Емтихан жұмысы
|
2 сағат
|
Емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады.
1-бөлім
Білім алушылар 4 бір және бірнеше таңдауы бар, сондай-ақ сәйкестендіру тапсырмаларын орындайды.
Тапсырмалар балл қою кестесіне сәйкес бағаланады. Жалпы балл саны – 12 балл.
|
2-бөлім
Білім алушылар толық жауапты талап ететін 4 тапсырманы орындайды. Білім алушылар шығармадан алынған үзіндіге (эпизодқа) негізделген үш тапсырмаға жауап береді. Төртінші тапсырма 150-170 сөзден тұратын эссе жазуды қамтиды.
Оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасымен оқитын білім алушылар берілген тақырып бойынша 120-150 сөзден тұратын эссе жазады.
Тапсырмалар балл қою кестесіне сәйкес бағаланады. Жалпы барлық балл саны – 18 балл.
|
Максималды балл
|
30 балл
|
Бағалау міндеттері
1-БМ
|
Білу және түсіну
Білім алушы:
әртүрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын білуі;
өлең немесе прозалық мәтіндердің фрагменттерін; шығармалардан дәйексөздерді білуі;
шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын, автордың көзқарасын, ашық және астарлы айтылған мағыналарды түсінуі тиіс.
|
2-БМ
|
Қолдану және жоғары деңгей дағдылары
Білім алушы:
оқығанына өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдауы;
әртүрлі жанрда бейнеленген шығармаларды, шығарма композициясының сюжеттік, тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс- әрекетін және амалдарын талдауы;
жазбаша мәтіндерді құрастыру үшін алған білімін, білігін және дағдыларын жинақтауы;
оқылған шығарманың идеялық-көркемдік, композициялық, стильдік тұтастығы, тілдік ресімделуі тұрғысынан көркем мәтінге сыни баға беруі тиіс.
|
Достарыңызбен бөлісу: |