Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. «Ұйғыр әдебиеті» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет87/294
Дата06.03.2024
өлшемі2.8 Mb.
#494503
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   294
65 - 132 › AK H0

2-тарау. «Ұйғыр әдебиеті» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. «Ұйғыр әдебиеті» оқу пәнінің мазмұны

4. «Ұйғыр әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:



  1. 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты;

  2. 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды.

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. «Ұйғыр әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
6. «Түсіну және жауап беру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. көркем шығарма мазмұны мен пішіні;

  2. әдеби шығарманың тұжырымдамасы;

  3. көркем шығармадағы образ;

  4. шығарма үзінділерімен жұмыс;

  5. ұйғыр әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу.

7. «Анализ және интерпретация» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. әдеби шығарманың композициясы;

  2. автор бейнесі;

  3. көркем шығарманың тілі;

  4. шығармашылық жұмыс;

  5. ұйғыр және әлем әдебиетіндегі құндылықтар.

8. «Бағалау және салыстыру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. тарихи және көркемдік құндылығы;

  2. заманауилығы мен жаңашылдығы;

  3. әдеби эссе;

  4. әдеби сын.

9. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну; әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы мәселелермен байланыстыру; шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу;
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау; шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы; шығармадағы автор стилі мен көркемдегіш құралдардың қызметін ашу;көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс жазу; әлем және ұйғыр әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту;
3) бағалау және салыстыру: шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау; көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру;шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.
10. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1)Й. Мухлисовтің «Садир палван» романы;
2)Т. Тохтәмовтің «Назугум» романы;
3)Д. Ясиннің «Гүлмәт бовай монологи» балладасы;
4)Һ. Абдуллиннің «Жутдашлар» романы, «Көчкән юлтуз» повесті, «Улуқ язғучи билән учришиш» әңгімесі;
5)А. Ғәниевтің «Бир дәқиқә һәм мәңгүлүк» батырлар қиссассы;
6)С. Мәмәтқуловтің «Яғач нан», «Мәрәмханович» өлеңдері;
7)М. Обулқасимовтің (Алмасбәк) «Қазағим-қандаш елим, қериндишим!» өлеңі;
8)Ж. Розахуновтің «Достлуқ риштилири», «Чайқалмисун чаңириғи өйүңниң» өлеңдері;
9)И. Һошуровтің «Мәйрәм мубарәк» өлеңі;
10)М.Зулпиқаровтің «Янартағ» романы;
11) С. Искәндәровтің «Зулмәттә йориған юлтуз» поэмасы.
11. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру:әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну; әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету; көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану; шығармадағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу;
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау; автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау; шығармадағы көркемдегіш құралдардың образ жасаудағы орны; көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс жазу; ұйғыр әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау;
3) бағалау және салыстыру: шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау; көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға беру; шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын жазу.
12. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:

    1. Һ.Абдуллиннің «Турпан тәвәсидә» және «Тәғдир» романдары.

    2. Т. Тохтәмовтің «Сәргәрдан» романы

    3. А. Дөләтовтің «Хошлишиш алдидики ой» өлеңі

    4. Й. Илиястың «Еғир тиниқлар» романы

    5. Н. Абдусемәтовтің «Назугум» хикаясы

    6. М. Обулқасимовтің (Алмасбәк) «Сән кимниң әвлади, ойлан бурадәр!»

    7. З. Сәмәдийдің «Жиллар сири» романы

    8. М. Һетахуновтің «Әлвида яз» романы

    9. Ә. Һашировтің «Нур ана» повесті

    10. Р. Розиевтің «Сениңдин алдим» өлеңі

    11. И. Жәлиловтің «Ғулжа ямғури», «Тәбиәт жиғиси» өлеңдері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   294




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет