13. Тәжірибелік сабақ: Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуіріндегі қазақ
повестері мен әңгімелерінің жанырлық дамуы
Сабақтың мақсаты: Қазақ повестері мен әңгімелерінің жанырлық даму жолы, қалыптасу тарихы,стильдік қыры және жазушы дүние танымын студент қандай дәрежеде меңгергенін
тексеру.
Сабақ жоспары: 1.Повестің жанрлық дамуы.
2. Ғабит Мүсіреповтің озық туындылары «Кездеспей кеткен бір бейне»,
«Ұлпан» повестері.
3. Халық тарихының қилы-қилы кезеңдері мен тарихи
4.Бұл дәуірдегі әдебиетке ауыл өмірін жырлай келген жастардың
шығармаларына тоқталу.
5. Қазіргі қазақ повесінің сәтті ізденістері.
6.70-80-жылдарда әңгіме жанрының өркендеуі.
Әдістемелік нұсқау: Көшпелі халықтың қаһармандық салты мен рухани биік өмірін
романтикалық бояулармен жаңғыртуға арналған Ә.Кекілбаевтың «Ханшадария хикаясы»,
«Күй», А.Сүлейменовтің «Бесатар», Н.Әбутәлиевті «Қайран Нарын», Қ.Мұхамбетқалиевтің
«Ежелгі дұшпан» сияқты повестерін назар аудару.
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6,7,8, 9, 10,12,13,14,15,25, 38,40,41,42, 45,47,55,70.
14.Тәжірибелік сабақ: Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуіріндегі қазақ
поэмалары.
Сабақтың мақсаты: Қазақ поэмалары және олардың жанрлық дамуын,тақырыптық ерекшеліктерін студент қандай деңгейде меңгергенін тексеріп,бағалау.
Сабақ жоспары: 1. Бұл жылдарда қазақ поэмасының дамуы.
2. Адам еңбегін, оның қоғамды жаңартудағы күшін суреттеу
тақырыбына байланысты жазылған поэмалар.
3. Еңбек адамының жиынтық бейнесін жасауға арналған кең көлемді
сюжетті эпикалық поэмалар.
4. Отан соғысы оқиғаларын еске алу түрінде жазылған поэмалар.
5. Тарихи оқиғаларды суреттеуге арналған поэмалар.
6. Өнер адамдарын жырға қосқан поэмала.
7. Сюжетсіз лирикалық- философиялық поэмалардың жазылуы.
Әдістемелік нұсқау: Бұл жылдарда сюжетсіз лирикалық- философиялық поэмалар көптеп жазыла бастады. Мұндай ізденістерге Қ.Бекқожиннің,Х.Ерғалиевтың,Ж.Молдағалиевтың,
Ә.Тәжібаевтың,М.Әлімб-евтың,Т.Бердияровтың, Қ.Мырзалиевтың,М.Мақатаевтың шығармаларын жатқызуға болады .
Достарыңызбен бөлісу: |