16
Қосымша әдебиет: [9-15]
Тақырып 7. Лекция тақырыбы. Кестелермен жұмыс
істеу. Кестелер арасындағы байланысты орнату
Кестені қолдан құру. Кестені сақтау
Кесте — деректер қорының негізгі объектісі. Кесте құру
үшін ДҚ терезесін ашып, Кестелер — Құру командасын беру
керек (Кестелер қондырмасын, одан әрі Құру батырмасын
шерту). Жаңа кесте сұхбаттық терезесі көрінеді (2 сурет). Онда
кесте құрудың үш режимі бар:
Кесте режимі (кестені қолдан құру).
Кестелер шебері (кестені автоматты түрде құру).
Конструктор.
2 сурет. Жаңа кесте терезесі
Кестені қолдан құру технологиясы:
1. "Жаңа кесте" терезесінен "Кесте режимі" қатарын таңдап,
ОК батырмасын шерту (режим қатарын екі рет шертуге де
болады). 3 суретте кескінделген "Кесте1" атаулы бос терезе
көрінеді.
2. Ретімен оның Өріс1, Өріс2,... тақырыптарын екі реттен
шертіп, олардың орнына құрылатын кестенің өріс тақырыптарын
(атауларын) енгізу.
3. Ұяшықтарға жазу элементтерін (өріс мәндерін) енгізу.
Мысалы, кесте элементтерінің енгізілген түрі 5-суретте
17
көрсетілген. Ұяшыққа ендірілген элемент оған сыймаса, оны
ескерудің қажеті жоқ. Көрінісін көргіңіз келсе, көрсеткішті өріс
тақырыбының шетіне әкеліп, баған сызығын әдеттегідей әрі-бері
жылжытуға болады.
3 сурет. Кесте режимінде ашылған кесте құрылымы.
4. Терезенің Жабу батырмасын шертіп, терезені жабу.
Access кесте құрылымын сақтау сұралатын сұхбаттық терезе
шығарады. Оның Иә батырмасын шерту.
5. Кесте атауы сұралатын сұхбаттық терезе керінеді. Ассеss-
тің уақытша тағайындаған атауын өзгерткіңіз келсе, жаңа атау
енгізіп, ОК батырмасын шерту.
6. Кілттік өріс құру сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді (4
сурет). Егер Иә батырмасын шертсеңіз, Access автоматты түрде
кестеге Код атаулы есептегіш өрісті қосып қояды. Бұл өpic
келешекте қажет болмаса, Жоқ батырмасын шерту (өрісті қолдан
кілттік ету тәсілі төменде көрсетілген).
Құрылған кесте ДҚ-ның Кестелер бөліміне жазылып
қойылады. Дайындалған кесте мазмұнын көріп шығу үшін ДҚ
терезесінің Кестелер қондырмасын ашып, кесте атауын, одан әрі
Ашу батырмасын шертсе болғаны.
Access кесте өрістері типтерін оларға енгізілген мәндер
бойынша автоматты түрде анықтап қояды. Бірақ кейде өріске
енгізілген бүтін сандық деректер типін мәтіндік деп белгілейді,
т.б. Кесте құрылымын өзгергу қажет болса, "Конструктор"
режимін пайдалану керек.
Конструктор режимі. Өрісті кілттік ету. Өріс қасиеттері
18
Кесте конструкторын түрлі әрекеттер үшін пайдалануға
болады:
өріс атауын өзгерту; өріс типін өзгерту;
өріс өлшемі мен форматын қайта орнату;
жаңа өріс қосу; өрісті кілттік ету;
жаңа кесте құру; өрісті индекстік ету және т.б.
Конструктор терезесін ашу үшін ДҚ терезесінің Кестелер
қондырмасынан кесте атауын таңдап, Конструктор батырмасын
шерту керек.
Кестенің өріс типін өзгерту үшін осы терезенің "Деректер
типі" бағанынан өріс қатарында орналасқан ұяшықты тандау
керек. Оның оң жағында тілсызық батырмасы пайда болады. Оны
шертіп, ашылған тізімнен (4-сурет) қажетті типті таңдаса
болғаны.
4 сурет. Өріс типтері тізімі
Өрісті кілттік ету үшін көрсеткішті атауының үстіне әкеліп,
тышқанның оң батырмасын шерту керек. Көрінген жанама
мәзірден Кілттік өріс қатарын шерту жеткілікті (не аспаптар
панелінің Кілттік өріс батырмасын шертуге болады). Кілттік
етілген өріс атауының сол жағына (шеттік бағанға) кілт белгісі
орнатылып қойылады.
Негізгі әдебиеттер [2; 4; 5].
Қосымша әдебиеттер [2; 3; 4; 6].
Достарыңызбен бөлісу: