ОҚУ Әдістемелік кешен



бет13/28
Дата09.03.2016
өлшемі1.55 Mb.
#47081
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28

Лекция 2


Тақырып:Формулалар редакторы

Жоспар

    1. Формулалар редакторын іске қосу

    2. Математикалықт символдар жолы.

    3. Шаблондар жолы.

    4. Теңдеулерді теру. Формуланы форматтау


Әдебиеттер

1.Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р.

Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2.Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

3.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Информатика және

компьютерлік техника. Алматы,” Мектеп”, 2002, 453 б.


Word програмасындағы формулалар редакторының (Редактор формул – Equation Editor) көмегімен құжат мәтініне математикалық формулалар мен символдарды орналастыруға болады. математикалық символдар мен шаблондар көптеген кең спектрлі мүмкіндіктерді қамтиды.

Формулалалар редакторының көмегімен жазылатын объектілерге интегралдар, матрицалар, бөлшектер, түбірлер, көпмүшеліктер, т.б. жатады және де олардың экран бетіндегі сырт бейнелеріпринтерден басып шығарылатын көшірмесімен бірдей болады. Формулаларды фарматтау барысында пайдаланатын әріптер мен олардың сызылымы принтер қабылдайтын байланысты өзгертілуі мүмкін.


Формулалар редакторын іске қосу

Word ортасынан формулалар редакторын іске қосу үшін, енгізу курсорын құжаттың формула кірістірілетін жеріне орналастырып, Кірістіру Объект Microsoft Equation (Вставка Объект Microsoft Equation) менюі операцияларын орындау керек. Сонда теңдеулер редакторының терезесі пайда болады. Сол терезеге керекті формуланы енгізу қажет.

Егер объектілер типі тізімінде формулаларредакторы жоқ болса, онда келес әрекеттерді орындау қажет:

- Microsoft Word Folder бумасында орналасқан Word Cammands ішкі бумасын ашу;



  • формулалар редакторын бейнелейтін суретте тышқанды екі рет шерту;

  • формулалар редакторы терезесін одан шықпай –ақ жабу;

  • Word-тан формулалар редакторын шақыру.

Формулалар редакторы жүктелгеннен кейін оның қолданбалы терезесі ашылады.Ол терезе өзінің құрылымы жағынан Word терезесіне ұқсас.

Математикалық символдар жолы

Математикалық символдар пиктограммалары бар теңдеулер редакторы терезіндегі жоғарғы жол негізінен символдар формуласына енгізуге арналған меню болып табылады: мысалы , шексіздік белгісі , вектор символы , т.с.с. таңбалар жиыны . Олардың ішінен қажетті символдарды таңдауға және оларды формула ретінде енгізуге болады. Математикалық символдар функционалдық ұқсастығы ( үйлестігі ) бойынша жеке топтарға біріктіріліп орналастырылған. Символдар кірістіру үшін керекті символ тұрған өріс элементін тышқан курсорымен белгілеп көрсеткен жөн. Соның нәтижесінде осы өріске кіретін символдардың толық тізімі ашылады. Тышқан курсорымен тізімдегі қажетті символды таңдап алып, оны бір рет шертсек , символ мәтіндегі формулалар жолына енгізіледі.

Шаблондар жолы математикалық символдар пиктограммасынан төменде орналасқан. Оның көмегімен мәтінге математикалық қатынастар , амалдармен мен интеграл, матрица, жақша ішіндегі өрнектер сияқты күрделі обьектілерді және т.б. енгізуге болады. Шаблондарды мәтінге кірістіру алдыңғы математикалық символдарды кірістіру тәсілімен орындалады. Бір шаблрнды екіншісінің ішіне қоюға болады.

Мысалы, интеграл белгісінен кейін түбір шаблонын қоюға, ал түбір белгісінің ішіне ( астына) бөлшек шаблонын қоюға болады және т.с.с.

Формулалар редакторында енгізу курсоры бастапқыда L әрпі түрінде болады. Көлденең және тік сызықтар фориуланың келесі элементі қай жерге енгізілетінін көрсетеді. Формулаларды жазуда математикалық символдар мен шаблондар жолы қосымша аспаптар ретінде пайдалынады, өйткені таңбаларды тікелей пернелерден де енгізе береміз.

Редакторда даярланған формула мәтінге формулалар редакторы терезесі жабылған соң ғана кірістіріледі.
Теңдеулерді теру

Теңдеулерді теру формулалар редакторын шақырғанда пайда болатын кадрда жүзеге асыралады. Теңдеуге тікелей пернелей тақтасының көмегімен қарпайым мәтінді және формулалар редакторындағы менюден арнайы символдарды таңдап алып, оларды да енгізуге болады.

Формулалар редакторының менюнінен тиісті таңбаны таңдап алған соң, оны жіңішке пунктирмен шектелген тіктөртбұрышты енгізу ұясына орналастырамыз. Бұны осы шаблон арқылы енгізілетін символдардың ұясы деп те атауға болады . Курсорды тиісті ұяға апарып , керекті мәтіндерді енгізе беруге болады. Ұяға енгізілген өрнектерге байланысты тіктөртбұрыш өз мөлшерін автоматты түрде өзгертіп отырады. Қойылған шаблондар қабаттасып роналасқанда, курсордың қай ұяда орналасқанын анықтау қиынға түсуі мүмкін. Бұған курсорға дейінгі өрнектің асты сызылып тұратыны және курсордың биіктігі символмен бірдей болып жыпылықтауы көмектеседі. Символдардың бірінен екіншісіне өту немесе берілген шобланнан шығу, курсорды ауыстыру пернелерімен жүзеге асыралады . Шаблоннан бір ұясының басқасына ауысуы үшін Тав пернесін пайдаланған жөн.

Егер қандайда бір өрнек ерекшеленіп тұрса, онда шаблонды шақыру барысында ол өрнек автоматты түрде ерекшеленген өрнек тұрған ұяға барып орналасады.

Кейбір шаблондық белгілерді қоспернелерді арқылы жылдам теруге болады.

Қоспернелер ... әрекеттерінің нәтижесі –

Ctrl +R түбір шаблонын кірістіру ;

Ctrl+l интеграл шаблонын кірістіру;

Ctrl +[ ашылған (жабылған) тік жақшалар

( не Ctrl +]) шаблонын кірістіру;

Ctrl + 9 ашылған (жабылған) жай жақшалар

(не Ctrl +0) шаблонын кірістіру ;

Ctrl + { ашылған (жабылған) жүйелі жақшалар

(не Ctrl +}) шаблонын кірістіру;

Ctrl +F көлденең сызығы бар бөлшек шаблонын кірістіру;

Ctrl +\ қиғаш сызықты бөлшек шаблонын кірістіру;

Ctrl +G грек символдрын енгізу режиміне ауыстыру

(символ енгізілісімен автоматты түрде бастапқы

режим орындалады);

Ctrl +H дәрежелік таңба шаблонын кірістіру (жоғарғы

Индекс);

Ctrl +L индексті таңба шаблонын кірістіру

(төменгі индекс);

Ctrl +J жоғарғы да төменгі де индекстері бар

Шаблонын кірістіру;

Ctrl + T, S қосындылаау шаблонын кірістіру;

Ctrl + T, P көбейтінділеу шаблонын кірістіру;

Ctrl + T, M матрица шаблонын кірістіру;

Ctrl + T ,U жол астындағы төменгі символдар шаблонын кірістіру
Бұл жылдам қоспернелер әріптерін әрекетте сәйкес келетін ағылшын терминдерін білу жолымен еске сақтауға болады.(мысалға, fraction- бөлшек).
Лекция 3

Тақырып: Кестелерді даярлау және түзету
Жоспар


    1. Кестелерді даярлау

    2. Кестелерді баптау

    3. Ұяшықтарды таңдау

    4. Ұяшықтардың орнын ауыстыру және көшірмесін алу


Әдебиеттер

1.Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р.

Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2.Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

3.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Информатика және

компьютерлік техника. Алматы,” Мектеп”, 2002, 453 б.


Мәтінді редокторлармен жұмыс істеу барысында реттелген информацияны, құжаттарды сақтаудың ең бір қолайлы тәсілі кестелер(таблица) болып табылады.

18.1 –суретте кестелерді пайдаланудың мысалы ретінде телефондық мекен жайы кітабынан үзінді келтірілген. Сондай –ақ кестелер әр түрлі тізімдер мен тізбелерді қаржы ақпараттарын көрсетуде және басқа да осындай мәселелердің көптеген түрлерін шешуде жиі пайдаланылады. Кестелердің ішінде информацияларды қабылдауды жақсартуға арналған графикалық иллюстрациялар да тұруы мүмкін.



Кестелерді даярлау.

Кесте құжаттың мәтіннің кез-келген жеріне қойыла береді. Кесте мөлшері қағаз парағынан үлкен болуы да мүмкін, сондықтан ол бір немесе бірнеше беттерде орналаса алады. Кестені алғаш рет даярлау үшін Кесте→Кестені кірістіру (Таблица→Всавить таблицу) командасын немесе стандартты аспаптар тақтасының Кестені кірістіру батырмасын басу керек.

Кестені даярлаудың ең бір қарапайым жолы Кестені кірістіру батырмасын пайдалану. Мұнда бағаналар екі мәтін жолының толық ені мен бағаналар саны негізінде автоматты түрде бірден тағайындалады. Қажет болса, әрбір бағаналар енін мұнан кейін де өзгерте аласыз. Сонымен, алғаш рет кестені даярлау үшін төмендегі әрекеттер орындалады:

-Даярланатын кестенің сол жақ жоғарғы шетіне курсорды алып бару.

-тышқан тетігімен аспаптар тақтасындағы Кестені енгізу батырмасын басып, экранға шыққан кішкене кесте көрінісіндегі керекті торлар ұяларын тышқанмен белгілей отырып, оның батырмасын жібермей ұстап тұру керек.

-тышқан курсорын кестенің қажетті мөлшеріне дәл келетін оң жақ төменгі торына жылжытып апарыңыз. Егер курсорды оңға немесе төменге жылжытатын болсаңыз, ондаторлар саны да соған байланысты өсіп отырады.

-Керекті торлар санын бейнелеп алып, тышқан батырмасын жібереміз. Мәтіннің курсормен көрсетілген жерінде қажетті өлшемдегі кесте пайда болады.



Тор сызықтарын бейнелеу және жасыру.

Тор сызықтары кесте ұяшықтарының мөлшерін белгілеп көрсету үшін арналған. Кесте→Тор (Таблица→Сетка) командасы тор сызықтарын бейнелеп көрсетуге немесе жасруға мүмкіндік береді. Бұл команда ауыстырғыштар тобына жатады, яғни команданы бірінші рет орындау нәтижесінде экраннан тор сызықтары алынып тасталса, команданы қайтаданэкран бетіне шығарады.



Жолдар мен бағаналарды номерлеу.

Ұяшықты номерлеу үшін Формат→Тізім командасын немесе “Форматтау тақтасындағы”



Номерленген тізім батырмасын пайдалану керек. Бұл тәсілмен бағаналарды, жолдарды немесе ерекшеленген ұяшықтар тобын номерлеуге болады.

“Форматтау” тақтасында орналасқан номерленген тізім батырмасы көмегімен ұяшықтарды өте тез номерлеп алуға болады. Алайда, бұл жағдайда номерлеу үшін “Тізім” сұхбат терезесіндегі тағайындалған стиль пайдаланатын болды.



Кестелерді баптау.

Жұмыс кезінде мәліметтер орналасқан кестенің параметрлерін жиі-жиі өзгерту қажеттігі туады. Word –редакторында кестелерді өңдеудің көптеген мүмкіндіктері –ұялардағы мәліметтердің орнын ауыстыру және көшірмелерін алу, торлардың биіктігімен енін өзгерту т.б. бар. Келесі бөлімдерде кестелерді түзетуге арналған мүмкіндіктермен таныс болыңыздар.



Ұяшықтарды таңдау.

Түзету командасын орындамастан бұрын әрекеттер орындалатын жолдарды, бағаналарды немесе ұяшықтарды алдын ала таңдап алу керек. Word бір немесен бірнеше жолдар мен бағаналарды толығымен таңдауға мүмкіндік береді. Таңдап алынған ұяшықтарды бейнелеп көрсету үшін ақ қара түсті қарама –қарсы кескіндер (инверциялы) пайдаланылады.

Төменде тышқанның көмегімен кесте фрагменттерін таңдаудың әр түрлі варианттары келтірілген:

Символдар – тышқан курсорын бірінші символдың алдына орналастырып, оның сол жақ батырмасын басып алу сол басулы күйінде жібермей ұстап тұрып, курсорды –соңғы символға ауыстырыңыз да, курсор тілсызыққа айналғанда тышқан батырмасын басыңыз;

Ұяшықтар – бірінші ұяшықты немесе ұяшықтың ішіндегісін белгілеп алыңыз да, тышқанды жібермей ұстап тұрып, курсорды соңғы ұяшыққа ауыстырыңыз;

Жол – бір ұяшықты таңдағандай әрекетті орындаңыз, бірақ тышқан батырмасын бір рет емес, екі рет басыңыз.Екінші тәсіл: тышқан курсорын жолдың сол жағындағы бос кеңістікке жеткізіп, курсор қиғаш сызыққа айналдырғанда батырманы басыңыз (кестеден тыс жерде); бірнеше жолды бірге ерекшелеу үшін –тышқан батырмасын жібермей, тышқан курсорын қажетті жолдар санына төмен немесе жоғары орын ауыстырыңыз;

Бағана – таңдап алынған бағананың жоғарғы бос кеңістігіне курсорды апарып, курсор төмен қараған тіл сызыққа айналғанда оның батырмасын басыңыз(кестеден жоғары); Бірнеше бағаналарды бірден ерекшелеу үшін – тышқан батырмасын басулы күйінде жібермей ұстап тұрып курсорды қажетті бағаналар санына оңға немесе солға орын ауыстырыңыз;

Кесте – барлық жолдармен бағаналарды түгел ерекшелеп алыңыз, әйтпесе бірінші жолды толық ерекшелеп алған соң Shift пернесін басып тұрып, соңғы жолды ерекшелеңіз.

Жолдарды, бағаналарды және толығымен кестені ерекшелеу үшін Кесте менюіндегі Жолды ерекшелеу, Бағананы ерекшелеу немесе Кестені ерекшелеу командалары пайдаланылады.


Лекция 4

Тақырып: Ұяшықтарды, жолдарды және бағаналарды кірістіру және жою.

Жоспар

14.1Кестелер тақырыбын даярлау.



    1. Ұяшықтарды бөліктерге бөлу

    2. Кестелерді форматтау

    3. Кестелерді бөліктерге бөлу


Әдебиеттер

1.Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р.

Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2.Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

3.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Информатика және компьютерлік техника. Алматы,” Мектеп”, 2002, 453 б.
Кесте даярлаған соң, сіз оған жолдар мен бағаналарды, ұяшықтарды қосымша кірістіру немесе кейбірін жоя отырып оның құрылымын өзгерте аласыз. Кесте құрылымына кірістірілетін бірнеше өзгертулерді тек бір команданың –Кесте менюіндегі Кірістіру (Вставить) және Жою опциялары арқылы орындай аласыз.Оның нақты түрі команданы шақырмас бұрын кестенің қандай элементері (ұяшықтар, жолдар немесе бағаналар) таңдап алынғанымен анықталады.

Жолдарды немесе бағаналарды қосымша кірістіру келесі әрекеттердің орындалуын талап етеді;

-Жолды немесе бағананы таңдап алыңыз (Ол сіз жолдар немесе бағаналар қосқыңыз келе ме, жоқ па, соған байланысты);

Кесте менюінен “Жолдарды кірістіру”(Вставить строки) немесе“Бағаналарды кірістіру”(Вставить столбцы) командасын таңдаңыз.

Кесте --- Жолдарды кірістіру командасын таңдағанда жаңа жол ағымдағы жолдың жоғарғы жағына, ал оның төменгі жағындағы барлық жолдар төмен қарай жылжыйды

Бағананы кірістіру барысында жаңа бағана ағымдағы бағананың сол жағына қосылып,(18.7 -сурет) оның оң жағындағы барлық бағаналар оңға қарай жылжиды (18,8 -сурет) кірістірілгенен кейін осы жаңа жол немесе бағана ағымдағылар болып саналады.

Ұяшықтарды бөліктерге бөлу

Ұяшықтарды бөліктерге бөлу біріктіруге кері операция болып табылады. Оның көмегімен біріктірілген ұяшықтарды бастапқы қалпына келтіруге болады. Мұнда мәтінді ұяшықтарға бөлу символдар санымен анықталады.

Сондай – ақ біріктіру нәтижесінде пайда болмаған ұяшықтарды да бөлуге болады. Мұндай бір ұяшықты қанша ұяшықтарға болу керек болса, соншасына теңдей етіп бөледі.

Сонымен, бөлуге арналған бір немесе бірнеше ұяшықтарды таңдап алыңдар.



Кесте --- Ұяшықтарды бөлу(Таблица – Разбить ячейки) командасын таңдасақ нәтижесінде экранда “Ұяшықтарды бөлу” сұқпат терезесі пайда болады. (18.11 сурет) Сол терезенің “Бағаналар саны” енгізу өрісінде бағаналар саны бейнелейтін жаңа сандық мәнді енгізіп, ОК батырмасын басу жеткілікті.

Кестелерді форматтау

Ұяшықтардың ішіндегі мәліметтерді форматтау үшін әдеттегі мәтінді форматтау тәсілдерін қолдануға болады. Мысалыға, сіздер шрифт түрін, өлшемін және сызылымын өзгерте аласыз.Формат командасы ұсынатын барлық (бұрыннан таныс ) әрекеттерді пайдалануларыңызға болады. Мысалыға жол аралық интерволды тағайындап, оның шеттерін туралауға және ол үшін контекстік тәуелді менюді пайдалануға мүмкіндік бар. Контекстік менюді тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы шақыруға болады.

Бұдан басқа да тікелей кестені көркемдеу элементтерін кірістіруге болады (Кестені бөлу сызықтары, оны жиектеу және т.с.с. ) Кестені көркемдеуге арналған алдын ала анықталған стилдер жиыны бар, солар арқылы кестені форматтау әдістерін қарастырайық

Кесте –Автоформат командасын пайдалану.

Кесте –Автоформат (Таблица --- Автоформат) командасы кестені көркемдеудің алдын ала анықталған стильдерін пайдалану кестеге кәсіби түр беруге қажетті уақытты едәір қысқартуға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен ұяшықтарды жиектеумен іштерін бояуды шрифт түрі мен түсінігін, сондай –ақ ұяшықтардың мөлшерін, олардың ішіндегі мәліметтерге сәйкес автоматты түрде өзгерту параметірлерін жылдам тағайындауға болады.

Сонымен, кестені форматтау үшін курсор кесте ішіне орналасуы тиіс.



Кесте –Автоформат командасын таңдасақ, соның нәтижесінде экран бетіне 18.12 суретте көрсетілгендей “Кестені автоформаттау” сұқбат терезесі шығады.

Алдын ала анықталған форматтар тізімінен өз талабыңызға сәйкес келетін форматты таңдаңыз. Ол таңдалынған форматтың сыртқы түрі “Үлгі” (образец) бөлімінде бейнеленеді де таңдауды жеңілдетеді .

Егер пайдаланылатын көркемдеу элементтерінің бір сыпырасын қалдырып, ал кейбір элементтерін өзгерткіңіз келсе, “Пайдалану” бөліміндегі сәйкес жалаушаларды алып тастаңыз (Жиектеу,Шрифт,Автотаңдау,Ішін бояу,Түсі). Соның нәтижесінде “Үлгі” бөлімі де өзгертулерге сәйкес форматта көрсетілетін болады.

Ал автоформатты кестенің тек белгілі бір бөлігіне пайдалану үшін, “Көркемдеуді өзгерту” (Изменить оформление) бөлімінде форматты өзгертетін кесте бөлігін атап көрсету қажет. (Мысалы. Тақырып жолы, Бірінші бағана, Соңғы жол, Соңғы бағана т.с.с.)

Ең соңында ОК батырмасын басу керек.

Кестелерді бөліктерге бөлу.

Кестелерді жұмыс істеу барысында бір кестені оның арасында мәтін немесе сурет қосу үшін екі бөлікке бөлу қажет болу мүмкін. Осындай кезде кестені екіге бөлу үшін, курсорды бөліну сызығынан кейінгі жолға орналастырып алып, Кесте ---- Кестені бөлу

(Таблица – Разбить таблицу) командасын орындау керек немесе Ctrl+Shift+Enter пернелерін басу керек. Мұның нәтижесінде кесте екі бөлікке бөлінеді, ал екі бөліктің арасына қалыпты форматталған абзац маркері қойылады. Егер де сіз бөлудің тоқтатқыңыз келсе, яғни бұл әрекетті болдырмау үшін абзац маркерін алып тастаңыз

Егер кесте құжат басынан басталатын болса, MS Word кесте алдына абзац маркерін қояды. Абзац маркерін қосудың альтернативтік тәсілі ретінде курсорды бірінші ұяшыққа орналастырып, Enter пернесін басу керек.



Лекция 5

Тақырып: WORD редакторында графикпен ж±мыс істеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет