ӨҚУ Әдестемелік кешені ҚР Қәсіпкерлік құқығы семей-2013ж


Дәріс 3. Азаматтар - азаматтық құқық субъектісі ретінде



бет2/5
Дата17.07.2016
өлшемі313 Kb.
#205467
1   2   3   4   5

Дәріс 3. Азаматтар - азаматтық құқық субъектісі ретінде

3.1.Азаматтық құқық қабілеттілік

3.2.Азаматтық әрекет қабілеттілік

3.3.Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және өлді деп жариялаудың тәртібі, шарттары және құқықтық жағдайы



3.1.Азаматтық құқық қабілеттілік

Жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жатады. Азаматтық құқық қабілеттілік дегеніміз - азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті; барлық адамдарға бірдей деп танылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады. Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлегрге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген


мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруға талап етуге құқығы болады.

Азамат өз фамилиясы мен есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерген ие болып, оларды жүзеге асырады. Азаматтың туған кезде берілген есімі, сондай-ақ есімін өзгерту азаматтық хал актілерін тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіп бойынша тіркелуге тиіс. Азамат өз есімін заң құжаттарында белгілеген тәртіп бойынша өзгертуге құқылы. Есімін өзгерту, оның бұрынғы есімін, жасырып немесе бүркеншік атпен алған құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға немесе өзгертуге негіз бола алмайды. Азамат өзінің борышқорлары мен несие берушілеріне өз есімін өзгерткені туралы хабарлау үшін қажетті шаралар қолдануға міндетті және бұл адамдарда оның есімі өзгертілгендігі туралы мәліметтер болмайынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етеді. Есімін өзгерткен азамат өзінің бұрынғы есіміне ресімделген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілуін талап етуге құқылы. Азамат өз есімі оның келісімінсіз пайдаланылғанда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы. Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады.



3.2.Азаматтық әрекет қабілеттілік

Азаматтық әрекет қабілеттілік дегеніміз - азаматтың өз әрекеттерімен құқықтарға ие болу және оны жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі; он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.Заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады, ешкімнің құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелекте толмағандар өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге,сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасасуға құқылы. Он төрт жасқа дейінгі кәмелекте толмағандар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.


Кәмелетке толмағандар банкілерге салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге құқылы. Он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың атына басқа біреудің салған салымдарына олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері билік етеді, ал он төрт жасқа толған кәмелетке толмағандар өздерінің атына басқа біреу салған салымдарға өз бетінше билік етеді.

Жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді. Әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған азаматтың атынан мәмілелерді оның қорғаншысы жасайды, ал әрекет қабілеттілігі жоқ адам сауығып кеткен немесе денсаулығы едәуір жақсарған жағдайда,сот оны әрект қабілеттілігі бер деп таниды, одан қорғаншылық алынады. Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билікетуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады. Азамат спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға және нашақорлыққа салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады.



3.3.Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және өлді деп жариялаудың тәртібі, шарттары және құқықтық жағдайы

Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тануы мүмкін. Хабар-ошарсыз кеткен азамат туралы соңғы деректер алынған күнді анықтау мүмкін болмаған жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейінгі айдың бірінші күні, ал бұл айды анықтау мүмкін болмаған жағдайда келесі жылғы бірінші қаңтар хабар-ошарсыз кетудің басталған күні деп есептеледі. Хабар-ошарсыз кетті деп танылған адамның мүлкіне сот шешімінің негізінде қорғаншылық белгіленеді. Осы мүліктен хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға міндетті адамдарды асырауға қаражат беріледі және хабар-ошарсыз кеткен адамның салықтар мен басқа да міндеттемелер бойынша берешегі өтеледі. Хабар-ошарсыз кетті деп танылған адам келген немесе оның тұрған жері белгілі болған жағдайда сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы және оның мүлкіне қорғаншылық белгілеу туралы шешімнің күшін жояды.


Егер азамат тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны өлді деп жариялауы мүмкін. Соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметші немесе өзге де адам соғыс қимылдары аяқталғаннан күннен бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін өлді деп жариялануы мүмкін. Өлді деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күн өлді деп жарияланған адамның өлген күні деп есептеледі.

Олім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адам өлді деп жарияланған реттерде сот бұл адамның шамамен қаза тапқан күнін оның өлген күні деп тануы мүмкін. Адамды өлді деп жариялау туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде азаматтық хал актілерін жазу кітаптарына оның өлгені туралы жазба жасалады. Өлді деп жарияланған адам тірі оралған немесе оның тұрған жері белгілі болған жағдайда сот тиісті шешімнің күшін жояды. Азамат өзінің қай уақытта оралғанына қарамастан, кез келген адамнан азамат өлді деп жарияланғаннан кейін сол адамға тегін көшіп, сақталып қалған мүлкін қайтарып беруді талап ете алады. Егер өлді деп жарияланған адамның мүлкін оның заңды мұрагері үшінші бір адамдарға беріп, олар мүліктің сатып алу бағасын адам тірі оралған кезге дейін толық төлемеген болса, төленбеген соманы талап ету құқығы тірі оралған адамға көшеді. Өлді деп жарияланған азаматтың мүлкі ақысы төленетін мәміле бойынша өзіне көшкен адамдар оған бұл мүлікті қайтаруға, ал оларда мүлік жоқ болған жағдайда, егер мүлікті алған кезде олар өлді деп жарияланған азаматтың тірі екендігін білгені дәлелденсе, мүліктің құнын өтеуге міндетті. Мүлікті иеліктен шығарушы адам өлді деп жарияланған адамның мүлікті иеліктен шығару кезінде тірі екендігін білген болса, мүлікті қайтарып беру немесе оның құнын өтеу міндетін мүлікті алушымен бірге мойнына алады. Егер өлді деп жарияланған адамның мүлкі мұрагерлік құқықы бойынша мемлекетке өтіп, сатылып кеткен болса, адамды өлді деп жариялау туралы шешімнің күші жойылғаннан кейін оған мүліктің құн төленетін күнгі нарықтық бағасы ескеріле отырып, оны сатудан түскен сома қайтарылады.

Дәріс 4. Заңды тұлғалар

4.1.Заңды тұлғалардың түсінігі мен белгілері

4.2.Заңды тұлғаның пайда болуы мен тоқтатылуы

4.3.Заңды тұлғаның түрлері



4.1.Заңды тұлғалардың түсінігі мен белгілері

Заңды тұлға дегеніміз - меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы, өз атауы жазылған мөрі болады. Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетін аттарды, егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімдеріне сәйкескелмесе не қатысушылар бұо адамдардың есімін пайдалануға олардан рұқсат алмаса, олардың есімін пайдалануға жол берілмейді.

Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы оның тұрған жері болып танылады. Заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетіледі. Үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста заңды тұлға өзінің нақты мекен-жайының бірыңғай мемлекеттңк тізілімге енгізілген мекен-жайына да, нақты мекен-жайына да почталық және өзге де хат-хабарлар жіберуге құқылы. Заңды тұлғаның бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті меншіктенушілер не олар уәкілдік берген органдар немесе жақтар, ал заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде өзге де заңды тұлғалар заңды тұлғаның құрылтайшылары бола алады. Бұл орайда, мүлікті шарушылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары: 1) құрылтай шарты; 2) заңды тұлғаның жарғысы. Құрылтай шарты - құрылтайшылардың заңды тұлғаны құруға міндеттенуін, оны құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін, оның меншігіне өз мүлкін беру және оның қызметіне қатысу ережелерін белгілейтін құжат. Заңды тұлғаның жарғысы - заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты орны, органдарын құру тәртібі және олардың құзіреті, оның қызметін қайта құру мен тоқтату ережелері белгіленген құжат. Заңды тұлғаның филиалы - заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі. Заңды тұлғаның өкілдігі - заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын, оның атынан мәмілелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі.



4.2.Заңды тұлғаның пайда болуы мен тоқтатылуы

Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқталыдалы. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласындағы заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз жеп танылған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Мемлекеттік тіркеу деректері, соның ішінде коммерциялық ұйымдар үшін

фирмалық атауы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік регистріне енгізіледі. Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері заң құжаттарында белгіленген тәртіппен тіркеледі. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің атауы өзгерген жағдайда қайта тіркелуге жатады. Заңды тұлға құрудің заңда белгіленген тәртібін бұзу немесе оның құрылтай құжаттарының заңға сәйкес келмеуі заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден бас тартуға әкеліп соқтырады.

Заңды тұлға құрудың тиімсіздігін желеу етіп тіркеуден бас тартуға жол берілмейді. Мемлекеттік тіркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тіркеуден жалтарғаны үшін сотқа шағым берілуі мүмкін. Заңды тұлға мынадай жағдайдарда құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер заңды тұлға қайта тіркелмейінше жарамсыз болып табылады:

- акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған жарғылық капиталының мөлшері өзгергенде;

- атауы өзгергенде;

- шарушылық серіктестіктеріндегі және акционерлік қоғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгергенде. Құрылтай құжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретте заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзімде хабардар етеді. Заңды тұлғаны қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту) оның меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкілдік берілген органның шешімі бойынша, не заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі. Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Қайта құрылған заңды тұлғаның мүліктік құқытары мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қосылған немесе біріктірілген кезде – өткізу актісіне сәйкес, бөлінген және бөліп шығарылған жағдайда – бөлу балансына сәйкес ауысады. Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органының шешімі бойынша заңды тұлға кез келген негіз бойынша таратылуы мүмкін. Соттың шешімі бойынша заңды тұлға:

- банкрот болғанда;

- заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетіге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылғанда;

- заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылғанда;

- тиісті рұқсат (лицензия) алынбаған қызметті, не заң құжаттарында тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайдарда, соның ішінде заңда белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы туралы декларация немесе оңайлатылған декларация табыс етпеген, заңды тұлғаның кредиторлары, заңды тұлға орналасқан жері бойынша немесе нақты мекен-жайы бойынша болмаған, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар және лауазымды адамдар болмағанда таратылу мүмкін.

Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлға туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына дереу жазбаша түрде хабарлауға міндетті, және тарату комиссиясын құрады және тарату тәртібі мен мерзімін белгілейді.Тарату комиссиясы құрылған кезден бастап заңды тұлғаның мүлкін және істерін басқару жөнінде өкілеттік соған ауысады. Тарату комиссиясы сотта таратылатын заңды тұлға атынан ірекет етеді. Тарату комиссиясы заңды тұлғаны тарату туралы, сондай-ақ онйы несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпаратты орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында жариялайды. Талаптарды мәлімдеу мерзімі тарату туралы жарияланған кезден бастап ек айдан кем бола алмайды. Тарату комиссиясы неисе берушілерді анықтау мен қарыздарын лау үшін шаралар қолданады, сондай-ақ несие берушілерге заңды тұлғаның таратылғандығы туралы жазбаша хабарлайды. Несие берушілер талаптарын қоюға арналған мерзім аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы аралық тарату балансын жасайды. Онда таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамы, несие берушілер қойған талаптар тізбесі, сондай-ақ оларды қарау нәтижелері туралы мәліметтер болады. Аралық тарату балансын заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаның тарату жөнінде шешім қабылдаған орган бекітеді. Егер таратылатын заңды тұлғаның ақшасы несие берушілердің талабын қанағаттандыру үшін үшін жеткіліксіз болса, тарату комиссиясы заңды тұлғаның мүлкін сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіп бойынша жария шарт сатуды жүзеге асырады. Несие берушілермен есеп айырысу біткеннен кейін тарату комиссиясы тарату балансын жасайды. Оны заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган бекітеді. Несие берушілердің татаптары қанағаттандырылғаннан кейінқалған мүлік құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға жұмсалады. Заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне тиісті жазба жасалғаннанн кейін заңды тұлғаның таратылуы аяқталады, ал заңды тұлғаынң өмір сүруі тоқтатылады деп есептеледі. Банкроттық – борышкердің соттың шешімімен танылған оны тартауға негіз болып табылатын дәрменсіздігі. Банкроттық ерікті немесе мәжбүр ету тәртібімен танылуы мүмкін. Банкроттықты ерікті түрде тану борышкердің сотқа берген өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Мәжбүр ету тәртібімен банкрот деп тану несие берушінің, ал заң актілерінде көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтініш беруі негізінде жүзеге асырылады. Заңды тұлғаны соттың банкрот деп тануы оның таратылуына әкеліп соқтырады. Банкрот кәсіпорын мемлекеттік тіркеу регистрінен шығарылған кезден бастап оның қызметі тоқтатылды деп есептетелді.

4.3.Заңды тұлғаның түрлері

Заңды тұлғалар өз қызметінің мақсатына қарай екіге бөлінеді:

1) коммерциялық ұйым - өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді не мұндай мақсат ретінде келтіре алмайтын немесе алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шарушылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.

2) коммерциялық емес ұйым - өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды мақсат етпейтін, кәсіпкерлік қызметпен тек өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне ғана айналысатын ұйым. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұла мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлің қоғамдар, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге нысандарда құрылуы мүмкін.



Дәріс 5.Азаматтық құқық объектілері

5.1. Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі мен түрлері

5.2. Мүліктің құқықтық жағдайы

5.3. Бағалы қағаздар

5.4. Мүліктік емес өзіндік құқықтар

5.1Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі мен түрлері

Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектісі болып табылады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке): заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары және т.б. Мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық және т.б. Азаматтық құқық объектісі айналымнан алынып тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бір адамнана екінші адамға әмбебап құқықты мирасқорлық (мұрагерлік ету, заңды тұлғаны қайта құру) тәртібімен не өзге де әдіспен еркін беріледі және ауысады. Берілуге рұқста етілмейтін заттардың түрлері (айналымнана алынып тасталған заттар) заң құжаттарында тікелей көрсетілуге тиіс.


Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар заң құжаттарында белгіленген реттеді қоспағанда, басқа әдіспен берілмейді жжәне ауыспайды.

5.2.Мүліктің құқықтық жағдайы

Мүліктер қозғалмайтын және қозғалатын болып бөлінеді.Қозғалмайтын (жылжымайтын) мүлікке жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін емес болмайтын мүлік жатады.

Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе жіне теңіз кемелері, ішкі сауда жүзу кемесі, «өзен-теңіз» жүзу кемесі, ғарыштық объектілер де қозғалмайтын заттарға теңестіріледі. Заңнама бойынша қозғалмайтын заттарғ аөзге мүліктерді де жатқызуға болады. Қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлік деп танылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлікке құқықтарды тіркеу талап етілмейді. Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс. Меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, бір жылдан астам мерзімге жер пайдалану құқығы, бір жылдан астам мерзімге пайдалану құқығы, жылжымайтын мүлікті кепілге беру, жылжымайтын мүлікке рента, сенім білдіру арқылы басқару құқығы мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап пайда болады.Қозғалмайтын мүлікке құқықты дәне онымен жасалатын мәмілені мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруышы орган құқық иеленушінің өтініші бойынша тіркелген құқық немесе мәміле туралы құжат беру арқылы не тіркеу үшін табыс етілген құжатқа жазба жасау арқылы тіркеуден өткендігін растауға міндетті. Қозғалмайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалған мәмілені мемлекеттік тіркеу жария түрде өтеді. Тіркеуді жүзеге асырушы орган жасалған тіркеу мен тіркелген құқытар туралы ақпаратты кез келген адамға беруге міндетті. Қозғалмайтын мүлікке құқықты немесе онымен жасалатын мәмілені мемлекеттік тіркеуден бас тартқан негізсіз жалтарған жағдайда сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Мүлік бөлінетін және бөлінбейтін болуы да мүмкін.

Бөлінетін мүлік дегеніміз – бөлу нітижесінде бөліктері өз мақсатын (міндетін) жоғалтпайтын мүлік. Бөлінбейтін мүлік дегеніміз - өзінің шаруашылық мақсатын (міндетін) өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң құжатына ұйғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлік. Күрделі зат дегеніміз - әртекті зат оны бірігу мәні белгілейтін мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін бүтін бір затты құрайтын зат. Азаматтық заң актілерінде белгіленген реттер мен тәртіп бойынша азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметінің өнімдеріне
(фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі т.б.) ерекше интеллектуалдық меншік құқығы танылады. Қазақстан Республикасы ақша бөлінісі теңге болып табылады. Теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті заңды төлем құралы болып табылады. Қазақстан Рнеспубликасы аумағында төлемдер қолма қол төлеп және қолма қол төлемей есеп айырысу түрінде жүзеге асырылады.

Казақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың реттері, тәртібі мен шарттары заңнамаларда белгіленеді. Валюталық қазыналар деп танылатын мүлік түрлері және олар арқылы мәмілелер жасау тәртібі заң құжаттарында белгіленеді.



5.3.Бағалы қағаздар

Бағалы қағаз – белгіленген нысан мен реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат. Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру және беру үшін арнайы (жай немесе компьютерленген) реестрде бекітілген, сондай-ақ қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсіпқой қатысушылардың жауап беретін адам-эмитенттің айғағы жеткілікті. Бағалы қағаздарға: облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылатын басқа да құжаттар жатады. Бағалы қағаздар ұсынбалы, ордерлік және атаулы болуы мүмкін. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады. Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушаға тиесілі болады. Ордерлік бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады. Бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша белгілеленді. Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады. Ұсынушыға бағалы қағазбен куәландырылған құқықты басқа адамға беру үшін бағалы қағазды сол адамға тапсыру жеткілікті. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар талапты (цессияны) жеңілдету үшін белгіленген тәртіп бойынша беріледі. Атаулы бағалы қағаз бойынша құқықтарды басқа адамға берген кезде берілетін қағаз жойылады, ал оның иесіне басқа бағалы қағаз беріледі. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағазға берілген жазу - индоссамент арқылы беріледі. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқық беруші адам (индоссант) құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады. Бағалы қағазға жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға – (индоссантқа) немесе соның бұйрығына ауыстырады.


Индоссамент бланкілік болуы мүмкін. Бағалы қағазды берген адам және оны индоссиялаған барлық адамдар оның заңды иесінің алдында бірге жауап береді.

Бағалы қағаздың заңды иесінің сондай қағазбен куәландырылған міндеттемесін бағалы қағаз бойынша міндеттенгендердің арасынан бір немесе бірнеше адамның орындауы туралы талабын қанағаттандырған ретте олар бағалы қағаз бойынша өздерінен бұрын міндеттенген өзге адамдарға кері талап қою (регресс) құқығына ие болады.

Міндеттеменің негізі болмауын не оның жарамсыздығын сылтауратып бағалы қағазбен куәландырылған міндеттемені орындаудан бастартуға жол берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет