22
6 сурет. Жаңа сұраныс терезесі
1. ДҚ терезесін ашып, Сұраныстар — Құру командасын беру.
"Жаңа сұраныс" терезесі көрінеді (6 сурет).
2. Терезеден "Қарапайым сұраныс" қатарын екі рет шерту.
Бірінші қадам терезесі көрінеді.
3. Терезеден кестелерді және олардан қажетті өрістерді
тандап, "Таңдалған өрістер" бөліміне көшіру.
4. Екінші қадам терезесінде "Толық (Әр жазу үшін өрістерді
толық шығару)" ауыстырып қосқышы орнатылған, оны осы күйде
қалдырып, келесі терезеге өту.
5. Соңғы терезеде сұранысқа атау енгізіп, "Сұраныстың
орындалу нәтижелерін ашу" ауыстырып қосқышын орнату.
Экранда бірінші қадам терезесінде таңдалған жазу өрістерінен
тұратын сұраныс терезесі көрінеді. Оны жабу жеткілікті.
Сұраныстар конструкторы
Конструктор — күрделі шарттарды қанағаттандыратын
сұраныс құруға арналған арнайы терезесі бар негізгі құрал.
Конструктор режимімен жұмыс технологиясы:
1. "Жаңа сұраныс" терезесін ашып (9 сурет), Конструктор
қатарын екі рет шерту не қатарды тандап, ОК батырмасын шерту.
Сұраныстар конструкторы терезесі және оған қосымша "Кестені
қосу" сұхбаттық терезесі көрінеді Конструктор режимі терезесі
Фильтр терезесіне үқсас, бірақ одан күрделі, оны әдетте Іріктеу
бойынша сұраныс не Сұраныс бланкісі деп те атайды.
2. "Кесте қосу" терезесінің "Кестелер" қондырмасын ашу.
Деректер қорының кестелер тізімі көрінеді.
3. Тізімнен кестені не кестелерді тандап, "Қосу" батырмасын
23
шерту. Тандалған кестенің Өрістер тізімі терезесі сұраныс
бланкісінің жоғарғы бөліміне орнатылып қойылады.
Негізгі әдебиеттер [1; 4; 5].
Қосымша әдебиеттер [2; 3; 4; 5].
Достарыңызбен бөлісу: