ОқУ-Әдістемелік кешен


Өзіндік бақылау үшін ұсынылатын тест тапсырмалары



бет17/18
Дата19.05.2022
өлшемі102.14 Kb.
#457496
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Жазуға-үйрету-технологиясы

Өзіндік бақылау үшін ұсынылатын тест тапсырмалары





  1. Жазуда жіберілетін қателердің ішінен каллиграфиялық қатені тап:

  1. Әріптерді дұрыс байланыстырмау.

  2. Әріп тастап кету.

  3. Сөздерді қосып не бөліп жазу.

  4. Дыбысты дұрыс таңбаламау: Амангелді Аманкелді.

  5. Буын тастап кету.

  1. Ережелерді дұрыс пайдалану дағдысын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін диктант түрі:

  1. Көру диктанты.

  2. Бақылау диктанты.

  3. Ескерту диктанты.

  4. Сөздік диктанты.

  5. Әріп диктанты

  1. Диктантта жіберілетін мына қателер есепке алынбайды:

  1. Екі ұқсас жіберілген пунктуациялық қате.

  2. Жіберілген қателердің ережесі оқылмаған болса.

  3. Бір орфографиялық қате.

  4. Бір сөзді мәтін мазмұнын бұзбайтындай екінші сөзбен ауыстырылса.

  5. Бір қате екі рет қайталанған болса.

  1. Бақылау диктантына арналған сөз саны мынаныпта 55-56 сөз болады:

  1. 1 сынып.

  2. 2 сынып.

  3. 3 сынып.

  4. 4 сынып.

  5. Барлық сыныптарда.

  1. Қазақ тілінің орфографиясын терең зерттеген:

  1. Ш. Әуелбаев.

  2. К. Жолымбетов.

  3. Д. Әлімжанов.

  4. И. Ұйықбаев.

  5. Х. Арғынов.

  1. Орфографиялық жаттығулар:

  1. Морфологиялық және синтаксистік.

  2. Аналитикалық, синтетикалық.

  3. Көшіру, диктант, мазмұндама.

  4. Фонетикалық.

  5. Жалпылау, салыстыру.

  1. Орфографиялық қырағылық:

  1. Мәтіндегі орфограмманы байқау қабілеті, оның типін анықтау.

  2. Морфемалардың мағынасын түсіну.

  3. Дұрыс сөйлеу.

  4. Сөзді дұрыс жазу.

  5. Сөйлемді дұрыс талдау.

  1. ,,Жазу дыбыстық жүйеге негізделген, яғни сөйлеуде қалай естілсе, жазуда солай таңбаланады,,. Бұл жерде мына орфографиялық принцип сөз етіледі:

  1. Морфологиялық.

  2. Фонетикалық.

  3. Дәстүрлі.

  4. Грамматикалық принцип.

  5. Синтаксистік принцип.

  1. Жазуға үйрету әдістері:

  1. Көшіріп жазу.

  2. Штрихтарды қосу.

  3. Генетикалық әдіс.

  4. Ритмикалық.

  5. Әріп тастамай жазу.

  1. Графикалық дағды қалыптастырудың мына кезеңінде ,,Әріп элементтерін жазып үйрену,, жүзеге асады:

  1. 1-кезеңде.

  2. 2-кезеңде.

  3. 3-кезеңде.

  4. 4-кезеңде.

  5. 5-кезеңде.

  1. Оқушылардың көру сезімі арқылы қабылданған әріп, буын, сөйлем және мәтіндерді жазбаша өрнектеу:

  1. Диктант.

  2. Көшіріп жазу.

  3. Орфографиялық талдау.

  4. Мазмұндама.

  5. Шығарма

  1. Көркем жазу сабақтарында мыналар жетілдіріледі:

  1. Сөйлемді жаза білу.

  2. Мазмұндама жаза білу.

  3. Схемалар құра білу.

  4. Әріптің элементін дұрыс жаза білу.

  5. Жазбаша жұмыстарды дұрыс орындау

  1. Жазбаша жұмыстардың түрлері:

  1. Шығарма.

  2. Мазмұндама.

  3. Өзіндік жұмыстар.

  4. Баспа мәтіннен көшіріп жазу.

  5. Өздігінен әңгіме құрау.

  1. Сауат ашу сабақтары үшін қажетті көрнекілік түрлері мен формаларын көрсетіңіз:

  1. Суретті таблицалар.

  2. Мәтіні бар таблицалар.

  3. Техникалық құралдар.

  4. Әріптер мен буындар кассасы, дыбыстық-әріптік ленталар.

  5. Жазушылардың портреті.

  1. Жазу процесіне берілген дұрыс анықтаманы көрсетіңіз:

  1. Жазу - күрделі сөйлеу әрекеті.

  2. Жазу - әріптерді сызу және байланыстыру.

  3. Жазу - бұл дағды.

  4. Жазу - дыбысты таңбалау.

  5. Жазу - қимыл әрекетін көрсету

  1. Сөйлеуге қойылатын талаптар:

  1. Жүйелілік.

  2. Тілдік құралды дұрыс таңдау.

  3. Басқаға түсінікті сөйлеу.

  4. Қажетті интонацияны таңдау.

  5. Әдеби нормаға сәйкестігі.

  1. Жаңа сөздердің жазылуымен таныстыру қалай жүргізіледі:

  1. Әр сабақта.

  2. Әр сабақта емес.

  3. Тақырып өтілгеннен кейін.

  4. Тоқсанда бір рет.

  5. Аптасына бір рет.

  1. ,,Донбасс,, сөзінің орфографиялық нормаға сай жазылуы көрсетілген:

  1. Донбасқа.

  2. Донбассқа.

  3. Донбасты.

  4. Донбастың.

  5. Донбаспен.

  1. Дұрыс жазуға дағдыландыру ішінде грамматикалық бағыттың күшіне енуіне үлес қосқан:

  1. К. Д. Ушинский.

  2. Ы. Алтынсарин.

  3. С. Рахметова.

  4. В. Шереметевский.

  5. А. И. Пешковский

  1. Оқушылардыњ көру, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізілетін диктанттыњ түрі:

  1. Буын диктанты.

  2. Сөз диктанты.

  3. Бақылау диктанты.

  4. Көру диктанты.

  5. Сөз диктанты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет