Оқу бағдарламасы (syllabus)


Тақырып 2.  ДҚ проектілеу кезеңдері. Берілгендердің



Pdf көрінісі
бет4/40
Дата03.01.2022
өлшемі0.63 Mb.
#451972
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Дк

         Тақырып 2.  ДҚ проектілеу кезеңдері. Берілгендердің 

реляциялық моделі 

 

Деректер қорын проектілеу процессі 3 кезеңнен тұрады: 



-  берілгендердің инфологиялық моделін құру 

-  деректер  қорының  концептуалдық  моделін  құру.  ДҚБЖ 

таңдау 

-  деректер қорының физикалық моделін құру 

Берілгендер  моделі  –  берілгендерге  қолдануға  мүмкін 

болатын операциялардың құрылымын анықтайтын ережелер. 

Инфологиялық  модель  пән  облысын  ақпараттық  деңгейде 

сипаттайды. Объектілерді және олардың арасындағы байланысты 

талдау  нәтижесінде  пән  облысы  объектілерінің  тізімі  олардың 

қасиеттері немесе атрибуттары, тізімі, пән облысының құрылымы 

диаграмма  түрінде  құрылады.  Әрбір  атрибут  үшін  пән 

облысының  қасиетттерімен  анықтайтын  мүмкін  болатын 

мәндеріне 

шектеулер 

көрсетіледі. 

Мұндай 


шектеулер 

берілгендердің  бүтіндік  шектеулері  деп  аталады.  Инфологиялық 

модель  жеке  қолданудың  талаптарын  біріктіреді  және  олардың 

арасындағы қатынас құралы болып табылады. 

Концептуалдық  модель  пән  облысының  объектілерін  және 

байланыстарды формальді деңгейде сипаттайды. 

Деректер  қорын  құру  процесінде  модельдің  тілі  таңдалады 

және  элементтері  анықталады.  Әрбір  ДҚБЖ  тек  бір  модельді 

қолданады. Берілгендер моделін және ДҚБЖ-ны таңдау бір-біріне 

байланысты. 

Физикалық  модель  компьютерде  берілгендерді  орналастыру 

тәсілін  анықтайды.  Берілгендерге  қатынасу  әдісін  және 

индексациялау  тәсілдерін  ескереді.  Қазіргі  заманға  қолайлы 

программалық  құралдарда  ұйымдастырудың  бұл  деңгейі 




11 

 

автоматты түрде жүргізіледі. 



Сонымен  деректер  қорын  проектінің  негізгі  есебі  пән 

облысының  инфологиялық  деңгейін  және  концептуалдық 

деректер қорын құру болады. 

 

Негізгі әдебиеттер [2; 4; 5].  



Қосымша әдебиеттер [6; 7; 8]. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет