Маржанбұлақ селолық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмысының есебі



Дата23.02.2016
өлшемі95.87 Kb.
#9108
Маржанбұлақ селолық округі әкімінің

2014 жылы атқарылған жұмысының

ЕСЕБІ.

Қазақстан Республикасы Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы жол-болошаққа бастар жол» биылғы халыққа Жолдауында мемлекетіміз алдағы уақытта да ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатын арттыру үшін қомақты қаржы қарастырылғанын атап өтті. Маржанбұлақ ауылдық округі бойынша 2014 жылы бүкіл сала бойынша ауқымды жұмыстар атқырылып, халықтың енсесі көтеріліп, тұрмыстық жағдайы жақсарып, алға басуға мүмкіндік туғызды. Өткен-кеткенді саралап, алдымызға қойған міндеттер мен жоспарларды талқыға салуға ұсынамын.



І. Мемлекеттік басқару және жергілікті өзің-өзі басқару .

Ауылдық округі әкімінің аппараты штат кестесіне сәйкес толық қамтылған. ҚР-ң «Жергілікті ҚР Үкіметінің 27.05.2014 жылғы қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер түрлерінен ауылдық округі аумағында 8 мемлекеттік қызмет көрсетуге мүмкіндік бар. Өткен жылы жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы 96 анықтама және он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау бойынша 39, барлығы 132 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

12 ай ішінде занды және жеке тұлғалардан 3818 арыз шағым қабылданды, оның ішінде 3686-жер теліміне кезекке коюға және жер қатынастарын реттеуге байланысты, 132 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша.

Салық жинау жұмыстары 2014 жылы 104 пайызға орындалды, оның ішінде жеке мүлік салығы -2 07 795 теңгеге, жер салығы – 133854 теңгеге, транспорттан түсетін салық 665165 теңгеге орындалды. Барлығы жергілікті бюджетке 1 млн 68 мын 814 тенге аударылды.

ІІ. Мемлекеттік бағдарламаларды орындау.

а) «Өнерлерді дамыту»бағдарламасы

2014 жылы осы бағдарламаны іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 3 млн 126 мың теңге бөлініп, жергілікті қауымдастықтың келісімі бойынша 300 мың теңге Маржанбұлақ орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, 408 мың теңгеге Қайындысай ауылының бес көшесіне 12 нүктеге жарықтандыру қондыруға және 1 млн 876 мың теңгеге Маржанбұлақ ауылына балалар ойын алаңын салуға жұмсалды.



б) «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарлама.

Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты-мемлекеттік қолдау арқылы шағын және орта бизнесті дамыту, жана жұмыс орындарын ашу. 2014 жылы Маржанбұлақ селолық округі бойынша осы бағдарламаның екінші бағыты «жеке ісін ашу немесе дамыту» бойынша мал шаруашылығын дамытуға «Рус-Арт» Ш/Қ - 2,4 млн теңге, «Дүйсен» Ш/Қ – 1,2 млн теңге, ЖК «Аймағамбетов»-1,3 млн. теңге және жиһаз жасау цехын ашуға ЖК «Сарбаев»- 1 млн теңге несие алып, жобаларын іске асыруда. Осы жобаларды іске асыру барысында қосымша 6 адам жұмыспен қамтылды. Бағдарламаның бірінші бағыты «инфрақұрымдылық жобалар» бойынша ЖК «Ұлықпан» қоғамдық моншаға газ құбырларын жеткізуге ЖСҚ дайындалып, 2015 жылы іске асырылады. Қараша айында осы бағдарламаның бірінші бағыты бойынша республиқалық бюджеттен 8,3 млн теңге және жергілікті бюджеттен 2,1 млн теңге бөлініп, Маржанбұлақ дәрігерлік амбулаториясының ғимараты толық күрделі жөндеуден өтіп, шатыры ауыстырылып, қайтадан жылу жүйесі қондырлып газ желісіне қосылды. Қазіргі таңда 2015 жылы осы бағдарлама арқылы несие алуға және инфроқұрылымдар тартуға аудандық жұмыспен қамту орталығында біздің округтен 15 жеке кәсіпкер несие алуға кезекте тұр.



в) «Бизнес жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы.

Бұл бағдарламаның аясында «Даму» қоры арқылы 2014 жылы ЖК «Найманов» 3 млн теңге арнайы грантқа ие болып сүт бағытындағы ешкі өсірумен айналасуда. 2015 жылы Маржанбұлақ ауылына «Поливест» ЖШС осы бағдарлама арқылы полимер бұйымдарын шығарытын шағын завод құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Завод іске қосылғанда 25-30 адам тұрақты жұмыспен қамтылыды.


г) «Сыбаға» бағдарламасы.

2013-2014 жылдары «Аграрлық несие корпорация» арқылы «Талсай»Ш/Қ 3,7 млн теңге несие алып, оған 140 бас МІМ және 4 асыл тұқымды бұқа сатып алды.

2014 жылы «АБК өнімі» Ш/Қ осы бағдарламаны пайдаланып 42 бас МІМ және 2 асыл тұқымды бұқа сатып алды.

2015 жылы «Сыбаға» бағдарлама аясында «Құлан» бағыты бойынша «Бесбұлақ» Ш/Қ несие алып 20 жылқы сатып алуды жоспарлап отыр.



д) «Агробизнес-2020» бағдарламасы.

Бұл бағдарлама арқылы ет және сүт өндеу жұмыстарын жандандыру, мал басын көбейту, Ш/Қ-да казіргі заманға сай техникамен қамту, жаңа технологияларды пайдалану мақсатында « Светлана», «Талсай» және «Рус-Арт» Ш/Қ облыстық бағдарламаға енгізіліп, қазіргі таңда жұмыс жасап жатыр.



б)инфроқұрылымды дамыту.

Қазіргі таңда Маржанбұлақ ауылында 260 жеке азаматка кезек тізімі бойынша жеке үй салуға жер төлемі берілді, бірақ жеке тұрғын үй салуға кезекте қазіргі танда 6250 азамат тіркелді. Бас Жоспарға бойынша берген жерлерге енді инжинерлік – коммуникациялық жүйелерді жеткізу үшін облыстық бюджеттен қаражат қарастыру қажет. 2013 жылы аудандық бюджеттен 2 млн 310 мың теңге бөлініп, «Инжинерное проектирование» ЖШС бұл қаражатқа жаңа салынып жатқан мөлтек аудандарға электрожүйесі мен қатар жарықтандыру жұмыстарына жүргізуге ЖСҚ жасап бітірді, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар. Жобаның құны 423,4 млн теңге, іске асыру 2015 жылға жоспарланып отыр.

Маржанбұлақ ауылының газдандыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2012 жылы басталып, 2014 жылы бюджеттен 218 млн теңге бөлініп, құрылысы аяқталды және бұл қаражатты мердігер мекеме «Тәуекел» ЖШС мақсатты және толық игерді. Казіргі танда ауылдағы 480 үйдің 303 үйіне газ беріліп, 1425 адам көгілдір отынды пайдаланып отыр. Кайындысай ауылында 2014 жылы облыстық бюджеттен 50,4 млн. теңге бөлініп, «Бабэк құрылыс» ЖШС екі ай ішінде құрылыс жұмыстарын аяқтап желтоқсан айында нысан пайдалануға берілді. Қайыңдысай ауылы бойынша қазіргі таңда 67 үйдің 52 үйіне газ беріліп, 252 адам көгілдір отынды пайдаланып отыр.

Маржанбұлақ ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылдың желтоқсан айында облыстық бюджеттен 5 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу әдісімен Маржанбұлақ ауылына жанадан су құбырын тарту жұмыстарын жалғастыру бойынша жана мердігер анықталды, ол «Ақтөбеэлетросетьстрой» ЖШС. 2014 жылы республиқалық бюджеттен 351,7 млн теңге, облыстық бюджеттен 60,8 млн теңге, барлығы 412,6 теңге бөлініп, нысанның құрылысы қараша айында аяқталып, пайдалануға берілді.



Жол қатынасы бойынша . Ақтөбе -Маржанбұлақ бағыты бойынша қазіргі таңда тасымалдау тұрақты. Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 16.05.2014 жылы тасымалдауға өткізген байқауды ауылымыздың ЖК «Қияқова» бес жылға ұтып алды. Билет құны 150 теңге.

«Ақтөбе-Орал» автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Казахдорстрой» ЖШС мен «Русказдорстрой» ЖШС басшыларымен келісім бойынша Қайындысай ауылына кіреберіс жолы (1200 метр) ағымдағы жөндеуден өткізілді. 2014 жылы аудандық бюджеттен 0,892 мың теңге бөлініп, Маржанбұлақ ауылының орталық көшесі-Абай Құнанбаев көшесін орташа ағымдағы жөндеуден өткізуге ЖСҚ дайындалды және сараптамадан өтті. Жобаның құны 48 млн теңге.

Облыстық бюджеттен 3,1 млн теңге бөлініп, Маржанбұлақ ауылына кіреберіс жолы (700 м) орташа жөндеуден өткізуге ЖСҚ дайындалы сараптамадан өтті. Жобаның құны 20,5 млн теңге.

Телефон байланысы бойынша телефонмен Маржанбұлақ және Қайындысай ауылдары толықтай қамтылды. Қазіргі таңда бұл ауылдырда «СВИМ» ЖШС арқылы барлығы 347 телефон қондырылған. Қарағандысай елді мекеніне «Қазақтелеком» АҚ 12 номер тұрақты жұмыс жасап тұр. Маржанбұлақ ауылында «КСЕLL» станциясы қондырылды және ол ұялы байланыстың сапасын көтерді. «Картел» ұялы желісі көктемде, күзде «Алтел», «Теле-2» Маржанбұлақ ауылына арнайы қабылдағыш қондырып, сол арқылы ұялы байластың сапасын көтерді. Казіргі танда округтің Маржанбұлақ, Қайындысай ауылдары толық ұялы байланыспен қамтылған.

в) Шағын және орта бизнесті дамыту және жұмыспен қамту.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 5 округ тұрғындары тартылды. Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша дәрегерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстарына 4 жергілікті тұрғындар уақытша тартылды. «Ақтөбе-Орал» тас жолын күрделі жөндеу жұмыстарына Маржанбұлақ, Кайындысай ауылдарынан 25 адам уақытша жұмысқа орналасты. Бюджетке қосымша салық базасын кенейту мақсатында Маржанбұлақ ауылында 2014 жылы 3 дүкен, 1 жиһаз шығаратын цех, 1 көлік жөндеу станциясы, 1 монша, 1 шаштараз, 3 Ш/Қ заңды түрде қызметтерін бастап, қосымша 16 жұмыс орыны ашылды.



Ауыл шаруашылығы. Көктемгі далалық егіс жұмыстарына 6 ШҚ қатысты. Олар барлығы 1 346 га егін салды, оның ішінде бидай-450 га, арпа-896 га, судан шөбі-2395 га егілді. Әр гектардан орташа 2,8 центнер өнім алынды. Биылғы қыстауға округ бойынша 2143-ірі-қара, 7334-қой-ешкі, 226-жылқы, 4-түйе, 35-шошқа, 3115-бас құс түсті. Оларды қыстан аман – сау алып шығу үшін 9700 тонна шөп дайындалды. Аудандық ветеринариялық станция қызметкерлерімен бірігіп, жасаған ветеринария және эпизоотологиялық іс-шаралар жоспарға сай орындалды. Сарп аруына қарсы тексерілген жалпы мал басынан 40-бас МІМ және 320-бас МҮМ шығып, белгіленген уақытында жойылды. 64 – аулаға ақысыз дезинфекция жұмыстары ұйымдастырылды.

Бірдейлендіру жоспарын орындау мақсатында МІМ төлі – 401бас (108%), МҮМ төлі – 2600 бас (100%), жылқы малы-86 бас (100%), шошқа-201 бас(100%) жұмыстар жасалды.

Жеті Ш/Қ егін егумен қоса мал шаруашылығымен айналасады. «Маржанбұлақ» ЖШС өз қаражатына 75 бас МІМ, 23 жылқы, 150 МҰМ сатып алды және 20 басқа арналған мал қора құрылысын аяқтады. «Светлана» ШҚ «Камаз» автокөлігін сатып алды. «Баймурат» ШҚ Маржанбұлақ ауылынан шағын мал бордақылау аланың және мал сою аланың құрылысын бастады. «Рус Арт» ШҚ Маржанбұлақ ауылынан 20,5 млн теңге өз қаражатына жұмысшыларына жеке тұрғын үй, шағын құс фабрикасы, 100 бас сауынды МІМ арналған мал қорасы құрылысын аяқтады. Жеке МІМ асылдандыру мақсатында «Жақсылық» ШҚ басшысымен өзара келісім-шартқа тұрып, Маржанбұлақ, Қайындысай ауылдарындағы жеке табындарға 10 бас асыл тұқымды қазақ ақбасты бұқалар 01.04.2014 жылдан бастап 10.11.2014 жылға дейін қосылды.

ІІІ. Әлеуметтік сала.

Көпбалалы,аз қамтылған және арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар. 39 отбасындағы 109 балаға жалпы 1млн 807 мын 520 тенге жәрдемақы төленді. Әр тоқсан сайын соғыс ардагерлерне теңестірілген 14 тыл ардагерлері Үкімет тарапынан берген жеңілдіктерді толық және уақытында алып отыр.



Білім және спорт. Округте 1 орта, 1 негізгі мектеп жұмыс жасап жатыр. Маржанбұлақ орта мектебі 2013-2014 оқу жылының ҰБТ қорытындысы бойынша 66,4 бал білім сапасын көрсетіп, өткен жылмен салыстырғанда 6% - ға төмендеді және аудандық орташа көрсеткіштен 8,4% төмен. Мектеп бітірген 22 түлектің 6 мемлекеттік грантқа ие болды. Мектептерде аз қамтылған отбасылардың 73 баласына жалпыға бірдей білім беру қорынан киім-кешек, оқу құралдары алынды және ол оқушылар ыссы тамақпен қамтылған. Маржанбұлақ орта метебінің жаныңдағы 25 орындық интернатта қазіргі таңда онда Алға қаласы, Кайындысай, Көптоғай, Ақай, Қарағандысай ауылдарынан 19 бала оқып жатыр. 1-4 сынып оқушыларын және интернат оқушыларын ақысыз ыстық тамақпен тамақтандыруда (Маржанбұлақ ОМ – 72,5%, Ақрап НМ –100%). Маржанбұлақ орта мектебінің материалдық базасын нығайту мақсатында 2014 жылы 605000 теңгеге стол, орындықтар, тақталар, 844928 теңгеге 8 компьютер, мектеп спортзалына 496582 теңгеге спорт құралдары, мектеп интернатына 1451000 теңгеге қажетті жиһаздар жергілікті бюджет есебінен аланып берілді.

«Өнерлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 300000 теңге мектептін ағымдағы жөндеуді өткізуге берілді. «Балапан» Маржанбұлақ бала-бақшасында 2014 жылдан бастап қосымша 25 балаға арналған бір топ ашылды. Бала-бақшаның МТБ нығайту мақсатында жергілікті бюджеттен 1228000 теңге бөлініп балаларға қажетті құрал-жабдықтар, жиһаз, ойыншықтар алынды.

«Көркейе бер, туған жер» атты облыстық акцияға біздің кәсіпкерлер, ШҚ басшылары, ауылдастар белсенді қатысып жатыр. «Алтын қыран» компаниясының демеушілігімен Маржанбұлақ мәдениет үйіне тәулік бойы «Қазақ радиосының» бағдарламасының таратуға 100000 теңгеге арнайы құрал-жабдықтар алынды. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және өткізу мақсатында аптасына бір рет жастар би кеші өтеді, Маржанбұлақ орта мектебінің аула клубы, өнер студиясы жұмыс жасап тұр. Қайындысай ауылын газдандыру барысында жергілікті бюджеттен 2,2 млн теңге қарастырылып Ақрап негізгі мектебінің жылу беру қазандығы көгілдір отынға көшірілді.

Денсаулық сақтау,санитариялық тазалық және аббаттандыру .

Округ бойынша 12 айда дүниеге 32-сәби келсе, 19-адам қайтыс болды. 14-бала Ақтөбе қаласындағы «Ақ бөбек» санаторийінда денсаулығың нығайтып қайтса, 2-бала Алматы қаласындағы «Алатау» сауықтыру орталығында сауықтырудан өтті. Ауыл тұрғындарына кезекті дәрігерлік тексерулер уақытылы жүргізіліп тұрады. 17.06.2013-19.06.2014 жыл аралығында «Саламатты Қазақстан» жылжымалы денсаулық автопоезді келіп, тұрғындар арасында тексеріс өткізді және сол тексерістен 443 адам өтті. Көктем-жаз айларында демеушілер көмегімен елді-мекендердің аумағын күл – қоқыстан тазарту және бұрыннан иесіз жатқан Маржанбұлақ ауылындағы екі тұрмыстық қалдықтары полигондарының орындарына тегістеу (рекультивация) жұмыстары ұйымдастырылды, 58 қанғыбас ит атылды. Округ аумағында 150-ден астам көшеттер отыргызылды.



Мәдениет.Селолық округітің аумағында бір Мәдениет үй, бір кітапхана қазіргі таңда жұмыс жасап тұр және толық мамандармен қамтылған. 2014 жылдың желтоқсан айында ауылдық округ кітапханасында 721 оқырман тіркелген, былтырғы жылмен салыстырғанда 243-ке жуық кітаппен толықты және жалпы кітап қоры 5472 кітапқа жетті. 2014 жылдың қырқүйек айында Маржанбұлақ ауылында Алға ауданындағы толық қажетті құрал-жабдықтармен камтылған алғашқы модельді кітапхана ашылды. Кітапхананың жоспарына сәйкес мерекелік күндерге, атаулы оқиғаларға арналған тақырыптық кітап көрмелері, оқырмандар конференциялары, түрлі-түрлі сайыстар мен байқаулар өтіп тұрады. Мемлекеттік және ұлттық мерекелерді атап өту мақсатында «Масленица», «Наурыз», Женіс күніне, 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне, 30-тамыз-Конституция күніне, 1 қазан-қарттар күніне, 16 желтоқсан-Тәуілсіздік күніне, Жана Жыл мерекесіне арналған мәдени іс-шаралар өтті. Облыстық филармониямен бірлесе отырып, бір концерт , Ақтөбе қаласының «Геолог» МҮ, Алға аудандық МҮ «Ән шашу» концерттері ұйымдастырылды және т.б мәдени-көпшілік шаралар үнемі өтіп тұрады. Селолық МҮ жанынан «Тұмарым» әжелер әжелер хоры жасақталды және Темір ауданында өткен «Әжелер ән салады» облыстық хор байқауына қатысып, мақтау қағазымен марапатталды.

Ауылдасымыз, зейнеткер Жұмағалиев Мұрзагұл ағамыз аудандық, облыстық жыршы-термешелер байқауына үнемі қатысып тұрады. Ойыл ауданында өткен «Көкжар бойы-ағын жыр» тақырыбындағы жыр мүшайрасына қатысып жүлделі үшінші орынға ие болды.


ІY. 2015 жылға алдымызға қойылған мақсаттар мен жоспарлар:

  • жеке тұрғын үй салуға бөлінген жерлерге жаңа элетрожүйе мен жарықтандыру құрылысы жобасын іске асыруға ықпал ету;

  • Маржанбұлақ орта мектебіне газ жылу қазандығы құрылысын қолға алу және осы жұмыстарды жылу беру маусымға дейін аяқтауға күш салу;

  • «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына 12 жоба, «Бизнес жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламаларға екі жобаны енгізуге ықпал ету;

  • «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қарағандысай ауылының көшелеріне жарықтандыру қондыру;

  • Маржанбұлақ аулындағы Абай Құнанбаев көшесіне және кіреберіс жолдарды орташа жөндеуден өткізуге қаражат қарастыруға және іске асыруға күш салу;

  • Маржанбұлақ ауылына спорт аланың және екі қабатты 8 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үй салуға ықпал ету;



Кангужин Б.Т.

Маржанбұлақ ауылдық

округінің әкімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет