозу, тежелу+
| функциональды тыныштық, лабильдiлiк
| қозушылық, рефрактерлiк
| тежелу, тепе-теңдiк
| тепе-теңдiк, парадоксальды
Шартты рефлекстерге... жатпайды.
| тұқым қуалау+
| сигналды сипат
| тұрақсыз рефлекторлы доға
| жеке бастық
| динамикалық
ОЖЖ-дегi объективтi түрде мәлiмет алудың алғашқы үрдісіне... жатады.
| қабылдау, ой тұжырымы+
| елестету, талқылау
| сезу, қабылдау
| түсiну, талқылау
| ойлау, сөйлеу
Ағзаның толық қажуы Сеченов бойынша... дамиды.
| жүйке орталықтарының қозуы төмендеуiнен+
| қанда глюкозаның төмендеуiнен
| метоболизм өнiмдерiнiң жоғарлауынан
| қанның оттектi көлемi төмендеуiнен
| жүйке талшықтары бойымен өткiзгiштiк бұзылуынан

~ ОЖЖ-iндегi тежелудi алғаш рет... ашқан.


| Сеченов И.М.+
| Павлов И.П.
| Анохин П.К.
| Декард Р.
| Шерингтон Ч.
Парасимпатикалық жүйке жүйенiң орталықтары... орналасады.
| сопақша,ортаңғы мида,жұлынның сегiз көз бөлiмiнде+
| сопақша,ортаңғы және аралық мида
| кјпiр аймағында,мишықта,таламуста
| кеуде-бел бөлiмiнде,жұлында,қызыл ядрода
| гипоталамуста,жұлынның мойын бөлiмiнде
~ Жүйке орталықтарының негiзгi қассиеттетiнiң бiрi доминанта, оны ... ашқан.
| Ухтомский А.А.
| Введенский Н.Б.
| Быков К.М.
| Парин В.В.
| Анохин П.К.
~ Рефлекстiң морфологиялық негiзi болып... табылады.
| рефлекторлы доға+
| жүйке талшықтары
| жүйке бағанасы
| нейрон
| нейроглия
~ Сезгiш жолдарды кесiп тастаса жүйке орталықтың тонусы...
| жойылады.+
| жоғарлайды.
| төмендейдi.
| өзгермейдi.
| фазалық түрiнде өзгередi .
~ Рефлекторлық сақина тәрiздi байланысты рефлекторлы доғадан ... байланыс айырады.
| керi+
| тура
| гуморальдi
| креаторлы
| эндокриндi
~ ОЖЖ-iндегi тежелудi алғаш рет... ашқан.
| Сеченов И.М.+
| Павлов И.П.
| Анохин П.К.
| Декард Р.
| Шерингтон Ч.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет