ОҚУ-Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет3/4
Дата19.06.2016
өлшемі0.64 Mb.
#147714
1   2   3   4

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Орфография туралы түсінік. Орфографияның ұстанымдары.

3.ХХ ғ. жазуы мен орфографиясына қатысты Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі.

Әдебиеттер:

1.Дүйсебаев М. Қазақ әдеби тілі орфографиясының кейбір мәселелері. А., 1973

2.Жолымбетов К. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. А., 1968.

3.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006

4.Дүйсенбаев Р. «Қазақ алфавиті туралы мәселеге, ДУГ, 1897, №10

5.Қазақ тілі жөніндегі революциядан бұрынғы зерттеулер. А.,1993, 18-20 3. 6.Әміржанова Н. Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының графикасы мен орфографиясы (1929-40жж.). канд. дисс. авторефераты. Алматы, 2010ж

12 Дәрістің тақырыбы: Пунктуация мәселелері.

Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

1. Пунктуация туралы түсінік.

2. Пунктуация мәселелері.

3.Тыныс белгілердің түрлері мен функциялары.

Жазба тіліміздің материалдык, элемент саналатын пунктуация — жазба тілдің 6ip белгісі. Жазба тіл кажеттіктен пайда болса, жазудыц шартты белгісі пунктуа­ция да жазумен байланысты шығып дамып келеді Жазусыз пунктуация жок. Пунктуациясыз жазу да сауатты, түсінікті болмайды. Қазақ тілінің пунктуациялық системасы мен негіздері орыс тілінің пунктуациялық үлгілерін басшылыққа алу арқылы қалыптасып келеді. Басқа түркі тілдері де негізінде орыс тілінің пунктуациялық ережелерін басшылыққа алады. Орыс пунктуациясының жалпы теориялық жағынан танылуы ертеден басталды. Тыныс белгілерін белгілі бір ережеге, негізге сүйеніп қоймаса, пунктуациялық сауаттылық саналы меңгерілмейді. Пунктуацияның осы бір мәселесіне онша көңіл бөлмегендіктен, мән берілмейтіндіктен көркем шығармаларда, газет-журналдарда және оқушылардың жазба жұмыстарында пунктуациялық сауатсыздық орфографиялық сауатсыздықтан әр уақыт асып түсіп отырады.

Хронологиялық жағынан  алғанда, қазақ тілінің  тыныс белгілері жөнінде жазылған алғашқы еңбектердің бірі- Ш. Сарыбаевтың  «Сөйлемде үтірдің қойылатын орындары» туралы шағын мақаласы.  Автор бұл мақаласында  оқушылар тыныс белгілерін дұрыс қоя білмейді, оның себебі қазақ тіліндегі интонациялық қалыптың бір ізбен өріс алып кете алмағандығынан деп көрсетеді.   Автордың тыныс белгілерін қоя білуде интонацияның  рольін бағалауы дұрыс.

Ш. Сарыбаевтың екінші мақаласы - «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері арасында қойылуға тиісті сызықшаға» арналған. 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Пунктуация туралы түсінік.

2. Пунктуация мәселелері.

3.Тыныс белгілердің түрлері мен функциялары.



Әдебиеттер:

1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтср, Алматы, 1988.

2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.А., 1969,1993,2002.

3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.

4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973.

5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.

13. Дәрістің тақырыбы: Сөздерді фонетикалық талдау тәртібі.

Мақсаты: Сөздерді фонетикалық талдау тәртібі жайлы толық мағлұмат беру.

Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

1. Сөздерді фонетикалық туралы қысқаша түсінік.

2. Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі.

Сөздерді фонетикалық жағынан талдаудың тәртібі — оның (сөздің) құрамындағы дыбыстарды ажыратып, ерекшеліктерін көрсету, дыбыстардың дауыс (үн) қатысына карай, жасалу жолы мен орнына қарай түрлерін айқындау, сондай-ақ кейде сөз құрамында болып отыратын бір дыбыстың әсерінен екінші дыбыстың өзгеруін көрсету.
Сөздерді фонетикалық жағынан талдау деген- оның (сөздің) құрамындағы сөздерді ажыратып, ерекшеліктерін көрсету, дыбыстардың дауыс(үн) қатысына қарай, жасалу жолы мен орнына қарай түрлерін айқындау, сондай-ақ кейде сөз құрамында болып отыратын бір дыбыстың әсерінен екінші дыбыстың өзгертуін көрсету. Оны дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың жіктелу кестесін және үндестік заңындағы ережелерін негізге ала отырып талдау қажет.

Талдау реті:

1.Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай: (жуан,жіңішке,аралас буынды сөздер)

2.Сөзді буынға бөл,буындардың түрін ата.

3.Тасымал.

4.Екпін.


5.Сөз құрамынан дауысты дыбыстарды тауып, оларды тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай талда.

6.Сөз құрамынан дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды салдыр мен үннің, айтылу орнына, жасалу жолына қарай талда.

7.Сөз құрамындағы дыбыс пен әріп санын анықта.

8.Сөзде үндестік заңына сәйкес құбылыс бар ма?Бар болса, түсіндір.

Мысалы, кітабым, әсемпаз сияқты сөздерді талдап көрейік:

К-дауыссыз, үн қатысына қарай қатаң, жасалу орнына қарай тіл ортасы, айтылуына қарай шұғыл дыбыс.

І-дауысты, жіңішке, қысаң, езулік дыбыс.

Т-дауыссыз, қатаң, тіс, шұғыл дыбыс.

А- дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс.

Б- дауссыз, ұяң, ерін, шұғыл дыбыс.

Ы- дауысты, жуан, қысаң, езулік дыбыс.

М- дауыссыз, үнді (сонор), мұрын жолды дыбыс.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Сөздерді фонетикалық туралы қысқаша түсінік.

2. Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі.

Әдебиеттер:

1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтср, Алматы, 1988.

2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.А., 1969,1993,2002.

3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.

4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973.

5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.

14Дәрістің тақырыбы: Транскрипция және транслитерация мәселелері.

Мақсаты: Транскрипция және транслитерация мәселелері жайлы толық түсінік беру.

Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

1.Жазбаша тіл – ауызша тілдің графикалық бейнесі.

2.Транскрипция қолданылатын орындары.

3.Транскрипция ұғымы.

    Дыбыс пен оның таңбасы,сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бір-біріне сәйкес келе бермейді.Бұлардың арасындағы осы сәйкессіздікті барынша азайтып,, дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін лингвистикада арнайы жазу – транскрипция қолданылады.Транскрипция - бұл  әріптер немесе сөздердің дыбысталуын ерекше фонетикалық белгілер арқылы жүйелі түрде жазу, графикалық және орфографиялық нормаладың ескерілмей, айтылудың барлық ерекшеліктерін дәлірек көрсететін мәтіннің жазылуы.

Мүмкін транскрипция әркімге қызық емес шығар, дегенмен ол пайдалы екені күмәнсіз; транскрипцияны біле отырып, сіз бөгде адамның көмегінсіз белгісіз сөзді дұрыс оқи аласыз. Сабақ кезінде  сіз сөздің транскрипциясын  айналаңыздағы адамдардан қайталап сұрамай-ақ өзіңіз оқи аласыз,сонымен қатар сіз өзіңізге лексикалық материалды меңгеру процесін жеңілдетесіз.

Айтылуда әрқашан әртүрлі ерекшеліктер болатындықтан, бастапқы кезеңде оқылуда қателіктер болады. Сәл кейінірек, керек жағдайда сіз өзіңіз сөздердің транскрипциясын жаза аласыз.

Транскрипция оқу ережесімен тікелей байланысты, өйткені ағылшын тілінде сөздердің жазылуы мен оқылуы сәйкес келмейді.

Фонетикалық транскрипция дегеніміз бұл әр дыбысқа белгілі бір таңба сәйкес келетін дыбыстың графикалық белгіленуінің шартты жүйесі.

Сол сияқты фонетикалық транскрипцияның көмегімен дыбыстың ұзақтығын және екіпіннің орнын көрсетуге болады.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Жазбаша тіл – ауызша тілдің графикалық бейнесі.

2.Транскрипция қолданылатын орындары.

3.Транскрипция ұғымы.



Әдебиеттер:

1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтср, Алматы, 1988.

2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.А., 1969,1993,2002.

3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.

4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973.

5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975



№15 Дәрістің тақырыбы: «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектеріне шолу.

Мақсаты:

Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

1.«Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» саласының зерттелуі туралы.

2. «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектері

Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Одан соң М.Терентьев жазған «Гармматикада» [1] қазақ фонетикасы жөнінен айтарлықтай жаңалық байқалмайды. Онда кейбір дыбыстардың айтылуы мен комбинаторлық түрде алмасуы жайында азын-аулақ мәлімет береді.Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В.В. Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. П.М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фоне­тика мен морфология мәселесіне арнаған болатын. Октябрь революциясына дейін казақ тілі жайында жазылған еңбектерден - В. Катаринскийдің. «Грамматика кир­гизского языка» (Фонетика, этимология и синтаксис. Орен­бург, 1897), И. Лаптевтың «Материалы по казах-киргизско­му языку» (Москва, 1900) және Н. Созонтовтың «Записки по грамматике киргизского языка» (Ташкент, 1912) деген кітаптарын атап өтуге болар еді.

Аталған еңбектердің фонети­ка тарауында айтарлықтай жаңалық жоқ, көбіне, бұрынғы айтылған мәселелерді қайталап отырады.

Г. В. Архангельский жазған «Грамматикада» қазақ тілі дыбыстарының жіктелуі, дыбыстардың өз ара алмасуы, кейде дыбыстардың сөзде айтылмай түсіп қалуы (редукциясы), үндестік заң мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады.Қазақ тілі фонетикасының ғылыми негізі А.Байтұрсынов еңбектерінде ойып орын алады. Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерт­теу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда — тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.

2. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы.

3. «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектері.



Әдебиеттер:

1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- А.,1973,1977,1993, 2002

2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.- А.,1962

3.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А., 1989

4.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. -А., 1975.

3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

1 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, салалары, зерттелу жайы.



Мақсаты: Қазіргі қазақ тілі курсының объектісі мен міндеті, көлемі мен жіктелетін салалары жайында мағлұмат беру.

Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.

2. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы фонетикасының салалары.

3. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы.

1.Фонетика- гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді.

2. Фонетика ғылым ретінде жалпы фонетика және жеке фонетика (нақтылы тілдің фонетикасы) болып бөлінеді.

«Жалпы фонетика тіл дыбыстарының тіл жүйесінде өмір сүру жағдайларын зерттеуден басқа, ол бірінші жағынан, фонетикалық құбылыстардың бір-бірімен байланыстарын және екінші жағынан тіл дыбыстарының динамикасын зерттейді.»

Жеке фонетика белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық, статикалық) фонетика және тарихи (диахрониялық) фонетика болып бөлінеді.

Сипаттамалы фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады. Тарихи фонетика белгілі бір тілдің даму тарихының әр түрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін айқындауды мақсат етеді.

Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В.В. Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. П.М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фоне­тика мен морфология мәселесіне арнаған болатын. Октябрь революциясына дейін казақ тілі жайында жазылған еңбектерден - В. Катаринскийдің. «Грамматика кир­гизского языка» (Фонетика, этимология и синтаксис. Орен­бург, 1897), И. Лаптевтың «Материалы по казах-киргизско­му языку» (Москва, 1900) деген кітаптарын атап өтуге болар еді. Қазақ тілі фонетикасының ғылыми негізі А.Байтұрсынов еңбектерінде ойып орын алады. Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерт­теу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда — тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.

2. Фонетика қандай салалардан тұрады?

3. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы.



Әдебиеттер:

1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- А.,1973,1977,1993, 2002

2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.- А.,1962

3.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А., 1989

4.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. – А., 1975.

2 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Дыбыс, әріп, фонема. Фонема туралы түсінік, көзқарастар.



Мақсаты: Қазақ тіл біліміндегі дыбыс, әріп, фонема туралы түсінік, көзқарастарға тоқталу. Фонемалардың негізгі функциясы, қызметі жайлы мағлұмат беру. Фонема , аллофон дегеніміз не ,- деген сұрақтар төңірегінде әңгімелеу.

Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

1.Дыбыс, әріп, фонемалар туралы түсінік.

2.Фонема туралы түсінік, көзқарастар.

3.Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салушылар.

Сөздің айтылуы бар да, жазылуы бар. Әдетте мынадай көзқарас кездеседі: шын тіл-жазылған тіл, яғни сөзді қатесіз жазу, жазылуындай етіп оқу.

Дұрысы, жазудан гөрі айту әлдеқайда маңызды. Басқаны айтпағанда, әрбір адам алдымен сөйлеуді үйренеді де, содан соң жазуға көшеді. Олай болатыны, сөздің өмір сүру формасы- дыбыс. Әріп-сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір ғана дыбысты әр түрлі (мәселен, д, d, т.б.) өрнектей беруге болады.

Фонема (гр.phonema-дыбыс)- сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан айыруға септігі бар тілдің тілдің ең кішкене функциялық бөлшегі. Тілде, әдетте, біз ойлағаннан әлдеқайда көп әртүрлі дыбыстар бар, олар әрбір жеке тілде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай санаулы ғана дыбыстар типіне топтастырылады. Мәселен, ат, ет, от, өт деген сөздерде біздің түсінігімізше бір-ақ «т» дыбысы бар.

Шынтуайтқа келгенде, дауысты дыбыстардың әсерімен ол бірде жуан(ат, от), бірде жіңішке(ет, өт), бірде еріндік(от,өт), бірде езулік(ат, ет) болып, әртүрлі реңмен айтылады да, қызметіне қарай бір-ақ фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқу, рең тіл білімінде аллофон(гр.allos-басқа)деп аталады. Сондықтан сөз дыбыстан емес, фонемедан құралады десе де болады.

Фонема, сондай-ақ морфема туралы ілімнің алғаш(1870) негізін салған-орыс және поляк тілін зерттеуші И.А.Бодуэн де Куртенэ. Фонеманың көршілес келген әр түрлі фонемалардың тигізген әсеріне пайда болған реңкі к о м б и н а т о р л ы р е ң к деп аталады. Фонема туралы ілім орыс лингвистикасында өткен ғасырдын жетпісінші жылдарында пайда болған. Фонема теориясының алғаш негізін қалаған лингвист – орыс ғалымы Бодуэн де Куртенэ (1845-1929). Оның фонема туралы ілімін ары қарай дамытқан оның шәкірті акад. Л.В. Щерба болды. Л.В. Щерба сөздер және формаларды ажырататын реңкі фонема деп атайды.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Әріп пен дыбыстың қандай айырмашылығы бар? Олардың өзара қарым-қатынасы жайлы не айтуға болады?

2.Фонема дегеніміз не?

3.Фонема туралы ілімнің негізін салушы кім?

4.Фонеманың көршілес келген әр түрлі фонемалардың тигізген әсеріне пайда болған реңкі қалай аталады?

Әдебиеттер:

1.С.Мырзабеков. Қазақ тілі фонетикасы.- А.,2004.

2.Х. Досмұхамедов. Аламан. –А., 1994.

3.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. -А.,1973,1977,1993, 2002.

4.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.- А.,1962.

5.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. -А., 1989.

6.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А., 1975.

3 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Сөйлеу дыбыстарын қарастырудың үш аспектісі.



Мақсаты: Сөйлеу дыбыстарын қарастырудың үш аспектісі жайлы жан-жақты түсінік беру.

Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

1. Анатомия – физиологиялық аспект дегеніміз не?

2.Акустикалық аспект дегеніміз не?

3. Лингвистикалық аспект дегеніміз не?

Анатомия – физиологиялық аспект.Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, яғни ол – дыбыстау органдарының, оны басқарып отырңан орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі. Тіл дыбыстары және олардың жасалуын түсіну үшін, дыбыстау мүшелерінің әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл т.б. Бұларды сөйлеу аппараты деп те атайды.Дыбыстау өкпедегі ауаның сыртқа шығу кезінде ауа жолына орналақан дыбыстау мүшелерінің белілі бір тәртіппен атқаратын қызметіне, яғни қимыл – әрекетіне негізделген.Дыбыстау мүшелері актив және пассив болып екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстау кезінде қимыл, қозгалыс жасайды. Олар: тіл,ерін, жұмсақ таңдай, бқбешік, дауыс шымылдығы т.т. Бұлардың ішінде тілдің орны ерекше.Дыбыстау мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығы (желбезек сияқты) жиырылып, келіп тұрады. Керілген кезде (ауаның әсерінен) дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар, аты айтып тұрғандай, осы дауыстан (тоннан) жасалады. Ал дауыссыздарда тонның дәрежесі әр түрлі: үнділерде – көбірек, ұяңдарда – азырақ болады да, ал қатаңдарда, мүлдеи болмайды.оның есесіне қатаңдар салдырдан жасалады.Салдыр фонациялық ауаның ауыз қуысыеда тосқауылға ұшырауынан пайда болады.

Акустикалық аспект.Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір – бірінен ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы жағынан ерекшеленеді. Лингвистикалық аспект. Қарым – қатынас құралы тіл тек дыбыстар арқылы ғана өмір сүреді. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық, қүбылытар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы дыбыстардың адамдардың қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі лингвитикалық мәнінде деп қарау керек. Осыдан дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспекті келіп шығады. Мұны фонология деп атайды. Алғашқы екеуін осы лингвистикалық аспектінін табиғатын дұрыс танып, білуге көмектесетін жолдар түрінде қараса да болады.

Қысқасы, лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан, фонемалардың қызметі тұрғысынан қарайды.

Өзін – өзі тексеру сұрақтары:

1.Дыбысты қарастырудың қанадай аспектілері бар?

2.Анатомиялық – физиологиялық аспектіге қандай анықтама бересің?

3.Акустикалық және лингвистикалық аспектінің сипаттамалары.

4.Тембр деген не?

5.Сөйлеу аппаратына нелер жатады?



Әдебиеттер:

1.С.Мырзабеков. Қазақ тілі фонетикасы. –А.,2004.

2.К. Аханов. Тіл білімінің негізері. –А., 1997.

3.Х. Досмұхамедов. Аламан. –А.,1994.

4.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.-А.,1962.

5.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А., 1989.

6. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.-А., 1975.

4 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Фонемаларды топтастырудың ұстанымдары. Дауысты және дауыссыз фонемалар.



Мақсаты: Фонемаларды топтастырудың ұстанымдары туралы ұғым беру. Дауысты, дауыссыз фонемалардың топтастырылуына тоқталу.

Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

1.Фонемаларды топтастырудың ұстанымдары.

2. Дауысты фонемалардың топтастырылуы.

3.Дауыссыз фонемалардың топтастырылуы.

Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі .Дауыстылар мен дауыссыздар. Қандай бір тілде болсын, дауысты дыбыстарға қарағанда, дауыссыз дыбыстар көп. Дауыстылармен салыстырғанда, дауыссыздардың классификациясы әлдеқайда күрделі. Дауыссыздардың кейбіреулері дауыстың қатысуымен жасалса, қайсыбіреулері дауыстың қатысуынсыз жасалады. Осыған орай, дауыссыздар екі топқа бөлінеді: оның бірі – қатаң дауыссыздар, екіншісі – ұяң дауыссыздар. Қатаң дауыссыздар деп дауыстың қатысынсыз жасалған дауыссыздарды айтамыз да, ұяң дауыссыздар деп дауыстың қатысуымен жасалған дауыссыздарды айтамыз.

Дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай ауыз жолды және мұрын жолды дауыссыздар болып екі топқа бөлінеді. Артикуляциялық жолына қарай салдыр дауыссыздар(қатаңдар мен ұяңдар) шұғыл дауыссыздар және ызың дауыссыздар болып екі топқа бөлінеді.

Тіл – тілде ызың дауыссыздар мен шұғыл дауыссыздардың ерекшеліктерін бірдей қамтыған дауыссыз дыбыстар да кездеседі. Мұндай дауыссыздар аффрикат дыбыстар деп аталады. Тіл білімінде дауыссыз дыбыстар жүйесі консонантизм деп те аталады.Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысы мен қалпына қарап, атап айтқанда, 1) тілдің қалпына; 2) еріннің қатысына; 3) жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Тіл білімінде дауыссыз дыбыстар жүйесі қалай аталады?

2.Фонетика қандай салалардан тұрады?

3. Тіл білімінің арнаулы бір саласы?



Әдебиеттер:

1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. -А.,1973,1977,1993, 2002

2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.- А.,1962

3.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А., 1989

4. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.,1975.

5.Жүнісбеков Ә. Акустика-артикуляционного характеристики гласных

казахского языка. Фонетика казахского ызыка. І-часть. А., 1969. 160 б.

6.Жунісбеков Ә.Гласные казахского языка. А., 1972. 92 б.

5 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Буын. Буынның жасалуы, түрлері. Буын және тасымал.

Мақсаты: Фонетика аясында қаралатын буын, буынның жасалуы,буын және тасымал жайлы кеңінен мағлұмат беру. Қазіргі қазақ тіліндегі буындардың дыбыстық құрамы, буынның түрлері туралы жан-жақты мәлімет беру.

Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:


  1. Буын және оның түрлері.

  2. Буынның жасалуы.

  3. Буын және тасымал мәселелері.

Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз.

Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады.

Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, ондаолар кірме сөз болғаны.

Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ, буындарда екі дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы.: бөрене, жеребе, кереует, кінәз, үстел. Сондай-ақ тіліміздегі байырғы сөздердің соңында екіден артық дауыссыз тұра алмайды. Оның өзінде негізінен еліктеуіш сөздер.

Қазақ тілінде басқы буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда буындар дауыстыдан басталмайды.

Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынадай болып келеді.

Бір дыбысты: а- та, а- па, і- ні, а- ла, о- қы, а,ә,е,о, о- тыр.Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басындда ғана кездеседі;

Екі дыбысты: ба- ла, қа- ла- да, та- за -ла;

Үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт;

Төрт дыбысты: қант, төрт, былқ, жалт

Бес дыбысты: пункт, спорт,текст, скетч, старт;

Алты дыбысты: спектр, спринт.

Буынның түрлері:

Ашық буын – жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын.

Тұйық буын – соңы дауыссызға аяқталатын буын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет