ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет2/5
Дата13.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#132434
1   2   3   4   5


Сабақтың мақсаты: Сөздің негізгі түрлері. Құрамына қарай жалаң және күрделі сөздердің болуы. Жалаң сөздер: негізгі және туынды түбір. Негізгі түбір және түбір морфема. Негізгі түбір сөздердің буын құрамы. Күрделі сөздер – лексика-грамматикалық единицалар. Күрделі сөздерді фразеологиялық сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінен ажырату жолдары. Күрделі сөздердің түрлері: біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, құрама сөз. Біріккен сөз, басты белгілері, оларды күрделі сөздердің басқа түрлерінен ажырату мәселесі. Кіріккен сөздердің пайда болуы. Қос сөздер, түрлері: қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер. Олардың фонетикалық, морфологиялық сипаты. Қысқарған сөздер және олардың түрлері, жасалу жолдары.


Бақылау сұрақтары:

1. Морфологияның тіл білімінің басқа салаларымен байланысы.

2. Сөз және оның морфологиялық құрылымы.

3. Грамматика және оның салалары.


Әдістемелік нұсқаулық: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға морфологияның теориялық сипаттамасын толықтырып жазғызу. Пәннің арнаулы ғылыми пән екендігіне оның іштей жекелеген салаларына талдау жасату арқылы көз жеткізу.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 


2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен мағынасы. А.,1979. 

7- семинар. Есім сөздердің анықтамасы, жасалу жолдары, олардың түрлері.

Сабақтың мазмұны:
  1. Зат есімнің жалпы сипаттамасы.

  2. Жалқы және жалпы есімдер, бұлардың семантикалық, морфологиялық сипаты. Көмекші есімдер.


  3. Сын есімнің жалпы сипаты, семантикалық топтары, жасалу жолдары.

  4. Шырай категориялары туралы жалпы түсінік.

  5. Сан есім туралы түсінік.

  6. Сан есімнің семантика-морфологиялық топтары.

Сабақтың мақсаты: Зат есімнің мағыналық жағынан сыр сипатының молдығы. Деректі, дерексіз мағыналы зат есімдер. Зат есімнің жалпы, жалқы мағыналық топтары. Зат есімнің грамматикалық категориялары және түрлену жүйесі. Сын есім оның семантикалық топтары және синтаксистік қызметі жайлы мағлұмат беру. Сан есім. Оның өзіндік ерекшеліктері. Сан есімнің грамматикалық категориясының жоқ екендігі. Дара және күрделі сан есімдер. Сан есімнің мағыналық топтары: есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік. Олардың мағыналық ерекшеліктері.

Бақылау сұрақтары:

1. Зат есімнің жалпы сипаттамасы.

2. Жалқы және жалпы есімдер, бұлардың семантикалық, морфологиялық сипаты. Көмекші есімдер.


3. Сын есімнің жалпы сипаты, семантикалық топтары, жасалу жолдары.

4. Шырай категориялары туралы жалпы түсінік.


5. Сан есім туралы түсінік.

Әдістемелік нұсқаулық: Зат есім, оның лексика- грамматикалық сипаты. Адамзат және ғаламзат есімдері, ерекшеліктері. Жалқы және жалпы есімдер. Негізгі және туынды есімдер. Көмекші есімдер. Сын есім, оның морфологиялық құрамы, жалаң және күрделі, негізгі және туынды сын есімдер. Сапалық және қатыстық сын есімдер. Шырай категориясы.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 


2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен мағынасы. А.,1979. 

8-семинар. Есімдік. Етістіктің грамматикалық категориялары.

Сабақтың мазмұны:

  1. Есімдік туралы жалпы сипаттама.

  2. Есімдіктің мағыналық топтары, синтаксистік сипаты

  3. Етістіктің грамматикалық категориясы туралы түсінік.

  4. Етістік негізі. Салт және сабақты етістіктер.

  5. Етіс категориясы, оған тән сипаттар.

  6. Болымды және болымсыздық категориясы. Есімше.

  7. Көсемше.

  8. Рай категориясы. Рай категориясының түрлері. Рай категориясының әрқайсысына тән мағыналық, формалық ерекшеліктері.

  9. Шақ категориясы. Шақ категориясы, оған тән белгі сипаттар. Шақтың түрлері, мағыналық және формалық ерекшеліктері, тарихи дамуы.

Сабақтың мақсаты: Есімдіктердің мағыналық топтары: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау. Олардың мағыналық ерекшеліктері. Негізгі және көмекші етістіктер. Болымды, болымсыз етістіктер. Етіс түрлері: өздік етіс, өзгелік, ырықсыз, ортақ етістер. Олардың жұрнақтары.


Бақылау сұрақтары:

1. Есімдіктің мағыналық топтары, синтаксистік сипаты

2. Етістіктің грамматикалық категориясы туралы түсінік.

3. Етістік негізі. Салт және сабақты етістіктер.

4. Етіс категориясы, оған тән сипаттар.

Әдістемелік нұсқаулық: Есімдік. Олардың есімдер тобына жататындығы. Зат есімдерше түрленетіндігі. Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға морфологияның теориялық сипаттамасын толықтырып жазғызу.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 


2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. /морфология/.А.,1991.
4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. А.,1981.
5. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық құрылысы мен мағынасы. А.,1979. 
9-семинар. Үстеу. Еліктеу сөздер.

Сабақтың мазмұны:

  1. Үстеудің сипаттамасы.

  2. Үстеу сөздің мағыналық топтары, білдіретін мағыналары.

  3. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.

  4. Еліктеу сөздер туралы түсінік.

  5. Еліктеу сөздердің семантикалық сипаты, синтаксистік қызметі.

Сабақтың мақсаты: Үстеудің қимылдың алуан түрлі белгілерін, күй-жайларын білдіретіндігі. Негізгі түбір, туынды түбір үстеулер. Дара және күрделі үстеулер. Олардың түрлену жүйесінің жоқ екендігі. Үстеудің мағыналық түрлері: мезгіл, мекен, мөлшер, сын-бейне, мақсат, себеп-салдар, топтау үстеулері. Олардың мағыналық ерекшеліктері, сұраулары. Еліктеу сөздер – лексикалық тұлғалық жағынан өзгеше сөз табы. Олардың айналадағы дыбыстар мен қимылдарға еліктеуден жасалатындығы. Еліктеу сөздердің түрлері: еліктеуіш сөздер. Бейнелеуіш сөздер. Дара және күрделі еліктеу сөздер.

Бақылау сұрақтары:

1. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.

2. Еліктеу сөздер туралы түсінік.

3. Еліктеу сөздердің семантикалық сипаты, синтаксистік қызметі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет