Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Химия» оқу пәнінің



бет165/294
Дата06.03.2024
өлшемі2.8 Mb.
#494503
түріБағдарламасы
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   294
65 - 132 › AK H0

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Химия» оқу пәнінің
Үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).

2. «Химия» пәнін оқытудың мақсаты - білім алушыларға зат және олардың айналымы, заңдар мен заңдылықтар туралы білім жүйесін ұсынып, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, ақпаратты бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк беру.
3. Негізгі міндеттері:

  1. заттар және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру ( фактілер, түсініктер, заңдар және теориялар);

  2. химияда меңгерілген білім және білікті өз бетімен жаңғыртуды талап ететін іс-әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру;

2-тарау. «Химия» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


Параграф 1. «Химия» оқу пәнінің мазмұны

4.»Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:



  1. 10-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;

  2. 11-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты құрайды.

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. Оқу мақсаттары 4 бөлімнен тұрады:
1) заттардың бөлшектері;
2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;
3) химия және қоршаған орта;
4) химия және өмір.
6. «Заттардың бөлшектері» бөлімі мына бөлімшеден тұрады:
1) атом құрамы мен құрылысы.
7. «Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) периодтық заң мен периодтық жүйе;
2) стандартты электрондық потенциалдар.
8. Химия және қоршаған орта» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жер химиясы;
2) көміртек және оның қосылыстары.
9. «Химия және өмір» бөлімі «Биохимия» бөлімшесінен тұрады.

10. «Химия» оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:


1) «Атом құрылысы». Атом құрылысының заманауи теориясы; радиоактивтік табиғаты, радиоактивті изотоптар.
1 көрсетілім «Атом құрылысы моделі»;
2) «Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі»: негізгі топшада және периодта элемент қасиеттерінің периодты өзгеруі; периодта және топта қосылыстардың қышқылды-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары.
3) «Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы»; металдар мен бейметалдар, олардың қосылыстарының қасиеттерінің период және топ бойынша өзгеруі; металдар және бейметалдар: негізгі физикалық және химиялық қасиеттері.
№1 зертханалық тәжірибе: «Гидроксидтер, қышқыл және тұздар қасиеттерін зерттеу».
№2 зертханалық тәжірибе: «Типтік металдар, бейметалдар мен амфотерлі элементтердің химиялық қасиеттері».
2 көрсетілім «Өнеркәсіптік үдерістер электролизінің бейне көрсетілімдері: мыс, алюминий, натрий гидроксиді және хлоридінің өнеркәсіптік өндірісі»
Натрий, калий, кальций, магний және олардың маңызды қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы, биологиялық маңызы; судың кермектігі, оны жою жолдары.
3 көрсетілім «Натрий, калий және кальцийдің сумен әрекеттесуі. Натрий, калий және кальций иондарына сапалық реакция (жалын түсінің өзгеруі);
№3 зертханалық тәжірибе «Натрий, калий, кальций, магнийдің маңызды тұздарының үлгілерімен танысу, металдардың химиялық белсенділігін салыстыру».
Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кен орындары; коррозия түрлері және коррозияның алдын алу шаралары;
Алюминий және оның қосылыстары; көміртек және оның қосылыстарының табиғатта таралуы; аммиактың қасиеттері; азот қосылыстарының қолдануы; азот оксидтерінің, нитраттардың қоршаған ортаға экологиялық әсері; күкірт, оның оксидтері, қышқылдары; галогендер; хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер; адам тіршілігіндегі йодтың биологиялық ролі; йод жетіспеушілігінен туындайтын аурулардан Қазақстан тұрғындарын сақтандыру шаралары;
№4 көрсетілім: «Еріген заттың белсендірілген көмірге сіңірілуі (адсорбция);

11. «Химия» оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:


1) «Органикалық химияға кіріспе». А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының негізгі қағидалары;
1 көрсетілім «Органикалық затттар үлгілері (мұнай, керосин, этанол, глицерин, глюкоза, сахароза, парафин, мақта, ағаш сүрегі)»;
2) «Көмірсутектер және олардың көздері». Алкандар; алкендер; бензол.
2 көрсетілім «Метан, этилен, ацетиленнің жануы»;
№1 зертханалық жұмыс «Этиленнің/ацетиленнің мен бензолдың перманганаты және бром/йод суы ерітінділеріне әсері».
3) «Оттекті органикалық қосылыстар». Оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатурасы; біратомды және көпатомды спирттер; карбон қышқылдары;
№2 зертханалық тәжірибе «Этанолды этилен гидратациясы және глюкозаның ашуы арқылы алу»;
№3 зертханалық тәжірибе «Спирттердің суда еруі, жануы және біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялары»;
4) «Оттекті органикалық қосылыстар»: сабын және жуғыш заттар; көмірсулардың жіктелуі, биологиялық рөлі; моносахаридтер; глюкоза; фруктоза; сахароза; крахмал; целлюлоза.
3 көрсетілім «Сабын және жуғыш ұнтақ ерітінділерін индикаторлармен сынау»
№4 зертханалық тәжірибе «Тамақ өнімдеріндегі крахмалды анықтау»
5) «Құрамында азоты бар органикалық қосылыстар. Нуклеин қышқылдары». Нәруыздар.
4 көрсетілім «Нәруыздардың еруі және тұнбаға түсуі, нәруыздар денатурациясы; нәруыздардың жануы (жүн, құс қауырсыны);
№ 5 зертханалық тәжірибе «Нәруыздардың түсті реакциялары»;
5 көрсетілім «ДНК мен РНК молекулаларының модельдері».
6) «Жасанды және синтетикалық полимерлер Химия адам өмірінде».
Жасанды және синтетикалық полимерлер; пластмассалар, Қазақстандағы полимерлер өндірісі; дәрумендер және гормондар туралы түсінік; биогенді органикалық заттардың рөлі;
6 көрсетілім «Пластмассалар,синтетикалық каучуктер және талшықтар үлгілерімен таныстыру».
7) «Жасыл химия». «Жасыл химияның» 12 принципі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   294




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет