ОҚУ-Әдістемелік кешен «астрономия» пәні бойынша


«Астрономия пәніенен зертханалық сабақтар өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар



бет3/3
Дата20.06.2016
өлшемі247.5 Kb.
#149672
1   2   3

«Астрономия пәніенен зертханалық сабақтар өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар

1. №1 лабор.жұмыс Аспан сферасы моделімен жұмыс (3 сағ.).

Жұмыс мақсаты: Аспан сферасы моделінің негізгі элементтерімен танысу.

Аспан сферасы моделінің негізгі сызықтары мен жазықтықтарының сызбасын сызу, олармен жете танысу.



Бақылау сұрақтар:

1. Аспан сферасының моделі не үшін керек?

2. Математикалық горизонт жазықтығы дегеніміз не?

3. Зенит және надир нүктелері деп нені айтады?

4. Дүние полюсі дегеніміз не?

5. Аспан экваторы жазықтығы қандай жазықтыққа перпендикуляр?

№2 лабор. жұмыс Жұлдызды аспанның жылжымайтын картасымен жұмыс

(4 сағ)


Жұмыс мақсаты: Жұлдызды аспанның жылжымайтын картасымен жұмыс істеу, жұлдыздармен танысу.

Бақылау сұрақтар:

1.Жұлдызды аспанның жылжымайтын картасы не үшін керек?

2. Жоғары кульминацияда болатын жұлдыздардың сағаттық бұрышы не?

3.Жұлдыздың жоғарғы және төменгі кульминациялары арасындағыуақыт неге тең?

4. Күзгі күнгі аспанда жоғары кульминацияда болу үшін оның тік шарықтауы неге тең болуы керек?
.№3 лабор. жұмыс Жұлдызды аспанның жылжымалы картасымен жұмыс

(4 сағ)


Жұмыс мақсаты: Жұлдызды аспанның жылжымалы картасымен жұмыс істеу.Берілген уақыттағы көрінетін, көрінбейтін , бататын, тумайтын жұлдыздарды табу.

Бақылау сұрақтар:

1.Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы не үшін керек?

2. 22.03 жоғары кульминацияда болатын жұлдыздарды табыңыз.

3.22.12 күні төменгі кульминацияда болатын жұлдыздарды табыңыз.


№4 лабор. жұмыс Оптикалық телескоппен және көру трубасымен жұмыс

(4сағ).

Жұмыс мақсаты: Оптикалық телескоппен және көру трубасымен жұмыс істеу принципімен танысу.

Бақылау сұрақтар:

1. Телескоптың жұмыс істеу принципі неге негізделген?

2. Телескоптардың қандай түрлерін білесіңдер?

3.Телескоптың үлкейтуі дегеніміз не?.

4. Радиотелескоптар туралы не білесің?
«Астрономия» пәні бойынша СОӨЖ өткізуге

арналған әдістемелік нұсқау

СОӨЖ жұмыстарын ұйымдастыру:



Студенттердің белгілі бір тақарыпта жасаған конспектісімен жұмыс жүргізулері.Жұмыс барысында оқытушы тақырып материалына қысқа шолу жасайды. Студентпен бірлесе отырып конспектіде жазылған формулалар, анықтамалар мен олардың физикалық мағанасы айқындалады. Сипатталған процестер мен құбылыстардың арасындағы логикалық байланыс нақтыланады.

- Студенттер орындаған лабораториялық жұмыстардың нәтижелерін,



өңдеу әдістерін талдау. Шамалардың физикалық мағанасын айқындау. Өлшеу нәтижелерін график арқылы көрсету. Алынған графиктер арқылы басқа физикуалық шамаларды өрнектеп, байланыстарын тағайындау.

- Студенттердің пәннің жеке тақырыптарды меңгеру нәтижелерін тексеру, яғни білімдерді бағалау (тест бақылау, жазбаша жұмыс).

- Компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану. Тақырыптарды меңгеру виртуаль компьютерлік демострациялар арқылы көрсетілетін электрондық оқулықтарды қолдану. Есептердің шығару жолдарын айқындайтын электрондық жетекшілірдің көмегін қолдану, яғну үйрету – көмекші программаларды пайдалану.

Студент СОӨЖ жұмыстарын орындау және өткізу графигіне сәйкес, әдебиеттер мен әдістемелік нұсқауларды қолданып, курстың жеке тақырыптары бойынша төмендегі тапсырмаларды орындайды:



1. Сфералық астрономия элемнттері. Астронмия пәні, қысқаша даму тарихы. Астрономия тараулары.. Астрономияның теориялық және танымдық мәні. Бақылаулар ролі.

2. . Уақытты өлшеу. Жұлдыздық және күндік уақыт. Орташа күн тәулігі, шын күн тәулігі. Уақыт тендеуі. Жергілікті, дүниежүзілік, белдеулік, декретті уақыттар. Уақыттың атомдық стандарты.

3.Күнтізбенің пайда болу және даму тарихы. Жаңа және ескі күнтізбе.Универсальды құрал. Географиялық координаттарды және күннің талтүс сызығының бағытталуын анықтаудың жуықтау әдістері.

4.Әлемнің құрылымы туралы көзқарастың дамуы. Күн жүйесінің кинематикасы.Астрономияның пайда болуы.Астрономияның ежелгі Грецияда дамуы. планеталар. Планеталардың көрнелік қозғалысы. Әлемнің Птолемей ұсынған геоцентрлік жүйесі. Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі.

5. Күн жүйесінің құрлысы,. Тәуліктік параллакс. Арақашықтықты анықтаудың радиолокациялық әдістемесі.Күн жүйесіндегі айдың өлшемін анықтау

6. Оптикалық телескоптар және олардың негізгі сипаттамалары.телескоп түрлері.Радиотелескоптар. Рогсон формуласы. Абсолютті жұлдыздық шамалар.

«Астрономия» пәні бойынша СӨЖ өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

Студенттерге физикадан берілетін жеке үй тапсырмасы олардың осы пән бойынша орындайтын өзіндік жұмысының бір түрі болып табылады. Студентердің өзіндік жұмысы деп, олардың оқытушының тапсырмасымен және бақылауымен, бірақ оның қатысуынсыз, ол үшін арнайы бөлінген уақыт ішінде орындайтын жұмысын түсінеді. Мұнда студенттер ақыл-ой жігерін қолдана және ой мен қимыл әрекеттерін қандай да бір формада (мысалы, есеп шығарғанда оның мазмұнын талдау, мазмұнды қысқа ұтымды тәсілмен жазу, шешудің оңтайлы әдісін таңдап алу және т.б.) білдіре отырып қойылған мақсатқа саналы жетуге ұмтылады.

Студенттер шығарған жеке үй тапсырмасын бағалау өлшемінің негізіне осы белгілердің бәрін алуға болады: физикалық құбылыстың негізгі мәселесінің мазмұнын құрайтын физикалық шамалардың,

заңдардың молырақ қамтылуы; есептердің проблемалық (шығармашылық) деңгейі; мәселенің тереңірек талданып зерттелуі; шешу тәсілдерінің ең оңтайлысын таңдап алуы және т.б.

Әр студент орындайтын жеке үй тапсырмасына (бір жеке үй тапсырмасында физиканың бір бөлімі бойынша берілген 3-5 есеп болуы мүмкін) қойылатын максимал және миниамал баллдар силлабуста көрсетіледі. Әрбір жеке есептің шығарылуы бір есепке қатысты осы баллдар аралығында және айтылған өлшемдер (критерилер) бойынша бағаланады, сосын бүкіл тапсырмаға максимал және минимал баллдардың аралығында тиісті балл беріледі.

Максимал балл мысалы, «5» балл қатесіз және кемшіліксіз немесе бір ғана болымсыз кемшілікпен шығарылған есепке қойылады. Одан төменгі балл, мысалы «4» балл толық шығарылған, бірақ бірден аспайтын дөрекі емес және бір болымсыз қатемен немесе болымсыз қателер екіден аспаған жағдайда қойылады.

Одан төменгі балл мысалы «3» балл студент есептің тең жартысынан астамын дұрыс шығарғанда немесе дөрекі қатесі екіден (немесе дөрекі қатесі бірден және дөрекі емес қатесі бірден, сондай-ақ болымсыз қатесі бірден) аспаған жағдайда қойылады.

Тапсырма минимал баллдан төмен балмен бағаланған жағдайда ол студентке қайта шығару мақсатында қайтарылып беріледі.

Егер кейбір есептерді студенттің өз бетімен шығарғандығы күдік туғызса, онда одан оқытушы есепті қалай шығарғандығын түсіндіріп беруін талап ете алады. Бағаға көңілі толмаған студент оған қатысты оқытушыға тілегін білдіруіне болады. Студент СӨЖ тапсырмалары мен оларды орындау графигіне сәйкес төмендегі тапсырмаларды орындап тексеруге беруге міндетті:
1.Сфералық астрономия элементтері.

Астронмия пәні, қысқаша даму тарихы. Астрономия тараулары.. Астрономияның теориялық және танымдық мәні. Бақылаулар ролі.

2. Астрономияның пайда болуы.Астрономияның ежелгі Грецияда дамуы. планеталар. Планеталардың көрнелік қозғалысы. Әлемнің Птолемей ұсынған геоцентрлік жүйесі. Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі.

3. Күн жүйесінің құрлысы,. Тәуліктік параллакс. Арақашықтықты анықтаудың радиолокациялық әдістемесі.Күн жүйесіндегі айдың өлшемін анықтау.


  1. Айдың жұлдызға және Күнге қатысты көрінерлік қозғалысы., Ай фазалары. Ай жердің табиғи серігі. Айдың айналуының синоттық периоды. Ай мен Күннің тұтылулары, олардың жилігі және периоды

  2. Оптикалық телескоптар және олардың негізгі сипаттамалары.телескоп түрлері.Радиотелескоптар. Рогсон формуласы. Абсолютті жұлдыздық шамалар.

  3. Планеталардың жасанды серіктері және автоматты станциялар ұшыру.Айды зерттеу. Планеталар және олардың серіктері. Планеталардың физикалық қасиеттері, негізгі сипаттамалары. Кіші планеталар, кометалар. Сыртқы түрі.

  4. Галактикалар.Галактикалық жұлдыздар жүйесі.Галактикалардың түрлері және негізгі ерекшеліктері.

  5. Кұн жүйесінің космогониясы.Кант пен Лапластың космогониялық гипотезалары.Жер мен планеталардың жасы. Кеңейтілген Ғалам проблемасы.Жаңа Ғалам жәнеқалдықсәулелену жайында түсінік.

Білімдерді бақылау-өлшеу құралдары


1. Жер бетінен үшінші космостық жылдамдыкпен ұшырылған К.А. Жерге катасты қандай траекториямен ұшады?

А. Жерге қатысты параболамен ұшып Жер өрісінен шығады

Б. Жерге катысты параболамен ұшып Күннің тартылу өрісінен шығады

В. Жерге қатысты гиперболамен ұшып Күннің тартылыс өрісінен шығады

Г. Жерге қатысты созылыңқы элллипс орбитасымен ұшып, Жер өрісінен

шығады


Д. Жерге қатысты шеңбер бойымен үшып, Жер өрісінен шығады
2. Телескоп объективінің міндеті қандай?

А. Аспан денелерінің үлкейген кескінін алу үшін

Б. Аспан денелерінің жарығын жинап, кескінді үлкейтілген бүрышпен көру үшін

В. Аспан денелерінің шыгаратын жарығын жинап, кескін шығару үшін

Г. көру бұрышын үлкейту үшін

Д. А-Г жауаптарының арасында дұрысы жок


4. Жүлдызды аспанның оңтүстік жағынан неліктен әртүрлі жыл мезгілінде әртүрлі шоқ жүлдыздыр көрінеді?

А. Жердің өз осінен айналу салдары

Б. Күннің өз осінен айналу салдары

В. Жердін жарық қозғалыс салдары

Г. Айдың жерді айналу салдары

Д. А-Г арасында дұрыс жауап жоқ


5. Күн жарығы жерге канша уақытта келіп жетеді?

А. 32"'20л Б. 57"' В. 10,5"' Г. 8"'18л Д. 15'"


6. Базис өзгермегенде шырактың көрінетін арақашықтығы алыстаған сайын, оның параллакстық ығысу бүрышы қалай өзгереді?

А. Артады Б. Кемиді В. Өзгермейді

Г. Жарым есе ғана артады Д. Үштен біріне жетеді
7. Алтаир жүлдызының параллаксы к = 0", 20 Осы жүлдызға дейінгі

арақашықтықты жарық жылымен анықта?

А. 17,5 Б. 18 В. 16,3 Г. 19 Д. 20,5
8. Сириустың параллаксы л = 0", 37 Осыған дейінгі арақашыктықты парсекпен аңықтаңдар?

А. 1,5 Б. 5,5 В. 6 Г.2,7 Д. 7,5


9. Күн Айға қарағанда Жерден неше есе алыс?

А. 400 Б. 350 В. 109 Г. 60 Д. 200


10. Төменде күнге дейінгі арақашықтық келтірілген, бірлік атауы көрсетілмей «Жерден Күнге дейінгі емес» жалпы Күн жүйесіндегі: қандай бірлікпен, оны көрсет:

А. 80 Б. 40 В. 4 Г. 1300 Д. 60




  1. Төменде атауы көрсетілмей Айға дейінгі арақашықтықтар цифрлар келтірілген, солардың қайсысы дүрыс және қандай бірлікпен өлшенеді?

А. 80 Б. 4 В. 100000 Г. 400000 Д. 30


  1. Күн дақтары пайда болады:

А. Тәжде Б. Хромосферада В. Фотосферада

Г. Конвективті зонада Д. Сәуле шығару зонасында


13. Күнде протуберанецтер пайда болады:

А. Күн тәжінде Б. Хромосферада В. фотосферада Г. конвективті зонада Д. Сәуле шығару зонасында


14. Жүлдыздарды төтенше алып, алып және ергежейлі деп бөлу олардың:

А. Тығыздығына қарай Б. Температурасына қарай В. жарқырауына қарай


Г. массасына қарай Д. Химиялық күрамына қарай
15. Күн сияқты жұлдыздар жататын тізбектер:

А. Төтенше алыптар Б. Алыптар В. ергежейлілер Г. субенганттар

Д. Қызыл ергежейлілер
16. Қандай айнымалы жұлдыздар «әлемнің маяктары» атанды?

А. Жаңа жұлдыздар Б. Төтенше алыптар В. «Цефеид» типтес жұлдыздар Г. пульсарлар Д. Ақ ергежейлі тектес жұлдыздар


17. Жұлдыздырдың спектрлік кластарының температераларының кему ретіне сәйкес «ыстықтан суыққа қарай» орналасуын көрсетеді?

А. В.О.А.Ғ.К.О.М. Б. О.А.В.Ғ.К.М.О. В. О.В.Ғ.А.М.К.О. Г. О.В.А.Ғ.О.К.М. Д. А.В.О.О.К.М.Ғ.




  1. Төмендегі көрсетілген спектрлік класс белгілерінің қайсысы күнге тән?

А.Ғ5 Б.К2 В .С2 Г.В9 Д.А5


  1. Г-Г диаграммасында төтенше алып тізбегі сипатталады: А. Олар бас тізбектегі жұлдыздар болады

Б. Күнге қарағанда жарқыраулары артық жұлдыздар В. бұлар ақ түсті жұлдыздар

Г. олардың жарқыраулары өте көптігімен сипатталады Д. Олар сызықтық мөлшерлерінің көптігімен сипатталады


20. Г-Р диаграммасында қыжыл алыптар тізбегі сипатталады:

А. оладағы жұлдыздардың сызықтық мөлшерлері күнге карағанда кіші

Б. ондағы жұлдыздардың бетінің температуралары 10000 к шамалас

В. ондағы жұлдыздардың сызықтық мөлшері өте көп

Г. ондағы жұлдыздардың температурасы тым жоғары
21. Жұлдыздардың физикалық сипаттамасының арасында бірнеше заңдылықтар тағайындалған. Төмендегі келтірілген тұжырымдалардың қайсысы ондай заңдылықтарға жатпайды?

А. Жұлдыздардың жарқыруы массасына тәуелді

Б. Жүлдыздардың жарқыруы температурасына тәуелді

В. Жұлдыздардың жарқыруы тығыздығына тәуелді

Г. Жүлдыздардың жарқыруы спектрлік класына тәуелді
22. Метагалактика деп:

А. Біздің галактика сиякты әртүрлі жүлдыздар жүйелері

Б. Қазіргі кездегі оптикалық және радиотелескоптармен бақыланып отырылған әлемнің бөлігі

В. сондай галактикалар, олар оптикалық жарықпен бірге күшті радиосәулелердің көзі

Г. біздің галактикадан тыс галактикалар өте куатты радиосәулелердің көзі

және оптикалық сәулелер жағынан күшті қызыл жылысу байқалатын

Д. Төтенше галактикалар тобы
23. Біздің галактика дэңгелегінде дисксінде жұлдыздың таралып орналасуы.

А. Бірқалыпты кеңістіктегі тығыздығы бірдей тек центріне карай тығыздығы артып ядро құрайды

Б. барлық жерде кеңістіктегі тығыздықтары бірдей

В. бірқалыпты емес, жүлдыздар бүлты спирал құрайтындай ядро маңында Г. жүлдыздар, ойдым,ойдым немесе шекім, шекім орналасқан

Д. Жұлдыздар центрге қарай азая беріп орналасады
24. Галактикадағы күннің орнын көрсетіндер?

А. галактика центрінде

Б. галактика ядросында

В. күн галактика жазықтығына жақын, бірақ центрде емес

Г. күн галактика шегіне жақын орналаскан

Д. күн галактика жазықтында


25. Күн біздің галактика қай жаққа қарай 20 км-с жылдамдықпен қозғалып
барады?

А. Айдахар шоқжүлдызына қарай Б.Арыстан шокжүлдызына қарай

В. Геркулес шоқжүлдызына қарай Г. Ормон шоқжүлдызына қарай

Д. Бүркіт шоқжұлдызына қарай


26 Жарық жүлдыз Фомальгаут қай шоқ жұлдызда?

А. Торпақ Б. Бикеш В. Оңтүстік крест Г. Арыстан

Д. Оңтүстік балыктар
27 Қай шоқжүлдыздың жүлдызы Спика?

А. Сиыршы Б. Жетекші В. Бүркіт Г. Бикеш Д. Аққу


28 Регуль қай шоқжүлдыздың жарық жұлдызы?

А. Егіздер Б. Аққу В. Арыстан Г. Орион Д. Бүркіт


29 Сіз бір жүлдызды бақылап тұрсыз. Ол жұлдыз жоғары көтеріліп барады. Сонда бұл аспанның қай жағында болғаны?

А. Оңтүстік жағында Б. Батыс жағында В. Шығыс жағында Г. Солтүстік жағында Д. Солтүстік шығыс жағында


30. Қазір ғана кульминацияланған жүлдыз төмен қарай қозғалып барады, сонда ол аспанның қай жағында болғаны?

А. Шығыс жағында Б. Оңтүстік жағында В. Батыс жағында



Г. Солтүстік жағында Д. Солтүстік батыс жағында




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет