Оқу әдістемелік кешенге түйіндеме


ІІІ Монолог оқу дегеніміз



бет32/34
Дата06.05.2023
өлшемі208.7 Kb.
#473285
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
15 апта

ІІІ Монолог оқу дегеніміз сөйлету грекше – monologos, mono – бір, logos –сөз –драмалық шығармадағы, сондай –ақ басқа әдеби шығармадағы кейіпкердің ішкі көңіл-күйін білдіретін толғау сөзі: кейіпкерді сөйлету тәсілі.
Монолог кейіпкердің өзімен өзі сырласқандай, ойланып-толғанғандай болып айтатын сөзі. Басқа біреу ол сөзді еститіндей болса да, жауап қайыру деген болмайды, бірыңғай бір кейіпкердің сөзі ғана беріледі. Монологтың мағыналылығы сол адамның ішкі сырын, көңіл-күйін,психологиясын терең ашып көрсетуге өте ыңғайлы. Монологта кейіпкердің түйінді ой-тұжырымдары айтылып, оның тағдырына байланысты маңызды кезеңдегі жай-күйі айқын аңғарылады.
Өздік жұмысының мақсаты: Мәнерлеп сөйлеуге ,оқуға үйрету.
Әдістемелік нұсқау: Лирикалық шығармадағы, драмалық шығармадағы, көркем қара сөздердегі монологтарға назар аударып, оқып салыстыр.
Мысалы: А.С.Пушкиннің «Борис Годунов» атты трагедиясындағы Годуновтың монологтары,лирикалық шығармадағы монологтың тамаша үлгісі ретінде Абайдың «Болыс болдым мінекей» атты өлеңін арнайы айтуға болады, ал көркем қара сөзден М.О.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы
Абайдың монологтары.


Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары.


І - нұсқа.


1.1960-80 жылдардағы тарихи тақырыпқа жазылған трилогия қайсысы?
А) "Ұстаздың оралуы"
В) "Отырар ойраны"
С) "Қарғын"
Д) "Үркер"
Е) "Көшпенділер"


2."Қош,бол махаббат" пьесасының авторы кім?
А) Б.Соқпақбаев
В) М.Мақатаев
С) М.Мағауин
Д) Ә.Кекілбаев
Е) Ж.Аймауытұлы


3. 2000 жылғы әдебиет жөніндегі Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған
шығармалардың қатарына осылардың қайсысы жатпайды?
А) М.Мақатаев "Аманат"
В) Т.Мұқай "Өмірзая"
С) Т.Медетбек "Дағдырлы жылдар жырлары"
Д) Қ.Мырзалиев "Қызыл кітап"
Е) О.Сәрсенбаев "Шеңбер"


4. Қайсысы О.Бөкеевтің шығармасы?
А) "Аққыз"
В) "Үкім"
С) "'Бәсер, Айкүміс және басқалар"
Д) "Бесатар"
Е) "Біздің жақта қыс ұзақ"


5. Нил Карпов,Алмасбек,Жайлыбеков,Әсия,Әлім,Ақан,Медет,Сағадат қай
роман кейіпкерлері?
А) "Өскен өркен"
В) "Боран"
С) "Жапандағы жалғыз үй"
Д) "Ақ боз ат"
Е) "Сенім"


6. 1960-90 жылдардағы қазақ прозасындағы экологиялық күйзеліске ұшыраған
ауылдың экономикалық, әлеуметтік, тұрмыс қалпын суреттейтін шығарма:
А) Ә.Шәріпов "Ормандағы от"
В) І.Есенберлин "Көлеңкеңмен қорғай жүр?"
С) Ә.Әлімжанов '"Махамбеттің жебесі"
Д) Қ.Жұмаділов "Соңғы көш"
Е) Ғ.Мүсірепов "Үлпан".


7.Осылардың қайсысы тарихи трилогия?
А) Ғ.Мұстафин "Көз көрген"
В) М.Әуезов "Хан Кене"
С) Ә.Кекілбаев "Үркер"
Д) І.Есенберлин "Көшпенділер"
Е) Б.Жандарбеков "Сақтар"

8. ...Ей, болашақ, сен мені шет көрмегін,
Осынау емес еді жетпек жерім.
Жеткендерің, шарықтап кеткендерің,
Өткермеген күндерімді өткер менің...
Аманат өлең шумағының авторын ата.
А) М.Мақатаев.
В) А.Нысаналин.
С) Ф.Оңғарсынова.
Д) Қ.Аманжолов.
Е) Т.Айбергенов.


9. Бас кейіпкерлері Еламан, Ақбала, Тәңірберген, Сүйіндік, Судыр, т.б. көркем
бейнелер болған трилогияны ата.
А) Д.Досжанов "Жібек жолы"
В) Қ.Жұмаділов "Соңғы көш"
С) Х.Есенжанов "Ақ Жайық"
Д) Ә.Нүрпейісов "Қан мен тер"
Е) І.Есенберлин "Көшпенділер"


10. "Өле берсін күншілдер күйігінде,
Өз ғасырым өзімнің иінімде.
Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты,
Мен өлемін өзімнің биігімде",...-
Деген өлең шумағының авторы кім.
А) Қ.Мырзалиев.
В) М.Мақатаев.
С) Т.Айбергенов
Д) Д.Әбілов.
Е) Ж.Нәжімеденов.


11. Бүгінгі күнде қазақ әдебиетінің драма жанрын зерттеп жүрген ғалымдарды ата:
А) Р.Нұрғалиев
В) Х.Сүйіншәлиев
С) М.Мағауин
Д) М.Мырзахметов
Е) М.Серғалиев


12. "...Ақыры редакциялардың қай-қайсысынан да көңілім қалып болды.
Соларға өлең жіберем деп, конверт, марка сатып алып, қанша ақшам
қарап болды десеңші. Одан да соның бәрін жиып, конфет алып жесем ғой, мықтап бір шырқамас па едім.
Мейлі, баспаса баспай-ақ қойсын. Оған бола мен арман еткен нысанамнан, сірә да, жалтармаспын. Солардың ызасынан енді міне өлеңді қойып, соқталдай повесть жазғалы отырмын.." - деген кіріспе сөздермен басталатын шуақты юморға, балалық шақтың базарлы бағына оқырманды қызықтыра жетелеп әкететін балар әдебиетіндегі ең қызғылықты да көркем шығарманы ата.
А) С.Сматаев "Бәсер, Айкүміс және басқалар"
В) М.Сүндетов "Шайтан базар"
С) Б.Соқпақбаев "Менің атым – Қожа"
Д) Қ.Сәрсекеев "Қараша қаздар"
Е) Д.Исабеков "Біз соғысты көргеніміз жоқ"


13. Осылардың қайсысы лирикалық-философиялық поэма емес, яки адамның ішкі жан дүниесін болмыспен байланыстыра суреттеуге емес, шытырман оқиға, сюжетке құрылған поэма?
А) Х.Еғалиев "Жылдар, жылдар"
В) Ж.Жабаев "Өтеген батыр"
С) Ж.Молдағалиев "Мен – қазақпын"
Д) Қ.Мырзалиев "Данышпан"
Е) М.Мақатаев "Жан азасы"


14. 1981 жылы 1960-70 жылдардаға қазақ прозасында көркем тіл, шұрайлы ой, сырлы, шуақты прозаларымен әдебиет әлеміне қосылған жазушылар легінің ең таңдаулы туындылары үш том болып, қандай атпен басылып шықты?
А) "Жер мен адам"
В) "Портреттер"
С) "Шырағың сөнбесін"
Д) "Аманат"
Е) "Беласқан"


15. Осы шығармалардың қайсысы автор мен кейіпкер арасындағы сұхбатқа
құрылған роман-диалог?
А) О.Бөкеев "Шайтан көпір"
В) Қ.Мұхамеджанов "Біз періштеміз бе?"
С) Т.Ахтанов "Ант"
Д) Ә.Нұршайықов "Ақикат пен аңыз"
Е) А.Сейдімбеков "Аққыз"


16. Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы құжатты прозаның, яки жазушы
өзі бастан кешкен өмір шындығын суреттеп жазған шығармалардың
қатарына жатпайтынын айқында:
А) Б.Момышұлы "Москва үшін шайқас"
В) Т.Ахтанов "Боран"
С) Қ.Қайсенов "Жау тылында"
Д) Т.Бегелдинов "Аспандағы айқас"
Е) М.Ғабдуллин "Менің майдандас достарым"


17."Аққулар ұйқтағанда" поэмасының авторы.
А) Ж.Молдағалиев.
В) М.Мақатаев.
С) Х.Ерғалиев .
Д) Т.Жароков.
Е) М.Жұмабаев.


18. Малшылар өмірінен алынып 1963 жылы "Дала сыры" деген атпен
повест болып жарияланған, кейін автор толықтырып "Боран" дегеп атпен роман етіп шығарған қазақ әдебиетіндегі лиризмге толы психологиялық, романтикалық жетпісінші-сексенінші жылдар прозасының асқарлы асуларының бірі болған роман, қазақ әдебиеті тарихындағы ең айтулы туындының авторы?
А) Қ.Тұрсынқұлов
В) Қ.Ысқақов
С) О.Бөкей
Д) Т.Ахтанов
Е) С.Мұратбеков


19. Қазақстан металлургия зауыты өмірін жылдамдықпен барлап, ондағы еңбек адамдарының қарым – қатынасын батыл суреттеген елеулі шығарма.
А) "Дауылдан кейін"
В) "Көз көрген"
С) "Темір тау"
Д) "Айқас"
Е) "Сұңқар самғауы"


20. Осылардың қайсысы Б.Соқпақбаевтың қаламынан тумаған шығарма?
А) "Менің атым – Қожа"
В) "Бастан кешкендер"
С) "Өлгендер қайтып келмейді"
Д) "Мұзтау"
Е) "Жекпе жек"


21.Жетісу бойындағы (дәлірек айтсақ,Қарғалы шұға комбинаты орналасқан өңірде) халықтың революция алдындағы өмірі мен әлеуметтік күреске қатысын көрсететін кімнің қай романы?
А) Ғ.Мұстафиннің"Дауылдан кейін" романы.
В) Ғ.Слановтің"Асау арна"романы.
С) Х.Есенжановтың"Ақ жайық" романы.
Д) І.Есенберлиннің"Айқас" романы.
Е) С.Мұқановтың"Есею жылдары"романы.


22.Ғабит Мүсіреповтің"Оянған өлке"романының екінші кітабы.
А) "Сөз жоқ соның іздері"
В) "Кездеспей кеткен бір бейне"
С) "Ұлпан"
Д) "Қарлы жаңбыр астында"
Е) "Жат қолында"


23. "Доктор Дарханов" кімнің шығармасы?
А) Зейін Шашкин.
В) Тахауи Ахтанов.
С) Сәкен Жүнісов.
Д) Тәкен Әлімқұлов.
Е) Хамза Есенжанов.


24.Жетісу жеріндегі жаңа өмір жолындағы күрес қай романда суреттеледі?
А) "Темір қазық"
В) "Ұядан ұшқанда"
С) "Тоқаш Бокин"
Д) "Өмір тынысы"
Е) "Сенім"


25.Хакім,Әйтиев,Дмитриев,Шолпан,Қаратаев,Меңдікерей,Мүкарама қай роман кейіпкерлері?
А) "Қан мен тер"
В) "Ақ боз ат"
С) "Ақ Жайық"
Д) "Жапандағы жалғыз үй"
Е) "Боран"


26. Бұл қазақта жігіттер бар нар қасқа
Жарқылдаған алмас па, -
Дейсің-ау! Дейсің сен оны
Айырып кетсе жол басқа – деген өлең жолдарының авторы.
А) Қ. Мырзалиев.
В) М. Мақатаев.
С) Ғ. Қайырбеков.
Д) Т. Молдағалиев.
Е) Т. Айбергенов.


27. І. Есенберлиннің қазақ хандығының жонғарлардың шабуылынан қорғану тарихынан мол мәлімет беретін романы.
А) "Алмас қылыш"
В) "Жанталас"
С) "Қаһар"
Д) "Алтын орда"
Е) "Маңғыстау майданы"


28. І. Есенберлиннің тарихты қайта қозғаудың басы болған, халықтың отаршылдыққа қарсы азаттық күрестері жайлы елдің есіне салып,оның санасын оятуға көмектескен шығармасы.
А) "Алмас қылыш"
В) "Жанталас"
С) "Қаһар"
Д) "Алтын орда"
Е) "Маңғыстау майданы"


29. І. Есенберлиннің дешті Қыпшақтың ханы Әбілқайырдың билігінде болған қазақ руларының топтасуын, олардың билікке таласын, Жәнібек, Керей бастаған қазақтардың бөліну үрдісін көрсетуге арналған романы.
А) "Алмас қылыш"
В) "Жан талас"
С) "Қаһар"
Д) "Алтын орда"
Е) "Жаушы"


30. Бабамыздың шоқ басқан табанымен –
Бірдей екен жақсысы жаманымен:
Бір жаманы — тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы — қимаған даланы кең – деген өлең жолдарының авторы.
А) Қ. Мырзалиев.
В) Ж. Молдағалиев.
С) Ғ. Қайырбеков.
Д) Т. Молдағалиев.
Е) Т. Айбергенов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет