«Жоқтан өзгеге, ұзын құлаққа, ырым-жырымға, ескі әдетке оп-оңай нана қоймайтын, естіген білгенінің бәрін ақылына салып, сынататын, сонсоң барып асықпай қорытынды шығыратын оқушыны қалыптастыру маңызды» (Ж. Аймауытұлы). - Оқытуды оқушыға бағыттаңыз, олардың өзін оқушы ретінде сезініп, оқуға деген құлшынысын арттыруға жағдай жасаңыз.
- Оқытудың әлеуметтік сипатын түсініп, оқушылардың бірлесіп білім алуын қамтамасыз етіңіз.
- Оқушылардың ішкі уәжі мен эмоциясына мән беріп, дамытыңыз.
- Әр баланың жеке ерекшелігін ескеріп, оқушылардың барлығын бір өлшемге салудан алыс болыңыз.
- Оқушыларды жалықтырмай, барлық оқушыларды оқу үдерісіне тартыңыз.
- Оқу мақсаттарына сәйкес бағалауды қолданыңыз, кері байланысты тиімді пайдаланыңыз.
- Білім салалары мен оқу орталарының және жұртшылықпен арадағы байланыстың болуына қолдау көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |