Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «География» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарлама



бет199/294
Дата06.03.2024
өлшемі2.8 Mb.
#494503
түріБағдарламасы
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   294
65 - 132 › AK H0

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «География» оқу пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарлама
1-тарау. Жалпы ережелер

1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді., техникалық және кәсіптік, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29031 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.


2. Жоғары мектептегі «География» оқу пәнінің мақсаты – оқушылардың қоғам мен географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерінде туындаған геоэкологиялық, геоэкономикалық, әлеуметтік, геосаяси және ғаламдық проблемаларды шешуге бағытталған географиялық білімдерін, біліктері мен дағдыларын қолдану үшін жағдай жасау.
3. Оқу пәннің міндеттері:
1) оқушылардың бойында географиялық кеңістіктік ойлауды, географиялық мәдениет пен тілді дамыту;
2) геоэкологиялық, геосаяси, геоэкономикалық, әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды зерттеу үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті ұстанымдардың түсінуін дамыту;
3) оқушыларға картографияны, геоэкологияны, геоэкономиканы, геосаясатты, елтану мен адамзаттың ғаламдық проблемаларын зерттеу барысында геокеңістіктік деректерді өңдеудің заманауи әдістерін қолдану үшін жағдай жасау;
4) оқушының бойында қазіргі дүниенің географиялық көрінісін іс-әрекеттер арқылы зерттептану барысында құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
5) геокеңістіктік әдістер және деректермен жұмыс істейтін мамандық пен кәсіп иелері атқаратын әрекеттерді орындату арқылы оқушыларға кәсіби бағдар беру.
2-тарау. «География» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. «География» оқу пәнінің мазмұны
4. «География» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;
2) 11-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімді қамтиды:
1) географиялық зерттеу әдістері;
2) картография және геоинформатика;
3) табиғатты пайдалану және геоэкология;
4) геоэкономика;
5) геосаясат;
6) елтану;
7) адамзаттың ғаламдық проблемалары.
6. Оқу пәнінің мазмұны оқытудың бөлімдері арқылы ұйымдастырылған. Бөлімдер білім, білік, түсінік және дағдыларды қамтитын күтілетін нәтижелер түріндегі оқу мақсаттарынан тұратын бөлімшелерге бөлінген.
7. «Географиялық зерттеу әдістері» бөлімі «Жалпы географиялық әдістер» бөлімшесінен тұрады.
8. «Картография және геоинформатика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) картография;
2) геоинформатика негіздері.
9. «Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) табиғатты пайдалану;
2) геоэкологиялық зерттеу негіздері.
10. «Геоэкономика» бөлімі «Геоэкономика негіздері» бөлімшесінен тұрады.
11. «Геосаясат» бөлімі «Геосаясат негіздері» бөлімшесінен тұрады.
12. «Елтану» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) дүниежүзі аймақтары;
2) елдерді салыстыру әдістемесі.
13. «Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімі «Ғаламдық проблемаларды шешу» бөлімшесінен тұрады.
14. Оқу пәнінің 10-сыныпқа арналған базалық білім мазмұны:
1) «Географиялық зерттеу әдістері». Жалпы географиялық әдістер; зерттеу әдістерінің түрлері;
2) «Картография және геоинформатика». Картография; заманауи картографиялық әдістер; геоинформатика негіздері; географиялық деректер базасы; географиялық деректерді визуализациялау;
3) «Табиғатты пайдалану және геоэкология». Табиғатты пайдалану; табиғатты пайдалану түрлері. табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау; табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттары, экологиялық таза өндірістерді жобалау; геоэкологиялық зерттеулер негіздері; геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі, геосфералардың ластануы, геоэкологиялық аудандастыру; геоэкологиядағы антропогендік факторлар; ғаламдық экологиялық проблемалар, экологиядағы инновациялық технологиялар; Қазақстанның экологиялық проблемалары,
4) «Геоэкономика». Геоэкономика негіздері; геоэкономиканың зерттеу пәні мен өзектілігі; шаруашылықты ұйымдастырудың аумақтық факторлары; дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы; дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері; дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері; экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе; Қазақстан Республикасы экономикалық дамуындағы мақсатты көрсеткіштер;
5) «Геосаясат». Геосаясат негіздері; геосаясаттың өзектілігі; дүниежүзінің геосаяси кеңістігі; геосаясат және географиялық факторлар; мемлекеттік аумақтың морфологиясы; мемлекеттік шекара;
6) «Елтану». Дүниежүзі аймақтары; кешенді географиялық аудандастыру; дүниежүзі елдерін салыстыру әдістері; салыстырмалы елтану;
7) «Адамзаттың ғаламдық проблемалары». Ғаламдық проблемаларды шешу; ғаламдық проблемалардың географиялық аспектілері.
15. Оқу пәнінің 11-сыныпқа арналған базалық білім мазмұны:
1) «Географиялық зерттеу әдістері». Жалпыгеографиялық әдістер; географиялық зерттеулердің өзекті әдістері;
2) «Картография және геоинформатика». Картография; заманауи картографиялық әдістер; геоинформатика негіздері; геоақпараттық жүйелер; географиялық деректер базасы; географиялық деректерді визуализациялау;
3) «Табиғатты пайдалану және геоэкология». Табиғатты пайдалану; табиғатты пайдалануды реттеу, табиғатты қорғау шаралары; табиғатты қорғауда жеке тұлғаның рөлі; геоэкологиялық зерттеулер негіздері; қоршаған ортаның антропогендік өзгеруі; қоршаған ортаның сапасы; геоэкологиялық жобалау;
4) «Геоэкономика». Геоэкономика негіздері; Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті; геоэкономикалық даму стратегиялары;
5) «Геосаясат». Геосаясат негіздері; заманауи геосаяси процестер; Қазақстанның геосаяси жағдайы; Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігі; Қазақстанның геосаяси интеграциясы;
6) «Елтану». Дүниежүзі аймақтары; дүниежүзін аймақтарға аудандастырудың қолданбалы аспектілері; дүниежүзі аймақтары картасындағы Қазақстанның орны; елдері салыстыру әдістері; дүниежүзі елдерінің салыстырмалы көрсеткіштері; дүниежүзі елдерін халықаралық салыстырулардағы Қазақстанның орны; өмір сүру деңгейін жоғарлатудағы азаматтың рөлі; қолданбалы елтану;
7) «Адамзаттың ғаламдық проблемалары». Ғаламдық проблемаларды шешу; ғаламдық проблемаларды шешу жолдары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   294




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет