ОҚу- әдістемелік қҰжаттар семей – 2012 Мазмұны


Өзін өзі тексерудің сұрақтары



бет4/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#142401
1   2   3   4   5

Өзін өзі тексерудің сұрақтары:

1 Құстардың систематикасы.

2 Құстардың биологиясы.

3 Құстар класы.Құстардың ұшуға бейімделген амниот ретіндегі құрылысына

шолу.

Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.




Тақырып.26 Құстар: пингвиндер, түйеқұс тәрізділер, қырлы төсті құстардың жүйесі, экологиясы, салыстырмалы морфологиясы, дамуы және филогениясы. Қүстардың тәжірибелік маңызы.



  1. Қырлы төсті құстардың жүйесі, салыстырмалы морфологиясы.

  2. Дамуы мен филогениясы,экологиясы.

  3. Қүстардың тәжірибелік маңызы

Бүған суда тіршілік етуіне байланысты, өзіндік ерекшеліктері бар құстардың аз ғана тобы жатады. Бұлардың бір отряды оңтүстік жарты шарда, әсіресе Антрактикада тараған.

Пингвиндер ұша алмайтын, бірақ суда ете жақсы жүзетін және сүңги алатын қүстар. Алдыңғы аяқтары суда жүзуге ыңғайлы, ескекке айналған. Сирақтары нашар дамыған, табан сүйектерінің жоғарғы белімдері бір-бірімен толық қосылып кеткен. Төсіндегі қыр сүйегі биік болады. Сүйектерінің ішінде қуыстары болмайды. Қауырсындарының өзіндік ерекшелігі бар, жіктелмеген аптериясы болмайды. Қауырсындарының түктері пәрлері жіңішке болады. Пингвиндердін, кейбір түрлерінің бауырында (1—2) жұмыртқа сақтайтын қатпарлары болады. Балапандары жүмыртқадан шыққанда әлсіз, соқыр және денесі бүтіндей мамықпен қапталып тұрады. ¥зак уақыт ұяларында болады.

Бұлар негізінен Антарктикалық материктің жағалауларында тіршілік етеді. Салқын ағынды қуалай отырып, солтүстікке карай тараған. Мысалы, оңтүстік шеңбердің 17° дейін, Ба-ыс Африкаға 38° дейін, Австралияға, Галапагас аралдарына дейін тараған. Олар теңіз жағалауларында топтанып жүреді. Қүрлықта жүргенде тікесінен тік түрып, жайлап қозғалады. Қауіп төнсе, жер бауырлап жылжып, аяғымен және қанатының жәрдемімеи жартасқа, немесе мүзға тырмысып шыға алады. Ұяларын жерге салады, кейбір түрлері ұяларын тастарды жинастырып, үйіп жасайды, енді біреулері жерді шүңқырлаи үя салса, үшінші бір түрлері жерден терең ін қазады. Олар ұяларының түбіне шөп төсейді. Көпшілігінде бір, кейде екі жмыртқа туады. Жұмыртқаларын екеуі де басады. Су ішінде аяғын және қанатын пайдаланып, жақсы жүзеді, сүңгиді. Олар балықтармен, шаян тәрізділермен, кейде басаяқты моллюска-лармен қоректенеді. Пингвиндердің 20 шақты түрі белгілі. Африканың батыс жағалауында көзілдірікті пингвиндер тіршілік етеді. Антарктикада корол пингвиндері деп аталатын, денесінің үзындығы 90 см (110 см-те дейін) ал салмағы 45 кг болатын ірі пингвиндер де кездеседі. Пингвиндердің айта қаларлықтай кәсіптік мадызы жоқ.

Қырлы төсті құстар

Ұшатын қүстардың көпшілігінде төс сүйектерінің қыры жақсы жетілген, контурлық қауырсындарының иілген желпуіштері және аптериясы, сүйектерінің ауа қуыстары болады. Иық белдеуінің қүрылысы басқа құстардікі сияқты қалыпты түрде қалыптасқан, ал сирақ сүйегі табан сүйектерімен жымдасып бірігіп кеткен. Құстардың көпшілігі дерлік осы отряд үстіне жатады. Осы мезгілге дейін, бүл отряд үстінің систематикасы бір женге келмеген. Сондықтан көптеген авторлар бүл отряд үстін бірнеше отрядқа бөледі.

Гагар тәрізділер

Бүл отрядқа суда жақсы жүзетін және сүңгитін, бірақ нашар ұшатын, жүретін нағыз су қүстары жатады. Аяқтары артына қарай созылынқы біткен, сондықтан да жер бетінде, тік түрғанда денесі алдына қарай иіліп түрады. Олардың табан еүйектері екі бүйірінен қысыльщқы келеді де, алдыңғы үш саусағының арасында жарғағы болады. Мойны үзын, ал түмсығы біршама үзындау екі бүйірінен қысыңқы түзу және өткір болады. Қанаттары қысқа және сүйір келеді, ал олар өте шабан үшады. Қүйрығы қысқа болады. Қауырсыны тығыз орналасқан. Балапандары ширақ және үлпілдек мамықты болады.

Гагар түқымдасына алдьңғы үш саусағы түтасып жарғақпен жалғасқан, ірі қүстар жатады. Жер бетімен жақсы қозғалып жүре алмайды. Бұлардың негізгі қорегі балықтар болып есептеледі. Бүлар суда жақсы сүңгіп, су астында бірнеше минут бола алады. Еркегі мен үрғашысының түсі бірдей, айырмасы болмайды. Бүлардың бізде бірнеше түрлері кездеседі, оның ішінде қаражемсаулы гагар көбірек кездеседі. Қаражемсаулы гагар қаздан кішірек қүс, үяларын үлкен көлдерге салады, ол негізінен Балтық, Қара, Каспий және Жапон теңіздерінде қыстап шығады.



Өзін өзі тексерудің сұрақтары:

1 Құстардың постэмбрионды және эмбрионды дамуы..

2 Құстардың бейімделуі мен миграциясы.

3 Географиялық таралуы.

Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.

Тақырып; 27 Аңдардың өмір сүру циклі.

Сұрақтар; Көбеюі. Аңдардың қоректенуі.

Аңдардың тіршілік етуі.

Көбеюі. Сүт қоректілердің көбею кезіндегі жалпы белгілері

1) іште үрықтану, 2) тірі туу (бірлі жарым түрдерінен), 3) оларды сақтау үшін арнаулы үя-үйшік жасау, 4) жаңа туған жас балаларын сүтімен қоректендіріп, кеп уақытқа дейін қамқорлық жасау. Көрсетілген белгілердің .ішінде екінші мен төртінші нағыз сүт коректілерге тән белгі, ал бірінші мен үшінпп басқа да жер бетінде тіршілік ететін омыртқалыларда да кездесе береді. Көбею биологиясының көрсетілген белгілері қазіргі кездегі сүт қоректілердің бәріне бірдей тән бола бермейді. Сондықтан сүт қоректілерді төрт биологиялық топқа белуге болады.

1. Ұрықтанған жұмыртқа туып, оны басып бала шығаратыпдар мысалы, үйректұмсыктар.

2. Ұрықтанған жүмыртқа туатын кезінде аналығының қүрсақ бөлімінде пайда болатын тері қалтаға салып алатындар. Осы калтада жүмыртқадан шыққан жас особь сүт безінен бөліп сүтпен қоректеніп, ересек организмге айналады. Бүл ехидналарға тән көбею болып саналады.

3. Шала тірі туатындар. Олардық баласы жатында, нағыз плацента пайда болмай-ақ жетіледі. Жаңа туған ете әлсіз ба-ласын, көбею кезінде анасының қүрсағында пайда болагын калгаға салып, аузынан емшек шығып кетпейтіндей етіп қысып қояды. Ол өз бетінше еме алмайды, анасы аузына қарай шашырат-қан сүтті жұтып, осы қалтада жетіледі. Мүндай тәсілмен қалталылар көбейеді.

4. Өз бетінше қозғалып, еміп кете алатын толық жетілген бала туатындар. Толық жетілген бала туу плацентаның пайда болуымен байланысты. Сондықтан бүл топқа жататын жануарларды — плаценталы сүт қоректілер деп атайды. Жануарлардың бүл группаларының көбеюінде айырмашылық болумен қатар, жүмыртқаларының сипатында да айырмашылық болады. Жұмыртқа туатындарының жүмыртқасы ірі (10—20 мм), сары уызға бай, жақсы жетілген белокты кабаты, сыртында тығыз пергамент тәрізді қабы болады.Қалталылардың жүмыртқасы үсақ (0,2—0,4 мм), ал плаценталылардікі оданда үсақ (0,05—0,2 мм) болады.

Сүт қоректілердің буаз болу мерзімі де, соған байланысты баласьшың жетілу дәрежесі де түрліше болады. Бүл бала туатын жағдайға байланысты. Кемірушілердің көптеген түрлері балаларын арнаулы етіп жэсаған үяларда, немесе індерде туады. Олардың балалары азды-көпті болса да климаттың, зиянды факторларынан және жыртқыштардан қорғалады. Бүлар баласын аз уақыт кетереді, сондықтан олар дәрменсіз, қызылшақа және соқыр болып туады. Мысалы, сұр аламан 11—13 күн, үй тышқандары 18—24 күн, сұр дала тышқаны 16—23 күн, ірі ондатралар 25—26 күн, тиіндер 35—40 күн, қара бурыл түлкілер 52—53 күн көтереді.

Қарапайым ұяларда немесе жай үңгірлерде балалайтындардың буаз болу уақыты үзағырақ болады. Леопардтардың, барыстардың және тағы да сол сияқты мысық тұқымдастардың буаз болу мерзімі 90—133 күнге дейін созылады. Балаларын жер бетіне туатын және туысымен енесіне ілесіп жүріп кететін сүт қо-ректілердің буаз болу уақыты оданда ұзағыраққа созылады. Мысалы, бүғылардың буаз болу мерзімі 8—9 айға, ешкі мен қойлардікі 5—6, жылқылардікі, есектердікі және құландардікі 10— 11 айға созылады.

Сүт қоректілердің көбею жылдамдығы, яғни өсімталдығы олардын, жыныстық жетілуіне, алғашқы баласымен соңғы баласын көтеру уақытына, соңында жануарлардың дене мелшеріне байланысты болады. Ірі жануарлардың жыныстық жетілуі кеші-рек орындалады. Мысалы, пілдерде 10—15, мүйіз түмсықтарда 12—20, бұғыларда 2—4, аюлар мен жолбарыстарда 3—4 жасым да жыныстық жағынан толығады. Тезірек ержетіп, екі жасі толғанда көбею дәрежесіне жететін иттердің және сусарлардыі түрлері. Әсіресе тез ержететіндер—кемірушілер және қоянтәрізділер, қояндардың ірі түрлері бір жасқа жетпей-ақ көбею дәрежесіне жетеді, ал ондатралар 5 айлык кезінде күшіктей бш тайды. Тіпті тез ержететін үсақ тышқан тәрізді кеміргіштер үй тышқандары 2—5 айлығында, дала және орман тышкандары 3 айлығында, ал кішкене сұр тышқан 2 айлығында көбейеді.

Сүт қоректілердің баласының дене мелшері, туу жиілігі әр түрлі болады. Пілдер, мұртты киттер, жолбарыстар 2—3 жылда бір рет балалап, бірақ бала туады. Қуыс мүйізділер, бұғылы дельфиндер жылма-жыл көтеріп, бір ғана бала туады. Ит тәрізділер мен мысық тәрізділер жылына бір рет қана балалағаны мен бірнеше бала туады. Мысалы, күзендер 2—8-ге дейін, қасқырлар мен түлкілер 3—10-ға дейін, қара бурыл түлкілер -I 18-ге дейін күшік туады.

Әсіресе кемірушілер мен коян тәрізділер өсімтал келеді. Қо яндар бір жылда 2—3 рет кебейіп, әрбір көжектегенде 3—12-дси көжек туады. Тиіндер жылына 2—3 рет балалап, әрбір балал;і ғанда 2—10-ға дейін, тышкандар жылына 3—7 рет балалап, әр бір балалаған сайын 2—10-дан көжек туады.

Көбею жылдамдығы сүт қоректілердің өмірінің ұзақтығыші және оның түрлерінің өлу жылдамдығына байланысты. Жалш.і ереже бойынша үзақ жа-сайтындар ете баяу көбейеді. Мысалы пілдер 70—80 жыл, аюлар мен ірі мысықтар 30—40 жыл, иттер 10—15 жыл, тышкан тәрізді кеміргіштер 1—3 жылға дейін өмі|> сүреді. Тіршілік жағдайының езгеруіне байланысты көбею жылдам дығы да жыл сайын өзгеріп отырады. Бүл әсіресе, өсімтал түр лерден айқын байқалады. Мысалы, ауа райы жақсы, тамақтмі. зат мол болған жылдары тиіндер үш рет балалап, әрбір бал.ч лағанда 6—10-ға дейін көжек туады, ал ауыр жылдары ұрғашы лары ашығып, арыктап жылына 1—2 рет балалап, 2—3-ке дейін ғана көжек туады. Туатын үрғашыларының саны азаяды, сөйтім жылдамдығы күрт төмендеп кетеді. Бұл сияқты жағдайлар барлық андарда да кездеседі.

Сүт қоректілердің ішінде моногамды және полигамды түрлері болады. Моногамдыларында бір көбею мезгілінде еркегі мен ұрғашысы жұп қүрайды. Мүндай жануарларға касқырлар, түлкілер мен қүндыздар жатады. Ал, маймыл дардың. жұбы көп жылға дейін ажырамайды. Моногамды түрлерде балаларын өсіруге үрғашысы да, еркегі де қатысады. Кейбір нағыз тюленьдер шағылысу кезінде ғана жүп құрайды да, кейін еркегі кетіп қалады.

Полигамдарға бұғылар, есектер, жылкылар, шошқалар, ешкілер, сиырлар, қойлар жатады. Сүт қоректілердін, бұл түрл-рі, яғни жылқылар, бүғылар, есектер бірнеше ұрғашыларының басын қосып, «үйір» құрады. Бір үйірде бір ғана еркегі және жиырмадан отызға дейін үрғашылары болады. Қүлакты тюленьдердің еркегі үйірге түскенде манына 15—80-ге дейін үрғашыларын жиып, үйір қүрады. Кемірушілер мен насеком жемділердің де көпшілігі полигамдарға жатады. Бірақ, бүлар «үйір» қүршайды.Сүт қоректілердін, әрбір түрінің шағылысу мерзімі түрліше уақытта орындалады. Қасқырлар мен түлкілер кыстың аяқ ше-нінде, күзендер мен қояндар көктемніқ басында, бүлғындар, су-сарлар жаздын, ортасында, ал түяқтылардын, кепшілігі .күзде шағылысады. Әрбір түрдін, өзіне қолайлы және баласын сақтай алатын жыл маусымында балалауы эволюциялық дамудын, нәтижесінде пайда болған. Осы жағдайға байланысты сүт қоректілерге жататын түрлердің буаз болу мерзімі түрліше болатыны жоғарыда айтылған болатын, мысалы, касқырлардын, буаз болу мерзімі 60 күн болса, ал бүлғындардікі 230—280 күндей болады. Сүт қоректілердің тіршілігіндегі жылдық циклі. Сүт қоректілердегі биологиялық қүбылыс, олардың организмінщ күйі, өзін қоршаған ортамен қарымқатынасы маусымдық завдылыкқа бағынады. Басқа жануарлар сияқты бүлардың да тіршілік циклі бірнеше периодтардан немесе фазалардан түрады. Осыған сәйкес тіршіліктін, жылдық циклінщ өте қарапайым схемасын үсынуға болады.

Өзін өзі тексерудің сұрақтары:

1 Сүтқоректілердің тіршілік етуі, көбеюі.

2 Сүтқоректілердің экологиясы..

3 Сүтқоректілердің таралуы.

Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.

'

Тақырып:28 Сандардың өзгеруінің биологиялық негізі



Сұрақтар: Сүтқоректілердің экономикалық маңызы.

Зиянды сүтқоректілер. Сүтқоректілер омыртқалылар ішіндегі жоғарғы класс

Ретіндегі морфо физиологиялық ерекшеліктері.

Сүт қоректілердің экономикалық манызы өте зор және әр түрлі. Егер олардың түрге өте бай екенін және кеңінен ралғанын ескерсек өзінен-өзі түсінікті болады. Көптеген түрі орман, қойма, ауыл шаруашылығынын; зиянкестері. Қейбір турлері жұқпалы ауру таратып, адамның денсаулығына үлкен зиян келтіреді. Сүт қоректілердің көпшілігі кәсіптік объектілер, олардан әр түрлі бағалы енімдер: ет, май, бағалы тері, тері алынады Сонымен қатар адам баласы ерте кезде көптеген жануарлардын түрлерін қолға үйретіп, қазіргі ауыл шаруашылық малдарыіп.т жаңа тұқымдарын шығарған. Жабайы аңдарды үй малына ай налдыру әлі де тоқталған жоқ. Өнімі мол жаңа түкымдар шы ғаруда үлкен табысқа жетіп отыр.

Зиянды сүт қоректілер. Көбінесе кемірушілер отрядына жататын зиянкес болып саналады. Әр түрлі дала тышқандары, сар шұнақтар т. б. ауыл шаруашылық өсімдіктеріне үлкен зиян кел тіреді. Олар егістік дакылдардың барлық стадиясына зиянын ти гізеді. Себілген тұқымды тасиды, өскінді қүртады, дәнін жейді койманы, үюлі тұрған шепті мекендеп бүлдіреді.

Свириденко мен Калабухованың мәліметі бойынша Солтүстік Кавказдың кейбір жерлерінде бір гектар же_ де саршүнақтың 80—100 дейін іні, ал кейбір жерлерінде бір гектарда— 1450-ге дейін болған. Бір гектар жерде 20—50 саршу нақтың болатындығы жиі кездеседі. Сибирьдің ұзын құйрық ірі саршұнағы жылына 16-ға дейін дәнді азық жейді. Агротехіпі калық шараларды нашар қолданған жерлерде саршұнақтың егістің жартысын қүртып жібереді.

.

Өзін өзі тексерудің сұрақтары:

1 Сүтқоректілердің тіршілік етуі, қоректенуі

2 Таралуы, көбеюі.

3 Зиянды сүтқоректілер.

Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.

29-30 тақырып: Фаунының биологиялык толтырылуы
Колесникованың зерттеуі бойынша Орта Азияда мекендейтін қызыл құйрық қосаяқ дәнді дақыл немесе мақта егісін мекендеп, егіннің түсім ділігін 10 процентке дейін тәмендетеді. Күзде оның інінен 12-ға дейін астық қоры табылған. Осы сияқты шаруашылыкі > сокырлар да, қосаяқтар да, сусарлар да үлкен зиян келтірпи Бау-бақша өсімдіктеріне көбінесе карақас өте зияндм Ол жемісті түгел жемегенімен тістеп бүлдіреді. Қарақастардыи жүзім жемісінің 30 проценттейін жойып жіберген кездері болған. Олар отырғызған ағаштарды да зияндайтыны белгілі, мысалы, тышқандар далалы жерге еккен ағаштың 50 процентке дейін тұқымын ініне тасып құртқанын байқаған.

Кемірушілер шабындық.пен жайылымға да үлкен зиянын тигізеді. А. Н. Формозовтын, мәліметі бойынша, кейбір жыл-дары Дағыстанның тау етегіндегі аудандарында үй тышқандары өте көбейіп кетіп, олардын, 1 га жердегі саны 1000-ға дейін жет-кен, яғнй бүлар майдан сентябрьге дейінгі аралықта бір гектар шабындықтың 10—30 центнерге дейін өсімдігін жеп, қүртады. А. Г. Вороновтың байқауы бойынша Ақтөбе облысында дала теңбіл тышкандары бір жаздың ішінде барлық шөптің 50 про-центін жойып жібереді.

Соқырлар, цокорлар, саршүнақтар және жалпақ тісті тышқандар жерді қазып үңгірлеп, жерден жасалған, құрылысты, каналды, жолды істен шығарады. Жер бетіне топырақ үйіп, шөп шабатын машиналарға кедергі келтіреді. Ін қазып, топырақты қопсыту арқылы арам шөптердің таралуына себепші болады.

Жыртқыштардын, ішінде зияндылары көп емес. Адамға пай-далы жануарларды жеп, ауыл шаруашылығына көбірек зиянын тигізетін қасқырлар. Бүлар әсіресе қой шаруашылығына үлкен зиян келтіреді, өйткені жеген малдарының 55 проценті қой, 20 проценті сиыр, 15 проценті жылқы, ал 10 проценті басқа жануар-лар болады. Қасқьірлар тундра жақта кебінесе бұғылармен коректенеді, жеген азығыныц 50—60 проценті бүғынын, еті. Соны-мен қатар бұлар кәсіптік маңызы бар жабайы аңдарды да (бұғылар, киіктер, жабайы қояндар, ешкілер, шошқалар) жеп аз-айтады. Америкада қасқырлардың жылма-жыл келтіретін зияны 25 млн долларға жеткси. Қасқыр құтыру сияқты жұқпалы ауы-рудық табиғаттағы таралу ошағы болып саналады. Сондықтан оларды қүрту жөніндс қазіргі кезде кептеген шаралар қолданылады.

Жыртқыш аңдардыц басқа түрлерін зиянды емес деуге бо-лады. Кейбір жерлерде жабайы мысыктар мен шиебөрілер, түлкілер және үсақ күзендер қүстарды жеп, күс өсіретін ша-руашылыққа зиянын тигізеді. Бірак, бұл андар ауыл шаруашы-лығына зиян келтіретім кеміргіштерді қүртып, пайда да келті-реді. Қавказдың орман мысығының жеген азығының қүрамын зерттегенде, оның 94 проценті тышқан тәрізділер болып, ал 8 проценттейі-ақ қүстар болып шыккан. Түлкінің қиын, қарнындағы тамақты тексергенде тышкан тәрізділер 60—100%, кстың қалдығы 8—35% болған.

Сүт қоректілердің жүкпалы ауру тарататын түрлері де бар. Бұларға саршүнақтар, қосаяқтар, үй тышкандары т. б. жатады. Олар жүқпалы ауруларды бойына сақтаушы, әрі таратушылар болып есептеледі. Жүқпалы аурудын. коздырғыш бактериялары адамға да және жануарларға да бірдей жүғады. Мүндай ауруларды — антропозооноз деп атайды. Антропозооноз аурулары на — сүзек, шешек, оба, қарасан, туляремия т. б. жұкпалы аурулар жатады.

Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін және жұқпалы ауру тарататын кемірушілерді құрту үшін бізде казір көптеген шаралар белгіленген. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін оларді.ін жыл сайын санының өзгеруін біліп отыру, табиғи жағдайда адам мекендерінде орналасу ерекшеліктерін білу керек. Табиғи жағдайында кемірушілердің саны өте азайып кеткен жылдары оларға қарсы қолданған шараның тиімді болатынын ескеру керек. Өйткені қиыншылық жылдары олар шағын жерге жинали ды, сол жерде оларды жойып жіберуге жеңіл болады.

Қазіргі кезде зиянды кемірушілермен күресудің үш түрлі әді сі бар: биологиялық, механикалық және химиялық. Биологиялық әдіс — кемірушілермен қоректенетін сүт коректілерді және жыртқыш қүстарды қорғауға негізделген. Мысалы кейбір аудандарда жұқпалы аурулар болғандықтан бағалы тері лі түлкі, күзен сияқты аңдарды аулауға тыйым салынған. Зиии кестерге қарсы күрестің бұл әдісі оларды мүлде жойып жібер мегенмен санының азаюына себепші болады. Елді мекендері кемірушілерге, адамға және малға зияны жоқ бактерияларды мысалы Исаченко бактериясын жүктырып, кырып жі береді.

Механикалық әдіс кемірушілерді әр түрлі кұралмен ұстауға негізделген. Саршұнақтар мен аламандарды інінің аузына темірден жасалған № 0 және № 1 доға тәрізді қақпандарды қүрып ұстайды. Кейде оларды ініне су қүйып та өлтіреді. Бір.м мүндай әдіс көктемде кар суы бар кезде ғана қолданылады.

Химиялық әдіс жануарларды газ тәрізді улармен не месе азыкка араластырып берген улармен үлатып, өлтіруге не гізделген. Оларды уландырып өлтіру үшін 1000 см3 қүмға 250 хлорпикрин қосып немесе мақтаға сіңіріп ініне тастап Қояды Мақтаның бір уысына 3 г у сіңіреді, уды індеріне енгізіп тасти ғаннан кейін, оның аузын топырақпен жауып кетеді. Уландыру үшін цианплавта қолданылады.

Кеміргіштермен күресуде кейінгі кезде кеңінен колданылыи жүрген тәсілдердің бірі — алданыш тамақтарды: уландырған бидайды, сүлыны, қара бидайды індерінің маңайына және жүретін жерлеріне шашып тастау. Алдандыратын дәндерді уландырл тын затесебінде мырыш фосфидін жәнебарий фтороцетатын пайдаланады. Бір гектар жерге 200—300 г бидайдың уландырған іәнін қолмен сепкенде тышкандардьщ 70—80 проценті қырылып салады. Бау-бақшаға зиян келтіретін кемірушілерді қыру үшін це осы әдісті қолдануға болады. Суда ерімейтін порошок тәрізді уларды індёріне шандатып шашьш жіберу арқылы да оларды қыруға болатын жаңа тәсілді де қолданады.

Өзін өзі тексерудің сұрақтары:

1 Қазақстанда кездесетін аңдардың түрлері.

2 Қызыл кітапқа енген жануарлар.

3 Қорықтарда сақталған аңдардың саны.

Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.
Зертханалық сабақтардың тақырыбы:
Тақырып 1. Несеком жемділерді анықтау

Зертханалық сабақ жоспары


Бір-екі студентке керек материалдар:

  1. Препараттар.

  2. Штативті лупа.

  3. Микроскоп.

Тапсырма.

Препаратты зерттеп дәптерге қорытынды жазу керек.

Ұсынылған әдебиеттер: 1,2,3,4
Студенттердің оқытушы басшылығымен өзіндік жұмыстарының сабақ жоспары.


  1. Несеком жемділердің систематикасы.

  2. Несеком жемділердің экологиясы.

Тақырып 2. Жыртқыштар отрядының биологиясы.

Сабаққа арналған сұрақтар:


        1. Жыртқыштар отрядының систематикасы

        2. Жыртқыштар отрядының таралуы

        3. Құндыздардың шаруашылық маңызы.

        4. Түлкілердің экономикалық зияны

        5. Жыртқыштар отрядының қоректенуі

        6. Жыртқыштар отрядының көбеюі

Ұсынылған әдебиеттер: 1,2,3,4

Студенттердің оқытушы басшылығымен өзіндік жұмыстарының сабақ жоспары.

1. Жыртқыштар отрядының экр-ономикалық зияны.

2. Жыртқыштар отрядының көбеюі.

3. Түлкңлердің шаруашылық құны.

Тақырып: 3 Ескек аяқтылар биологиясы

Сабақтың жоспары:

1. Ескек аяқтылардың систематикасы.


  1. Ескек аяқтылардың мекен жайы.

  2. Ескек аяқтылардың экологиясы

  3. Ескек аяқтылар шаруашылық маңызы.

Ұсынылған әдебиеттер: 1,2,3,4

Студенттердің оқытушы басшылығымен өзіндік жұмыстарының сабақ жоспары.

1. Тюлендердің шаруашылық маңызы.

2. Нерпаның шаруашылық маңызы.
Тақырып 4. Кеміргіштердің биологиясы

Сабақтың жоспары

1. Кеміргіштердің систематикасы


  1. Кеміргіштердің таралуы мен мекен жайы.

3. Кеміргіштердің қоректенуі.
Ұсынылған әдебиеттер: 1,2,3,4

Студенттердің оқытушы басшылығымен өзіндік жұмыстарының сабақ жоспары.



  1. Құстардың эмбрионды және постэмбрионды дамуы. Құстардың мінез-құлығы мен популяцияішілік құрылысы.

  2. Құстардың миграциясы мен бағдарлауы. Географиялық таралуы.Ұй құстары және олардың шығу тегі.

  3. Құстар класы. Құстардың ұшуга бейімделген амниот ретіндегі құрылысына шолу.

Тақырып: 5. Кеміргіштерді анықтау.


Матераиалдық құралдар:

  1. Қоянның өлексесі

  2. Шыны ыдыс

  3. Скальпель-1.

  4. Анатомиялық пинцет-2.

  5. Инелер.-2

  6. Тұйреуіштер-6.

  7. Мақта.

Тапсырма:

Қоянның сыртқы бейнесімен танысу. Қоянның ішкі ағзаларының топографиясын бақылап сурет салу керек.



  1. Қоянның сыртқы құрылысын.

  2. Қоянның ішкі ағзаларының топографиясын

  3. Зәр шығару ағзаларының схемасын

  4. Қоянның миынын зерттеу.

Ұсынылған әдебиеттер: 1,2,3,4

Студенттердің оқытушы басшылығымен өзіндік жұмыстарының сабақ жоспары.



  1. Сүтқоректілер омыртқалылар ішіндегі – жоғарғы класс ретіндегі морфофизиологиялық ерекшеліктері.

  2. Ұй сүтқоректілері және олардың шығу тегі. Сүтқоректілердің географиялық таралуы.

  3. Сүтқоректілердің қоректенуі мен қорегін табу әдістері. Жылдың қолайсыз жағдайларына бейімделуі: миграция, ұйқыға жатуы, қор заттарын жинау.

Тақырып: 6 . Жұп тұяқты отрядының биологиясы.

Сабаққа арналған сұрақтар:

1. Жұп тұяқты отрядына систематикалық шолу.

2. Жұп тұяқты отрядыныңтаралуы мен мекенжайы.


  1. Жұп тұяқты отрядының шаруашылық және экономикалық маңызы.

  2. Жұп тұяқты отрядының көбеюі.

Ұсынылған әдебиеттер; 1,2,3,4

Студенттердің оқытушы басшылығымен өзіндік жұмыстарының сабақ жоспары.

1. Жұп тұяқты отрядының азықтануы

2. Жұп тұяқтылардың экологиясы.

Тақырып: 7. Тақ тұяқты отрядының биологиясы.

Сабаққа арналған сұрақтар:

1. Тақ тұяқты отрядына систематикалық шолу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет