Дәріс 9. Меншік құқығы, пайда болуы және тоқтатылу негіздері
9.1. Меншік құқығы ұғымы және мазмұны
9.2. Меншік құқығының пайда болуының негізгі тәсілдері
9.3. Меншік құқығының тоқтатылу негіздері
9.4. Меншік құқығын қорғау
Меншік құқығы ұғымы және мазмұны
Меншік дегеніміз - өз материалдық игіліктерді табиғаттың өнімдері мен еңбекті меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады. Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығының мазмұнын меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану және билік ету тәрізді өкілеттіктер құрайды. Иелену құқығы – мүлікті нақты иелену мүмкіндігін заң жағынан толықтай қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік беріп, затты пайдалану үшін маңызды алғы шарт жасайды. Пайдаланудың өкілеттік құқығы дегеніміз – мүлікке оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайдалану осы құқықтың жүзеге асыруы болып табылады. Билік ету құқығы дегеніміз – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік етудің өкілеттігі меншік құқығының объектілеріне қатысты мәмілелер жасауға өкілетті. Билік ету құқығы затқа меншік иесі болып табылмайтын тұлға арқылы да жүзеге асады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады деп жазылған. Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соныішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Меншік құқығының пайда болуының негізгі тәсілдері
Меншік құқығының екі түрі бар: 1) жеке меншік; 2) мемлекеттік меншік.
Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік жеке меншікте болуы мүмкін.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді. Республикалық меншік мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, мелмекеттік меншіктің
Азаматтық заңнамада аталып көрсетілген объектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды. Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заңнамаға сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды. Мемлекеттік меншіктегі мүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі мүмкін. Жекелеген мемлекеттік мекемелердің иелігіндегі мемлекеттік мүліктің құқықтық режимінің ерекшеліктері заң актілерімен белгіленеді. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады. Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке меншік құқығының субъектісі ретіндегі қатынасының белгісі орналастырған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік меншік болып саналады. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтар өздеріне қарасты барлық мүліктің меншік иесі болып табылады. Азаматтардың жеке меншік категориясы жеке дара өзіндік меншік ұғымына сай келеді. Қазақстан Ресепубликасының ұлттық меншігі құқығының қалыптасуы айтарлықтай қиын жағдайда өтті. Қазақ КСР-ның 1990 жылғы 15 желтоқсанда қабылданған меншік туралы Заңында тұңғыш рет меншік құқығының принциптері мен ұғымы бекітіліп, Қазақ КСР-ның жері мен басқа табиғат ресурстарына айрықша меншік жарияланады. Меншіктің қалған басқа түрлері де республиканың меншігі болып танылады. Меншік құқығын азаматтық құқықтың субъектілері әр түрлі негіздері ала алады. Меншік құқығын алудың негіздерінің түпкілікті дәрежеде тізімін жасайды. Меншік құқығын алуды бастапқы және туынды негіздерін шектеу өлшемінен бір жағдайда еркіндік өлшемі ал келесі бір жағдайда құқық қабылдайшылық сай келеді, оның соңғысына ерекше баға беріледі.
Меншік құқығының тоқтатылу негіздері
Меншік құқығы меншік иесі өз мүлкін басқа адамдаға берген, меншік иесі меншік құқығынан бапс тартқан, мүлік қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлікке меншік құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады. Төмендегі реттерді есептемегенде мүлікті меншік иесінен ықтиярсыз алып қоюға жол берілмейді:
- меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүлікке өндіріліп алынған айналымға түскен ретте;
- заңнамаға сәйкес белгілі бір адамға тиесілі бола алмайтын мүлікті ықтиярсыз иеліктен айырған ретте;
- реквизицияланған ретте;
- тәркіленген ретте;
- жер учасксін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айырған ретте;
- күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған ретте және т.б.
Азамат немесе заңды тұлға өзіне тиесілі мүлікке меншік құқығынан бас тарта алады, бұл жөнінде ол жариялайды, не бұл мүлікке қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз өзінің мүлікті иеленуден, пайдаланудан және оған билік етуден шеттейтінін айқын дәлелдейтін басқа да әрекеттер жасайды. Меншік құқығынан бас тарту осы мүлікке басқа тұлға меншік құқығын алған кезге дейін тиісті мүлікке қатысты меншік иесінің құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға әкеліп соқтырмайды. Меншік құқығы тоқтатылғанкезде мүлік оның нарықтық құны негізге алына отырып бағаланады. Меншік иесі адамның заттық құқықтары заңнамада белгіленген ережелер бойынша, сондай-ақ заң құжаттарында, заңды тұлғаның жарғысында немесе меншік иесінің мүлік иесімен жасасқан шартында белгіленген тәртіп бойынша меншік иесінің шешімімен тоқтатылады.
Меншік құқығын қорғау
Меншік иесі меншік құқығын тануды және өзгенің иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы. Егер мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынып, алушы мұны білмесе, және білуге тиіс болмаса (адал алушы), мүлікті меншік иесі немесе меншік иесі мүлікті иеленуге берген адам жоғалтқан, не мұның екеуінен де ұрланған, не олардың иеленуінен бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап теіп алдыруға құқылы. Егер мүлік оны иеліктен айыруға құқығы жоқ адамнан тегін алынса, меншік иесі барлық ретте бұл мүлікті талап етіп алдыруға құқылы. Меншік құқығы, өз құқықтарының бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды талап теуге құқылы. Меншік иесі болмағанымен, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заңнамада немесе шартта көзделген өзге де негізбен мүлікті иеленушінің құқықтары болады. Бұл адамның өз иелігін меншік иесінен де қорғауға құқығы бар. Қазақстан Республикасы меншік құқығын тоқтататын заң құжаттарын қабылдаған ретте, осы құжаттарыды қабылдау нәтижесінде меншік иесіне келтірілген залалдарды меншік иесіне Қазақстан республикасы толықкөлемде өтейді. Мемлекет басқару органының, жергілікті өкілді немесе атқарушы органның, не лауазымды адамның заңдарға сәйкес келмейтін қалыпты немесе жеке қуат шығаруы салдарынан меншік иесінің және басқа адамдардың өзіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі құқықтары бұзылса, мұндай құжат меншік иесінің құқығы бұзылған адамның талап қоюы бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылады.
Нақты іс бойынша сот шешімі шығарған жағдайда мемлекеттік басқару органдарының, жергілікті өкілді немесе атқарушы органның заң құжаттарына қайшы келетін құжаттары қолданылмайды. Аталған құжаттарды шығару салдарынан меншік иесіне келтірілген залал тиісті өкімет немесе басқару органының тиісті бюджет қаражатынан толық көлемінде өтелуге тиіс.
Дәріс 10. Ортақ меншік құқығы
10.1. Ортақ меншік құқығы және пайда болу негіздері
10.2. Ортақ үлестік меншік
10.3. Ортақ бірлескен меншік
Ортақ меншік құқығы және пайда болу негіздері
Ортақ меншік – екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік. Мүлік меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы үлестері белгілене отырып (үлестік меншік) немесе ондай үлестер белгіленбей (бірлескен меншік) ортақ меншікте болуы мүмкін. Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады. Оны өзінің мақсаты өзгертілмейінше бөлуге болмайды. Бөлінетін мүлікке ортақ меншік заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады. Бірлескен меншікке қатысушылардың келісімі бойынша, ал келісімге қол жетпеген жағдайда – сот шешімі бойынша ортақ меншікке осы адамдардың үлесті меншігі белгіленуі мүмкін. Жылжымайтын мүлікке меншік кондоминиум нысаныда пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың бөлек меншігінде болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншікте емес бөліктері ортақ үлестік меншік құқығымен жылжымайтын мүлік бөліктерінің иелеріне тиесілі болады. Әрбір меншік иесінің ортақ мүліктегі үлесі оның жылжымайтын мүліктің өзіне тиесілі бөлігіне бөлек меншігінен ажырағысыз. Әрбір меншік иесінің ортақ мүліктегі үлесінің мөлшері мен оны ұстауға арналған шығындарға қатысу дәрежесі, егер заң актілерінде немесе щартта өзгеше көзделмесе, жылжымайтын мүліктің бөлек меншіктегі бөліктерінің мөлшеріне байланысты болады.
Ортақ үлестік меншік
Ортақ үлестік меншік – меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы үлестері белгіленген ортақ меншік түрі. Үлестік меншікке қатысушылар үлестерінің мөлшері заң құжаттары негізінде анықталуы және оған барлық қатысушылардың келісімімен белгіленуі мүмкін болмаса үлестер тең саналады. Үлесті меншікке барлық қатысушылардың келісімімен олардың әрқайсысының ортақ мүлікті құру мен көбейтуге қосқан салымдарына қарай қатысушылардың үлестерін анықтау мен өзгерту тәртібі белгіленуі мүмкін. Ортақ мүлікті пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтай отырып, оны бөлмей жақсартуды өз есебінен жүзеге асырған үлесті меншік қатысушының ортақ мүлікке құқықтағы өз үлесін тиісінше ұлғайтуға құқығы бар.
Ортақ мүлікті бөліп алып жақсарту, егер үлесті меншікке қатысушылардың келісіміне өзгеше көзделмесе, оны жасаған қатысушының меншігіне түседі. Үлесті меншіктегі мүлікке билік ету оның қатысушыларының келісуімен жүзеге асырылады. Үлесті меншікке әрбір қатысушы өзінің үлесін өз қалауы бойынша сатуға, сыйға тартуға, өсиет етуге, кепілге беруге құқылы.
Үлесті меншіктегі мүлікті иелену және пайдалану оның барлық қатысушыларының келісуімен, ал келісімге келмеген жағдайда – сот белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады. Үлесті меншіктің әрбір қатысышысы ортақ мүліктің өз үлесі мөлшеріне тең бөлігі өзінің иеленуіне және пайдалануына берілуіне құқылы, ал бұл мүмкін болмаған жағдайда - өз үлесіне тиесілі мүлікті иеленетін және пайдаланатын басқа қатысушылардан тиісті ақша сомасын немесе өзге де өтем төлеуді талап етуге құқылы. Үлесті меншіктің әрбір қатысушысы ортақ мүлік бойынша өз үлесіне сәйкес салықтар, алымдар және өзге де төлемдер төлеуге, сондай-ақ оны күтіп ұстау мен сақтауға байланысты шығындарға қатысуға міндетті. Үлесті меншік құқығындағы үлесті бөгде адамдарға сату кезінде сатылатын үлесті оның сатылатын бағасы бойынша және жария саудаға салып сату реттерінен басқа тең жағдайларда үлесті меншіктің қалған қатысушыларының сатып алуға басым құқығы бар. Үлесті меншікті барлық қатысушылардың келісімі болмаған жағдайда үлесті меншік құқығындағы үлесті сату үшін жария саудаға салу жүргізілуі мүмкін. Үлесін сатушы оның сату бағасын және оны сатудың басқа да шарттарын көрсете отырып, үлесті меншіктің басқа қатысушыларына өз үлесін бөтен адамға сату ниеті туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Егер үлесті меншіктің басқа қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе қозғалмайтын мүлікке меншік құқығындағы сатылатын үлесті бір ай ішінде, ал басқа мүлік жөнінен – хабар алған күннен бастап он күн ішінде сатып алмаса, сатушы өз үлесін кез келген адмаға сатуға құқылы. Үлес сатып алудың басым құқығы бұзыла отырып сатылған жағдайда үлесті меншіктің кез келген басқа қатысушысы үш айдың ішінде сотта өзіне стаып алушының құқықтары мен міндеттерін аударуды талап етуге құқылы. Үлесті меншіктегі мүлік оған қатысушылар арасындағы келісім бойынша өздерінің арасында бөлінуі мүмкін, сондай-ақ үлесті меншікке қатысушы ортақ мүліктен өз үлесін бөліп шығаруды талап етуге құқылы. Үлесті меншікке қатысушылар ортақ мүлікті бөлу немесе біреуінің үлесін бөліп шығарудың әдістері мен шарттары жөнінде келісімге келе алмаған жағдайда үлесті меншікке қатысушы ортақ мүліктен өз үлесін заттай бөліп беруді талап етуге құқылы. Егер үлесті заттай бөліп беруге заң құжаттарында жол юерілмесе немесе ол ортақ меншіктегі мүлікке шамадан тыс залал келтірмейінше мүмкін болмаса, бөлініп шығушы меншік иесі үлесті меншіктің басқа қатысушыларынан өз үлесінің құнын төлетуге құқылы.
Ортақ бірлескен меншік
Ортақ бірлескен меншік - меншік иелерінің ешқайсысының меншік құқығындағы үлестері белгіленбеген ортақ меншік түрі. Ортақ бірлескен меншіктің азаматтық заңнама бойынша түрлері:
- ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі;
- шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі;
- жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік.
Заңнамада ортақ бірлескен меншіктің басқа түрлері де көзделуі мүмкін. Бірлескен меншікке қатысушылар, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, ортақ мүлікті бірлесіп иеленеді және пайдаланады. Мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені қатысушылардың қайсысы жасағанына қарамастан бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады. Ортақ меншікті бірлескен меншікке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олапдың біреуінің үлесін бөліп шығару қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлікке құқығындағы үлесі адлын ала анықталған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару кезінде, егер басқаша көзделмесе, олардың үлестері тең деп танылады. Үлесті немесе бірлескен меншікке қатысушыға несие беруші қатысушыда басқа мүлік жеткіліксіз болған жағдайда борышқордың ортақ мүліктегі үлесін одан ақы өндіріп алу үшін бөліп беру туралы талап қоюға құқылы. Ортақ меншіктің өзге қатысушылары борышқордың үлесін сатып алудан бас тартқан реттерде несие беруші борышқордың ортақ меншік құқығындағы үлесін жария саудаға салу жолымен осы үлестен сот арқылы ақы өндіріп алуға талап етуге құқылы. Егер мұндай жағдайда үлесті заттай бөліп шығару мүмкін болмаса, не үлесті немесе бірлескен меншіктің қалған қатысушылары бұған қарсылық білдірсе, несие беруші борышқордан өз үлесін ортақ меншіктің өзге қатысушыларына осы үлесті нарықтық құнына сәйкес бағамен сатып, стаудан түскен қаражатты борышты өтеуге салуды талап теуге құқылы. Ерлі –зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың үлесті меншігі болатыны, не олардың әрқайсысына тиесілі немесе меншік құқығында тиісті бөліктерде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі екені олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың берлескен меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрғанға дейін тиесілі болған, сондай-ақ олардың тұрған кезінде сыйға тартылған немесе мұрагерлік тәртіппен алған мүлкі олардың әрқайсысының меншігі болып табылады. Некеде тұрған кезде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен сол мүліктің құыны едәуір арттырған қаражат жұмсалғаны (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және т.б.) анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен меншігі деп танылуы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншік құқықтарының ерекшеліктері Қазақстан Республикасы неке және отбасы туралы заңдарымен белгіленеді.
Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі, олардың арасындағы шартта өзгеше белгілебегендіктен, бірлескен меншік құқығында оның мүшелеріне тиесілі болады. Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігіне оның мүшелерінің ортақ қаражатына шаруашылық үшін сатып алынған жер учаскесіндегі екпелер, шаруашылық және өзге де қора-қопсы құрылыстары, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнім беретін мал мен күш көлігі, құс, ауыл шаруашылық және өзге техника мен жабдықтар, көлік құралдары,
құрал-сайман және басқа мүлік болады. Шаруа (фермер) қожалығының қызметі нәтижесінде алынған жемістер, өнім және табыс шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің ортақ мүлкі болып табылады және олардың арасында келісім бойынша пайдаланылады. Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің бірі одан шыққан кезде, шаруашылықтың өндіріс құрал-жабдықтары бөлінуге жатпайды. Қожалықтан шыққан адамның бқл мүлікке ортақ меншіктегі өз үлесіне сәйкес ақшалай өтем алуға құқығы бар. Жекешелендіру туралы заңдарға сәйкес жалдаушы сатып алған немесе тегін алған мемлекеттік тұрғын үй қорының үйіндегі тұрғын жай, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жалдаушының және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің, соның ішінде кәмелетке толмаған және уақытша тұрмайтын мүшелерінің бірлескен меншігіне көшеді. Жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен меншік құқығының ерекшеліктері тұрғын үй қатынастары туралы заң актілерінде белгіленеді.
Дәріс 11. Заттық құқық туралы жалпы ережелер
11.1. Шаруашылық жүргізу құқығы
11.2. Оралымды басқару құқығы
11.3. Өзге заттық құқықтар
Шаруашылық жүргізу құқығы
Шаруашылық жүргізу құқығы - мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын азаматтық заңнамалармен және өзге заң құжаттарымен белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы. Мүлікті құрылып үлгерген мемлекеттік кәсіпорынға бекіту туралы меншік иесі шешім қабылдаған мүлікке қатысты шаруашылық жүргізу құқығы бұл кәсіпорында мүлікті кәіспорынның дербес балансына бекіткен кезде пайда болады. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірісі, сондай-ақ кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік меншік құқығын алуға арналған заңдарда белгіленетін тәртіп бойынша кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне келіп түседі. Мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы меншік құқығын тоқтатуға арналған заңдарда көзделген негіздер мен тәртіп бойынша, сондай-ақ меншік иесінің шешімімен кәсіпорыннан мүлік заңды жолмен қайтарып алынған реттерде тоқтатылады. Шаруашылық жүргізудегі мүліктің меншік иесі заң құжаттарына сәйкес кәсіпорын құру, оның қызметінің мәні мен мақсаттарын белгілеу, оны қайта құру мен тарату мәселелерін бақылау жасауды жүзеге асырады.
Меншік иесі өзі құрған кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіндегі мүлікті пайдаланудан келтірілген таза табыстың бір бөлігін алуға құқылы. Қызметін шаруашылық жүргізу құқығында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе меншік иесінің немесе ол уәкәлдәк берген мемлекеттік органның жазбаша келісімінсіз:
өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстырады, жабдықты және кәсіпорынның басқа да негізгі құралдарын иеліктен айыруға немесе өзгеше әдіспен билік етуге, ұзақ мерзімді жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге;
- филиалдар, өкілдіктер және еншілес кәсіпорындар құруға, жеке кәсіпкерлермен бірге кәсіпорындар мен бірлескен өндірісте құруға, олардың өзінің өндірістік және ақша капиталын сатуға;
- заемдар беруге;
- үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдеме немесе кепілдік беру.
Мемлекеттік кәсіпорын негізгі құралдарға жатпайтын, өзіне шаруашылық жүргізу құқығымен бекітіліп берілген мүлікке дербес билік етеді. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның негізгі құралдарына жататын мүлікке қатысты, сондай-ақ оған тиесілі акцияларды сатуға және сыйға беру мәмілелерін жасасуға құқығы жоқ.
Оралымды басқару құқығы
Оралымды басқару құқығы - Меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің, меншік иесінен мүлік алушы және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік етк құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсіпорындардың заттық құқығы. Оралымды басқарудағы мүлікті меншіктенуші заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеме немесе қазыналық кәсіпорын құру, оның қызметінің мәні мен мақсаттарын белгілеу мәселелерін шешеді, мемлекеттік мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның заң жүзіндегі тағдырын, оның қызметінің мазмұнын белгілеуге құқығы бар. Меншік иесі мемлекеттік мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның меншік иесі берген мүлікті тиімді пайдалануы мен сақтауына бақылау жасауды жүхеге асырады. Мемлекеттік мекемені бірнеше меншік иесі құрған жағдайда, олардың арасындағы қатынастар мен меншік иелерінің өз мүлкіне билік жүргізу құқықтары құрылтай шарттарымен немесе сол сияқты келісіммен белгіленеді. Мемлекеттік мекемеге немесе қазыналық кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті меншіктенуші ол мүлікті қайтарып алуға, не өзі құрған басқа заңды тұлғалар арасында өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы. Мемлекеттік мекеменің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және оған смета бойынша немесе бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен айыруға немесе өзгеше әдіспен оған билік етуге құқығы жоқ.
Қазыналық кәсіпорын өзіне бекітіліп берілген мүлікті, сол мүліктің меншік иесінің жазбаша келісімімен ғана иеліктен айыруға немесе оған өзгеше әдіспен билік етуге, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға құқылы. Қазыналық кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өз билігінде ақшамен жауап береді. Қазыналық кәсіпорынның ақшалай қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша
Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган субсидиарлық жауапта болады. Мекемені меншіктену құқығы басқа адамға ауысқан кезде бұл мекеме өзіне тиесілі мүлікке оралымды билік жүргізу құқығын сақтап қалады.
Өзге заттық құқықтар
Салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзге де мүлік кешендерге, сондай-ақ өзге де жаңадан жасалып жатқан қоэғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған кезден бастап пайда болады. Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік тіркелуге тиіс реттерде, оған меншік құқығы осылайша тіркелген кезден бастап пайда болады. Қозғалмайтын мүлікті жасау аяқталғанға дейін, ал тиісті жағдайларда – оны мемлекеттік тіркеуден өткізгенге дейін мүлікке қозғалмайтын мүлік жасалатын материалдармен басқа мүлікке меншік құығы туралы ережелер қолданылады. Адам өзіне тиісілі емес материалды өңдеу арқылы дайындаған жаңа қозғалатын затқа меншік құқығын материалдың меншік иесі алады. Егер өңдеу құны материалдардың құнынан едәуір асып кетсе, жаңа затқа меншік құқығы алған материалдардың меншік иесі ол затты өңдеуді жүзеге асырған адамға оның құнын өтеуге, ал ол адам жаңа затқа меншік құқығығ алған ретте соңғысы материалдардың меншік иесіне олардың құнын қайтаруға міндетті.Мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей он бес жыл бойы, не өзге мүлікті кемінде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлікке меншік құқығын (иелену мерзімін) алады. Мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмайтын және өзге де мүлікке меншік құқығы бұл мүлікті иелену мерзіміне сәйкес алған тұлғада осындай тіркеу кезінен бастап пайда болады. Заңдарға, жергілікті әдет-ғұрыпқа немесе меншік иесі берген жалпы рұқсатқа сәйкес ормандарда, бөгендерде немесе басқа аумақта жидек теруге, балық аулауға, аң аулауға, басқа нәрселерді жинауға немесе аулауға жол берілген ретте, тиісті заттарға меншік құқығын оларды жинауды және аулауды жүзеге асырған адам алады. Меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз зат не меншік иесі оның меншік құқығынан бас тартқан зат иесіз болып табылады. Иесіз қозғалмайтын заттарды олар табылған аумақтағы жергілікті атқарушы органның мәлімдеуі бойынша қозғалмайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган есепке алады. Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілдік берілген орагн иесіз қозғалмайтын заттарды есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін бұл затты көммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талап қойып сотқа жүгіне алады. Меншік иесі тастаған немесе оларға меншік құқығынан бас тарту мақсатымен өзгеше түрде қалдырып кеткен жылжымалы заттар басқа адамдардың өз меншігіне айналдырылуы мүмкін. Меншігінде, иелігінде немесе пайдалануында құны жиырма айлық есептік көрсеткішке сәйкес сомадан көрінеу төмен тасталған мүлік не тасталған металл сынықтары, жарамсыз өнім жатқан жер учаскесі бар адамның ол заттарды пайдалануға кірісп немесе осы заттарды меншігіне қаратқандығына куә ьолатын өзге де іс-әрекет жасап, оларды өз меншігіне айналдыруға құқығы бар. Заңдарда белгіленген тәртіппен осындай мақсаттарға арнап бөлінбеген жер учаскесінде салынған, сондай-ақ қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа қора-қопсы, құрылыс немесе өзге де қозғалмайтын мүлік өз бетімен салынған құрылыс болып табылады. Өз бетімен құрылс салуды жүзеге асырған адам оған меншк құқығын алмайды. Оның құрылысқа билік етуге, сатуға, сыйға тартуға, жалға беруге, басқа да мәмілелер жасауға құқығы жоқ. Жоғалған затты тауып алушы бұл туралы оны жоғалтқан адмға немесе заттың меншік иесіне немсе оны алуға құқығы бар өзіне белгілі басқа адамдардың біреуіне дереу хабалауға және таыблған затты оған қайтаруға міндетті. Табылған затты алуға құқығы бар адамның өзі немесе оның тұрған жері белгісіз болса, затты тауып алушы олжа туралы полиция бөліміне немесе жергілікті атқару органына мәлімдеуге міндетті. Олжа туралы полиция бөліміне немесе жергілікті атқару органына мәлімденген кезден бастап алты ай өткенше жоғалған затты алуға құқығы бар адам анықталмаса және затқа өзінің құқығы туралы оны тапқан адамға не полиция бөліміне неемсе жергілікті атқару органына мәлімденбесе, затты тауып алуы оған меншік құқығы алады. Тауып алушы тапқан затын меншігіне алудан бас тартса, ол коммуналдық меншікке өтеді. Затты тауып алушы затты алуға заңды құқығы бар адамнан зат құнының отыз проценті мөлшерінде сыйақы алуға құқылы. Табылған зат оны алуға заңды құқығы бар адам үшін ғана құнды болса, сыйақының мөлшері тараптар есептеп шығарған баға бойынша белгіленеді. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немес еқолға үйретілген жануарларды ұстап алған адам оларды меншік иесіне қайтаруға, ал егер оның өзі немесе тұрған жері белгісіз болса, осныдай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешіктірмей табылған жануарлар полиция бөліміне немесе жергілікті атқру органына мәлімдеуге міндетті. Олар меншік иесін іздестіру шараларын қолданады. Жануарлардың меншік иесін іздестіру кезеңінде жануарларды ұстаушы адам оларды өзінің бағуында және пайдалануында қалдыруы, не ол бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бас басқа адамға тапсырылуы мүмкін. Егер жұмыс малы мен ірі қараны ұстап алғаны туралы мәлімделген кезден бастап алты ай ішінде және басқа үй жануарлары жөнінде – екі ай ішінде олардың меншік иесі табылмаса және оларға өзінің құқығы туралы мәлімделмесе, бұл жануарларға меншік құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшеді.
Бұл адам бағынуында болған жануарларды меншігіне алудан бас тартса, олар коммуналдық меншікке түседі. Жануарларды меншік иесіне қайтарған ретте жануарларды ұстап алған адам және жануарларды бағып, пайдаланып келген адам сол меншік иесінен жануарларды пайдаланудан алынған пайданы есепке жатқыза отырып, оларды бағуға байланысты өз шығындарына өтем алуға құқылы. Жануарларды ұстап алған адам олардың меншік иесінен жануарлардың құнының отыз проценті мөлшерінде сыйақы алуға құқылы.
Көмбе, яғни жерге көмілген немесе басқа әдіспен жасырылған, меншік иесін анықату мүмкін болмайтын на заңдарға сәйкес оларға құқығынан айрылған ақша немесе өзге де бағалы заттар көмбе жасырылған жер учаскесі иесінің немесе қозғалмайтын затты меншіктенушінің және көмбе тапқан адамның, егер олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, меншігіне тең мөлшерде түседі. Көмбе жасырылған жер учаскесін пайдаланушының немесе қозғалмайтын мүлікті меншіктенушінің келісімінсіз қазған немесе бағалы заттар іздестірген адам көмбені тауып алған жағдайда көмбе сол меншік иесіне берілуге тиіс. Тарих және мәдение ескерткіштеріне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының меншігіне берілуге тиіс. Бұл орайда ондай көмбе табылған жер учаскесін пайдаланушы немесе қозғалмайтын мүлікті меншіктенуші және көмбені тапқан адам осы көмбе құнының елу проценті мөлшерінде сыйақы алуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |