ОҚу -әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар семей


Өзіндік бақылау сұрақтары



бет5/7
Дата05.07.2016
өлшемі1.17 Mb.
#179325
1   2   3   4   5   6   7

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Ғылыми зерттеуді дұрыс ұйымдастыру?

2. Тәжірибені қоюда қандай талаптарды орындау қажет?

Ұсынылатын әдебиет:

1. Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М., ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.



Тәжірибелік саба 3, 4. Тәжірибені қою әдісін құру

Тәжірибелік сабақтың мазмұны:

  1. Зерттеу әдісі.

  2. Тәжірибені қою әдісі.

  3. Бақылау топтары және кешенді тәжірибелер



Сабақ мақсаты:Тәжірибені қою әдісін үйрену .

Өсімдіктерге тәжірибелік жұмыстарды сәтті өткізу бірінші кезекте тәжірибені өткізу әдісін дұрыс таңдауға байланысты. Агрономиялық тәжірибелердің негізінде салыстыру әдісі қолданылады, ол ірі қара мал шаруашылығына және топтар арасындағы барлық факторлардың тепе теңдігіне негізделген.

Тәжірибелік жұмысты ұйымдастыруда тәжірибе нұсқаларының біреуі бақылау, ал екіншісі – тәжірибелік болып қабылданады.

Қазіргі уақытта өсімдіктерге тәжірибе жұмысын жүргізгенде қорытындылаған ғылыми сызбанұсқалар мен ғылыми – шаруашылық тәжірибелерді қолданады, яғни ол топ аналогтары мен топ – периоды (кезең) принципіне негізделген.

Топ аналогтарының принципі 2 әдіспен : ерекшеленген және интегралды топтан тұрады.

өз кезегінде ерекшеленген топ : бір жұмыртқадағы егіздер, жұп аналогтар, балансталған топ, шағын тобын әдістеріне, ал интегралды топ: екі және көп факторлы кешенді әдстерге блінеді.

Жануарлар үшін тәжірибені өткізудің сызбанұсқасын таңдау тәжірибенің қойған мақсатына және мал санына және зерттеушінің шешіміне байланысты.

Тәжірибені өткізер алдында, мал тобын дұрыс қалыптастыру қажет, өйткені олар жынысы, жасы және тірі салмағы, физиологиялық жағдайы бойынша аналогты болу қажет. Тәжірибеде малдардың өсуі мен генетикасының сұрақтарын оқыту мен байланысты шығу тегін білу қажет.

Бір жұмыртқадағы егіздер әдісі неғұрлым дәлірек болады, оған бірдей тұқым қуалаушылықтағы малдарды пайдаланады. Ол тәжірибені әр топтан аз мөлшердегі (3-4 бас) мал басына жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс көбінесе ірі қара, қой және ешкі малдарына тәжірибе жүргізгенде пайдаланылады.Бір жұмыртқадағы егіздердің әдісінің артықшылығы бақылау және тәжірибелік топтарда жынысы шыңу тегі, салмағы бірдей малдар жұбы болады. Зерттеу жұмысында бұл әдісті қолдану зерттеушіге мал реакциясына байланысты топтар арасындағы біркелкілік бойынша фактоларды үйренуге мүмкіндік береді.

Ал бұл әдістің кемшілігі, практикалық жағдайда бір жұмыртұада тараған бірдей жастағы және жыныстағы егіздер тобын таңдау қиынға соғады. Сонымен қатар бір жұмыртқадағы егіздер әдісін қолданғанда тек, 2 топ малдарды қалптастырып, тәжірибеден бір факторды ғана үйрене алады. Егер екі топтың біреуіне белгілі бір себептермен малды шығарса, онда орынына міндетті түрде соған деңгейлес малды басқа топтан әкеліп қосуы керек.


Бақылау сұрақтары:

  1. Зерттеу әдісіне анықтама беріңіз.

  2. Тәжірибені қою әдісін атаңыз?

  3. Қандай тәжірибені қою әдістерін білесіз?

  4. Пар- аналог әдісі дегеніміз не?


Ұсынылған әдебиет:

1 Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М., ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.

2 Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.
Тәжірибелік сабақ 5, 6. Абсолютті, салыстырмалы және орташа тәуліктік өскіндер
Тәжірибелік сабақтың мазмұны:
Сабақ мақсаты:тәжірибе нәтижесін жалпылайтын және жүйелейтін техниканы меңгеру .
Тәжірибе мәліметтерін жалпылау ең маңызды кезең боолып саналады. Жұмыс кезінде және тәжірибе аяқталған кезде бақылауды біріктіреді. Әрбір тәжірибенің қорытындысын оны жүргізген кезден бастап өңделеді. Қорытынды жасағанда барлық материалдар қолданылады: өлшеу нәтижесі, малдарды өлшеу, суреттері, үлгілері және т.б Тәжірибе мәліметтерін кесте және график арқылы көрсеткен дұрыс. Салыстырмалы өскін дегеніміз- 2 малдың таза салмағының айырмашылығы. Орташа тәуліктік өскін мына формула бойынша анықталады :

D = W1W0



t
Салыстырмалы өскін С. Броди формуласы бойынша анықталады:

К= W1W0 х 100, где

(W1 + W0)

2

D – таза массаның орташа тәуліктік өскіні (г);



K – таза массаның салыстырмалы өскіні (%);

W0 – малдың бастапқы массасы (кг);

W1 – малдың соңғы кезеңіндегі таза салмағы (кг);

t – өлшеу арасындағы уақыт (тәулік).



Бақылау сұрақтары:

  1. Абсолютті өскінге сипаттама беріңіз

  2. Салыстырмалы өскінге сипаттама беріңіз.

  3. Орташа тәуліктік өскінге сипаттама беріңіз.


Ұсынылатын әдебиет:

1 Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М., ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.

2 Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.

Тәжірибелік сабақ 7, 8. Тәжірибе нәтижелерінің экономикалық тиімділігінің есебі.

Тәжірибелік сабақ мазмұны:



  1. Экономикалық бағаның негізгі көрсеткіштері


Сабақ мақсаты - тәжірибе нәтижелерінің экономикалық тиімділігінің есебінің әдісін меңгеру.

Ғылыми зерттеу нәтижесін бақылаудың негізгі экономикалық көрсеткіштеріне: 1. өнімді өндіру өсімі; 2. оның сапасын жақсарту; 3. алынған жылдық экономикалық тиімділік жатады.

Аяқталған ғылыми жұмысты өндіріске енгізу үшін экономикалық бағалауға: 1. Өнімділікті жоғарылату 2.Өнімді өндіру өсімі 3.Өнім сапасын жақсарту 4. Бір бас немесе бірлік өнімге кеткен шығынды төмендету 5. Өнімнің өзіндік құнын төмендету 6. Жалпы жылдық экономикалық тиімділік қажет.

Өзіндік құн - бұл бір өнімге кеткен шығынның ақшалай көлемі. Жылдық экономикалық тиімділік (тенге)- барлық өндірістік шығындарды есептегендегі жиынтық пайда. Рентабелділік – барлық кеткен шығынның таза пайдаға пайыздық қатынасы.



Бақылау сұрақтары:

  1. Өзіндік баға дегеніміз не?

  2. Еңбек өнімділігі дегеніміз не?

  3. Жылдық экономикалық тиімділік дегеніміз не?


Ұсынылатын әдебиет:

1. Трифонова М.Ф. Основы организации научных исследований в сельскохозяйственных вузах, М., 1985,67 с.


Тәжірибелік сабақ 9, 10 Тәжірибе нәтижесін биометриялық өңдеу

Тәжірибелік сабақтың мазмұны:

1. Биометриялық өңдеуді ұйымдастыру
Сабақ мақсаты: Вариационды статистика тәжірибиесінің нәтижесін биометриялық өңдеу техникасын меңгеру

Ғылыми зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін алынған эксперименталды материалдар вариациалық статистика тәсілімен өңделеді. Вариациалық статистика дегеніміз- сандық мәндердің өзгергіштігі. Биометриялық өңдеу көмегімен әр түрлі статистикалық көлемдердің ауытқу шамаларына көз жеткізуге болады.

Биометриялық өңдеу кезінде әртүрлі формулалар қолданылады. Ондағы әріптік белгіленулер.

n- барлық бақылаулар саны

M- вариациалық қатардың орташа арифметикасы

δ- орташа квадраттық ауытқу

Cv-өзгергіштік коэффициенті

m-қателік

td- дұрыстық айырмашылығы

Есептеу формулалары:

M =∑V/ n ; C = ∑V² -(∑V)²/n ; δ = √ С/ n-1;

mM = δ / √ n-1; Cv = δ / M *100; td = M2 - M 1 / √ m²2 + m²1 .


Бақылау сұрақтары:

  1. Биометриялық өңдеуге түсінік.

  2. Мәліметтерге биометриялық өңдеу жаса


Ұсынылатын әдебиет:

  1. Меркурьева Е.К. Биометрия в селекции и генетике сельскохозяйственных животных, М., «Колос», 1970, 422 с.



Тәжірибелік сабақ11, 12. Тәжірибе нәтижелерінен ғылыми мақала даярлау.

Тәжірибелік сабақ мазмұны:

1. Ғылыми мақала құрылымы


Сабақ мақсаты – студент өзі жасаған ғылыми тәжірибесінің нәтижелерінен ғылыми мақала даярлап үйрену.

Жазылған ғылыми мақалада мынадай мәселелер рет- ретімен, көрсетіліп белгілі бір тәртіп сақталуы тиіс:

1.Мақаланың аты;

2.Авторлары;

3.Кіріспе;

4. Зерттеу және зерттеу әдістемесі;

5. Зерттеу нәтижесі және оны талдау;

6. Қорытындылар мен ұсыныстар;

7. Қолданылған әдебиет тізімі

Мақаланың аты « әрі қысқа, әрі нұсқа» дегендей және мақаланың мазмұнын дәл көрсетілуі керек. Кіріспе бөлімінде зерттелетін мәселенің мән-маңызын , зерттелу деңгейін, және жарияланған ғылыми мақалардың бағасын ашып жазуы қажет. Әрі қарай өз тәжірибесінің мақсат- міндеттері жазылады.

Келесі бөлімінде тәжірибедегі зерттеу (малдың қысқа сипаттамасы, шаруашылық, уақыт) оны зерттеу әдістемесі көрсетіледі.

Бұдан кейінгі 2 бөлім –негізгі бөлім болып есептеледі. Мұнда автор өзі жүргізген зерттеуден алынған нәтижелерді көрсетіп, оларға талдау жасайды.

Қорытындылар мен ұсыныстар тек автордың өз зерттеулерінен ғана шығуы керек және дәлелдемелердің статистикалық көрсеткіштерінің сенімділігі жеткілікті дәрежеде жоғары болуы қажет. Бұлар да түсінікті, «әрі қысқа, әрі нұсқа» болуы шарт.

Әр мақала қолданылған әдебиеттер тізімімен аяқталуы тиіс.

Мақала басынан аяғына дейін біртұтас дүние болуы керек. Автор ойын анық жеткізуі және сөйлемдерді қайталамауы тиіс. Басқа авторлардың зерттеулерін , еңбектерін, әдістемелерін талдауға немесе басқа бөлімдеріне қосса, міндетті түрде оған сілтеме жасауы және ол еңбектер әдебиеттер тізімінде болуы қажет. Әдебиеттер тізімінде мақалада сілтеме жасалмаған еңбектерді, оқулықтарды, энциклопедияларды, сөздіктерді, ғылыми-көпшілік және күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерін кіргізудің қажеті жоқ, ал автор , қажет деп тапса, оны мақаланың мәтінінде көрсетіп кетуге болады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Студент өзі жасаған тәжірибе бойынша мақала жазып үйренуі тиіс.


Ұсынылатын әдебиет:

  1. Джаманов А.Х. Основы учебно-исследовательской работы студентов.А.,1989,190с.



Тәжірибелік сабақ 13, 14. Әдістеме

Тәжірибелік сабақ мазмұны:

  1. Методология ғылым ретінде

Сабақтың мақсаты: методология принциптерін меңгеру.

«Әдістеме» – тәжірибелік қызметтің және теорияның құрылуының ,ұйым тәсілдерінің және принциптерінің жүйесі.

«Әдістеме педагогикасы –ол педагогикалық білімді оқу және оны алу процессі, яғни педагогикалық таным. Оған кіреді:

1) педагогикалық білімнің функциялары және құрылымы, сонымен қатар педагогикалық келелі мәселелер;

2) фундаментальді, жалпы ғылыми және педагогикалық ережелер (теориялар, концепциялар, гипотезалар);

3) педагогикалық таным әдістерін оқу .

Әдістеме 4 кезеңге бөлінеді:

– философиялық;

– жалпы ғылыми;

– нақты-ғылыми;

– технологиялық (нақты әдістемелер және зерттеу ттехникасы).

Бақылау сұрақтары:

1. Методология ғылым ретінде қарастыру?

2. методологияның даму тарихы.

3. Методология қандай этаптардан тұрады?
Ұсынылған әдебиет:

1. Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М., ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.

2. Трифонова М.Ф. Основы организации научных исследований в сельскохозяйственных вузах, М., 1985,67 с.
Тәжірибелік сабақ 15, 16. Статистикалық методология.
Дәріс сабақтарының мазмұны:

1. Статистика және оның методологиясы.

2. Статистикалық мәліметтерді өңдеу.
Цель практического (семинарского) занятия: статистика және оның методологиясымен танысу, статистикалық көрсеткіштерді өңдеуді жүргізуге үйрену

Статистика -латын сөзі (states)

Біріншірет үкімет құрылымында қолдалынған 1749 жылы неміс ғалымы .Г Аханвальмен кейінен кітап жазған .

Қазір 3мағынада қолдалынады

1.Адамдардын нақты мір саласында,мәліметерді жинау ,өңдеу, және сұрыптау ,әлеуметтік экономикалық дамуына сипаттама беру.

2.Нұсқау мен әдістемелерді теория жүзінде негіздеп практика жүзінде қолдану.

3.Статистикаларды мәлметтерді өнеркәсп, ұйымдар, экономика саласында есеп беруге қолдалынады.

Статистикалық ерекшелігі – мәліметтер сандық формада ,статистердің сөзмен цифрлар тілі .

Статистердің мақсаты цифрлар арқылы мәліметтерд сараптау және өндеу.

Мәлеметтердің пайда болуына байланысты статистика өмірге қажет бола бастады , яғни жердің көлемі ,халықтың саны ,оның құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілуін есепке алу үшін .т.б.

Статистика ғылым ретінде 17 ғасырдың орта шенінде 2 бағыт бойынша дамыды.

1.Жазбаша неміс ғалымдары.Конринг, Ахянвель

2.Матиматикалық. В.Ангмен, У.Петти ,Ф .Гальтман ,Р.Фишнр.

1-ші кітап К.Ф.Герман Статистиканың жалпы теориясы. 1809 жылы.


Бақылау сұрақтары:

1. Алынған мәліметтерге статистикалық сараптама жүргіз.



Ұсынылған әдебиет:

1. Трифонова М.Ф. Основы организации научных исследований в сельскохозяйственных вузах, М., 1985,67 с.



Тәжірибелік сабақ 17, 18. Статистикалық мәліметтердің графикалық сипаттау.

Тәжірибе сабақтарының мазмұны:

  1. Мәліметтердің графикалық сипаттау.

Сабақтың мақсаты: Статистикалық мәліметтердің графикалық көрінісін зерттеу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Графика статистикалық мәліметтердің анализі мен өрнегі үшін маңызды құрал, өйткені көрнекілік көрініс ақпаратты қабылдауды, жоспарды орындау дәрежесін көруді жеңілдетеді. Қазіргі кезде комьютерлік графиканың қолданбалы бағдарламасының пакеттері дайындалған, ол графиканың тәжірибелік қолдануда зерттеушінің міндетін жеңілдетеді. Статистикада графиктік әдіс төмендегі келтірілген мәселелерді шешу үшін қолданылады:

1.статистикалық көрсеткіштерді салыстыру;

2. зерттелетін жиынтықтың құрамы мен құрылымын сипаттау;

3. уақыт мерзіміне сәйкес құбылыстағы болған өзгерістердің өсіңкілігін бақылау;

4.құбылыстардың өзара байланыстылығын білу;

5.кеңістіктегі орналасуын және таратпалық дәрежесін анықтау үшін;

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарына сай және кеңістіктік бағытына байланысты графикалық әдіс диограмма және картодиаграмма түрінде қолданылады.
Бақылау сұрақтары:

1.Статистиканың графикалық көрінісінің түрлерін ата



Ұсынылған әдебиет:

1. Трифонова М.Ф. Основы организации научных исследований в сельскохозяйственных вузах, М., 1985,67 с.




Тәжірибелік сабақ 19, 20. Алынған эмпирикалық фактілердің сараптамасы, оларды жалпылау және интерпретация.
Тәжірибелік сабақтың мазмұны:

  1. Эмпирикалық факт нәтижелерінің сараптамасы

  2. Этапы анализа интерпретации результатов исследования.

  3. Қорытынды

Цель занятия: алынған эмпирикалық фактілердің сараптамасы, оларды жалпылау және интерпретация үйрену.

Алынған эмпирикалық фактілердің сараптамасы, оларды жалпылау және интерпретация ең маңызды және өте қиын соңғы зерттеу кезеңі. Зерттеу жүргізу уақытында психологпен алынған барлық эмпирикалық мәліметтер сараптамаға жүгінеді: сөйлесу мәліметтері, бақылау және барлық тәжірибе үлгісінің орындалған нәтижесі.

Экспериментальді мәліметтер интерпретациясында ескеру керек:


1) тәжірибеге қатынасын;

2) экспериментатор және обьектінің арасындағы ерекшелік;

3) обьектінің тәжірибе инструкцияларына қатынасының мінездемесі;

4) әрбір бөлек экспериментальді үлгілерді жүргізу ерекшеліктері;

5) жасалған қателіктерге қатыснасы;
Бақылау сұрақтары:

1.Алынған эмпирикалық фактілердің сараптамасы, оларды жалпылау және интерпретация өз сөзімен түсіндіру


Ұсынылған әдебиет:
1.Трифонова М.Ф. Основы организации научных исследований в сельскохозяйственных вузах, М., 1985,67 с.
Тәжірибелік сабақ . Рефератты дайындау және әзірлеу

Тәжірибеліу сабақ мазмұны:

1. Рефераттың жазылу ережесі


Сабақ мақсаты: рефератты безендіру және жазылу техникасын меңгеру

Реферат (от лат. refero - «баяндаймын») - ғылыми проблемалар (жағдай) мен ғылыми конференциялардың қорытындысы жөніндегі мәліметтер мен қандай да бір кітаптардың қысқаша түріндегі жазбаша немесе ауызша мазмұны.

ЖОО рефератының көлемі 20 беттен тұрады.

Рефератты жазу үшін:

Тақырыпты таңдау. Ол қызықты және өзекті болуы қажет

Ең бірінші осы тақырып бойынша әдебиет іздейміз және қазіргі заманғы әдебиеттерді қолдануға тырысамыз.

Рефераттың негізгі бөлімінің жоспарын сызып қоямыз.

Негізгі бөлімін жазғаннан кейін кіріспені жазамыз, өйткені рефераттың міндеттері сәл өзгеруі мүмкін және кіріспені өзгертуге тура келеді.Алғашқы жазылғанды оқытушыға көрсетеміз.

Аяқталған жұмысты шығарып, қысқаша баяндама жасаймыз (5-7 мин), ол рефератты қорғау кезінде қажет



2. Реферат құрылымы.

КІРІСПЕ. Тақырыпты таңдауды негіздеу, оның өзектілігі.жұмыстың мақсаты мен міндеттері Қолданылған әдебиетке қысқаша шолу жасау.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ . тақырыпты ашу, әрбір бөлімінң соңында қорытында жасау

Қорытынды. Келелі мәселені шешуде өзінің көзқарасы



Рефератты безендіру.

Сыртқы парақ оқу орнының стандарттары бойынша жасалады, келесі мәліметтерді құрайды:

ЖОО атауы

Факультет және кафедра атауы

Реферат атауы

Орындаушының фамилиясы и тобы

Тексерушінің фамилиясы және ғылыми дәрежесі

Сыртқы парақ бірінші болып саналады, бірақ бетке номер қойылмайды.

МАЗМҰНЫ – беттің номерленген белгілерінің мазмұны.

Мазмұны бірінші бет болып саналады

Жұмыс мәтіні (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды).

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ – толық бибилиографиялық мәліметтері көрсетілген тізім.


Бақылау сұрақтары:

1.Реферат қандай бөлімдерден тұрады ?


Тәжірибелік сабақ 23, 24. Есепті дайындау және әзірлеу

Тәжірибелік сабақтың мазмұны:

1. Есепті дайындау ережесі.

2. Есепті безендіру
Сабақ мақсаты: есепті дайндау және жазылу техникасын меңгеру.

Тәжірибе бойынша есеп – бұл тәжірибелік жұмыс, студенттің теориялық және тәжірибелік білімін өздік іздену арқылы ұштастырып, есеп беруі. Есеп ереже бойынша оқу курсы аяқталғанда жазылады. Тәжірибе есебі: оқу тәжірибесі, өндірістік тәжірибе және диплом алды тәжірибесінен өту кезінде жазылады. Тәжірибеден өтуді оқу бағдарламасына сай жүргізеді және оған жауапты бір оқытушы тағайындалады. Оқу тәжірибесі 1,2 курста теориялық білімін жетілдіру мақсатында оқу корпусында жүргізіледі, ал, өндірістік және диплом алды тәжірибесі 3,4 курста арнайы мекмелерде, өндіріс орындарында оқу орынымен шарт жасасу арқылы өткізіледі. Тәжірибе оқу бағдарламасының графигінде көрсетілген мерзімге сай өткізіледі.

Тәжірибеден өту есебінің мақсаты: белгілі бір бағытта, өзі көздеген мақсатқа орай мәліметтер жинақтау мен оны өңдеу болып табылады. Бұл жинақталған мәліметтер дипломдық жұмыс жазуда қолданылады.

Міндеті:

тәжірибе бағдарламасы бойынша мамандық бойынша кафедрадан тапсырма алу керек. Ол бойынша күнделік толтырылып, есеп жазылады.

 тәжірибеден өту орыны бойынша барлық мәліметтермен, жұмыс әдістемесімен, толтырылатын құжаттарымен танысу, ұйымдастыру іс-шараларын жүргізе білу, алдына қойылған міндетті өздігінен шеше білу;

 бітіру жұмысына арналған материалдарды жинақтап, жүйелеу;

 тәжірибеден өту күнделігін берілген формада толтыру (күделікте жетекшінің қолы, тәжірибе өткен мекеменің мөрі болуы шарт);

 берілген талап бойынша есеп жазу;

 тәжірибе өткен мекеменің студентке берген пікірін алу (оған басшының қолы қойылып, мөрі басылуы қажет)

 өткен тәжірибе бойынша есепті өткізу (күнделік, пікір бірге өткізіледі).

Есепті әзірлеу ЖОО методикалық нұсқаулығына сай жазылады. 1.Титул беті 2.мазмұны 3.Кіріспе 4.Негігі бөлім (2-3 бөлімнен тұрады, 1-бөлімде зерттеу жүргізілген орынның сипаттамасы, негізгі айналысатын саласы жазылады; 2-бөлімде жекелеме қызметтеріне тоқталады, өзі тәжірибе жасаған негізгі әдістерін жазады; 3-бөлімде зерттелген мәліметтерін қорытындылайды, кесте, диаграмма түрінде көрсетеді) 5. Қорытынды барлық жасалған жұмыс қорытындыланады. 6.пайдаланған әдебиеттер тізімі (мемл.стандарттар, енгізу актілері, сол жерде жасалған жұмыс авторефераттары және кітаптар, ғылыми мақалалар) жазылады.

Жазылған есеп бойынша студент есебін қорғап, бағаланады. Тәжірибе есебін қорғау кафедраның арнайы құрылған комиссиясы алдында тәжірибеден өту мерзімі аяқталған уақыттан кейін бір апта ішінде қорғалады. Өндірістік тәжірибе бағасы дипломға қойылады. Егер өте жақсы оқитын студент өндірістік тәжірибеден төмен баға алған жағдайда қызыл дипломға ұсынылмайды.
Бақылау сұрақтары:

1. Есеп қандай бөлімдерден тұрады?

2. Алынған зерттеу нәтижесі бойынша есеп құру.


Тәжірибелік сабақ 29. Дипломдық жұмысты дайындау және әзірлеу
Тәжірибелік сабақ мазмұны:

1. Дипломдық жұмыс түсінігі, мақсаты және міндеттері

1. Дипломдық жұмысты орындау.

2. Дипломдық жұмыстың құрылымы және талаптары

Дипломдық жұмыс – маманды дайындап шығарудың ең соңғы кезеңінде орындалатын ғылыми – ізденіс жұмысы. Дипломдық жұмысты жазу студент білім алып жатқан мамандықтың кез – келген саласы бойынша алынады. Ол бойынша студентке өзін қызықтыратын тақырып бойынша сол саладағы ғылыми жетекшіні бекітеді. Тақырыпты таңдау бастапқыда нақты болмаса да, сол зерттейтін саладан ауытқымауы керек. Тек, кафедра меңгерушісі қолын қойып, ЖОО ректорының бұйрығы шыққаннан кейін ғана оны өзгертуге болмайды. Ескеретін жағдай тақырып бекітілмей, оны мұқият тексеру қажет, өйткені бұйрықта қатемен кетсе, жұмысты қорғау кезінде титул бетіне дәл солай жазу талап етіледі.

Диплом жазу талаптары: 1.Титул беті (тақырыбы, автор, ғылыми жетекшісі) 2. Мазмұны 3.Кіріспе 4.Әдебиетке шолу 5.Өзіндік зерттеу 5.1.Зерттеу әдістемесі 5.2.Зерттеу нәтижесі (5.2.1; 5.2.2; 5.2.3 және т.с.)

6. Зерттеу нәтижесінің экономикалық тиімділігі; 7.Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі; 8.Қорытынды мен ұсыныстар; 9.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі; 10.Қосымшалар.

Дипломдық жұмыстың көлемі 60 беттен кем болмауы керек.

Дипломдық жұмыс жоспары ғылыми жетекшімен келісіліп берілген міндеттерге орай, жүргізілген жұмыс нәтижесінен жинақталған мәліметтер бойынша жасалады.

Кіріспеде диплом жұмысының тақырыбының өзектілігі мен жаңалығы, міндеттері мен мақсаты, тақырып бойынша отандық және шет елдік әдебиет анализдері жазылады.

Әдебиетке шолу бөлімінде осы тақырыпқа қатысты жүргізілген әдебиет көздері келтіріледі.

Негізгі бөлім өзіндік зерттеулердің әдістемесі, нәтижелері жазылады. Ол бірнеше бөлімшелерге бөлінуі мүмкін.

Жүргізілеген жұмыс нәтижесі бойынша экономикалық тиімділігі есептеледі.

Қорытындылар мен ұсыныстар бөліміне зерттеу нәтижелері бойынша жасалған әрбір бөлімшеге қорытынды жазылады, зерттеу нәтижелері бойынша болашақта оны қолдануға 1, 2 ұсыныс жазылады.

Әдебиеттер тізімі әдебиетке шолу бөлімінде келтірілген әдебиеттер бойынша рет-ретімен жазылады. Ол 30-100 әдебиет көзінен тұруы керек.

Қосымшаларға дипломдық жұмыс ішіне кірмеген, бірақ қатысы бар кестелер, диаграммалар, фотосуреттер кіреді.


Бақылау сұрақтары:

1.Дипломдық жұмысты орындау ережесі туралы , сіздің пікіріңіз .

2. Ереженің қандай пунктері ең маңызды деп санайсыз?
Ұсынылған әдебиет:

1. Джалилов А.Х. Основы учебно-исследовательской работы студентов.А.,1989,190с.

2. Трифонова М.Ф. Основы организации научных исследований в сельскохозяйственных вузах, М., 1985,67 с.

3.Бегімбеков Қ.Н.,Нұрғазы Қ.Ш Ғылыми зерттеу әдістемесі Алматы 2006ж



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет