Оқу ? жұмысын ұйымдастыру формасын сипатта. Сынып-сабақтық жүйеге сипаттама беріңіз, оның нашар және жақсы жақтары неде


Мектептi басқару теориясының объектiсi –



бет8/8
Дата26.07.2023
өлшемі81.42 Kb.
#475823
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
2 тапсырма

Мектептi басқару теориясының объектiсi –оның барлық құрамды элементтерiмен алынған процес болып табылады. Практиканың объектiсi – мектептiң әртүрлi құрылымдық топтары (ұжым, сынып, жеке субъект).
Практикалық басқару іс-әрекетiнiң құралдары – басқару әдiстерi. Басқарудағы ғылыми іс-әрекеттiң құралдары – ғылымның нақты бiр объектiсiн зерттеуде қолданылатын жолдар, тәсiлдер, амалдар: мектептердi басқару бойынша бiлiм беру мекемелерінің жұмыс тәжiрибесiн қортындылап талдау, ғылыми болжамдар жасау, оларды эксперименталды тексеру және т.б.Бiлiм беру жүйесiндегi немесе бөлек топтағы практикалық басқару іс-әрекетiнiң нәтижесi – тәжірибені к?бейту, бұған оқу-тәрбие процесiнiң қортындылары дәлел бола алады. Басқару теориясының нәтижесi – практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын жаңа білімдер, заңдар, принциптер, ережелер, тұжырымдар.
Мектептегi практикалық басқару іс-әрекетiнiң бағыттары, құндылығы жағынан бiрдей емес. Мектептiң негiзгi әлеуметтiк мiндеттерiне сәйкес, ол өсiп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады, осыған байланысты, басқарудың барлық бағыттарының iшiнде оқу-тәрбие жүйесін басқару бiрiншi орында болу керек.
Осылайша, педагогикалық басқару практикалық іс-әрекет ретінде - ол педагогикалық ұжымының тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруы (Сурет 1.).
Мектеп директоры оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшiн арнайы жауапкершiлiк атқарады. Оның мiндеттерiне кіретіндер:
- кадрларды дұрыс таңдау мен орналастыру, мектептiң педагогикалық ұжымына басшылық ету, мұғалiмдердiң кәсiби, ғылыми-теориялық және психологиялық-педагогикалық деңгейiн көтеруге жағдай жасау, олардың педагогикалық шығармашылығына жол ашу және оқыту мен тәрбиенiң озат педагогикалық тәжiрибесiн енгiзу;
оқу-тәрбие процесiнiң барысын, оқушылар бiлiмiнiң сапасы мен жеке тұлға ретiнде дамуын, сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен ұйымдастыруын бақылау;
- оқушылардың кәсiби бағыты бойынша тәрбиелiк жұмысты ұйымдастыру және оларға өмiрде өз жолын табуға кеңес беру;
- оқушылардың өзiн өзi басқару органдарына практикалық көмек көрсету және оның іс-әрекетiн белсендiру, мектептегi оқу-тәрбие жұмысын жетiлдiру бойынша мұғалiмдер мен оқушылардың қоғамдық ұйымдарымен iскерлiк ынтымақтастық қатынас жасау;
- Еңбек туралы Заңға, мектептiң iшкi тәртiп ережелерi мен жарғысына сәйкес мектеп қызметкерлерiнiң мiндеттерiн анықтау мен нақтыландыру;
- ата-аналар қоғамдастығы ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру мен оларға басшылық жасау;
- жергiлiктi қоғамдық ұйымдар, мекемелер және негiзгi кәсiпорындармен iскерлiк байланыс орнату;
- мектептегi қажеттi санитарлық-гигиеналық тәртiптi орнату, оқушылардың, мұғалiмдер мен мектептiң қызмет көрсету адамдарының сабақтағы және іс-әрекеттiң басқа да түрлерi барысындағы еңбектi қорғау мен қауiпсiздiк шараларын сақтау;
мектептiң қазiргi заманғы оқу-материалдық базасын нығайту мен дамыту;
- мектеп қызметкерлерiн жұмысқа алу мен жұмыстан шығару;
- мектептiң педагогикалық кеңесiмен келiсiп, мұғалiмдердi және мектептiң басқа да қызметкерлерiн мадақтау мен марапаттауға ұсыну.
Сонымен, педагогикалық басқаруды ұйымдастыру - ол мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдар жүйесi, ұжымдар мен жеке адамдар, сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн мектептер жүзеге асыратын педагогикалық жүйені басқару, өсiп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, оқыту және дамыту.
Бiлiмнiң бұл саласының мiндеттерi – педагогикалық басқаруды зерттеу, оның теориялық және практикалық мәселелерiн жете зерттеу, оны жетiлдiрудiң ғылыми ұсыныстарын жасау. Сонымен қатар, педагогикалық басқару мектептiң барлық жұмысымен қатар басқа жұмыстың түрлерiн жоққа шығармайды. Бiлiм берудi басқару теориясы ағарту саласындағы ерекшелiктердi ескере отырып, әлеуметтiк басқарудың жалпы заңдылықтарына негiзделедi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет