Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы



бет7/24
Дата09.03.2016
өлшемі3.73 Mb.
#47011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының жүйелік мәселесі, суғару суының жетіспеушілігі. Бұл мәселенің жалғыз шешімі – суғару тиімділігін арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу. Егін алқаптарын суғаруда бір гектарына орташа 6000-7000 метр куб су жұмсалынады. Бұл көрсеткіш алдыңғы қатарлы технологияларды енгізіп жатқан шаруашылықтарда, тамшылатып суғару есебінен су шығыны гектарына 3000-3500 метр кубқа қысқарған. Есептеулер көрсетіп отырғандай, қолдағы бар көлеммен, қазіргіге қарағанда, ОҚО алқаптарын 5-6 есеге артық суғаруға болады. Соңғы жылдары тамшылатып суғару әдісі ендірілген ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары ұлғайуда. 2013 жылы тамшылатып суғару әдісі жалпы 26,8 мың га ендірілді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 26,5 есеге артық (2008 ж. - 1,0 мың га, 2009 ж. - 2,1 мың га, 2010 ж. -7,2 мың га, 2011 ж. - 14,8 мың га, 2012 ж. - 20,8 мың га). Бұл Республикадағы көрсеткіштің 83,8 % құрады.

2014 жылы тамшылатып суғару әдісі өткен жылмен салыстырғанда 27% ұлғайып, жалпы 34,0 мың га ендірілді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 33,3 есеге артық (Республикадағы көрсеткіштің 84% құрады). 2015 жылы тамшылатып суғару әдісін 40,0 мың га жеткізу жоспарлануда.

Қазір республикадағы негізгі мәселенің бірі – республика халқын көкөніс-жеміс өнімдерінің барлық сапалы түрлерімен жыл бойына қамтамасыз ету болып отыр. Ерте пісетін көкөніс өнімінің көлемін ұлғайтуда жылыжайлардың қосатын үлесі мол. 2013 ж. жылыжайлар көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 8 есеге артып 720 га жетті. Бұл Республикалық көрсеткіштің 85,7 % құрады (2008 ж. - 90 га, 2009 ж. - 124,1 га, 2010 ж. - 200,0 га, 2011 ж. - 371,0 га, 2012 ж. - 565,4 га). Жылыжайлар есебінен 2013 жылы 115,0 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды. 2014 ж. жылыжайлар көлемі өткен жылдан 26% артып, жалпы көлемі 910 га жетті, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 10 есеге артық (Республикадағы көрсеткіштің 87% құрады). Жылыжайлар есебінен 2014 жылы 150,0 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды. 2015 жылы жылыжайлардың көлемін 930 га жеткізу көзделуде.


Көрсеткіштердің атауы

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Жылыжай салу, мың га

90,0

124,1

200,0

371,0

565,4

720,0

910,0

Азық-түлік теңгеріміне сәйкес облысымыз бүгінгі таңда халыққа қажетті 14 түрлі негізгі өнімдердің 11 түрімен толық қамтамасыз етіп отыр. Осыдан үш-төрт жыл бұрын қысқы және ерте көктемгі мезгілдерде жеміс-көкөніс сақтау қоймаларының тапшылығынан азық-түлік қорын жинақтауда бір-шама қиындықтар кездескендігі баршамызға белгілі. Осы мәселені шешу бойынша облыс әкімінің тікелей ықпалымен қаржы институттарын тарта отырып, нақты жұмыстарды үйлестірудің арқасында, бүгінгі таңда жеміс - көкөніс сақтау қоймаларының сиымдылығы 34,0 мың тоннадан 200,0 мың тоннаға дейін немесе 6 есеге ұлғайды. Осы қоймаларда бірінші кезектегі әлеуметтік маңызы бар картоп, пияз, көкөніс, жеміс-жидек өнімдерін сақтап, азық-түлік бағаларының көтерілуіне жол бермей, жыл бойына облысымызды сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді.

«Агробизнес – 2020» бағдарламасының 1-ші бағыты АӨК-ні қаржылық сауықтыру бағыты бойынша, 2013 жылы 9 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №816 қаулысымен «Қаржылай сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау туралы» Қағида бекітіліп, қолданысқа енгізілді.

Қағидаға сәйкес, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 2013 – 2014 ж.ж ауыл шаруашылығы техникалары жылдық 12,8% берілуде, оның 7% мемлекет субсидиялап, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жылдық пайыздық мөлшерлеме 5,8 пайыздан түсуде. Нәтижесінде 2013 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер қосымша 642 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын жаңадан сатып алып, оның 122 бірлігі «ҚазАгроҚаржы»АҚ арқылы лизингке алынды. Бүгінгі күнге облыс бойынша жалпы 17,7 мың тракторлар, 1,7 мың комбайндар, 2,5 мың жүк көліктері және 43,3 мыңнан астам түрлі түрдегі агрегаттар есепте тұр. 2014 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер қосымша 754 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын жаңадан сатып алып, оның 168 бірлігі «ҚазАгроҚаржы»АҚ арқылы лизингке алынды. Бүгінгі күнге облыс бойынша жалпы 18,0 мың тракторлар, 1,7 мың комбайндар, 2,2 мың жүк көліктері және 43,3 мыңнан астам түрлі түрдегі агрегаттар есепте тұр.


Мал шаруашылығы

2013 жылы 2009 жылмен салыстырғанда облыс шаруашылығының барлық санаттарындағы: ірі мүйізді қара малдың саны 112,0 % артып 838,7 мың басты, қой мен ешкі 102,4 % артып 3657,7 мың басты, жылқы 131,5 % артып 199,7 мың басты, түйе 116,4 % артып 19,9 мың басты, құс 108,6 % артып 2479,3 мың басты құрады.

Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру 2009 жылмен салыстырғанда: ет сойыс салмағында 119,7 % артып 99,5 мың тонна, жұмыртқа 111,9 % артып 276,6 млн.дана, жүн 104,0 % артып 7,2 мың тонна, сүт 110,0 % артып 679,5 мың тонна, орташа бір сауынды сиырдан сауылған сүт 105,0 % артып 2192 кг сүт алынды.

2014 жылы мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру 2013 жылмен салыстырғанда: ет (сойыс салмағында) 106,0% артып 105,5 мың тонна (2011 ж. салыстырғанда 115,0%), жұмыртқа (құстың барлық түрлерінен) 101,3% артып 280,2 млн.дана (105,3%), сүт (барлық түрі) 103,0% артып 700,0 мың тонна (105,7%), орташа бір сауынды сиырдан сауылған сүт 102,0% артып 2232 кг сүт алынып, облыс шаруашылығының барлық санаттарындағы мал басы ірі мүйізді қара малдың саны 830,2 мың, қой мен ешкі 3738,2 мың, жылқы 214,4 мың, түйе 21,3 мың, құс 2365,8 мың басты құрады.

Мал шаруашылығы саласында «Ірі қара мал экспортының әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде «Сыбаға» бағдарламасымен 2013 жылы 10 541 бас аналық сатып алынып, тапсырма 123 % орындалды (2011 ж. - 4637 бас, 2012 ж. - 5289 бас). Тұқымдық түрлендіруге 20,2 мың бас аналық ІҚМ қатысуда. 2014 жылы 15 542 бас (о.і. қаржы институттары арқылы 5 475 бас) аналық сатып алынып, тапсырма 2 есе артық орындалды. (2011 ж. – 4 637 бас, 2012 ж. – 5 289 бас, 2013 ж. – 10 541 бас (о.і. қаржы институттары арқылы 4 401 бас)). Тұқымдық түрлендіруге 38,7 мың бас аналық қатысуда, үлесі 11%, өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есеге артты.


Көрсеткіштердің атауы

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 жыл 2011 жылға %-бен

«Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде қаржы институттарынан алынған аналық мал басы, бас

4 637

5 289

4 401

5 475

118,1

Облыста 2012 жылы 198 бірлік қолдан ұрықтандыру бекеттері жұмыс жасаған болса, 2013 жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен қосымша 79 бекет, аудандық бюджет есебінен 31 барлығы 110 қолдан ұрықтандыру бекеттерінің құрылысы аяқталды. 2014 жылы облыстық бюджет есебінен 154 бекет құрылысын жүргізу жоспарлануда.

2014 жылы облыста қосымша 264 қолдан ұрықтандыру бекеттерін салу тапсырмасы толығымен орындалды (оның ішінде 2013 жылы - 103 бекет, 2014 жылы - 161 бекет).

2013 жылы өткен жылмен салыстырғанда ұрықтандырылған ІҚМ саны 30% артып 168,4 мың бас ІҚМ қолдан ұрықтандырылды (2009 ж. 38,0 мың бас, 2010 ж. 43,0 мың бас, 2011 ж. 85,6 мың бас, 2012 ж. 130,1 мың бас). Бұл жалпы аналық ІҚМ 47 % құрайды. 2014 жылы өткен жылмен салыстырғанда ұрықтандырылған ІҚМ саны 3,6% артып 174,5 мың бас ІҚМ қолдан ұрықтандырылды. Бұл жалпы аналық ІҚМ 50,0% құрайды.




Көрсеткіштердің атауы

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 жыл 2009 жылға %-бен

Қолдан ұрықтандыру, мың бас

38,0

43,0

85,6

130,1

168,4

174,5

4,6 есе

Сонымен қатар, облыста кәсіпкерлікті дамытып, жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, ауыл халқының әл-ауқатын жақсарту мақсатында облыс әкімінің қаулысымен «Оңтүстік Қазақстан облысының мал шаруашылығын дамытудың 2014 – 2016 ж.ж. арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді. Іс-шаралар жоспарының негізгі бағыты, облыстың ерекшелігіне байланысты, ұсақ шаруашылықтарды қолдап, шағын жобаларды дамыта отырып, жаңа кооперация жүйесін қалыптастыру. Қабылданған іс-шараның басымды бағыттары:

- 10-15 бастық шағын мал бордақылау алаңдары - 8460 бірлік;

- шағын жанұялық сүт - тауарлары фермасы -1529 бірлік;

- сүт қабылдау бекеттері-91 бірлік;

- шағын құс фермалары-26 бірлік;

- аталған құрылымдарға сервистік қызмет көрсететін селолық тұтыну кооперацияларын ұйымдастыру-22 бірлік құруды көздейді.

Мал шаруашылығы іс-шарасы бойынша 2014 жылы жалпы 2166 жобаға 5,8 млрд.тг несие қаржы беріліп (о.і.: - мал бордақылау алаңдарына 2034 жобаға 5,3 млрд.тг, - 5-10 бастық жанұялық сүт фермаларына 112 жобаға 245,25 млн.тг, - сүт қабылдау бекеттеріне 11 жобаға 132,9 млн.тг, - селолық тұтыну кооперациясына 9 жобаға 220,2 млн.тг.), жалпы бағдарлама аясында қосымша: - 7,3 мың тн. ет; - 12,8 мың тн. сүт; - 5,9 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Жаңадан 4,5 мың адамға тұрақты жұмыс орындары ашылды.

2014 жылдың қорытындысымен мал шарашылығының НКИ 104,2% құрады, жоспары - 105%, ІҚМ 8,4 мың бас, шошқа - 1,5 мың бас, құс - 113 мың бас.

Ветеринария саласы

Қазақстан Республкасының 2002 жылы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес, облыс бойынша аудан, қалаларда ветеринария бөлімдері құрылып, ауыл әкімшіліктерінде мал дәрігер мамандар алынып, облыс көлемінде 240 ветеринар мамандары жұмысқа қабылданған.

2012 жылы «Ветеринария туралы» Заңға өзгерістер толықтырулар енгізіліп аудан, қалаларда мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар 15 кәсіпорын, ауыл округтерінде 187 ветеринариялық пункттер құрылып барлығы 1440 штат бірлігі ветеринариялық мамандармен толықтырылды.

Ветеринария саласына бөлінген қаржы соңғы жылдары 2-3 есеге артып, облыста эпизоотиялық тұрақтылықты және ветеринариялық санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажетті нысандарды ұйымдастыруға, ветеринариялық ақуалды жақсартуға аудандық, қалалық бюджеттерден қаржы бөлініп ветеринариялық нысандар салуға, қажетті құрал жабдықтар, арнайы жабдықталған автокөліктер, бірдейлендіру сырғалары, дәрі дәрмектер, мал шомылдыру ванналары, өлексе тастайтын шұңқырлар, залалсыздандыру орындарына т.б. жұмсалды.

2014 жылы облыстық бюджеттен профилактикалық диагностикалық іс-шараларды атқаруға 2 016,3 млн. теңге бөлінсе, материалдық техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 480,0 млн. теңге, жануарлардың энзоотиялық аурулардың профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринарлық препараттарға 182,4 млн. теңге бөлініп, ветеринариялық іс-шаралар атқарылуда.
Ауыл шаруашылығы шикі заттарын қайта өңдеу

Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын 10 ірі, 33 орта және 108 кішігірім цехтар бар.

2011 жылы еттің қайта өңдеу үлесі 16,0 %, сүттің 16,5 %, көкөніс 7,4 % құрады. 2011 жылдың қорытындысымен:

- өңделген ірі қара мал, шошқа, ешкі, қой, жылқы, түйе еті, балық және тағамдық ішек-қарын, 14195 тоннаны құрады, сәйкесінше 2010 жылмен салыстырғанда 3495 тоннаға артық, немесе 132,6%; ет өңдеумен айналысатын 3 ірі, 8 орта кәсіпорындар бар;

- өңделіп алынған сұйық сүт және кілегей және т.б. сүт өнімдері 140603 тонна, 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36202 тонна артық немесе 134,7%, сүт өңдеу бойынша 2 ірі, 2 орта және 18 кіші кәсіпорындар бар;.

- өсімдік майы және тазартылған мал майы 34320 тонна, немесе 2010 жылмен салыстырғанда 20,0% кем. Облыста 4 ірі май өңдеу кәсіпорындары бар;

- жеміс және көкөніс шырыны 9025,4 мың литр, 2010 жылмен салыстырғанда 159,1 мың тонна артық немесе 101,8% құрайды. Көкөніс және жеміс өңдеу бойынша 2 ірі кәсіпорындар бар.

2012 жылы еттің қайта өңдеу үлесі - 16,2 %, сүт - 22,8 %, жеміс-көкөніс - 11,6 % құрады. 2012 жылдың қорытындысымен:

- өңделген ірі-қара мал, шошқа, ешкі, қой, жылқы, түйе еті,құс,балық және тағамдық ішек-қарын 21340 тоннаны құрады, сәйкесінше 2011 жылмен салыстырғанда 7145 тоннаға артық, немесе 150,3%; ет өңдеумен айланысатын 1 ірі, 3 орта кәсіпорындармен 23 кіші цехтар бар;

- өңделген сұйық сүт және кілегей,т,б сүт өнімдері 135849 тонна, 2011 жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 96,6% құраған, сүт өңдеу бойынша 2 ірі, 3 орта кәсіпорындармен 22 кіші цехтар бар;

- өңделген өсімдік майы және тазартылған мал майы 45235 тонна, 2011 жылмен салыстырғанда 10915 тоннаға артық немесе 131,8%, майлы дақылдарды өңдеу бойынша 3 ірі, 3 орта кәсіпорындармен 6 шағын өңдеу цехтары бар;

- өңделген жеміс-көкөніс шырыны өнімдері 9694,2 мың литр, 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 668,8 мың литрге артық немесе 107,4%, жеміс-көкөніс бойынша 1 ірі, 5 орта және 24 шағын өңдеу цехтары бар.

2013 жылы еттің қайта өңдеу үлесі – 17,0 %, сүт – 23,3 %, жеміс-көкөніс – 12,4 %құрады. 2013 жылдың қорытындысымен:

- өңделген ірі-қара мал, шошқа, ешкі, қой, жылқы, түйе еті, балық және тағамдық ішек-қарын 24276 тоннаны құрады, сәйкесінше 2012 жылмен салыстырғанда 2936 тоннаға артық немесе 113,8%; ет өңдеумен айланысатын 1 ірі, 3 орта кәсіпорындар мен 29 кіші цехтар бар.

- өңделген сұйық сүт және кілегей, т.б. сүт өнімдері 155773 тонна, 2012 жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 19924 тоннаға артық немесе 114,7%, сүт өңдеу бойынша 2 ірі, 3 орта кәсіпорындар мен 28 кіші цехтар бар;

- өңделген өсімдік майы және тазартылған мал майы 34370 тонна, 2012 жылмен салыстырғанда 24 % кем, майлы дақылдарды өңдеу бойынша 4 ірі, 3 орта кәсіпорындармен 6 шағын өңдеу цехтары бар;

- өңделген жеміс-көкөніс шырыны өнімдері 5197,4 мың литр, 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 53,6% құрады, жеміс-көкөніс бойынша 1 ірі, 6 орта және 28 шағын өңдеу цехтары бар.

2013 жылдың қорытындысымен қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылыққа шығуы: ет өңдеу - 91,8%, сүт өңдеу - 180,3%, жеміс-көкөніс өңдеу - 41,0%.

2014 жылы еттің қайта өңдеу үлесі – 17,2 %, сүт – 24,3%, жеміс-көкөніс – 10,4 % құрады. 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанына:

- өңделген ірі-қара мал, шошқа, ешкі, қой, жылқы, түйе еті, балық және тағамдық ішек-қарын 16540 тоннаны құрады, сәйкесінше 2013 жылмен салыстырғанда 429 тоннаға артық немесе 102,7%; ет өңдеумен айланысатын 1 ірі, 3 орта кәсіпорындар мен 39 кіші цехтар бар.

- өңделген сұйық сүт және кілегей, т.б. сүт өнімдері 41569 тонна, 2013 жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 4268 тоннаға артық немесе 111,4%, сүт өңдеу бойынша 1 ірі, 4 орта кәсіпорындар мен 35 кіші цехтар бар.

- өңделген өсімдік майы және тазартылған мал майы 30265 тонна, 2013 жылмен салыстырғанда 87% құрады, майлы дақылдарды өңдеу бойынша 8 ірі, 8 орта кәсіпорындар бар.

- өңделген жеміс-көкөніс шырыны өнімдері 2616,9 мың литр, 2013 жылмен салыстырғанда 50,4% құрады, жеміс-көкөніс бойынша 2 орта және 32 шағын өңдеу цехтары бар.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарықта бәсекелестігін арттыру мақсатында ИСО және ХАССП халықаралық стандарттарын енгізу жұмыстары жалғасуда. Облыста 45 мекеме ИСО және ХАССП стандарттарын енгізген, 2015 жылға дейін 6 мекеме енгізуді көзделуде.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарықта бәсекелестігін арттыру мақсатында ИСО және ХАССП халықаралық стандарттарын енгізу жұмыстары жалғасуда. Облыста 53 мекеме ИСО және ХАССП стандарттарын енгізген, 2016 жылға дейін 5 мекеме енгізуді көзделуде.



Агроөнеркәсіп кешенін ғылым және кадрмен қамтамасыз ету

Саланы ғылыммен қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылдан бастап 019 «Инновациялық тәжірибені тарату мен енгізу жөніндегі іс-шараларды өткізу» облыстық бюджеттік бағдарламасы бойынша инновациялық жобалар іске асырылуда. Осы бағдарлама арқылы соңғы 4 жылда 114,5 млн.тг, (2010 ж. 25,5 млн. тг., 2011 ж. 13,8 млн.тг., 2012 ж. 25,8 млн.тг., 2013 ж. 49,4 млн.тг., 18 жоба қаржыландырылып іске асырылды. Оның ішінде 2013 жылы 6 инновациялық жобалар қаржыландырылып, өндіріске ендірілді. Бағдарлама шеңберінде мал тұқымын асылдандыру және оның сапасын жақсарту мақсатында ІҚМ, қой шаруашылығында қолдан ұрықтандыру жұмыстарын жүргізу және ветеринариялық қауіпсіздікке басымдылық берілді. Егін шаруашылығында жоғары өнім беретін ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын өндіріске ендіру және мақта шаруашылығында күзде жерді айдамай терең копсыту технологиясын қолдану бойынша жобалар іске асырылып, өз нәтежиесін беруде.

Саланы ғылыммен қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылдан бастап 019 «Инновациялық тәжірибені тарату мен енгізу жөніндегі іс-шараларды өткізу» облыстық бюджеттік бағдарламасы бойынша инновациялық жобалар іске асырылуда. Осы бағдарлама арқылы соңғы 4 жылда 114,5 млн.тг (2010 ж. 25,5 млн. тг., 2011 ж. 13,8 млн.тг., 2012 ж. 25,8 млн.тг., 2013 ж. 49,4 млн.тг.) 18 жоба қаржыландырылып іске асырылды. Соңғы 5 жылда 165,7 млн.тг (2010 ж. - 25,5 млн. тг., 2011 ж.-13,8 млн.тг., 2012 ж. - 25,8 млн.тг., 2013 ж. - 49,4 млн.тг., 2014 ж. - 51,2 млн.тг.) 24 жоба қаржыландырылып іске асырылды. Оның ішінде 2013 жылы 6 инновациялық жобалар қаржыландырылып, өндіріске ендірілді. Бағдарлама шеңберінде мал тұқымын асылдандыру және оның сапасын жақсарту мақсатында ІҚМ, қой шаруашылығында қолдан ұрықтандыру жұмыстарын жүргізу және ветеринариялық қауіпсіздікке басымдылық берілді. Егін шаруашылығында жоғары өнім беретін ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын өндіріске ендіру және мақта шаруашылығында күзде жерді айдамай терең копсыту технологиясын қолдану бойынша жобалар іске асырылып, өз нәтежиесін беруде.

Облыста ауыл шаруашылығының ғылыми жұмыстарымен «ҚазАгроМаркетинг» АҚ-на қарасты «Оңтүстік-Батыс өсімдік және мал шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-гі, Мақтарал ауданында орналасқан «Қазақ мақта шаруашылығы институты ғылыми зерттеу институты» ЖШС-гі, Сайрам ауданында орналасқан «Тассай» білім тарату орталығы және Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті оқыту және консультациялық қызметін көрсетеді.


Облыстың инвестициялық жобалары

2009 – 2013 жылдары ауыл шаруашылығын қаржыландыруға бағытталған институттар арқылы, облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жалпы 69,6 млрд.тг. несиеберіліп, 15540 жоба қаржыландырылды.

Атап айтқанда:

«ҚазАгро»ҰБХ»АҚ еншілес мекемелері арқылы – 41,2 млрд.тг;

«Максимум»АИО»ЖШС арқылы – 18,7 млрд.тг;

«Несие серіктестіктері» арқылы - 9,6 млрд.тг.

«Үдемелі индустриальды - инновациялық даму» бағдарламасы шеңберінде облыста 170 жоба индустриализациялау картасына ендірілсе, оның 33 % немесе 56 жоба (жалпы құны 27,4 млрд.тг) ауыл шаруашылығы саласы бойынша іске асырылуда, ашылатын жаңа жұмыс орны 3,6 мың бірлік.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы іске асырылып отырған «Агробизнес-2020» бағдарламасының «Инвестициялық субсидия» бағыты ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық қаржыларды көптеп тартуға мүмкіндік беріп отыр.

2009 – 2014 жылдары ауыл шаруашылығын қаржыландыруға бағытталған институттар арқылы, облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жалпы 91,3 млрд.тг. несие қаржылары тарқатылып, 19,5 мыңнан астам шағын, орта, ірі жобалар қаржыландырылды. Оның ішінде 2014 жылы 21,1 млрд.тг. несие беріліп, 3871 жоба қаржыландырылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 33% пайызға артық.

Атап айтқанда:

«ҚазАгро»ҰБХ»АҚ еншілес мекемелері арқылы – 11,3 млрд.тг;

«Максимум»АИО»ЖШС арқылы – 2,9 млрд.тг;

«Несие серіктестіктері» арқылы – 6,8 млрд.тг.

«Үдемелі индустриалды - инновациялық даму» бағдарламасы шеңберінде облыста 223 жоба индустриализациялау картасына ендірілсе, оның 33% немесе 74 жоба (жалпы құны 103,5 млрд.тг.) ауыл шаруашылығы саласы бойынша іске асырылуда, ашылатын жаңа жұмыс орны 6,4 мың бірлік.

Сонымен қатар, 2014 жылдан іске асырылып отырған «Агробизнес-2020» бағдарламасының «Инвестициялық субсидия» бағыты ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық қаржыларды көптеп тартуға мүмкіндік беріп отыр.
Ауыл шаруашылығы саласының негізгі проблемалары:

1. Егін шаруашылығында да, мал шаруашылығында да ұсақ тауарлы өндірістің басымдылығы.

2. Қарапайым ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне несие қаржылардың қол жетімсіздігі;

3. Заманауи қайта өңдеу кәсіпорындарының аздығы, қайта өңдеу өнімдерінің импорттық үлесің жоғарылығы;

4. Қазіргі таңда суармалы алқаптарда келесідей мәселелер орын алған:

- жердің гидрологиялық жағдайы төмен деңгейде болуы, жердің тұздық қабатының көбеюі салдарынан ауыл шаруашылығы жерлердің айналымынан шығуы, т.б; - жер асты суларының жоғары деңгейлілігі;

- уақтылы тазалау және жөндеу жұмыстары жүргізілмеу салдарынан су шаруашылығы жүйесі (кәріз, канал) қанағаттанарлықсыз күйде болуы;

- заманауи агротехнологияларды ендірудің әлсіздігі және жоғары репродуктивті тұқымымен қамтамасыз етілмеуі;

- өсімдіктерді қорғауда минералдық тыңайтқыштар мен химиялық заттарды пайдаланудағы жеткіліксіздігі;

- агроқұрылымдардағы техникалық паркынің моральдық және физикалық тозуы;

5. Жайылымдардың тозуы.

Проблемаларды шешу жолдары:

Алдын ала жасалған есеп бойынша жоғарыда көрсетілгендердің барлығы қаражат құюды қажет етеді, нақты айтқанда суармалы жердің гидромелиоративтік жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін 8,5 млрд. теңге қажет.

Бұл жердің екінші реттік тұздалуын азайтуға және ауыл шаруашылығы айналымына қолданылмай жүрген суармалы жерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта бизнестің дамуына өңірде қолайлы жағдайлар бар. Өңірде кәсіпкерлікке аса көңіл бөлінеді, сонымен қатар, облыс қоғамының және экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ете алатын фактор болып табылады. Қазіргі кезде шағын кәсіпкерліктің арасында өсіп отырған іскерлік белсенділігі халықты жұмыспен қамтамасыз ету, нарықты отандық тауарлармен және қызмет көрсетумен толықтау, бәсекестік ортаны қалыптастыру сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады.

2010 жылдың 1 қантарына шағын және орта кәсіпкерлік мекемелерінің өнім шығару көлемі өндірістің жалпы көлемінен 14 % құрады, ШОМ-дің 52 % тауар өндірушілері болып келеді. Инвестициялардан тез арада табыс беретін бос орындарды ендіру өңірдегі шағын және орта бизнес дамуының ерекшелігі болып табылады.

Шағын және орта бизнестің динамикалық дамуына кедергі беретін объективтік пен субъктивтік қиыншылықтар өңір экономикасының мемлекеттен тыс секторының дамуына да әсер береді.

Объективтік қиыншылықтар экономиканың тұрақсыз жағдайымен және кәсіпкерліктің кең көлемді дамуына динамикалық импульс беретін қаражат ресурстардың жеткіліксіздігіне байланысты.

Субъктивтік қиыншылықтар сату нарығына және сатып алушыларға деген аса қатты бәсекелестік жағдайларында нарық талаптарының ауытқуларын ескере отырып тұтынушыға қызмет ету салттарының әлсіздігіне байланысты. Сапалы өнім шығару мен қызмет көрсетудің кең спектрін беру арқылы шылыққан тапшылығы жоқ нарықта өз орнын жаулап алу дағдылары жоқ.

Оңтүстік халқының төлеуге қабілетті сұранысының төмен деңгейі шағын кәсіпкерліктің дамуына кері әсерін береді. Өмір деңгейінің көрсеткіші бойынша бүкіл республика облыстарының арасында айтылып кеткен облыс халқы соңғы орындарының бірінде орын алады. Республика бойынша ОҚО-да өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп жүрген халықтың үлес салмағы өте жоғары. Қөбінесе, халық қаражат, көлік және байланыс, өнеркәсіп пен құрылыс секторларымен салыстырғанда түсімділігі аса төмен ауыл шаруашылығында, қызмет көрсету өрісінде және басқа салаларда жұмыс істейді.

Өңір экономикасының құрылымына негізделіп, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің қызметін барынша кең дамуына, олардың жұмысын белсендіруіне бағытталған институциалдық жағдайларын жетілдіру мақсатымен, өңір аясындағы екі маңызды функцияларын жүзеге асыратын, кәсіпкерлікті қолдайтын және дамытатын шаралар қолданылады:



  1. әлеуметтік-саяси - өңір тұрақтылығын күшейтуі;

  2. шаруашылық-өндірістік - облыстағы халық шаруашылығының дамыған және эффективті өңір комплекстерін қалыптастыратын жақсы жағдайлар жасау.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері облыс өнімдерінің бірнеше жаңа түрлерін шығаруын игерген, жаңа жұмыс орындары ашылған.

ОҚО-да ШОК субъектілердің жалпы саны 2003 жылдағы 102,3 мың бірліктен 2009 жылы 111,4 мың бірлікке дейін өскен; өсім қарқыны 113,9 %-ды құраған. 2009 жылы облыста 682 мекеме, 2694 жаңа жұмыс орындары ашылған. Көбінесе, қызмет көрсету (33,3 %), құрылыс (28 %), сауда (18,6 %) өрістері, экономиканың қайта өндіру салалары (10 %) ұлғайған.

Облыста ШОК субъектілерінің жалпы санынан 44,8%-ын - шаруа (фермерлік) қожалықтары, 43,9 %-ын - жеке кәсіпкерлер, 11,3%-ын - заңды құқықтары бар мекемелер құрайды.

Талданған мерзім барысында мекемелер саны Арыс (4,1 есеге), Түркістан (4,4 есеге) қалаларында, Мақтарал, Сарыағаш (4,3 есеге), Отырар мен Бәйдібек (3,8 есеге), Қазығұрт, Сайрам, Төлеби аудандарында және Шымкент қаласында (2,4 есеге) аса көбейген. 2003 жылдан бастап 2009 жылға дейін жалпы облыс бойынша ШОК-пен айналысатын адам саны 276,7 мыңнан 261,7 мыңға дейін, немесе 6%-ға төмендеген. 2009 жылы ШОК-пен айналысатындардың асқан меншікті салмағы Мақтарал ауданына (29 %), Шымкент (20,8 %) және Түркістан (7,8 %) қалаларына түседі. 2003-2009 жылдар аралығында Созақ, Отырар, Бәйдібек аудандарында ШОК-пен айналысатындардың саны төмендеген. ШОК-пен айналысатындардың санының тұрақты өсуі Шымкент және Түркістан қалаларында, Мақтарал мен Ордабасы аудандарында байқалған. 2009 жылы ШОК субъектілерінің тауар, жұмыс және қызмет көрсетудің өнімдерін шығаруы 2003 жылдың деңгейінен 9 есеге өсіп, 153,5 млрд. теңгені құраған. Бірақ, облыс қалаларының және аудандардың кескінінде өнім көлемінің өсуі бір қалыпты емес. ШОМ-мен өндірілетін өнімнің аса саны Шымкент қаласына (48,1%), Мақтарал (11,7 %), Сарыағаш (8,1 %) аудандарына келеді. Өнімнің ең кемі Созақ ауданында (0,5%) шығарылған; ШОМ-дің өнім меншікті салмағының 1,3%-нан кемдігі Арыс пен Кентау қалаларында, облыстың Бәйдібек және Отырар аудандарында байқалған.

2009 жылы мемлекеттік бюджетіне кірген салық және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 117367,4 млн теңгені құраған, соның ішінде 8589,4 млн. теңге ШОМ-ден түскен. ШОМ-ден түскен кірістің меншікті салмағы 36,6 % құрайды. 2009 жылы ШОМ-дің жұмыс істеп отырған субъектілерінде сала бағытталуымен кәсіпкерлердің 45,4 % ауыл шаруашылығында, 27 % - саудада, 5,3 % - көлік пен байланыста, 1,7 % - өнеркәсіптік өндірісте, 2,3 % - қонақжай бизнесінде, 1,9 % -құрылыста қызмет етеді және 16,3 % кәсіпкерліктің басқа түрлерімен айналысады.

Халық банкінің мәліметі бойынша, 2009 жылы ШОК кәсіптік құрылымдары жабдықталуға және айналым қаржыларын толықтыруға, екінші деңгейдегі банктер арқылы 19,2 млрд. теңгеден аса қысқа- және ұзақ мерзімді несиелер алған.

2012 жылы белсенді іс-әрекеттегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 109 757 бірлік құрайды. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен 287 999 адам қамтылғандар, 2008 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға өскен (273 678 адам):


  • 2012 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірген өнім (тауар және қызмет) көлемі 479,9 млрд. теңгені құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге өскен (2008 жылы 209,0 млрд. теңге).

  • 2013 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша облыста белсенді іс әрекеттегі кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1000 адамға шаққанда 42 бірлікті құрайды.

Белсенді әрекеттегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құрылым кесіндісінде шаруа қожалықтары басым – 55506, жеке кәсіпкерлер – 49144 бірлік, заңды тұлғалар – 7107 бірлік.

Облыстың шағын және орта кәсіпкерлігі 2014 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша келесі көрсеткіштермен сипатталады:

- ШОБ белсенді субьектілер саны 125 806 бірлік құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 112,5 %-ға өскен. ОҚО ШОБ субъектілерінің үлесі республикалық көрсеткіште 14,4 % құрайды.

- ШОБ жұмыспен қамтылғандар саны 279593 адам құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 108,8 %-ға өскен. ОҚО үлесі республикалық көрсеткіште 10,6% құрады.

- ШОБ субъектілерімен 2013 жылы өндірілген өнім (тауарлар мен қызметтер) көлемі 534 118 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 103% құрады. ОҚО үлесі республикалық көрсеткіште 5,9% құрады.

2014 жылдың 1 қаңтарына кәсіпкерлікте белсенді субъектілер саны 1000 адамға шаққанда 46 бірлікті құрады.

Белсенді шағын және орта бизнестің құрылымының басым бөлігі жеке кәсіпкерлерден тұрады (65 351 бірлік.), шаруа қожалықтары (55 162 бірлік) және заңды тұлғалар (5 295 бірлік.).

Кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар санында халықтың үлесі, 22,3 % құрайды. (экономикалық белсенді халық саны – 1 256,2 мың адам).

ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша ОҚО екінші деңгейлі банктер арқылы шағын және орта кәсіпкерлікке 39,5 млрд.теңге бөлінген, 2012 жылдың тиісті кезеңінен салыстырғанда 21,2 % құрады (32,6 млрд.теңге).

ОҚО Салық департаментінің мәліметіне сәйкес 2013 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық түсімдері 29,8 млрд. теңге құрап 2012 жылмен салыстырғанда 38,4 %-ға өскен (21,6 млрд. теңге).

Статистика департаментінің мәліметіне сәйкес, 2014 жылы белсенді ШОБ субъектілерінің саны 127 932 бірлікті немесе 2013 жылмен салыстырғанда 104,2% құраған. 2009 жылмен салыстырғанда субъектілердің саны 4,1% артқан.

2014 жылы жұмыспен қамтылған ШОК саны 287 925 адамды құрады немесе 2013 жылмен салыстырғанда 104,7% жетті. Бұл көрсеткіш 2009 жылы 5,9% құрады.

2014 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 722,9 млрд.тг. өнімі (тауарлар, қызметтер) өндірілген, өндірілген өнімнің нақты индекс көлемі 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 101,1% құраған. 2009 жылы 251,4 млрд.тг өнімі өндірілген немесе 3 есеге артық.

2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің ұйымдастырушылық құқықтық нысанының құрылымында жеке кәсіпкерлер – 67015 бірлік, шаруа қожалықтары – 54572 бірлікті және заңды тұлғалар - 6345 бірлікті құраған.

2014 жылы кәсіпкерлікпен айналысатын халықтың үлесі облыстың халқының экономикалық белсенді бөлігінің (экономикалық белсенді халық – 1267,4 адам.) 22,7% құраған.

Кәсіпкерліктің дамуы бәсекелестіктің жоғарғы деңгейімен сипатталады, яғни, 1000 тұрғынға шаққанда белсендік шағын және орта кәсіпорындар санының өсуін көрсетеді, а.ж. 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша облыста бұл көрсеткіш 46 бірлікті құраған.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне сәйкес, 2014 жылы ОҚО шағын және орта суъектілеріне екінші деңгейлі банктер арқылы 47,5 млрд.тг. қаржы берілген, бұл 2013 жылмен (39,5 млрд.тг.) салыстырғанда 20,2% артық, 2009 жылмен салыстырғанда ШОБ субъектілері үшін берілген кредиттер соммасы 2,4 есеге ұлғайған.

2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінен түсен салық түсімі 114,7% немесе 34,3млрд.тг. құраған, 2009 жылмен салыстырғанда 3 есеге өсен.

Облыста ШОБ-тің дамуына «Аймақтық инвестициялық орталығы «Максимум» ЖШС-нің ашылуы қомақты әсер берді. Кәсіпкерліктің мәселелерін шешу; шағын және орта кәсіпкерлік инфраструктурасын дамыту; шағын және орта бизнестің өндіріс белсенділігін өсіру; жаңа жұмыс орындарын ашу; жаңа мекемелер құру; экономикалық белсенді халықтың қаражат ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету; өндірісті жоғарлату мәселелері осы аталған мекеменің міндеттері болып табылады. Орталық мақсаттарын жүзеге асыру үшін 2009 жылы жергілік облыс бюджетінен 2,259 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінген; 2010 жылы - 3,059 млрд. теңге.

Тікелей несиелеу арқылы үлестік қатыс талаптарымен инвестициялау және бірлесе инвестициялау, өнеркәсіптік жабдықтау алу үшін лизингті операциялар өткізу, өндіріс аймақтарын ұйымдастыру, жоба операцияларына және келісім-шарттарына кепілдік беру Орталықтың негізгі жұмысы болып табылады.

Тұрақтылық бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаржыларын игеру мақсатымен «Даму» атты кәсіпкерлікті дамыту Қорымен бірлесе жұмыс атқарылған. ОҚО-да «Даму» Қорының бағдарламасымен 390 займ алушы жалпы сомамен 14,9 млрд.теңгені құраған несиелік қаражат алған, бұл 532 жұмыс орнын ашып, қолдауына мүмкіндік берген. Сонымен, бір займ алушыға орта займ сомасының көлемі 38,2 млн.теңгені құрады.

Облыстың кәсіпкерлігін қолдауына және бәсекелестіктің дамуына бағытталған стратегияның негізгі элементтері:

- әкімшілік кедергілерін, бюрократикалық процедураларын жеңілдету және жаңа мекемелердің кәсіпкерлік жұмысын реттеу кезіндегі «ең жақсы тәжірибелерді» қабылдауына көмек беру арқылы барлық мекемелерге бірдей талаптар қою;

- «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қаржылық қорларды пайдалана отырып, шағын және орта кәсіпорындардың инфрақұрылымын ұлғайту;

- банкте бар несиелердің негізінде субсидиялық ставкалармен қолдау көрсету арқылы кәсіпорынды сауықтыру.

Кәсіпкерлік саласының негізгі проблемалары:

- ШОБ субъектілерінің арасында өнеркәсіп мекемелердің төмен меншікті салмағы, өңірлерде, көбінесе, қызмет көрсету және сауда салалары дамыған;

- қаражат сауалдары: қойылған мүліктің жойылымдылығына байланысты ШОМ-дің қалыптасу басты сатыларында несиелендірудің төмен деңгейі, несиелер бойынша жоғары ставкалар, несиелер дайындығының ұзақ та қиын процедуралары;

- шағын және орта кәсіпкерлік дамуына әсер беретін әкімшілік кедергілері: жер учаскесін алуға бастапқы рұқсат беруші құжаттама дайындауының күрделі процедурасы, жұмыс түрлеріне рұқсат құжаттамаларын дайындау; (бизнестің кейбір іс түрлеріне) рұқсат құжаттамаларын дайындау процесіне (барысына) көп уақыт кетеді және берілетін бағдарлама материалдары жетпейді;

- объекттердің инженерлік коммуникацияларына қосылу рұқсат құжаттамаларының аса жоғары бағасы. Осы саладағы тиімді мемлекеттік реттеу жұмысының жоқтылығы ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге көрсетілген төлем көлемі шамасыз төлем болуы;

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін көп тексеру;

- шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының әлсіз дамуы;

- заңды құқығы бар мекеме ретінде жұмыс атқаратын шағын және орта кәсіптік мекемелер санының аздығы (ШОБ-нің жалпы санынан 7 %);

- хабарлау инфраструктурасының жоқтылығы (мамандандырылған вебсайттар мен порталдар), сонымен қатар, мемлекеттік тілінде;

- кәсіпкерлерді дайындау деңгейінің төмендігі – бизнес-жоспарлаудың, басқарудың, маркетингтің, бухгалтерлік есеп дағдыларын білмеу және бизнес жүргізумен байланысты басқа да білімділіктің, ептілік пен дағдылардың жоқтылығы.



Проблемаларды шешу жолдары:

- «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өнеркәсіп модернизациясына және өндірісті кеңейтуге бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру;

- «Максимум» АИО» ЖШС-ның жарғылық капиталын ұлғайту, несие лимитін көбейту және пайыздық мөлшерлемесін төмендету мәселесін пысықтау, кепілдік заттар тізбесін кеңейту.

- Өңірдің экономикасы үшін маңызды кәсіпорындардың коммуналдық шығындарын субсидиялау тетігі бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жаңа бағыттар ашу;

- Әкімшілік кедергілерді, бюрократияалық процедураларын жеңілдету және жаңа кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісін реттеудің «ең жақсы тәжірибелерін» қабылдауына қолдау көрсету арқылы, барлық кәсіпорындарға бірдей жағдайлар жасау;

- Кәсіпкерлермен пікір алмасу семинарларын, тренингтерін, «дөңгелек үстелдерін» өткізу, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін бүктемелерді және әдістемелік құралдарды шығару. Тұрақты түрде жұмыс атқаратын, облыстың барлық аудан, қалаларында кәсіпкерлік мектептерін ашу;

- Өңірдің ерекшелігін және салықтық көрсеткіштерді ескере отырып, шағын және орта кәсіпорындардың даму көрсеткіштерін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет