VI. Кеңестің сараптамалық жұмысының тәртібі
6.1. Материалдар кеңес отырысына дейін 10 күн бұрын білім басқармаларының бірінші басшыларының өтініші бойынша қағаз және электрондық нұсқада 2 данада қабылданады. Барлық парақтар нөмірленуі тиіс. Ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдар тіркелмейді және қайтарылуы тиіс.
Облыстық оқу-әдістемелік кеңеске әдістемелік материалдарды ұсыну жөніндегі жадынама қоса беріледі (4-қосымша).
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ плагиатқа компьютерлік тексеру бағдарламасының болуын қамтамасыз етеді.
Кеңестің теріс шешіміне апелляцияны педагог шешім шыққан күннен бастап 1 (бір) ай ішінде еркін нысанда береді. Апелляция берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде апелляциялық комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады. Комиссия құрамына тиісті мамандық бойынша 3 (үш) маман енгізіледі. Комиссия мүшелері рецензенттер, авторлар, сондай-ақ жұмыс ұсынған өңір басқармаларының қызметкерлері бола алмайды.
6.2. Кеңестің жұмыс тәртібі:
6.2.1. Бірінші кезең-тіркелген күннен бастап 2 апта ішінде бағыттар бойынша педагогикалық кадрлардың практикалық жұмысының материалдарына сараптама жүргізіледі. Бірінші кезеңнің қорытындысы сараптамалық қорытынды болып табылады.
6.2.2. Екінші кезең-қорытынды шығару жөніндегі Кеңестің жұмыс отырысы. Екінші кезеңнің қорытындысы хаттамамен ресімделген отырыстың шешімі болып табылады.
Оң/теріс шешім шығару бойынша С хатшысы педагогтың аттестаттау ісін қалыптастырады. Педагогтың аттестаттау ісінде мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) педагогтың өтініші (тиісті нысан бойынша);
2) қатты мұқабадағы және электрондық тасымалдағыштағы портфолио (CD-дискіде);
3) мәлімделген мәселе бойынша жарияланымдардың тізімі мен көшірмелері;
4) Рецензиялар (2 Рецензиялар – 1 – бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар педагогтан (п. ғ. к., п. ғ. д.), PhD, басқа аймақтың жоғары/бірінші санатты педагог-шеберден немесе педагогтан);
6) төраға мен хатшы қол қойған және мөрмен расталған облыстық Кеңес отырысының хаттамасы;
7) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдардың, оларға қосымшалардың көшірмелері (транскрипт көшірмелері);
8) кадр қызметінің жұмыс орны бойынша расталған жеке іс парағы.
Қосымша 3
Қостанай облысы оқу-әдістемелік кеңесінің
төрағасына _____________________
Мұғалімнің аты жөні_____________
мекен жайы _____________________
байланыс телефоны /электрондық пошта
Өтініш
Оқу-әдістемелік кеңестің отырысында мәселе (тақырыпта) бойынша авторлық жұмыстарға сараптама жүргізуді сұраймын.
__________________________________________________________
Тиісті құжаттар қоса беріледі. Беттердің жалпы саны____.
Күні "___" ________ 20___ж.
Қолы __________________
Қосымша 4
Достарыңызбен бөлісу: |