ОҚУ-Әдістемелік кешені семей 2015 Алғы сөз



бет3/4
Дата27.02.2016
өлшемі1.12 Mb.
#27981
1   2   3   4

Тақырыбы: Минеральды заттар, органикалық және органикалық емес қышқылдар. Микроэлементтер және витаминдер.

Жоспар:


  1. Өсімдіктерде болатын биологиялық белсенді заттар түрлері

  2. Дәрілік өсімдіктерді пайдаланудағы ғылыми негіздемеліктер.


КІРІСПЕ
«Ветеринариялық фармакогнозия» пәні – ветеринариялық практикада қолданылатын дәрілік қасиеті бар затты зерттейтін ілім. Фармакогнозия (грек. pharmakon дәрі /лекарство/ және gnosis ілім, дәріні дайындайтын зат туралы фармацевтика бөлімінің ғылымы болып табылады. Жалпы орыс тіліне шет тілі сөздігінен енген, Чуданов А.Н., 1910 ж. Сонымен қатар фармакогнозия жануар және өсімдік текті шикі заттың дәрілік қасиетін, ботаникалық, зоологиялық және химиялық көзқараста жан-жақты қарастыратын ілім. Яғни шикі заттағы фармакологиялық белсенді заттарды анықтаудың әдістерін құрастыратын фармация бөлімі. Мысалы - өсімдіктер мен өсімдік текті (фитопрепарат) дәрілік шикі заттардың ботаникалық фармако-биологиялық және ветеринариялық мақсаттағы сипаттамасын түсінуге, олардың формаларын істеп көрсетудің ережелері мен әдіс-тәсілдерін үйретіп және оны жануарларға қолданудағы дәрілік заттың организмге әсер етуін бағалауды оқытады.

Сондай-ақ, өсімдік және жануар текті дәрілік шикі затпен оның кейбір біріншілік өнімдерін оқытатын фармация бөлімі.

Пәннің оқытылуы негізінен –терапиялық қағида негізі бойынша оқытылып, фармакодинамикалық, фармакокинетикалық және дәрілік заттардың организмдегі биотрансформациясы заңдылықтарын түсіндіре отырып, дәрілік заттың химиялық және физикалық қасиеттеріне сәйкес әсер ету механизмін жан-жақты түсіндіреді. Сонымен қатар дәрілік заттардың ветеринариялық-медициналық мақсаттағы пайдалану классификациясымен таныстыра отырып, сол дәрілік заттарды ветеринариялық практикада қолданылу ықтималдығын да қарастыруды көздейді. Пән ветеринар дәрігері мамандығын қалыптастырудағы терапевтикалық білім беретін пән болып есептеледі сонымен қатар, мамандық этикасы мен деонтологиялық қағиданы сақтауға тәрбиелейді.

Жалпы бұл ғылым дәрілік шикі заттың сыртқы белгілерін оқуға, фармацевтикалық өңдеу, дәрілік препаратты қолдану және әсерін зерттеу біртіндеп қалыптасқан, әсіресе Парацельс заманынан бастау алған., XVІ ғ.

Фармакогност ұйғарымы негізінде дайындалынатын дәрілік препаратты ( жануарлар өнімі және шикі заттары мен бөліктері, тұнба, тұндырма, қайнатпа және экстрактілер т.б) аурудың пайда болу себептері мен патогенездік ерекшеліктеріне байланысты қолданудағы дәрілік заттар әсерінің жалпы заңдылықтары, фармакодинамика мен фармакокинетикасы, әсер ету механизмдері, дәрілік заттардың биотрансформациясы, дәріні организмге енгізу, және оның бөліну жолдарын, токсикологиялық мәселелерін және жануарлар организміндегі физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне және организмнің уланбауының алдын алуды, дерттің ары қарай ұласпауына қатысты мәселелерді түсіндіру болып табылады.
Тақырыпты оқытудың мақсаты:

Ветеринарияда қолданылатын дәрілік препараттардың алынуы және пайдаланылуы туралы теориялық білім қалыптастыру;

Препараттардың қолданылу методологиясын теориялық тұрғыдан түсіне отырып, іс жүзіндегі тиімділігіне талдау жасауды үйрену;

Дәрілік препараттардың сапалық көрсеткіштерін, НТҚ негізінде – ветеринариялық мақсатта пайдалануға құқықтық құзырды қалыптастыру;

Осы қағидалар негізінде әртүрлі ауруларда қолданылатын препараттар туралы толық білімді қалыптастыру;

Препараттарды қолданудың қазіргі бағыттарымен таныстыру;

Фармакогнозия ілімінің маңыздылығын ашу мақсатындағы материалдарды іздестіру және іріктеу;

Дәрілік препараттардың аналитикалық құрылымы арқылы (мысалы гербарийлерді) сипаттау және пайдалана білу, биохимиялық талдау (фитохимия), макро және микро анализ дайындау техникасын игеру.

Дәрілік препараттар құрамындағы биологиялық белсенді заттарды зерттеу, шикізаттың эффективті қасиеттері мен компонентті құрамын анықтау, фармацевтикалық жетістіктерді зерделеу;

Пән тақырыбын өз бетімен зерттеу, ғылыми рефераттар дайындау, оқу-зерттеу жұмысы методологиясын меңгеру және топтық пікір сайыстарды жүргізе алу дағдысын қалыптастыру

Дәрілік препарат әзірленетін шикі заттағы биологиялық әсер етуші затқа ветеринариялық негізде сипаттама беру және дәрілік препараттар анализін жасау үшін іс жүзінде дағдыны қалыптастыру.

Дәрілік шикі заттың сапасын айғақтайтын нормативтік техникалық құжаттарымен танысып пайдаланудағы биологиялық негіздемені түсіндіре отырып қазіргі уақытта медициналық және ветеринариялық салада табиғи дәрілік заттарды кеңінен пайдаланудың артып отырғандығының басты алғы шарттары негізінде түсіндіру. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласында әзірленетін жалпы медициналық және ветеринариялық дәрілік заттар туралы ақпараттық мәлімдемелер оқытылады.

Сонымен қатар жануар және өсімдік текті дәрілік препараттарды пайдалану жолдарын дәріптеу арқылы адаммен қоғамның табиғатқа деген аяулы көзқарасын қалыптастыру.


    1. Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:

Өсімдік және жануар текті шикі затты фармакологиялық белсенді зат көзі ретінде оқыту. Мысалы, өсімдіктің морфологиялық белгілері, георграфиялық таралуы, химиялық құрамы (фитохимия) оларды дайындау сақтау әдістері.

Заттың фармакологиялық әсері, дайындалған дәрілік затты сақтау әдісі және сақтау мерзімін оқытады.

Дәрілік өсімдіктердің тауарлық қорын зерттеу, олардың жабайы-далалы аймақта өсуін, ондағы жылдық дайындау қорын анықтау.

Дәрілік өсімдік шикі затын нормалау және стандарттау, нормативтік-техникалық құжаттар жобасын құрастыру, емдік дәрілік затты талдау және оны стандарттаудың жаңа әдістерін құрастыру.

Өсімдік текті дәрілік тиімділігі жоғары, жаңа дәрілік заттарды іздестіру.

Осы жоғарғыдағы міндеттерді шешу үшін фармакогнозия органикалық және аналитикалық химия, сондай-ақ, ботаника әдістерін қолданады.

Өсімдіктерде болатын биологиялық белсенді заттар эртүрлі органикалық қосылыстарға енеді. Олар - алколоидтар, гликозидтер, сапониндер, эфир жэне шыны майлары, органикалық қышқылдар, витаминдер, фитонциндер, т.б.

Өсімдік организмі өзінің химиялық құрамы және атқаратын қызметі жағынан өте күрделі. Табиғатта тек өсімдіктер ғана органикалық емес заттардан органикалық заттар түзе алады, ал оларсыз адамдардың және жануарлардың тіршілік етуі мүмкін емес. Өсімдіктер танқаларлық әртүрлі зат алмасу процесіне және көмірқышқыл газынан, судан және органикалық емес зат қосылстарынан алуан түрлі қосылыстарды синтездеуге қабілетті.



Қорыта айтқанда барлық өсімдіктер судан және құрғақ заттардан тұрады, судың мөлшері жалпы салмағының 70% шамасында болуы мүмкін. Су – орта, ал ол ортада барлық биохимиялық процестер жүреді.

Құрғақ заттарды былайша бөлуге (Мамонов, Музычкина, Корулькин, 2008) болады.

Әр өсімдік организмінде заттардың пайда болуы және жинақталуы көптеген факторларға бағынышты: қоршаған ортаға, жасына, тіршілік жағдайына, дамуына, қоректенуіне. Динамикалық процесс жоғарыда аталған факторларға және басқа жағдайларға байланысты өзгереді. Оған қосымша әрбір өсімдік онтогенез процесінде вегетациялық түрлену, гүлденуі, жемістену және тыныштық фазаларынан өтеді. Онтогенез барысында өсімдіктердегі заттар мөлшері оның әртүрлі мүшелерінде әрқалай болуы мүмкін. Өсімдіктер құрамында 21 химиялық элемент табылған (Муравьева, 1991). Олардың 16 элементі (Н, C, N, O, P, S, Na, K, Ca, Cl, Mn, Fe, Co, Cu, Zn) барлық өсімдіктерде кездеседі, ал 5 элементі (B, Al, V, Mo, J) тек кейбір түрлерде ғана кездеседі. Сандық құрамына байланысты оларды макро (K, Ca, Mg, Na, Cl, P, Si) және микро (Cu, Zn, J, Co, Mn, Al, S, Fe) элементтерге бөледі. Қарапайым органикалық емес қосылыстар (Co2, H2O, NO3, SO4­­-2 және PO4-) өсімдіктерге 6 негізгі элементтерді береді ­– С, H, O, N, S, P, ал олардан ұлпалардың көптеген компоненттері құрамында белоктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, липидтер және т.б. қарапайым қосылыстар негізінде өсімдіктерде күрделі қосылыстар синтезделеді (алкалоидтар, фенолды қосылыстар, терпеноидтар және т.б.). Барлық өсімдіктер құрамында болатын (Мамонов, Музычкина, Корулькин, 2008) заттар:

Таза клетчатка – суда ерімейтін және әдеттегі еріткіштерде ерімейді. Қабықта, тамырда, сүйектерде ағаштанған клетчатка болады. Өсімдік клетчаткасы қабықшасының негізгі құрам бөлігі.

Целлюлоза – Өсімдіктер клеткалары қабырғаларының сүйегі, сүйеніші.

Пектинді заттар – өсімдіктер мүшелерінің клеткааралық заттары. Өсімдікті қайнатқанда пектинді заттар суға ауыспайды, салқын суда ерімейді.

Салқындатқанда мөлшеріне байланысты, сілікпе немесе қою коллоидты ерітінді пайда болады.



Шырыштар (слизи) – табиғаты полисахаридті зат.

Крахмал – полисахарид, дән тәрізді клеткадағы заттар өте жиі тамырларда, тамырсабағында, тамыржемісте кейбір тұқымдарда болады. Салқын суда ерімейді. Т0600С-тан жоғары болғанда жабысқан коллоидты ерітінді түзіледі, глюкоза босап шығады.

Көмірсулар – моно-ди-олиго және полисахаридтер. Өсімдіктердің бәрінде, барлық мүшелерінде болады, Әсіресе жемістерге, суда онай ериді.

Белокті заттар – барлық өсімдіктерде өте мол тұқымдарда болады.

Шыны майлар – қорлық және каптап орап алатын заттар. Жапырақтарда па    йда болып сосын өсімдіктің барлық басқа мүшелеріне ауысады. Қорлық зат ретінде тұқымдарда кейінге қалдырылады.

Пигменттер – барлық өсімдіктерде болатын заттар, жасыл бөліктерінде-хлорофилл, қызыл, қызыл-қоңыр, сары-каратиноидтар, флавоноидтар, антрахинондар, антоциандар. Олардың ең көп мөлшері – гүлдерде, жемістерде жинақталады.

Органикалық қышқылдар. Көмірсулар, органикалық қышқылдар және белоктармен қатар органикалық қышқылдар өсімдіктер мүшелерінде ең көп кездесетін заттар қатарына жатады, олар әсіресе көп мөлшерде шырынды жемістерде, жапырақтарда, азырақ мөлшерде өсімдіктердің басқа мүшелерінде кездеседі.

Смолалар – көмірсутектер, эфир майы, каучук, өсімдіктердің барлық мүшелерінде болады.

Өсімдіктердегі минералды заттар екі топқа бөлінеді: 1) Макроэлементтер 2) Микроэлементтер, олар туралы жоғарыда айтылды. Дәрілік өсімдіктердегі минералдық элементтердің болуы олардың күліне байланысты болады. Шикізаттың түріне байланысты күлінің мөлшері 3% дан 25% дейін болуы мүмкін (Муравьева, 1991).



Липидтер Жоғарғы май қышқылдарының және глицериннің немесе басқа копатомды (жоғары молекулалық) спирттердің күрделі эфирлері. Өсімдіктерде липидтер барлық ұлпаларда болады, әсіресе көп мөлшерде тұқымдарда және жемістерде.

Балауыз (Воск) – май қышқылдарының және бір атомды жоғарғы молекулалық спирттердің күрделі эфирлері.

Гликозидтер – күрделі заттар, олардың өсімдіктердегі алуан түрлілігі англикондар және көмірсулар фрагменттерінің табиғатымен С-О-С, С-С және С-S байланыстарымен анықталады.

Өсімдіктердің фармакологиялық белсенді заттарына, негізінен екінші синтез заттары (алкалоидтар, сапониндер, жүрек гликозидтері, флавоноидтар және т.б.) сонымен қатар кейбір бірінші синтез заттарын да (витаминдер, липидтер, көмірсулар) жатқызуға болады.

Өсімдіктердегі барлық заттарды әрекеттегі бірлесіп еріп жүретін және балластық деп бөледі.

Дәрілік өсімдіктердің пайдаланылатын мүшелерінде немесе жеке бөлшектерінде фармакологиялық белсенді заттардың көптеген түрлері, яғни комплексі болады. Солардың арасында бір немесе бірнеше өсімдіктің медициналық қажеттігін анықтайтын негізгі фармкологиялық белсенді заттарын ажырату қажет. Осындай негізгі фармакологиялық белсенді заттарды әрекеттегі (действующие) заттар деп атайды.

Осындай әрекеттегі заттардан басқа заттардың барлығын «бірлесіп еріп жүретін» (сопутствующие) заттар деп атайды. Мұндай бірлесіп еріп жүретін заттардың ролі және маңызы әрқалай болуы мүмкін. Ол заттардың кейбіреулері организмге пайдалы болуы мүмкін. Мысалы, витаминдер, органикалық қышқылдар, минералды заттар, қанттар және т.б. Кейбір бірлесіп еріп жүретін заттар әрекеттегі заттардың фармакологиялық әсеріне, сапасына тиімді әсер етуі мүмкін. Мысалы, сапониндер наперстянка өсімдігі жапырағының құрамында кездесетін жүрек гликозидтерінің тезірек еріп сіңірілуіне және олардың әсерін тездеуге қолайлы жағдай жасайды. Ал еритін немесе ісінетін полисахаридтер, илік (дубильные) заттар, керісінше, әрекеттегі заттардың шипалық тиімді әсерінің мерзімін ұзартуына алып келуі мүмкін. Пайдалы әрекеттегі заттармен қатар кейбір дәрілік өсімдіктерде зиянды заттар да болуы мүмкін. Мысалы, жаңа жинаған итшомырт (Крушина-Frangula) қабығында – антропол, кенедән (Клещевина- Ricunus) құрамында – токсильбумин және т.б. кездеседі.

Сондықтан, пайдалы және зиянды бірлесіп еріп жүретін заттарды ажырата білу керек. Кейбір өсімдіктер құрамында негізгі әрекеттегі заттардың сапасына әсер етпейтін фармакологиялық бейтарап заттар да кездеседі. Ондай заттарды балластар деп атайды. Бірақ та «балластық заттар» деген ат тек шартты түрде ғана. Өйткені қазіргі заманда әрбір өсімдікті экономикалық тұрғыдан 100% тиімді пайдалану керек. Яғни өсімдік шикізатының барлық пайдалы заттарын пайдалана білу керек. Мысалы, кейбір дәрілік өсімдіктің ББЗ алып медицинада қолданумен шектелмей, ол өсімдік құрамындағы ағаштанып кеткен клетчатканы қағаз, кардон алуға пайдалану қажет.

Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы алуан түрлі. Олардың құрамында көптеген биологиялық (фармакологиялық) белсенді, индиферентті (бейтарап) және балласты заттар бар. Шындығына келгенде, табиғатта адам организмі үшін абсолютті бейтарап өсімдік жоқ. Мәселе олардың әсер ету күйінде, сипатында, мөлшерінде. Соған байланысты кейбір белгілі өсімдіктер дәрілік өсімдіктерге қатарына жатқызылады. Бірақ та көптеген дәрілік өсімдіктерге жатпайтын, дегенмен тамақ ретінде, халықтық ­­медицинада қолданылатын өсімдіктер де жеткілікті. ТМД елдерінде, соның ішінде, әсіресе Россияда бұрыннан белгілі 2000 дәрілік өсімдіктер түрлерінен 500 дәрілік өсімдікке ғана осы уақытқа дейін толық фитохимиялық талдау жасалды. Қалған дәрілік өсімдіктер туралы тек жалпылама, яғни оларда қандай әсер ететін заттар бар екендігі туралы ғана мәліметтер бар. Демек, олардан ББЗ бөліп алынғанымен, олардың химиялық структурасына толық талдаулар жасалынбаған.

Дәрілік өсімдіктердің биологиялық белсенділігінің спектрі оларда әртүрлі химиялық кластарға, топтарға жататын эфир майларының, флавоноидтардың, полифенолдардың, полисахаридтердің және т.б. заттардың болуына байланысты. Дәрілік өсімдіктердегі әртүрлі заттардың саны оннан бірнеше жүзге дейін болуы мүмкін. Өсімдіктің фармакологиялық әрекеттілігі сол нақты өсімдіктің нақты химиялық құрамында тікелей байланысты. Сонымен заттар дәрілік өсімдіктің шипалық қасиеті жоғарыда келтірілген заттардан, басқа кейбір әлі толық анықталмаған фармакологиялық әсері бар заттардың болуына (антрогликозидтер, алкалоидтар, стероиды қосылыстар және т.б.) байланысты. Мұндай заттар тек кейбір дәрілік өсімдіктер түрлерінің құрамында ғана кездеседі, ол заттар бұл өсімдік түрлеріне өте тар белгілі биологиялық белсенділік береді (мысалы, кардиотоникалық, нейротроптық, адаптогендік және т.б.). Мұндай заттардың белсенділік дәрежесі мен сипатына байланысты кейбір дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктер қатарына жатқызады.

Дәрілік өсімдіктердің ББЗ топтастыруға болады. Яғни, әртүрлі химиялық кластарға жатқызуға болады: терпеноидтар, фенолды қосылыстар, алкалоидтар, липидтер, моно және полисахаридтер және т.б. Бұлайша бөлу ғылыми тұрғыдан әрине дұрыс, бірақ та практикаға берері шамалы. Сондықтан әрбір кластар химиялық топтарға және топтар тармақтарға бөлінеді. Өсімдік химиялық құрамы жағынан өте күрделі жүйе. Енді өсімдік химиясының негізгі зерттеу объектілері болып саналатын кейбір органикалық қосылыстарға қысқаша сипаттама беріп кетейік (Мамонов, Музычкина, Корулькин, 2008).

Алкалоидтар және гликоалкалоидтар. Алкалоидтарға белгілі физиологиялық белсенділігі бар құрамында азоты бар органикалық заттар жатады. Өзінің аты бұл заттар Alkaly (Сілті-щелоч) деген латын сөзінен алады. Бірақта барлық алкалоидтардың бірдей сілтілік сипаты болмайды.

Өсімдіктерден әртүрлі мәліметтер бойынша 4000-нан 10000-ға дейін алкалоидтың фармакологиялық қасиеттері зерттелген. Басқа ББЗ салыстырғанда алкалоидтар өздерінің өте улы әсерімен ерекшеленеді. Сондықтан құрамында алкалоидтары бар өсімдіктерді өте үлкен сақтықпен, өте аз мөлшерде пайдалану керек.



Гликоалкалоидтар – бұл циклопентанон гидрофенантрененнің туындылары, қасиеттері жағынан стероидты. Кеңінен және молынан алкалоидтар қосжарнақтылар өкілдерінде болады. Қосжарнақтылар арасында алкалоидтарға өте бай тұқымдастар көкнәрлер (Papaveraceae Juss), сарғалдақтар (Ranunculaceae Juss), бұршақтар (Fabaceae), бөріқарақаттар (Berberidaceae Juss), алқалар (Solanaceae), кенділер (Apocynaceae Juss) және т.б. (Гренкевич, Сафонич, 1983, Муравьева 1991).

Аминқышқылдары, белокты комплекстер, бетаниндер.

Бұл алғашқы синтез заттары, олар өсімдіктердің барлық мүшелерінде болады. Амин және карбоксил топтарының бір-біріне қатысты орналасуына байланысты a,b,g және т.б. аминқышқылдарын ажыратады. Олардың ішінде ең кеңінен таралғандары a,b және g. Барлық аминқышқылдары қышқыл және сілті ерітінділерде ериді, нәтижесінде спиртте су – органикалық ерітінділерде тұздар пайда болады.



Бетаниндер – суда және су-спирт ерітінділерінде жақсы ериді, амин қышқылдары сияқты биполярлық кондар түрінде болады. Сілті және қышқыл ерітінділерде ериді.

Белоктар – барлық өсімдіктер құрамында болатын компоненттер белоктар, биополимерлер. Белоктар химиялық элементтер: көміртегі, сутегі, өттегі, азот, күкірт, фосфор және т.б. бірқатар элементтерден құралған күрделі органикалық қосылыс. Белоктар қарапайым (гидролиз болғанда тек аминқышқылдарын береді) және күрделі – бұларда белоктар табиғаты белок емес заттармен байланысқан: нуклеин қышқылдарымен (нуклепротеидтер, полисахаридтермен (гликопротеидтер), липидтермен (макропротеидтер), пигменттермен (хромопротеидтер), металдар иондарымен (металопротеиндер), фосфор қышқылының қалдықтарымен (фосфопротеидтер) және т.б.

Нуклеин қышқылдары – бүкіл тірі жүйенің тұрақты және қажетті құрам бөлігі нуклеидтердің – өте көп қайталануынан құралған бөлімшелер, өсімдіктер нуклеин қышқылдары медицинада емдеу үшін қолданылмайды.

Ферменттер – биохимиялық реакциялардың катализаторлары, белокты бөліктен (апоферменттер) және белоксыз бөліктен (коферменттер немесе коэнзимнен) тұрады.

Антроценді заттар – Үш конденсацияланған сақинасы бар табиғи заттар тобы, жалпы формуласы С6-С2-С6.

Антрахинондардың әртүрлі туындылары негізінен Rubiaceae Juss., Rhamnaceae Juss., Polygonaceae Juss., Fabaceae Lidl., Liliaceae Juss. тұқымдастары өкілдерінде жиірек кездеседі.

Витаминдер – әртүрлі химиялық құрылымды организмнің дұрыс тіршілік етуіне өте қажетті төменгі молекулалық органикалық қосылыстар тобы.

Осы уақытқа дейінгі белгілі витаминдердің көбісі жануарлар және адамдар организмінде синтезделмейді. Олардың 20 дан астамы өсімдіктерден жасалған тамақпен келеді, дайын витаминдер немесе провитаминдер түрінде көп жағдайда олар коферменттер. Витаминдерге ұқсас қосылыстар да бір – кейбір флавоноидтар (рутин және т.б.), каротиноидтар, холин инозит, липоев, никотин оотов және пангамов қышқылдары және т.б.

Өсімдіктерде түріне байланысты витаминдер және витаминдерге ұқсас қосылыстар мөлшері бірдей емес. Өсімдіктердің кейбір түрлерінде витаминдер мол болуы мүмкін. Тағамдық өсімдіктер және олардан алынатын препараттар авитаминоздан сақтандыру үшін пайдаланылады. Мысалы раушан (Rosa – шиповник), қалақай (Urtica – крапива), жеміс ағаштары, цитрустар.

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық фармакогнозия» пәнінен № 11 Дәріс
Тақырыбы: Минеральды заттар, органикалық және органикалық емес қышқылдар. Микроэлементтер және витаминдер.

Жоспар:


  1. Өсімдіктерде болатын биологиялық белсенді заттар түрлері

  2. Дәрілік өсімдіктерді пайдаланудағы ғылыми негіздемеліктер.


КІРІСПЕ
«Ветеринариялық фармакогнозия» пәні – ветеринариялық практикада қолданылатын дәрілік қасиеті бар затты зерттейтін ілім. Фармакогнозия (грек. pharmakon дәрі /лекарство/ және gnosis ілім, дәріні дайындайтын зат туралы фармацевтика бөлімінің ғылымы болып табылады. Жалпы орыс тіліне шет тілі сөздігінен енген, Чуданов А.Н., 1910 ж. Сонымен қатар фармакогнозия жануар және өсімдік текті шикі заттың дәрілік қасиетін, ботаникалық, зоологиялық және химиялық көзқараста жан-жақты қарастыратын ілім. Яғни шикі заттағы фармакологиялық белсенді заттарды анықтаудың әдістерін құрастыратын фармация бөлімі. Мысалы - өсімдіктер мен өсімдік текті (фитопрепарат) дәрілік шикі заттардың ботаникалық фармако-биологиялық және ветеринариялық мақсаттағы сипаттамасын түсінуге, олардың формаларын істеп көрсетудің ережелері мен әдіс-тәсілдерін үйретіп және оны жануарларға қолданудағы дәрілік заттың организмге әсер етуін бағалауды оқытады.

Сондай-ақ, өсімдік және жануар текті дәрілік шикі затпен оның кейбір біріншілік өнімдерін оқытатын фармация бөлімі.

Пәннің оқытылуы негізінен –терапиялық қағида негізі бойынша оқытылып, фармакодинамикалық, фармакокинетикалық және дәрілік заттардың организмдегі биотрансформациясы заңдылықтарын түсіндіре отырып, дәрілік заттың химиялық және физикалық қасиеттеріне сәйкес әсер ету механизмін жан-жақты түсіндіреді. Сонымен қатар дәрілік заттардың ветеринариялық-медициналық мақсаттағы пайдалану классификациясымен таныстыра отырып, сол дәрілік заттарды ветеринариялық практикада қолданылу ықтималдығын да қарастыруды көздейді. Пән ветеринар дәрігері мамандығын қалыптастырудағы терапевтикалық білім беретін пән болып есептеледі сонымен қатар, мамандық этикасы мен деонтологиялық қағиданы сақтауға тәрбиелейді.

Жалпы бұл ғылым дәрілік шикі заттың сыртқы белгілерін оқуға, фармацевтикалық өңдеу, дәрілік препаратты қолдану және әсерін зерттеу біртіндеп қалыптасқан, әсіресе Парацельс заманынан бастау алған., XVІ ғ.

Фармакогност ұйғарымы негізінде дайындалынатын дәрілік препаратты ( жануарлар өнімі және шикі заттары мен бөліктері, тұнба, тұндырма, қайнатпа және экстрактілер т.б) аурудың пайда болу себептері мен патогенездік ерекшеліктеріне байланысты қолданудағы дәрілік заттар әсерінің жалпы заңдылықтары, фармакодинамика мен фармакокинетикасы, әсер ету механизмдері, дәрілік заттардың биотрансформациясы, дәріні организмге енгізу, және оның бөліну жолдарын, токсикологиялық мәселелерін және жануарлар организміндегі физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне және организмнің уланбауының алдын алуды, дерттің ары қарай ұласпауына қатысты мәселелерді түсіндіру болып табылады.
Тақырыпты оқытудың мақсаты:

Ветеринарияда қолданылатын дәрілік препараттардың алынуы және пайдаланылуы туралы теориялық білім қалыптастыру;

Препараттардың қолданылу методологиясын теориялық тұрғыдан түсіне отырып, іс жүзіндегі тиімділігіне талдау жасауды үйрену;

Дәрілік препараттардың сапалық көрсеткіштерін, НТҚ негізінде – ветеринариялық мақсатта пайдалануға құқықтық құзырды қалыптастыру;

Осы қағидалар негізінде әртүрлі ауруларда қолданылатын препараттар туралы толық білімді қалыптастыру;

Препараттарды қолданудың қазіргі бағыттарымен таныстыру;

Фармакогнозия ілімінің маңыздылығын ашу мақсатындағы материалдарды іздестіру және іріктеу;

Дәрілік препараттардың аналитикалық құрылымы арқылы (мысалы гербарийлерді) сипаттау және пайдалана білу, биохимиялық талдау (фитохимия), макро және микро анализ дайындау техникасын игеру.

Дәрілік препараттар құрамындағы биологиялық белсенді заттарды зерттеу, шикізаттың эффективті қасиеттері мен компонентті құрамын анықтау, фармацевтикалық жетістіктерді зерделеу;

Пән тақырыбын өз бетімен зерттеу, ғылыми рефераттар дайындау, оқу-зерттеу жұмысы методологиясын меңгеру және топтық пікір сайыстарды жүргізе алу дағдысын қалыптастыру

Дәрілік препарат әзірленетін шикі заттағы биологиялық әсер етуші затқа ветеринариялық негізде сипаттама беру және дәрілік препараттар анализін жасау үшін іс жүзінде дағдыны қалыптастыру.

Дәрілік шикі заттың сапасын айғақтайтын нормативтік техникалық құжаттарымен танысып пайдаланудағы биологиялық негіздемені түсіндіре отырып қазіргі уақытта медициналық және ветеринариялық салада табиғи дәрілік заттарды кеңінен пайдаланудың артып отырғандығының басты алғы шарттары негізінде түсіндіру. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласында әзірленетін жалпы медициналық және ветеринариялық дәрілік заттар туралы ақпараттық мәлімдемелер оқытылады.

Сонымен қатар жануар және өсімдік текті дәрілік препараттарды пайдалану жолдарын дәріптеу арқылы адаммен қоғамның табиғатқа деген аяулы көзқарасын қалыптастыру.


    1. Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:

Өсімдік және жануар текті шикі затты фармакологиялық белсенді зат көзі ретінде оқыту. Мысалы, өсімдіктің морфологиялық белгілері, георграфиялық таралуы, химиялық құрамы (фитохимия) оларды дайындау сақтау әдістері.

Заттың фармакологиялық әсері, дайындалған дәрілік затты сақтау әдісі және сақтау мерзімін оқытады.

Дәрілік өсімдіктердің тауарлық қорын зерттеу, олардың жабайы-далалы аймақта өсуін, ондағы жылдық дайындау қорын анықтау.

Дәрілік өсімдік шикі затын нормалау және стандарттау, нормативтік-техникалық құжаттар жобасын құрастыру, емдік дәрілік затты талдау және оны стандарттаудың жаңа әдістерін құрастыру.

Өсімдік текті дәрілік тиімділігі жоғары, жаңа дәрілік заттарды іздестіру.

Осы жоғарғыдағы міндеттерді шешу үшін фармакогнозия органикалық және аналитикалық химия, сондай-ақ, ботаника әдістерін қолданады.


5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық фармакогнозия» пәнінен № 13 Дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет