ОҚу -әдістемелік кешені 5В070200 Автоматтандыру және басқару мамандығы үшiн ОҚУ-Әдістемелік материалдар


Практикалық жұмыс №7 "Қарапайым Windows-қосымшасын құру"



бет19/21
Дата08.07.2016
өлшемі2.69 Mb.
#185505
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Практикалық жұмыс №7 "Қарапайым Windows-қосымшасын құру"


  1. «Моя первая программа» атты тақырыбы бар пішіннің терезесін экранда бейнелейтін бағдарлама құрыңыздар. Қосымшаны іске қосыңыз.

  2. Бағдарлама өзгертулер енгізіңіздер. Тамғаны пайдалана отырып, терезенің тура ортасына «Hello world!» мәтінін шығарыңыздар. Қаріптің түсін, өлшемін өзгертіңіздер. Қосымшаны іске қосыңыздар.

  3. сәйкес келетін командалық батырманы басқанда «Hello world!» сөзінің үстіне «Я программирую на Delphi» сөзі шығатындай етіп бағдарламаны өзгертіңіздер. Мәтінді шығару үшін Edit құрауышын қолданыңыздар.

Property Visible:Booleanбастапқыда құрауыш көрінетін бола ма? соны анықтайды.

  1. Құрауыштар ағымды көмекші кеңес тұратындай етіп бағдарламаны толықтырыңыздар.

Property Hint: String – элементтер туралы қысқаша анықтама ақпараттан тұрады. Property ShowHint: Boolean – егер мәні True болса, онда меңзер элементтің үстінде тұрғанда Hint қасиетінде берілген қысқаша анықтамадан тұрады.

  1. Екі айнымалы жарияланғаннан кейін оларға қандай да бір мәндер меншіктелетіндей бағдарлама құрыңыздар. Осы мәндерді көбейтіңіздер және алынған нәтижені экранда бейнелеңіздер. Бүтін санды мәнді жолға айналдыратын функцияны қолданыңыздар.

  2. Негізгі пішіннің терезесіне Memo, Edit, Label құрауыштарын және “OK” және “Close” екі батырмасын орналастырыңыздар. Edit енгізу жолындағы мәтін “OK” батырмасына басқанда өзгеріссіз Label тамғасына және Memo көпжолды редактіріне көшетіндей бағдарлама құрыңыздар.

[имя строки ввода].SetFocus операторының көмегімен терезенің экранда пайда болған кезінде (пішіннің оқиғасын қолданыңыздар) және “OK” батырмасына басқанда енгізу жолы үшін енгізу фокусын орнатыңыздар.

Пішіннің оқиғалары:

Пішін құрылғанда және оның Visible қасиетінің мәні True болғанда, келесі оқиғалар тіркелген ретімен орындалады:

1. OnCreate – пішінді бастапқы құрғанда орындалады.

2. OnShow – пішін көрінер алдында орындалады.

3. OnActivate – пішін белсенді болғанда өрбиді.

4. OnPaintпішін экранда салынар алдында өрбиді (пішін белсенді болғанда немесе көрінетін болғанда).



OnDestroy оқиғасы – OnCreate қарама - қарсы, пішінді жойғанда орындалады.

  1. №5 – ші тапсырманың бағдарламасын - айнымалылардың мәндері енгізу жолдары арқылы енгізілетіндей етіп өзгертіңіз. Пішінге келесі әрекетке көмекші кеңес беретіндей тамғаны орналастырыңыз.
    Ұсыныс: Пішінге 4 құрауышты орналастырыңыз – Button(OK, OK, Close, Результат), 1 – Edit (айнымалылардың мәндерін енгізу үшін), 2 тамға Label - көмек кеңесті және нәтижені шығару үшін. Visible қасиетін және SetFocus әдісін қолданыңыздар.



Практикалық жұмыс №8 “TForm объектісі


  1. Жаңа жоба құрыңыздар. Пішінге тақырып беріңіздер "Лабораторная работа №8, Фамилия Имя". Жеке каталогқа жобаны сақтаңыздар.

  2. Пішіннің өлшемін 500 де 400 пиксельге және орнын экранның центрі бойынша орнатыңыз.

  3. Пішінге өзіңіздің фирмалық иконыңызды орнатыңыз. Осы иконканы қосымшаға да орналастырыңыздар. (Қосымшаны көріңіздер).

  4. Пішінге "Моя формочка" деген көмекші кеңесті орнатыңыздар. Көмекші кеңестің түсіне қошқыл жасыл түс беріңіздер. (clLime).

  5. Тышқанның көрсеткішін пішіннің үстімен жылжыту кезінде, ол өз түсін бұрыштардағы мәндерге байланысты баяу өзгерту керек: сол жақтағы жоғарғы бұрыштың түсі - қара, сол жақтағы төменгі бұрыштың түсі - көгілдір, оң жақтағы жоғарғы - қызыл, оң жақ төменгі - ақ. Ctrl-Alt-C басу арқылы осы режимді қосуға/өшіруге болады.

  6. Тышқанның екі рет шертілгенде немесе Alt-X батырмаларының комбинациясына немесе F10 батырмасына басқанда пішін жабылады (рұқсат сұрату арқылы).

  7. Бағыттары көрсетілген пернелерге басқанда пішін жылжиды (экранның шекарасында).

  8. Тышқанның оң жақ батырмасына басқанда пішін жан – жағынан 5 пиксельге кішірейеді. Тышқанның оң жақ батырмасы мен Shift пернесіне басқанда пішін жан – жағынан 5 пиксельге үлкейеді.

Өздіктеріңнен.

  1. Пішіннің өлшемі өзгергенде шертпенің дыбысы шығады, ал өлшемнің өзі экранның төменгі жағындағы минимизация терезесінде көрсетіледі.

  2. Тышқанның ортаңғы батырмасына немесе екі шеткі батырмаларына басқанда пішін тышқанның көрсеткішінің нұсқағышына байланысты центрленеді.

Қосымша.

  1. Beep(0) процедурасы қысқа дыбыстық дабылды шақырады.

  2. RGB(r,g,b) функциясы r,g,b (от 0 до 255) параметрінің мәніне байланысты қызыл, жасыл және көк түстердің реттік нөмірін қайтарады.

  3. Application объектісі бағдарламаның маңызды қасиеттері мен әдістерін инкапсуляция жасайды Application объектісінің кейбір қасиеттері:

HintColor

Оперативті көмекші кеңестің таңбашасының түсі.

HintHidePause

Көмекші кеңестің таңбашасы пайда болып және жоғалғанға дейін миллисекунд тұратын үзіліс.

Icon

Минимизацияланған бағдарлама батырмасының пиктограммасы.

Title

Минимизацияланған бағдарлама батырмасындағы мәтін.

  1. Screen объектісі ДК экранының жұмысын жеңілдететін маңызды қасиеттер мен әдістерден тұрады. Screen объектісінің кейбір қасиеттері:

Fonts

Барлық экрандық қаріптердің тізімі.

Height, Width

Экранның ұзындығы мен ені.

IconFont

Минимизацияланған бағдарлама батырмасының мәтінінің қаріпі.

PixelsPerInch

Пиксельден дюмге өтетін экранның рұқсат беретін қабілеті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет