Оқу әдістемелік кешенге түйіндеме


Тәжірибелік сабақ: І.Есенберлиннің, М.Мағауиннің, Ә.Кекілбаевтің



бет22/34
Дата06.05.2023
өлшемі208.7 Kb.
#473285
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34
15 апта

11. Тәжірибелік сабақ: І.Есенберлиннің, М.Мағауиннің, Ә.Кекілбаевтің
тарихи тақырыптағы шығармалары


Сабақтың мақсаты:Осы жазушылардың тарихи шығармаларының оқиғаларын салыстырып оқыту барысында студентттерге тарихи шығармаларды толық меңгертіп және әр жазушы стильн ажырататындай дәрежеге жеткізу.
Сабақ жоспары:1. I. Есенберлиннің тарих беттеріне арнаған «Қаһар»романына тоқталу.
2. І. Есенберлиннің тарихи тақырыпқа жазған соңғы шығармасы –
«Алтын орда» атты үш томдық романы жайлы.
3. Қазақ-Ресей қарым-қатынастарын суреттейтін шығарма
Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» атты екі томдық романы.
4. Қазақ-орыс қарым-қатынасының кейінгі тарихын суреттейтін
Ә.Кекілбаевтың «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары.
Әдістемелік нұсқау:Тарихи оқиғаларға байланысты жарияланған мерзімді
баспа беттеріндегі мақалаларды,монаграфияларды қарау.Мысалы:Жанбибі Дүйсенбаеваның 2007 жылы «Арыс» баспасынан шыққан «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарих тағылымы» деген еңбегін қараңыз.
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 7, 9, 10, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 40, 41, 45, 51,58, 62, 63.


12. Тәжірибелік сабақ: Кеңестік дәуірде жарық көрген қазақ романдары


Сабақтың мақсаты: Кеңестік дәуірде жарық көрген романдардың негізгі
проблемасын студент қандай дәрежеде меңгергенін тексеріп бағалау.
Сабақ жоспары: 1.Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» (1981) романы.
2. Тақырыбы – соғыстың өзі емес, оның алыс қазақ ауылындағы
жаңғырығы болған Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді»
романы.
3. Соғыс кезінің шындығын арқау еткен Н.Ғабдуллиннің «Жігер»
романы.
4. Қ.Қазыбаевтың «Ызғар» романы.
5. Ш.Мұртазаның «Қара маржан» романдарына тоқталу.
6. Қазіргі қазақ романдарындағы проблемалық сипаттар.
Әдістемелік нұсқау: Қазақ романы ішінде біздің замандастарымыздың бейнесін
олардың өндіріс орындарында істеп жүрген мамандығымен,ондағы өзіндік қарым-қатынастары арқылы көрсетуді де мақсат еткен шығармалар аз емес. Олардың қатарында З.Қабдоловтың «Жалын» (1970), М.Сәрсекеевтің «Жаңғырық» (1979), А. Жақсыбаевтың «Егес» (1975), «Қорған» (1991), «Бөгет» (1981), Р.Сейсенбаевтың «Өмір сүргің келсе» (1978) атты романдары бар.
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6,7,8, 9, 10,12,13,14,15,25, 38,40,41,42, 45,47,55,70.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет