Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер



бет162/294
Дата06.03.2024
өлшемі2.8 Mb.
#494503
түріБағдарламасы
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   294
65 - 132 › AK H0

Көрсетілім: «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу»;

24. «Химия» оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны


1) «Ароматты қосылыстар қатары». Бензол молекуласының құрылысы, бензол және оның гомологтарын алу, бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттері;
№ 1 зертханалық тәжірибе: «Бензол молекуласының моделін құрастыру»;
2) «Карбонилді қосылыстар». Карбонильді қосылыстардың құрылысы және номенклатурасы, альдегидтер мен кетондардың алынуы, карбон қышқылдарының қасиеттері, этерификация реакциясы, күрделі эфирлер және сабын;
№2 зертханалық тәжірибе: «Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу»;
3) «Аминдер және аминқышқылдары». Аминдердің жіктелуі және номенклатурасы, аминдердің физикалық, химиялық қасиеттері және алынуы, аминқышқылдарының құрамы, құрылысы, биологиялық рөлі, аминқышқылдардың физикалық және химиялық қасиеттері; № 3 зертханалық тәжірибе: «Аммиак және аминдер молекуласының модельдерін құрастыру»; пептидтік байланыс; нәруыздың түзілуі;
№ 4 зертханалық тәжірибе: «Аминқышқылы молекуласының модельдерін құрастыру және ассиметриялы көміртек атомын анықтау»;
№ 5 зертханалық тәжірибе: «Аминқышқылдар қасиеттері»;
4) «Тірі ағза химиясы». Көмірсулардың жіктелуі және олардың құрылысы, көмірсулардың қасиеттері және қолданылуы, нәруыздар, нәруыз молекулаларының құрылымы, полипептидтер құрылымын анықтау, ферменттер ролі және қолданылуы, ДНҚ құрылымы, ATФ және энергия, биологиялық маңызды металдар, қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы, ауыр металдардың нәруыздарға әсері;
№ 6 зертханалық тәжірибе: «Альдегидоспирт ретінде глюкозаның химиялық қасиеттері. Крахмалға сапалық реакция»;
№ 1 практикалық жұмыс: «Денатурация және нәруыздардың түсті реакциялары»;
№ 7 зертханалық тәжірибе: «ДНҚ моделін жасау»;
5) «Синтетикалық полимерлер». Жоғары молекулалы қосылыстар, полимерлену реакциясы, поликонденсация реакциялары, полиамидтер мен полиэфирлер, пластиктердің қолданылуы және қоршаған ортаға әсері;
№ 8 зертханалық тәжірибе: «Полимерлер және олардың қасиеттері»;
№ 2 практикалық жұмыс: «Пластмассаларды және талшықтарды тану»;
6) «Органикалық синтез». Органикалық қосылыстардағы негізгі функционалдық топтар, органикалық заттардың генетикалық байланысы;
7) «14-топ элементтері». 14 (ІV)-топ элементтері қасиеттерінің өзгеруі;
14 (ІV) топ элементтері және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері, 14 (ІV)-топ элементтері оксидтерінің қасиеттері, жай заттардың табиғатта таралу түрлері және алыну әдістері;
8) «Азот және күкірт». Азот молекуласы құрылысының ерекшеліктері мен қасиеттері, аммиак және аммоний тұздары, аммиакты өнеркәсіпте алу, азотты тыңайтқыштардың өнеркәсіптік алынуы, азот оксидтері және нитраттарының қоршаған ортаға экологиялық әсері, күкірттісутек және сульфидтер, күкірт оксидтері, күкірт диоксидінің қоршаған ортаға әсері және қолданылуы; күкірт қышқылын алудың жанасу әдісі;
Көрсетілім 1: «Күкірт және азот қышқылдарының тотықтырғыш қасиеттері»;
9) «Қышқыл және негіз ерітінділері». Қышқыл және негіздер теориясы, судың иондық көбейтіндісі, сутектік көрсеткіш, қышқыл және негіздер күші, буферлі ерітінділер;
10) «Металдар өндірісі». Металдар және құймаларды алу, электролизді өнеркәсіпте қолдану, химиялық өндірістің ғылыми принциптері, металл өндірісі кезіндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары;
11) «Ауыспалы металдар» Ауыспалы металдардың жалпы сипаттамасы; кешенді қосылыстар; ауыспалы металдардың биологиялық ролі;
12) «Жаңа заттарды және материалдарды өндіру». Жаңа материалдарды әзірлеу және құру, физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстар, дәрілік препараттарды синтездеу және өндіру, нанотехнология, нанокөміртекті бөлшектердің құрылымы, жаңа полимерлерді алу, жаңа материалдардың практикалық мәні;
13) «Жасыл химия». «Жасыл химияның» 12 принципі. Атмосфера, гидросфера, литосфераның ластануы. Жердің озон қабатының бұзылуы, Ғаламдық жылыну.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   294




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет