ОҚУ-Әдістемелік кешені семей 2015 Алғы сөз



бет1/4
Дата27.02.2016
өлшемі1.12 Mb.
#27981
  1   2   3   4
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық фармакогнозия» пәнінің



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Семей


2015

Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырушылар: Біләлов Е.Е., ветеринария ғылымдарының кандидаты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының аға оқытушысы

Тойкина Г.Н., ветеринария ғылымдарының кандидаты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының профессоры м. а.

Жайлаубаева А.Р., ветеринария ғылымдарының магистрі, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының оқытушысы

28.08. 2015 ж.




2 ТАЛҚЫЛАНДЫ


2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының отырысында

28.08. 2014жыл, № 1 хаттама.


Кафедра меңгерушісі, доцент м.а. С.Тусупов

2.2Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

« 09 » 09 2015 жыл, № 1 хаттама

Төрайымы Г.Джаманова


3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған.

« 11 » 09 2015 жыл, № 1хаттама

ОӘК төрайымы, ОӘЖ проректоры Г. Искакова

4 АЛҒАШҚЫ ЕНГІЗІЛУІ


Мазмұны
Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктерді пайдалану туралы фармакогнозиялық таным. Дәріс №1


  1. Дәрілік өсімдіктерді пайдаланудағы бірінші және екіншілік синтездік заттар биологиясы;

  2. Дәрілік өсімдіктер құрамындағы емдік ретінде тікелей әсер етпейтін заттарға сипаттама

  3. Дәрілік өсімдіктерді пайдаланудағы және оны ғылыми негіздеуші елдер үлесі.

КІРІСПЕ

Мындаған жылдар бойы адамзат адамның әртүрлі аруларымен күресуге дәрілік өсімдіктерді пайдаланды. Әрине ол әртүрлі елдерде әрқалай, әртүрлі дәрежеде пайдаланылады. Өркениетті елдерде дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың өте бай тәжірибесі жинакталды. Бірақ та соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерге деген көзқарасы өзгеріп, оларды кеңінен пайдалана бастады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дүние жүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде, мысалы Қытай, Жапония, Индия бұрынғыша қазіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар халық

Фармакогнозия (гректің pharmakon – дәрі, у және gnosis – зерттеу, білу) дәрілік өсімдіктерді, дәрілік қасиеті бар шығу тегі өсімдікке байланысты шикізатты және шығу тегі өсімдік және жануарларға байланысты өнімдерді алғашқы өңдеуді зерттейтін ғылым.

Ерте заманғы, жабайы адамдар жергілікті флорамен танысқанда өздері үшін көптеген пайдалы өсімдіктерді таба білген, оның ішінде әрине, шипалық қасиеті бар өсімдіктер де болған. Мысалы: халықтың ауруға, аштыққа төзімділігін арттыру үшін Шығыс Азия халықтары шай ішкен, Орталық Америка халықтары какао ішкен, Оңтүстік Америка халықтары мате жапырақтарын пайдаланған. Амазонка индеецтері гуарананы (Gyarana) пайдаланған. Дәрілік шикізат ретінде гуарананың тұқымдары пайдаланылады, оның құрамында белсенді зат гуаранин, кофеин бар. Гуарандар Америкада шығарылатын энергетикалық коктейль «Солтүстік энержи» құрамына кіреді. Осы алынған өсімдіктердің бәрінде кейіннен жалпы бір дәрілік зат – кофеин алкалоиды бар екендігі анықталған. Гельминттермен (паразит құрттар) күресу үшін Африка тұрғындары куссо гүлін, Азия тұрғындары камалу деген өсімдікті, ал солтүстік халықтары папоротниктің тамыр сабағын қолданған. Бұл өсімдіктерде гельминтке қарсы әсер ететін заттар бір класқа жататын табиғи қосылыстар екендігі анықталған.

Ертедегі атақты дәрігер Гиппократ (460-377 ж.б.д.д) медициналық шығарма құрастырды, оның еңбектерінде 230 дәрілік өсімдіктердің сипаттамасы берілген. Өсімдіктерге әсіресе көбірек көңіл бөлген ерте Грек дәуірінде өмір сүрген философ, ботаник Теофраст (372-267 ж.б.д.д) болды. Ол «Өсімдіктерді зерттеу» трактатының авторы. Ертедегі Рим фармациясының және медицинасының өкілі Гален (131-201 жылдар) болды. Ол өсімдіктерді дәрілік шикізат ретінде өте жоғары бағалады. Гален препараттарды экстракт әдісімен өңдіруді ұсынып іске асырды. Ол осы уақытқа дейін Гален препараттары деген атпен белгілі.

Оңтүстік – Шығыс Азия халықтарында көптеген дәрілік өсімдіктер белгілі болды. Олардың ішінде ең ерте дамығаны Қытай медицинасы болды. Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша біздің дәуірімізден 3000 жыл бұрын Қытайда дәрілік өсімдіктердің 230 түрі пайдаланылған. Жануарлардан алынған 65 дәрілік заттар, 48 дәрілік минералдар болған. Қытайда жазу пайда болғаннан кейін ол мәліметтердің бәрі «Книга о травах» деген кітапта жазылған. Ең белгілі «Травникті» Қытайда Ли-Ши-Чжен құрастырды. Ол ХVІ ғасырда басылып шыққан. Бұл «Травникте» 1892 объект, соның ішінде 900 дәрілік өсімдіктер жазылған.

Абу Али Ибн – Синаның дүние жүзіне әйгілі болған еңбегі ол «Канон врачебной науки». Ол еңбек латын тіліне аударылған. Содан кейін көптеген тілдерге аударылған. Ол еңбек Еуропада ұзақ уақыт үлкен құрметпен пайдаланылды. Сол еңбектің екі томы № 2 және № 5 түгелімен фармацеяны қамтыған. Ибн Сина шығу тегі өсімдік, жануар және минералдар болатын дәрілік заттарды әсіресе өсімдіктерден алынған дәрілік заттарды кеңінен пайдаланған.

Ибн Синаның замандасы, өзбек ғалымы энциклопедист Хорезм шахарынан Абу Райхан Бируни болды (973-1048). Бирунидің негізгі еңбегі «Фармакогнозия в медицине» (Китаб ас-Сайдана Фит-т-Тибо). Европа ғылымына бұл еңбек 1902 жылға дейін белгісіз болды. 1932 жылдан бастап бұл еңбек басқа тілдерге аударыла бастады. 1973 жылы У.И.Каримов бұл еңбекті бірінші рет орыс тіліне аударды. Бұл еңбек «Сайдана» деген атпен белгілі. «Сайданада» 1116 тарау бар, соның 880 тарауында дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер жазылған.

Парацельстің өсімдіктерге бір әсер ететін бастаманың – күштін бар екендігі туралы түсініктері XVII-XVIII ғасырларда өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеудің қажет екендігіне алып келді. Ол өз кезегінде фармакогнозияның саласында фитохимияның ашылуына алып келді.

Фармацевтер өсімдіктерден әртүрлі әсер ететін заттарды ажыратып алуды бастады. Ең алғаш алкалоидті морфиннен Француз фармацевті Сертюрнер бөліп алды.

Парацельстің өсімдіктерге бір әсер ететін бастаманың – күштін бар екендігі туралы түсініктері XVII-XVIII ғасырларда өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеудің қажет екендігіне алып келді. Ол өз кезегінде фармакогнозияның саласында фитохимияның ашылуына алып келді.

Фармацевтер өсімдіктерден әртүрлі әсер ететін заттарды ажыратып алуды бастады. Ең алғаш алкалоидті морфиннен Француз фармацевті Сертюрнер бөліп алды.

Өсімдік организмі өзінің химиялық құрамы және атқаратын қызметі жағынан өте күрделі. Табиғатта тек өсімдіктер ғана органикалық емес заттардан органикалық заттар түзе алады, ал оларсыз адамдардың және жануарлардың тіршілік етуі мүмкін емес. Өсімдіктер танқаларлық әртүрлі зат алмасу процесіне және көмірқышқыл газынан, судан және органикалық емес зат қосылстарынан алуан түрлі қосылыстарды синтездеуге қабілетті.



Әр өсімдік организмінде заттардың пайда болуы және жинақталуы көптеген факторларға бағынышты: қоршаған ортаға, жасына, тіршілік жағдайына, дамуына, қоректенуіне. Динамикалық процесс жоғарыда аталған факторларға және басқа жағдайларға байланысты өзгереді. Оған қосымша әрбір өсімдік онтогенез процесінде вегетациялық түрлену, гүлденуі, жемістену және тыныштық фазаларынан өтеді. Онтогенез барысында өсімдіктердегі заттар мөлшері оның әртүрлі мүшелерінде әрқалай болуы мүмкін. Өсімдіктер құрамында 21 химиялық элемент табылған (Муравьева, 1991). Олардың 16 элементі (Н, C, N, O, P, S, Na, K, Ca, Cl, Mn, Fe, Co, Cu, Zn) барлық өсімдіктерде кездеседі, ал 5 элементі (B, Al, V, Mo, J) тек кейбір түрлерде ғана кездеседі. Сандық құрамына байланысты оларды макро (K, Ca, Mg, Na, Cl, P, Si) және микро (Cu, Zn, J, Co, Mn, Al, S, Fe) элементтерге бөледі. Қарапайым органикалық емес қосылыстар (Co2, H2O, NO3, SO4­­-2 және PO4-) өсімдіктерге 6 негізгі элементтерді береді ­– С, H, O, N, S, P, ал олардан ұлпалардың көптеген компоненттері құрамында белоктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, липидтер және т.б. қарапайым қосылыстар негізінде өсімдіктерде күрделі қосылыстар синтезделеді (алкалоидтар, фенолды қосылыстар, терпеноидтар және т.б.). Барлық өсімдіктер құрамында болатын (Мамонов, Музычкина, Корулькин, 2008) заттар:

Таза клетчатка – суда ерімейтін және әдеттегі еріткіштерде ерімейді. Қабықта, тамырда, сүйектерде ағаштанған клетчатка болады. Өсімдік клетчаткасы қабықшасының негізгі құрам бөлігі.

Целлюлоза – Өсімдіктер клеткалары қабырғаларының сүйегі, сүйеніші.

Пектинді заттар – өсімдіктер мүшелерінің клеткааралық заттары. Өсімдікті қайнатқанда пектинді заттар суға ауыспайды, салқын суда ерімейді.

Салқындатқанда мөлшеріне байланысты, сілікпе немесе қою коллоидты ерітінді пайда болады.



Шырыштар (слизи) – табиғаты полисахаридті зат.

Крахмал – полисахарид, дән тәрізді клеткадағы заттар өте жиі тамырларда, тамырсабағында, тамыржемісте кейбір тұқымдарда болады. Салқын суда ерімейді. Т0600С-тан жоғары болғанда жабысқан коллоидты ерітінді түзіледі, глюкоза босап шығады.

Көмірсулар – моно-ди-олиго және полисахаридтер. Өсімдіктердің бәрінде, барлық мүшелерінде болады, Әсіресе жемістерге, суда онай ериді.

Белокті заттар – барлық өсімдіктерде өте мол тұқымдарда болады.

Шыны майлар – қорлық және каптап орап алатын заттар. Жапырақтарда па    йда болып сосын өсімдіктің барлық басқа мүшелеріне ауысады. Қорлық зат ретінде тұқымдарда кейінге қалдырылады.

Пигменттер – барлық өсімдіктерде болатын заттар, жасыл бөліктерінде-хлорофилл, қызыл, қызыл-қоңыр, сары-каратиноидтар, флавоноидтар, антрахинондар, антоциандар. Олардың ең көп мөлшері – гүлдерде, жемістерде жинақталады.

Органикалық қышқылдар. Көмірсулар, органикалық қышқылдар және белоктармен қатар органикалық қышқылдар өсімдіктер мүшелерінде ең көп кездесетін заттар қатарына жатады, олар әсіресе көп мөлшерде шырынды жемістерде, жапырақтарда, азырақ мөлшерде өсімдіктердің басқа мүшелерінде кездеседі.

Смолалар – көмірсутектер, эфир майы, каучук, өсімдіктердің барлық мүшелерінде болады.

Өсімдіктердегі минералды заттар екі топқа бөлінеді: 1) Макроэлементтер 2) Микроэлементтер, олар туралы жоғарыда айтылды. Дәрілік өсімдіктердегі минералдық элементтердің болуы олардың күліне байланысты болады. Шикізаттың түріне байланысты күлінің мөлшері 3% дан 25% дейін болуы мүмкін (Муравьева, 1991).



Липидтер Жоғарғы май қышқылдарының және глицериннің немесе басқа копатомды (жоғары молекулалық) спирттердің күрделі эфирлері. Өсімдіктерде липидтер барлық ұлпаларда болады, әсіресе көп мөлшерде тұқымдарда және жемістерде.

Балауыз (Воск) – май қышқылдарының және бір атомды жоғарғы молекулалық спирттердің күрделі эфирлері.

Гликозидтер – күрделі заттар, олардың өсімдіктердегі алуан түрлілігі англикондар және көмірсулар фрагменттерінің табиғатымен С-О-С, С-С және С-S байланыстарымен анықталады.

Өсімдіктердің фармакологиялық белсенді заттарына, негізінен екінші синтез заттары (алкалоидтар, сапониндер, жүрек гликозидтері, флавоноидтар және т.б.) сонымен қатар кейбір бірінші синтез заттарын да (витаминдер, липидтер, көмірсулар) жатқызуға болады.


Қазіргі кезде емдік препараттар ретінде өсімдіктерден жеке биологиялық белсенді заттарды бөліп алу мен пайдалану сонымен бірге жаңа дәрілік заттарды талдау жаңа емдік препараттарды жасаудағы ғылыми жұмыстың басты бағыттары болып есептеледі.

Алайда, химиктер, фармакологтар мен клиницистер қызық бір жағдайға тап болды: дәрілік препараттың тиімділігі барлық кезде оны тазартқанда артпайтыны анықталды. Мысалы, таза аскорбин қышқылы итмұрын жидектерінен жасалған сығындыны толық алмастыра алмайды. Итмұрын жидектерінде С витаминінен басқа каротин, В2, К, Р витаминдері, қанттар, илік заттар мен органикалық қышқылдар болады. Витаминдердің табиғи комплексі басқа заттармен бірге таза аскорбин қышқылына қарағанда басқаша әсер етеді.

Қазіргі кезде емдік препараттар ретінде өсімдіктерден жеке биологиялық белсенді заттарды бөліп алу мен пайдалану сонымен бірге жаңа дәрілік заттарды талдау жаңа емдік препараттарды жасаудағы ғылыми жұмыстың басты бағыттары болып есептеледі.

Алайда, химиктер, фармакологтар мен клиницистер қызық бір жағдайға тап болды: дәрілік препараттың тиімділігі барлық кезде оны тазартқанда артпайтыны анықталды. Мысалы, таза аскорбин қышқылы итмұрын жидектерінен жасалған сығындыны толық алмастыра алмайды. Итмұрын жидектерінде С витаминінен басқа каротин, В2, К, Р витаминдері, қанттар, илік заттар мен органикалық қышқылдар болады. Витаминдердің табиғи комплексі басқа заттармен бірге таза аскорбин қышқылына қарағанда басқаша әсер етеді.

Көптеген жағдайда фармацептикалық өндіріс дәрілік өсімдіктерден алынатын заттарды қазіргі күні талданған заттармен алмастыра алмайды. Өсімдіктерден алынған дәрілік препараттардың химиктер зертханада талдаған заттардан бір қатар айырмашылықтары бар. Ең бірінші артықшылығы – бұл заттар тірі клеткада түзіледі. Өсімдіктер мен жануарлар клеткалары арасында айтарлықтар айырмашылықтар болғанымен, бір қатар ұқсастықтары (өсімдіктердің де, жануарлардың да денелерін құрайтын негізгі құрылымдық бірліктер) да бар. Бұлардың тек клеткаларының құрылысы ғана емес, сонымен қатар клеткаларда жүретін көптеген маңызды биохимиялық процестерде ұқсас келеді. Тірі клеткада болатын әр түрлі текті биологиялық белсенді заттар олар улы болса да химиктің қолбасында алынған кейбір заттар секілді жануарлар мен адамдардың тірі клеткаларында барлық химиялық реакцияларды бірден өзгертіп жібермейді.

Өсімдіктерде түзілетін және емдік препараттар ретінде қолданылатын бұл заттардың ерекшеліктері өсімдіктерден алынатын дәрілік препараттардың екінші артықшылығы болып табылады. Жануарлардың дамуы мен эволюциясы өсімдіктердің эволюциясымен тығыз байланысты. Жануарлар өсімдіктер сияқты өз денелерін бейорганикалық заттардан түзе алмағандықтан, органикалық заттармен (өсімдіктер, басқа жануарлар) қоректенеді. Сәйкесінше, жануарлар миллиондаған жылдар бойы өсімдіктермен қоректенуге және олардан өз денелерін түзуге бейімделді. Өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы дәл осы тікелей қоректік байланыс өсімдіктердің химиялық құрамы және жануарлар мен адамдардың барлық мүшелерінің қалыпты жұмысы арасындағы тығыз байланыстың себебі болып табылады.

Болашақтың фармацевтикалық химиясының жағдайы қандай болатының болжау өте қиын, алайда, қазіргі күні ол тірі табиғатпен салыстырғанда тиімсіз жұмыс жасауда. Егер тірі клеткада ең қиын процестер айтарлықтай жоғары емес температурада, сирек 25-30 С-та қалыпты қысымда, көп энергия жұмсамай жүрсе, зертханадағы синтетикалық процестер өте күрделі аппараттарда жоғары температура мен қысымда, көп энергия жұмсап жүзеге асады. Көп жағдайда синтездеу үшін материал ретінде сүрек, тас көмір мен мұнай алынады. Ал өсімдіктер болса органикалық заттарды су, СО мен топырақтағы минералды заттар сияқты қарапайым заттардан түзеді.

Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымының болжауынша жақын онжылдықта фитопрепараттардың бөлігі жалпы көлемде дәрілік заттардың 60%-ын құрайтын болады.

Мысықтар мен иттер ауырған кезде шөптерді жейтіні белгілі, әсіресе астық тұқымдастардың жапырақтарын жейді, бұлардың емдік қасиеттері әлі толық зерттелмеген.

Жануарлардың физиологиялық функциясына әсер ететін жеке өсімдіктерді жейтіні жөнінде аз тексерілген мәліметтер ғана бізге мәлім. Мысалы Raponticum carthamoides (Will.) Iljin мақсыр рапонтикум тамырлары арқылы маралдар мен сібір бұғылары өздерінің күштерін қалпына келтіріп отырған. Бурят аңшыларының айтуы бойынша, жараланған бұғылар қызыл гвоздиканы Diantus жейді екен, бұл өсімдік жергілікті тұрғындарға қан түзуші өсімдік ретінде белгілі. Араб аңызы бойынша кофе ағашының жемісінің емдік қасиетін шопан байқаған, ол ешкілердің ағаштың бұтақтарын жейтінін байқаған. Егерде біз жануарларды бақылайтын болсақ, бізге әлі беймәлім жаңа дәрілік өсімдіктерді анықтар едік. Егер бұл мәліметтерді ғылыми тексеруден кейін дәлелденіп жатса, жануарлардың мінез құлқын түсінуге болар еді.

Сол уақытта ежелгі Гректің жақсы емшісі медицинамен фармацияда маңызды мәліметтер қалдырған Гиппократ болды (460-377 жж. б.з.д.). Ол ең алғаш болып медициналық ақпараттарды толықтырып жинап, оны жүйеге келтірді және философиялық сипаттама берді. Соның атымен шыққан кітаптар біздің заманға дейін жетті және 60-қа жуық еңбектері бар. Грецияда дәрілік өсімдіктерді жинаушыларды ризотомдар, тамыр кесушілер («риза»-тамыр, «томе»-кесу) деп атады, олардың көбі бізге дәрілік өсімдіктердің сипаттамасын қалдырып кетті. Оларды «ризотомиктер» деп атаған. Жанама ботаника ұлы грек философы Аристотельдің оқушысы Теофрастың еңбегінде кеңінен кездеседі, оны «ботаниканың әкесі» дейді. «Өсімдіктерді зерттеу» туралы еңбегі қазіргі таңда әлі аударылып жатыр. Ежелгі гректер биологияны жақсы меңгерді деп асыра айтуға болмайды, бірақ олар өсімдіктердің емдік қасиеттерін жақсы білген, олар өсімдікті нақты сипаттап, суреттей білген.

Араб медицинасының мектебінен бірінші Абу Али Ибн Синаны айтуға болады, оның ұлты тәжік, ол Европада латынша Авицена дегенді білдіреді. Оның еңбектері «Канон врачебной науки» жүздеген жылдар бойы тек арабтарға ғана емес, сонымен қатар европаның емшілерінде де белгілі болған. Ибн Сина өз еңбегінде шамамен 900 дәрілік заттар және оларды қалай пайдалану керектігін жазған. Бұл кітап орыс тіліне аударылған.

Өткен ғасырдың соңында және қазіргі ғасырдың басында атақты швейцар маманы А. Чирх пен орыс маманы В. Тихомиров дәрілік өсімдіктерге белсенді микроскопиялық талдау жасаған. Осылайша қазіргі фармакогнозия дами бастады, дәрілік өсімдіктер ілімі адамзаттың ең көне қолданбалы ғылымының бірі болды.

Советтік фармакогнозияның қалыптасып, дамуы ол бүкіл КСРО-дағы фармакологтар қауымы еңбектерінің нәтижесі. Әсіресе бұл салаға еңбек сіңіргендер профессорлар Гаммерман А.Ф., Щербачев Д.М., Томингас А.Я. және т.б.

Әсіресе Гаммерман Адел Федоровнаның (1888-1978) еңбегі ерекше. Ол 30 жылдан астам уақыт Ленинград химия-фармацевтикалық институтында фармакогнозия кафедрасын басқарды. Ол кісі дәрілік өсімдіктер шикізатының диагностикалық курсын жасап шығарады. Сонымен қатар ол оқу бағдарламасына тауартанушылық және фитохимиялық талдау жасауды еңдірді. Сол А.Ф. Гаммерманның мектебінен профессорлар К.Ф.Блинова, Г.П.Яковлева, Л.И.Эристива, Д.А.Муравьева және т.б. шықты.

Фармакогнозияның дамуына проф. Щербачев Д.М. үлкен үлес қосты. Д.М.Щербачев (1864-1957) Р.А.Тихомировтың оқушысы. Щербачев КСРО-дағы ең бірінші фармакогнозия (1930) оқулығының авторы. Ол көп жылдар бойы Москва фармацевтикалық институтында фармакогнозия кафедрасын басқарды. Ол дәрілік өсімдіктер шикізатының диагностикалық әдістерін жасауға көп үлес қосты.

Қазіргі кезде Қазақстанда фитохимиялық зерттеу жұмыстары Қарағандыдағы фитохимия (проф. Адекенов С.М.), Шымкент химфарм заводында, ҚазМУ-нің химия факультетінде «табиғи қосылыстар химиясы» кафедрасында кеңінен жүргізілуде.

1-ші жолы – биогенетикалық ұсастық, туыстық әдіс. Өсімдіктердің бір – біріне ұқсастары көп болады. Олардың негізінен басты белгілері өсімдік мүшелерінде болады және осындай ұқсас түрлерді ботаниктер бір туысқа жатқызады.

Ұзақ уақыт бойы қиын эволюциялық процестер кезінде өздерінің ұқсастықтарын жоғалтқан түрлер де өте көп. Мысалы: гранат – оңтүстік өсімдігі, оның жемісі дәрі ретінде пайдаланылады. Бұл өсімдіктің Европа мен Оңтүстік Азия аймақтарында, Испаниядан бастап Қытайға дейін тек бір түрі бар. Ол тек Үнді мұхитындағы Сокотро деген жерде кездеседі. Көбінесе тек түрлер ғана емес бір тұқымдасқа жататын туыстар да кейбір морфологиялық белгілері бойынша, мысалы: гүлінің құрылысы, жапырағы, анатомиялық құрылысы бойынша да, сонымен қатар ортақ химиялық белгілері, биологиялық активті заттармен де ерекшеленеді.

Дәрілік өсімдіктердің жақын түрлерін зерттеу өте үлкен маштабта жүргізіледі және өте бағалы нәтижелер береді. Мысалы, Digitalis purpuraea (наперстянка пурпурная) өсімдігі маңызды жүрек гликозидтерінің көзі болып табылады. Бұл өсімдік бұрынғы КСРО аймағында өспейді. Кавказда оған жақын түрлер кездеседі, ол наперстянка ржавая, н. ресничная және н.крупноцветковая. Молдавияда Н. шерстистая және т.б. бұлардың барлығында жүрек глюкозидтерінің бар екендігі анықталды.

Дәрілік өсімдіктерді табудың екінші жолы – елек деп аталады. Оның негізі емдік маңызы бар деген жергілікті флора өсімдіктеріне жаппай химиялық талдаулар жүргізу болып табылады. Дәрілік өсімдіктерді ізденудің бұл жолы аса көп еңбекті талап етеді. Бұл әдіспен фармацевтикалық өңдірісте маңызды орын алатын, көптеген дәрілік заттар табылады. Мысалы, бұл әдіспен Рихтер сораңы (Salsola richteri Karel), бұйырғын (Anabasis) және т.б. бір қатар дәрілік өсімдіктер анықталды. Сондықтан елек әдісі медицина үшін өте маңызды және бұл әдіспен жұмыс істеуге болады.

Дәрілік өсімдіктерді табудың үшінші жолы – халық медицинасы, ол ұрпақтан ұрпаққа ауыз екі тілде айтылуы бойынша қалады. Бұрын барлық мемлекеттерде екі медициналық жүйе қатар жүрген. Біреуі адам ағзасының табиғатын, құрылысын және қызметін, аурулардың пайда болуын және оларды емдеу жолдарын зерттеуді дәрігерлер және ғалымдар қатар алып жүрген. Келесі медицина – қарапайым халықтың медицинасы, көптеген ұрпақтар бойы қалыптасқан, тамаша пайымдаулары да, тұрақты қателесулері де бар. Адам тарихының бастауларында осы екі медицина бір болды. Және кезгелген эмпирикалық медицина жүйесі Шумер – Египет – Грек, Үнді және Қытайлық – халықтық медицинадан бастау алады.

Осы заманғы медицина халықтық медицинаға қарсы қойылды. Біріншісі, жазбаша мәліметтерге, дәрілерге арқа сүйенсе, ал екіншісі тірі табиғат пен араласудан алынған бақылауларға сүйенді. Ғылыми зерттеулерді халық пайдаланды және халық тәжірибесі ғылыми медицина зерттеулеріне негіз болды, жалпы алғанда бұл екі медицина бір-біріне сеніміз көзқараспен қарайды. Бұрынғы заманғы медицина эмпирикалық медицинадан биік тұрады. Халықтық медицина локальді, негізінен жергілікті аймақта өсетін, өсімдіктермен байланысты. Әрине, адамдар бір орыннан екінші орынға көшіп отырған, бұрынғы ормандарын, шалғандарын және жайылым жерлерін басқаларға қалдырып, адамдар территорияларын үлкейтіп, шөлді жерлерді игерді. Бірақ адамзат тарихында бір тайпа екінші тайпаны ауыстырап отырған, олар бұрыннан жерді, өсімдіктерді қалай игеру керек екендігін үйреніп алды. Мындаған жылдар бойы адамдар өзі орналасқан аймақтағы өсімдіктерді зерттеп таныды.



Қазақстанда жыл сайынғы дәрілік шикізат дайындау мөлшері (квота-нормасы)

 




Өсімдіктер түрі

Шикізат түрі (дайындалатын бөлігі)

Барлығы тонна

1

Аңдыз тамыр, айр- Acorus calamus – Аир

Тамырсабақ

3,5

2

Ақезу бәрпі – Aconitum leucostomum – борец белоустый

Шөп

100,0

3

Дәрілік жалбызтікен – Althaea officinalis – алтей лекарственный

Тамырсабақ

2,0

4

Етжапырақ бадан – Bergenia crassifolia – бадан толстолистый

Тамырсабақ

5,0

5

Қара мендуана – Hyoscyamus niger – белена черная

Жапырақтар

35,0

6

Қайың – Betula – береза

Бүршіктер, жас жапырақтар

2,5

7

Доланалар (Алматы, Жоңғар және т.б.) – Crataegus – Боярышник

Жемістер

20,5

8

Самарқан салаубасы – Helichrysum maracandicum – бессмертник самаркандский

Гүлдер

5,0

9

Түркістан валерианасы – Valeriana turkestanica – валериана лекарственная

Тамырлар

1,5

10

Жантақ – Alhagi – верблюжья колючка

Шөп

9,0

11

Кәдімгі адыраспан – Peganum harmala – Гармала обыкновенная

шөп

9,0

12

Шаян мойын таран – Polygonum bistoria – горец змеиный

Тамырсабақ

1,0

13

Бұрыш таран – Polygonum hidropiper – горец перечный

Шөп

3,0

14

Қызыл таспа – Polygonum aviculare – горец птичий

Шөп

4,0

15

Айланшөп таран – Polygonum percicaria – горец почечуйный

Шөп

2,0

16

Биік аңдыз – Inula helenium – девясил высокий

Тамырсабақ

9,0

17

Дәрі түйежоңышқа – Melilotus officinalis – донник лекарственный

Шөп

1,0

18

Кәдімгі емен – Quercus robur – дуб обыкновенный

Қабық

1,0

19

Кәдімгі жұпаргүл, киікшөп – Origanum vulgare – душица обыкновенная

Шөп

12,0

20

Тор жеміс тегеурінгүл – Delphinium dictyocarpum – живость сетчатоплодная

Шөп

2,0

21

Шілтержапырақ шәйқурай – Hepericum perfotum – зверобой продырявленный

Шөп

12,0

22

Бунге киікоты – Ziziphora bungeana – зизифора Бунге

Шөп

3

23

Кәдімгі аюқұлақ – Verbascum thapsus – коровк обыкновенный

Гүлдер

1,0

24

Қосүйлі қалақай – Urtica dioica – крапива двудомная

Жапырақтар

12,5

25

Дәрі шелна – Sanguisorba officinalis – кровохлебка аптечная

Тамырсабақ

1,0

26

Мықсыр рапонтикум – Rhaponticum cartamoides – рапонтикум сафлоровидный

Тамырсабақ

0,2

27

Жөке ағаш – Tilia – липа

Гүлдер

3,5

28

Шоңайна – Arctium – лопух

Тамырлар

4,0

29

Таңқурай – Rubus – малина

Жемістер

2,0

30

Кәдімгі өгейшөп – Tussilago farfara – мать-и-мачеха обыкновенная

Жапырақтар

3,0

31

Азия жалбызы – Mentha asiatica – мята азиатская

Жапырақтар

4,0

32

Итшомырт шырғанақ – Hippophae rhamnoides – облепиха крушиновидная

Жемістер

50,0

33

Кәдімгі бақбақ – Taraxacum officinalis – одуванчик лекарственный

Тамырлар

2,0

34

Кәдімгі жұмыршақ – Capsella bursa-pastoris – пастушья сумка

Шөп

2,1

35

Кәдімгі түймешетен – Tanacetum vulgare – пижма обыкновенная

Гүлдер

17,0

36

Таушымылдық -  Paenia – пион

Шөп және амырлар

3,0

37

Үлкен бақажапырақ – Plantago maior ­­­­­– подорожник большой

Жапырақтар

3,2

38

Ащы жусан – Artemisia absinthium – полынь горькая

Шөп

5,5

39

Түркістан сасықшөбі – Leonurus turcestanicus – пустырник Туркестанский

Шөп

3,0

40

Қызғылт семізоты – Rhodiola rosea – родиола розовая

Гүлдер

1,0

41

Дәрілік ромашка – Matricaria recutita – ромашка лекарственная

Гүлдер

1,0

42

Сібір шетені – Sorbus sibirica – рябина Сибирская

Жемістер

1,0

43

Жалаң мия – Glycyrrhiza glabra – солодка голая

Тамыр

40,0

44

Орал миясы – Glycyrrhiza uralensis  – тимьян маршаллиевский

Шөп

40,0

45

Маршалл жебірі ­– Thymus marschallianus – тимьян маршаллиевский

Шөп

4,1

46

Кәдімгі тмин – Carum carvi – тмин обыкновенный

Жемістер

1,0

47

Кәдімгі мыңдапырақ – Achillea millefolium – тысячелистник обыкновенный

Шөп

19,0

48

Кәдімгі цикорий – Cichorium intybus – цикорий обыкновенный

Тамыр және шөп

2,0

49

Лобель тамырдәрі – Veratrum Lobelianum – черемица лобеля

Тамырсабақ

2,0

50

Үштармақ итшоған – Bidens tripartite – череда трехраздельная

Шөп

4,5

51

Қаражидек – Vaccinium – черника

Жемістер

1,0

52

Үлкен сүйелшөп – Chelidonium majus – чистотел большой

 

 

53

Дала қырықбуыны – Equisetum arvense – хвощ полевой

Шөп

2,2

54

Кәдімгі құлмақ – Humulus lupulus – хмель обыкновенный

Жеміс шоғыры

0,9

55

Раушандар – (Rosa alberti, R.beggeriana, R.majalis) – шиповники

Жемістер

33,0

56

Жылқы қымыздық – Rumex confertus – щавель конский

Тамырлар

2,5

57

Қырықбуын қылша – Ephedra equisetina – хвойник хвощевой

Өркендер

800,0

58

Сиверс алмасы – Malus sieversii – яблоня сиверса

Жемістер

1000,0

 
Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктердегі биологиялық аткивті заттарға фармакогнозиялық негіздеме.

Жоспар:


  1. Өсімдіктерде болатын биологиялық белсенді заттар түрлері

  2. Дәрілік өсімдіктерді пайдаланудағы ғылыми негіздемеліктер.


КІРІСПЕ

Мындаған жылдар бойы адамзат адамның әртүрлі аруларымен күресуге дәрілік өсімдіктерді пайдаланды. Әрине ол әртүрлі елдерде әрқалай, әртүрлі дәрежеде пайдаланылады. Өркениетті елдерде дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың өте бай тәжірибесі жинакталды. Бірақ та соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерге деген көзқарасы өзгеріп, оларды кеңінен пайдалана бастады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дүние жүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде, мысалы Қытай, Жапония, Индия бұрынғыша қазіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар халық

Фармакогнозия (гректің pharmakon – дәрі, у және gnosis – зерттеу, білу) дәрілік өсімдіктерді, дәрілік қасиеті бар шығу тегі өсімдікке байланысты шикізатты және шығу тегі өсімдік және жануарларға байланысты өнімдерді алғашқы өңдеуді зерттейтін ғылым.

Дэрілік өсімдіктердің емдік қасиеті ондағы белсенді заттардың жануарлар организміне тигізетін физиологиялық эсеріне байланысты. Биологиялық белсенді заттар өсімдіктердің барлық бөліктерінде немесе оның кейбір бөліктерінде болуы ықтимал. Одан басқа, түрлі белсенді заттардың саны мен сапасы өсімдіктердің өсіп-өну кезеңіне байланысты. Сол себепті, дәрілік өсімдіктердің шикіатын дайындауда оларда қай уақытта жэне қай өсу кезеңінде жинауды білу керек.

Өсімдіктерде болатын биологиялық белсенді заттар эртүрлі органикалық қосылыстарға енеді. Олар - алколоидтар, гликозидтер, сапониндер, эфир жэне шыны майлары, органикалық қышқылдар, витаминдер, фитонциндер, т.б.



Эфир майлары - күрделі әртүрлі үшпамай қосылыстары, өткір иісті зат. Шыны майлардан ерекшелігі матада және қағазда майдың іздері қалмайды. Дүние жүзінде 2500 эфир майлы өсімдіктер бар. Олар өсімдіктің эртүрлі мүшелерінде: гүлінде, жапырағында, жемісінде, кейде жерасты мүшелерінде болады. Өсімдіктің вегетациялық дамуы барысында эфир майларының қасиеті мен иісі өзгеріп отырады. Мысалы, кориандрдың піспеген жемісіне жағымсыз иіс тэн болса, піскеннен кейін иісі өте жағымды болады, сондықтан тамақ өнеркэсібінде кең қолданады. Өсімдіктегі оның мөлшері 0,001%-тен 20%-ке дейін өзгеріп отырады. Оны су буымен айдау немесе экстракция эдісімен бөліп алады. Олар спиртте, шыны майда жэне басқа органикалық еріткіштерде ериді. Эфир майының химиялық қүрамы әртүрлі болғандықтан, адам организміне түрлі-түрлі эсерін тигізеді. Микробтарға жэне түйілуге қарсы дэрі, жүрек жүмысын жақсартады, қызуды басады, ас қорыту жолдарында шырын бөлінуін күшейтеді.

Гликозидтер. Өсімдік бөліктерінде болатын күрделі органикалық заттар. Оладың қантты және қантсыз бөліктері бар. Фермент қышқылдар арқылы жэне қайнатқанда қантқа (глюкоза, фруктоза т.б.) жэне қантсыз бөлігіне (агликон) ыдырайды. Таза түрінде кристалл тэрізді ащы зат, суда өте жақсы ериді, бірақ спиртте ерімейді, көбісі улы. Гликозидтермен әртүрлі ауруларды емдеу агликонның химиялық қүрамы мүмкіндігіне байланысты. Қазір жүрек гликозидтерін көп пайдаланып жүр. Сақ болу керек, олар өте улы. Тек дэрігерлер бақылауымен ғана емделген жөн. Гликозидтер табиғатына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Солардың бірі флавоноидтар мен кумариндер.

Флавоноидтар - барлық флаваноидтар негізінен флавон деген қосылысқа жатады. Үшкөміртек үзбелерді байланыстыратын структураға қарай, сонымен бірге оның тотығу дәрежесіне байланысты барлық флавоноидтар бірнеше негізгі топтарға бөлінеді; 1) Катехиндер; 2) Лейкоантоцианидтер; 3) Антоцианидиндер; 4) Флавоноидтар; 5) Флавонолдар-3; 6)Флавондар жэне флавонолдар; 7) Халкондар жэне дигидрохохалкондар; 8) Аурондар; 9) Изофлавондар. Флавоноидтар өздерінше бос күйінде де, немесе гликозидтер түрінде де (катехиндерден басқасы) кездеседі. Көміртекті бөлігі ретінде моно-, ди- жэне трисахаридтер болуы мүмкін. Моносахаридтерден кәдімгі өсімдіктерде болатын қанттар: Д-глюкоза, Д-галактоза, L-рамноза, L- арабиноза болады.

Флавоноидтар деген атпен белгілі өсімдіктер пигменттері класын зерттеу XIX ғасырдың басынан жүргізілді деп айтуға болады. Флавоноидтар қосылыстарына қызығушылық әсіресе ерекше 20ғасырдың 40 жылдарынан басталды. Септ - Дьерди 1936 жылы лимон қабығынан алынған флавоноидтар жиынтығының Р - Витамині белсенділігіндей эсері бар екендігін дэлелдеді. Қазіргі кезде флавоноидтардың фармокологиялық эсері диапазоны өте кең белгілі болды. Әдебиеттердегі мәліметтерден флавоноидтарды жүрек-қан тамырларын емдеуге, ;спазмолитикалық, қабынуға қарсы, микробтарға қарсы дэрілік заттар ретінде пайдалануға болады. Соңғы кезде флавоноидтарды ісікке қарсы да қолдануға болады деген мэліметтер бар. Бірақта флавоноидтардың дэрі-дәрмек ретінде ресми түрде пайдалануы элі шектеулі. Өте жиі флавоноидтарды Гален жэне Жаңа гален препараттары қүрамына кіретіндігі туралы айтылады[19].



Кумариндер өсімдікте таза түрінде немесе гликозидтер қүрамындағы агликонмен қосылыс түзеді. Олар жарыққа сезімтал, тез ыдырайды, суда нашар ериді. Олардың көпшілігі тамыр кеңейткіш, ісікке қарсы қолданылады. Қазіргі уақытта 150 аса кумариндер түрі бөлініп алынды. Кумариндер көбінесе бүршақтүқымдастар, шатыргүлділер түрлерінің тамыры мен жемістерінде болады.

Алкалоидтар - күрделі азотты қосылыстар. Бүл сөз арабша алкали -сілті жэне гректің эйдос - үқсас деген мағына береді. Өсімдік түрлеріне, өскен ортасына, биологиялық даму сатыларына, өсіру жәнС жинау эдістеріне байланысты алкалоидтардың мөлшері де эртүрлі болады. Алкалоидтар суда ерімейді, бірақ түрлі органикалық қышқылдармен тез байланысып, суда ерітінді түзеді. Медицинада алкалоид түздарының судағы ерітіндісі қолданылады. Алкалоидтар дэмі ащы, көпшілігі улы, күшті эсер еткіш дэрілік заттар тобына жатады. Фармакологиялық эсері өте көп.

Шайыр - күрделі химиялық қосылыс, жабысқақ, суда ерімейтін, әртүрлі иісті зат. Сұйық шайырды бальзам деп атайды. Өсімдікте шайыр шайыр жолдарында болады. Егер өсімдіктің сыртқы қабаты жарақаттанса, шайыр толық жауып, кеуіп қалудан жэне микроб түсуден қорғайды. Шайыр қылқанжапырақтыларда, қайыңның бүрі мен жапырағында, алоэ да кездеседі. Медицинада оларды бактерияға қарсы, ал түндырмасы ішкі органдырға пайдаланады. Қарағайдан алынған шайыр медицинада кең қолданылатын «клеол» пластырь қүрамына кіреді. Ежелгі Египетте ладаң, мирра, канифоль сияқты шайыр заттарын өлген адамды бальзамдау үшін қолданған. Бірі сүргі ретінде, екіншісі жараларды емдеуге, үшіншісі несеп айдауға дәрі ретінде қолданылады.

Шыны майлар мен майға үқсас заттар. Глицеринді күрделі эфирлер мен жоғары май қышқылдарының қосылыстары. Май қүрамына қаныққан жэне қанықпаған қышқылдар кіреді. Қаныққан май қышқылдары қүрамында пальмитин, стеарин, миристил жэне лаурин қышқылдары болады. Шыны майы көбінесе өсімдіктің түқымында кездеседі, тек зэйтүн майы етті зэйтүн жемісінен өндіріледі. Шыны майлар суда ерімейді, спирттің суық ортасына қарағанда ыстық ортада тез ериді. Медицинада өсімдік майларын (мазь, кремдер, сабын) теріні жүмсарту үшін кең қолданады. Көпшілік майлар қү-рамындағы қанықпаған қышқылдар қан қүрамындағы холестеринмен байланысып, тез еритін қосылыстар түзеді де, ағзадан шығаруға көмектеседі. Сондықтан шыны майларын «эссенциальды» деп атайды, организмде түзілмейді. Ең бағалы болып жүгері, күнбағыс, зэйтүн майы саналады. Өсімдік майын көп қолданатын Үнді, Қытай, Жапония елдерінде Америка, Европа елдерімен (бүл елдер көбінесе жануарлар майын қолданады) салыстырғанда атеросклероз ауруларына шалдығу біршама томен. Майға үқсас заттарға балауыз, стериндер, камфора кіреді, оларды да дэрі дайындауға қолданады.

Илік заттар - илік заттар барлық өсімдіктер қүрамында кездеседі. Тырыстыратын дэрі қүрамына кіреді, ағзадағы бактериялардың өсуіне кедергі болатын қасиеті бар, эртүрлі суық тигенге, қанның қалпына келу процесіне қатысады.

Ғылыми мэліметтерде илік заттардың антигепатоксикалық, антибактериалық, антимутагендік, эртүрлі саңырауқүлақтарға қарсы сондай-ақ қаннның қалпына келуіне, суық тигенге қарсы белсенділігі бары анықталынған[20]. Сонғы жылдары эртүрлі зерттеулер жүргізу нэтижесінде илік заттардың қатерлі ісікке қарсы, антигипоксиялық, антиоксиданттық, антивирустық, фунгицидтік, бойдың өсуін реттеуші, түмауға, гепатит, СПИД ауруларына қарсы белсенділіктері анықтаЛЫнды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығында қолдануға болатын далалық жэне өндірістік сынақтар бойынша өсімдіктерді вирустық аурулардан қорғау, тамыр жемістілерді үзақ сақтау кезінде шіруден сақтау қүралдары, дэнді дақылдардың өсуін реттеуші тиімді, экологиялық таза қүралдары ретінде қарастырған. Сондықтан ғалымдар илік заттары көп кездесетін шикізат көзін іздестіруде[21].



Сапониондер - бүл да гликозидтер, шайқағанда сабынның көбігіндей көбік пайда болады. Латынша «сапо» - сабын. Олар қант пен агликонға бөлінеді. Оны сапогенин деп атайды. Сапгенинді қақырық түсіруге, несеп айдауға, түрлі мүшелердің бекуіне жэне организмнің қызметін жақсартып, қуаттандыруға қолданады.

Витаминдер - латынша «vita» өмір сүруге керекті, биоогиялық белсенді органикалық зат. Организмнің бірқалыпты дұрыс тіршілігіне өте қажет. Олар адам организміне тағаммен бірге енеді. Витаминдер зат алмасу процесіне қатысады, түрлі науқастарға қарсы түрақтылықты қамтамасыз етеді және организмде ферменттер қүруда үлкен маңызы бар.

Қазіргі уақытта 30-дай витаминдер бөлініп алынды, олардың 20-дай түрі адам организмине өсімдіктер тағамымен енеді. Дэрілік өсімдіктер шикізаты -адам организміне керекті витамин алуға өте құнды қайнар бүлақ.

Л витамині - өсімдіктер майы қүрамында кездеседі. Оның жеткіліксіздігі көздің қүргақ көз (ксерофтальм) ауруына шалдықтырады, бетті безеу басады, тері жаралары іріңдегіш келеді, тәбет нашарлйды, адам шаршағыш келеді. Бүл витамин осы ауруға қарсы шипа.
Өсімдік организмі өзінің химиялық құрамы және атқаратын қызметі жағынан өте күрделі. Табиғатта тек өсімдіктер ғана органикалық емес заттардан органикалық заттар түзе алады, ал оларсыз адамдардың және жануарлардың тіршілік етуі мүмкін емес. Өсімдіктер танқаларлық әртүрлі зат алмасу процесіне және көмірқышқыл газынан, судан және органикалық емес зат қосылстарынан алуан түрлі қосылыстарды синтездеуге қабілетті.

Құрғақ заттарды былайша бөлуге (Мамонов, Музычкина, Корулькин, 2008) болады.

Әр өсімдік организмінде заттардың пайда болуы және жинақталуы көптеген факторларға бағынышты: қоршаған ортаға, жасына, тіршілік жағдайына, дамуына, қоректенуіне. Динамикалық процесс жоғарыда аталған факторларға және басқа жағдайларға байланысты өзгереді. Оған қосымша әрбір өсімдік онтогенез процесінде вегетациялық түрлену, гүлденуі, жемістену және тыныштық фазаларынан өтеді. Онтогенез барысында өсімдіктердегі заттар мөлшері оның әртүрлі мүшелерінде әрқалай болуы мүмкін. Өсімдіктер құрамында 21 химиялық элемент табылған (Муравьева, 1991). Олардың 16 элементі (Н, C, N, O, P, S, Na, K, Ca, Cl, Mn, Fe, Co, Cu, Zn) барлық өсімдіктерде кездеседі, ал 5 элементі (B, Al, V, Mo, J) тек кейбір түрлерде ғана кездеседі. Сандық құрамына байланысты оларды макро (K, Ca, Mg, Na, Cl, P, Si) және микро (Cu, Zn, J, Co, Mn, Al, S, Fe) элементтерге бөледі. Қарапайым органикалық емес қосылыстар (Co2, H2O, NO3, SO4­­-2 және PO4-) өсімдіктерге 6 негізгі элементтерді береді ­– С, H, O, N, S, P, ал олардан ұлпалардың көптеген компоненттері құрамында белоктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, липидтер және т.б. қарапайым қосылыстар негізінде өсімдіктерде күрделі қосылыстар синтезделеді (алкалоидтар, фенолды қосылыстар, терпеноидтар және т.б.). Барлық өсімдіктер құрамында болатын (Мамонов, Музычкина, Корулькин, 2008) заттар:

Таза клетчатка – суда ерімейтін және әдеттегі еріткіштерде ерімейді. Қабықта, тамырда, сүйектерде ағаштанған клетчатка болады. Өсімдік клетчаткасы қабықшасының негізгі құрам бөлігі.

Целлюлоза – Өсімдіктер клеткалары қабырғаларының сүйегі, сүйеніші.

Пектинді заттар – өсімдіктер мүшелерінің клеткааралық заттары. Өсімдікті қайнатқанда пектинді заттар суға ауыспайды, салқын суда ерімейді.

Салқындатқанда мөлшеріне байланысты, сілікпе немесе қою коллоидты ерітінді пайда болады.



Шырыштар (слизи) – табиғаты полисахаридті зат.

Крахмал – полисахарид, дән тәрізді клеткадағы заттар өте жиі тамырларда, тамырсабағында, тамыржемісте кейбір тұқымдарда болады. Салқын суда ерімейді. Т0600С-тан жоғары болғанда жабысқан коллоидты ерітінді түзіледі, глюкоза босап шығады.

Көмірсулар – моно-ди-олиго және полисахаридтер. Өсімдіктердің бәрінде, барлық мүшелерінде болады, Әсіресе жемістерге, суда онай ериді.

Белокті заттар – барлық өсімдіктерде өте мол тұқымдарда болады.

Шыны майлар – қорлық және каптап орап алатын заттар. Жапырақтарда па    йда болып сосын өсімдіктің барлық басқа мүшелеріне ауысады. Қорлық зат ретінде тұқымдарда кейінге қалдырылады.

Пигменттер – барлық өсімдіктерде болатын заттар, жасыл бөліктерінде-хлорофилл, қызыл, қызыл-қоңыр, сары-каратиноидтар, флавоноидтар, антрахинондар, антоциандар. Олардың ең көп мөлшері – гүлдерде, жемістерде жинақталады.

Органикалық қышқылдар. Көмірсулар, органикалық қышқылдар және белоктармен қатар органикалық қышқылдар өсімдіктер мүшелерінде ең көп кездесетін заттар қатарына жатады, олар әсіресе көп мөлшерде шырынды жемістерде, жапырақтарда, азырақ мөлшерде өсімдіктердің басқа мүшелерінде кездеседі.

Смолалар – көмірсутектер, эфир майы, каучук, өсімдіктердің барлық мүшелерінде болады.

Өсімдіктердегі минералды заттар екі топқа бөлінеді: 1) Макроэлементтер 2) Микроэлементтер, олар туралы жоғарыда айтылды. Дәрілік өсімдіктердегі минералдық элементтердің болуы олардың күліне байланысты болады. Шикізаттың түріне байланысты күлінің мөлшері 3% дан 25% дейін болуы мүмкін (Муравьева, 1991).



Липидтер Жоғарғы май қышқылдарының және глицериннің немесе басқа копатомды (жоғары молекулалық) спирттердің күрделі эфирлері. Өсімдіктерде липидтер барлық ұлпаларда болады, әсіресе көп мөлшерде тұқымдарда және жемістерде.

Балауыз (Воск) – май қышқылдарының және бір атомды жоғарғы молекулалық спирттердің күрделі эфирлері.

Гликозидтер – күрделі заттар, олардың өсімдіктердегі алуан түрлілігі англикондар және көмірсулар фрагменттерінің табиғатымен С-О-С, С-С және С-S байланыстарымен анықталады.

Өсімдіктердің фармакологиялық белсенді заттарына, негізінен екінші синтез заттары (алкалоидтар, сапониндер, жүрек гликозидтері, флавоноидтар және т.б.) сонымен қатар кейбір бірінші синтез заттарын да (витаминдер, липидтер, көмірсулар) жатқызуға болады.

Өсімдіктердегі барлық заттарды әрекеттегі бірлесіп еріп жүретін және балластық деп бөледі.

Дәрілік өсімдіктердің пайдаланылатын мүшелерінде немесе жеке бөлшектерінде фармакологиялық белсенді заттардың көптеген түрлері, яғни комплексі болады. Солардың арасында бір немесе бірнеше өсімдіктің медициналық қажеттігін анықтайтын негізгі фармкологиялық белсенді заттарын ажырату қажет. Осындай негізгі фармакологиялық белсенді заттарды әрекеттегі (действующие) заттар деп атайды.

Осындай әрекеттегі заттардан басқа заттардың барлығын «бірлесіп еріп жүретін» (сопутствующие) заттар деп атайды. Мұндай бірлесіп еріп жүретін заттардың ролі және маңызы әрқалай болуы мүмкін. Ол заттардың кейбіреулері организмге пайдалы болуы мүмкін. Мысалы, витаминдер, органикалық қышқылдар, минералды заттар, қанттар және т.б. Кейбір бірлесіп еріп жүретін заттар әрекеттегі заттардың фармакологиялық әсеріне, сапасына тиімді әсер етуі мүмкін. Мысалы, сапониндер наперстянка өсімдігі жапырағының құрамында кездесетін жүрек гликозидтерінің тезірек еріп сіңірілуіне және олардың әсерін тездеуге қолайлы жағдай жасайды. Ал еритін немесе ісінетін полисахаридтер, илік (дубильные) заттар, керісінше, әрекеттегі заттардың шипалық тиімді әсерінің мерзімін ұзартуына алып келуі мүмкін. Пайдалы әрекеттегі заттармен қатар кейбір дәрілік өсімдіктерде зиянды заттар да болуы мүмкін. Мысалы, жаңа жинаған итшомырт (Крушина-Frangula) қабығында – антропол, кенедән (Клещевина- Ricunus) құрамында – токсильбумин және т.б. кездеседі.

Сондықтан, пайдалы және зиянды бірлесіп еріп жүретін заттарды ажырата білу керек. Кейбір өсімдіктер құрамында негізгі әрекеттегі заттардың сапасына әсер етпейтін фармакологиялық бейтарап заттар да кездеседі. Ондай заттарды балластар деп атайды. Бірақ та «балластық заттар» деген ат тек шартты түрде ғана. Өйткені қазіргі заманда әрбір өсімдікті экономикалық тұрғыдан 100% тиімді пайдалану керек. Яғни өсімдік шикізатының барлық пайдалы заттарын пайдалана білу керек. Мысалы, кейбір дәрілік өсімдіктің ББЗ алып медицинада қолданумен шектелмей, ол өсімдік құрамындағы ағаштанып кеткен клетчатканы қағаз, кардон алуға пайдалану қажет.

Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы алуан түрлі. Олардың құрамында көптеген биологиялық (фармакологиялық) белсенді, индиферентті (бейтарап) және балласты заттар бар. Шындығына келгенде, табиғатта адам организмі үшін абсолютті бейтарап өсімдік жоқ. Мәселе олардың әсер ету күйінде, сипатында, мөлшерінде. Соған байланысты кейбір белгілі өсімдіктер дәрілік өсімдіктерге қатарына жатқызылады. Бірақ та көптеген дәрілік өсімдіктерге жатпайтын, дегенмен тамақ ретінде, халықтық ­­медицинада қолданылатын өсімдіктер де жеткілікті. ТМД елдерінде, соның ішінде, әсіресе Россияда бұрыннан белгілі 2000 дәрілік өсімдіктер түрлерінен 500 дәрілік өсімдікке ғана осы уақытқа дейін толық фитохимиялық талдау жасалды. Қалған дәрілік өсімдіктер туралы тек жалпылама, яғни оларда қандай әсер ететін заттар бар екендігі туралы ғана мәліметтер бар. Демек, олардан ББЗ бөліп алынғанымен, олардың химиялық структурасына толық талдаулар жасалынбаған.

Дәрілік өсімдіктердің биологиялық белсенділігінің спектрі оларда әртүрлі химиялық кластарға, топтарға жататын эфир майларының, флавоноидтардың, полифенолдардың, полисахаридтердің және т.б. заттардың болуына байланысты. Дәрілік өсімдіктердегі әртүрлі заттардың саны оннан бірнеше жүзге дейін болуы мүмкін. Өсімдіктің фармакологиялық әрекеттілігі сол нақты өсімдіктің нақты химиялық құрамында тікелей байланысты. Сонымен заттар дәрілік өсімдіктің шипалық қасиеті жоғарыда келтірілген заттардан, басқа кейбір әлі толық анықталмаған фармакологиялық әсері бар заттардың болуына (антрогликозидтер, алкалоидтар, стероиды қосылыстар және т.б.) байланысты. Мұндай заттар тек кейбір дәрілік өсімдіктер түрлерінің құрамында ғана кездеседі, ол заттар бұл өсімдік түрлеріне өте тар белгілі биологиялық белсенділік береді (мысалы, кардиотоникалық, нейротроптық, адаптогендік және т.б.). Мұндай заттардың белсенділік дәрежесі мен сипатына байланысты кейбір дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктер қатарына жатқызады.

Дәрілік өсімдіктердің ББЗ топтастыруға болады. Яғни, әртүрлі химиялық кластарға жатқызуға болады: терпеноидтар, фенолды қосылыстар, алкалоидтар, липидтер, моно және полисахаридтер және т.б. Бұлайша бөлу ғылыми тұрғыдан әрине дұрыс, бірақ та практикаға берері шамалы. Сондықтан әрбір кластар химиялық топтарға және топтар тармақтарға бөлінеді. Өсімдік химиялық құрамы жағынан өте күрделі жүйе. Енді өсімдік химиясының негізгі зерттеу объектілері болып саналатын кейбір органикалық қосылыстарға қысқаша сипаттама беріп кетейік (Мамонов, Музычкина, Корулькин, 2008).

Алкалоидтар және гликоалкалоидтар. Алкалоидтарға белгілі физиологиялық белсенділігі бар құрамында азоты бар органикалық заттар жатады. Өзінің аты бұл заттар Alkaly (Сілті-щелоч) деген латын сөзінен алады. Бірақта барлық алкалоидтардың бірдей сілтілік сипаты болмайды.

Өсімдіктерден әртүрлі мәліметтер бойынша 4000-нан 10000-ға дейін алкалоидтың фармакологиялық қасиеттері зерттелген. Басқа ББЗ салыстырғанда алкалоидтар өздерінің өте улы әсерімен ерекшеленеді. Сондықтан құрамында алкалоидтары бар өсімдіктерді өте үлкен сақтықпен, өте аз мөлшерде пайдалану керек.



Гликоалкалоидтар – бұл циклопентанон гидрофенантрененнің туындылары, қасиеттері жағынан стероидты. Кеңінен және молынан алкалоидтар қосжарнақтылар өкілдерінде болады. Қосжарнақтылар арасында алкалоидтарға өте бай тұқымдастар көкнәрлер (Papaveraceae Juss), сарғалдақтар (Ranunculaceae Juss), бұршақтар (Fabaceae), бөріқарақаттар (Berberidaceae Juss), алқалар (Solanaceae), кенділер (Apocynaceae Juss) және т.б. (Гренкевич, Сафонич, 1983, Муравьева 1991).

Аминқышқылдары, белокты комплекстер, бетаниндер.

Бұл алғашқы синтез заттары, олар өсімдіктердің барлық мүшелерінде болады. Амин және карбоксил топтарының бір-біріне қатысты орналасуына байланысты a,b,g және т.б. аминқышқылдарын ажыратады. Олардың ішінде ең кеңінен таралғандары a,b және g. Барлық аминқышқылдары қышқыл және сілті ерітінділерде ериді, нәтижесінде спиртте су – органикалық ерітінділерде тұздар пайда болады.



Бетаниндер – суда және су-спирт ерітінділерінде жақсы ериді, амин қышқылдары сияқты биполярлық кондар түрінде болады. Сілті және қышқыл ерітінділерде ериді.

Белоктар – барлық өсімдіктер құрамында болатын компоненттер белоктар, биополимерлер. Белоктар химиялық элементтер: көміртегі, сутегі, өттегі, азот, күкірт, фосфор және т.б. бірқатар элементтерден құралған күрделі органикалық қосылыс. Белоктар қарапайым (гидролиз болғанда тек аминқышқылдарын береді) және күрделі – бұларда белоктар табиғаты белок емес заттармен байланысқан: нуклеин қышқылдарымен (нуклепротеидтер, полисахаридтермен (гликопротеидтер), липидтермен (макропротеидтер), пигменттермен (хромопротеидтер), металдар иондарымен (металопротеиндер), фосфор қышқылының қалдықтарымен (фосфопротеидтер) және т.б.

Нуклеин қышқылдары – бүкіл тірі жүйенің тұрақты және қажетті құрам бөлігі нуклеидтердің – өте көп қайталануынан құралған бөлімшелер, өсімдіктер нуклеин қышқылдары медицинада емдеу үшін қолданылмайды.

Ферменттер – биохимиялық реакциялардың катализаторлары, белокты бөліктен (апоферменттер) және белоксыз бөліктен (коферменттер немесе коэнзимнен) тұрады.

Антроценді заттар – Үш конденсацияланған сақинасы бар табиғи заттар тобы, жалпы формуласы С6-С2-С6.

Антрахинондардың әртүрлі туындылары негізінен Rubiaceae Juss., Rhamnaceae Juss., Polygonaceae Juss., Fabaceae Lidl., Liliaceae Juss. тұқымдастары өкілдерінде жиірек кездеседі.

Витаминдер – әртүрлі химиялық құрылымды организмнің дұрыс тіршілік етуіне өте қажетті төменгі молекулалық органикалық қосылыстар тобы.

Осы уақытқа дейінгі белгілі витаминдердің көбісі жануарлар және адамдар организмінде синтезделмейді. Олардың 20 дан астамы өсімдіктерден жасалған тамақпен келеді, дайын витаминдер немесе провитаминдер түрінде көп жағдайда олар коферменттер. Витаминдерге ұқсас қосылыстар да бір – кейбір флавоноидтар (рутин және т.б.), каротиноидтар, холин инозит, липоев, никотин оотов және пангамов қышқылдары және т.б.

Өсімдіктерде түріне байланысты витаминдер және витаминдерге ұқсас қосылыстар мөлшері бірдей емес. Өсімдіктердің кейбір түрлерінде витаминдер мол болуы мүмкін. Тағамдық өсімдіктер және олардан алынатын препараттар авитаминоздан сақтандыру үшін пайдаланылады. Мысалы раушан (Rosaшиповник), қалақай (Urticaкрапива), жеміс ағаштары, цитрустар.

Гликозидтер – құрамында әртүрлі агликондар және көмірсулар фрагменттері бар көптеген биологиялық белсенді қосылыстар тобы.

Барлық гликозидтер суда, спиртте, су-органикалық ерітінділерде жақсы ериді.

Гликозидтердің агликондары болып алкалоидтар, фенолдар, фенол қышқылдары, бензофенолдар, стильбендер, хромондар, кумариндер, ксантондар, флавондар, антроцендер және басқа да заттар бола алады.

Гликозидтердің ең көп таралған типтері: гликоалкалоидтар, антрацендер, кумариндер, жүрек гликозидтері, сапониндер, фенолдар, фурастанолдар, флавоноидтар.

Гликозидтер физико-химиялық қасиеттеріне байланысты екіге бөлінеді: 1) гидрофильді, 2) гидрофобты.

Терпеноидтар гликозидтерін терпенді сапониндер, ал стероидтар гликозидтерін стероидты сапониндер деп атайды.



Сапониндер – бір молекулада гидрофильді және гидрофобты қалдықтар болуына байланысты зор беттік белсенділігі бар заттар.

Сапониндер екі топқа бөлінеді: бейтарап (стероидты тип) суда оңай ериді және қышқыл (трипенді) суда қиын ериді, сілтілер ерітіндісінде оңай ериді. Сапониндер сулы ерітінділерде көпіршіктенеді, сұйықта ериді, метанолда және этонолда 70%, ал қайнатқанда 90% дейін, салқындатқанда тұнбаға түседі.



Жүрек гликозидтері жүрек бұлшық еттеріне таңдамалы кардиотоникалық әсер ететін табиғи биологиялық белсенді заттар тобы. Бұл қосылыстардың агликоны болып циклопентанпергидрофенан трен болып саналады. Кәдімгі қанттардан басқа – глюкоза, фруктоза, рамноза, жүрек гликозидтерінде ерекше дезоксиқанттар (дигитоксоза және цимороза) болады. Көптеген гликозидтер этил эфирінде, хлороформда, петролеид эфирінде және суда аз ериді, ал метил және этил спиртінде жақсы ериді.

Флороглюцидтер – флороглюцин немесе пироның моно, ди, үш және т.б. туындылары. Аз зерттелген табиғи қосылыстар мол мөлшерде усасыр (Dryopteris – щитовник) туысы өкілдерінде кездеседі.

Иридоидтар – химиялық құрамының табиғатына қарағанда бұл топ гликозидтерге жатады. Иридоидтар негізінен «қышқыл» өсімдік түрлерінде болады. Олар суда және төменгі спирттерде (метил және этил) оңай ериді, органикалық ерітінділерде (бензол, хлороформ) нашар ериді.

Илікзаттар – дегеніміз бұл ерекше «илегіш» қасиеті бар органикалық заттар, жиі табиғаты полифенолды. Практикалық тұрғыдан барлық өсімдіктерде гидролизденетін, конденсацияланған немесе аралас илік заттар болады. Илік заттар өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінде жинақталады: өте жиі қабығында, тамырларында, тамырсабағында, сирегірек-жапырақтарында, сабақтарында, жемістерінің қабығында. Өсімдіктер ұлпаларында илік заттар еріген күйінде болады.

Изопреноидтар – изопрепеннің биогендік ауысуының өнімі, табиғи қосылыстар. Изопреноитарға әртүрлі терпендер, олардың туындылары терпеноидтар және стероидтар жатады.

Эфир майлары – алифатикалық, моноциклдік бицклдік терпен қосылыстарының жиынтығы. Өсімдіктер гүлдерінің, жемістерінің және басқа мүшелерінің иістері осы эфир майларының болуына байланысты, сондықтан эфир майлары тек медицинада ғана емес оған қосымша парфюмерияда, кондитер өндірісінде, әртүрлі ішімдіктер өндіруге пайдаланылады.

Каратиноидтар – сары және қызғылт сары табиғи пигменттердің үлкен тобы.

Химиялық табиғаты бойынша олар тетротерпендер. Олар негізінен жемістерде, гүлдерде кейде жер асты мүшелерінде жинақталады. Каротиндер және каратиноидтар «А» витаминінің провитаминдері, А – витаминінің белсенділігіне ие, дәрілік шикізат ретінде қолданылады, поливитаминдер жинағына кіреді.



Стероидтар – молекуласында циклопенганпертидрофенантрен қаңқасы бар қосылыстар класы. Стероидты стериндер; Д-тобының витаминдері, өт қышқылдары стероидты сапониндер, кардиотоникалық стероидтар, стероидты алкалоидтар және стероидты гормондар болып бөлінеді.

Өсімдіктер стериндері немесе фитостериндер құрамында 28-30 көмірсулар атомы болады. Олардың кейбіреулері медицинада қолданылады. Таза күйінде бөлінген стериндер стероидтық дәрілік заттар – стероидтық гормондар Д витаминін және т.б. заттарды алуға пайдаланылады.

Стероидты сапониндер құрамында 27 көміртегі атомы болады. Құрамында стероидты сапониндер бар өсімдіктер антисклеротикалық заттар ретінде пайдаланылады, өйткені олардан стероидты гормондар алу үшін таза жартылай синтетикалық заттар бөліп алады.

Кардиотоникалық стероидтар немесе кардиотоникалық немесе жүрек гликозидтері. Олар медицинада миокардтың қысқаруын ынталандыру үшін қолданылады. Барлық стероидтар биологиялық белсенді.

Карбон қышқылдары – бұл қосылыстарға тән ерекшелік ол оларда карбоксил топтың (СООН) болуы. Сондай топтардың санына байланысты бір, екі, және көпөсті қышқылдар деп бөлінеді.



Липидтер – жоғарыда бұлардың қысқаша сипаттамасы берілген.

Көмірсулар – көмірсулардың сипаттамасы жоғарыда берілген.

Инулин – суда еритін жоғары молекулалы фруктоза, негізінен жер асты мүшелерінде жинақталады (Бақбақ – Taraxacum – одуванчик, цикорий – Cichorium, андыз – Inula – Девясил және т.б.).

Сілемейлі Шырыш (Слизи) – химиялық табиғаты жағынан камедилерге ұқсас, бірақ айырмашылығы құрамында пектозандар көп және суда жақсы ериді.

Камедь (Шырыш) гетересахаридтерден тұрады. Суда еруіне байланысты жақсы еритін және нашар еритін болып бөлінеді, бірақ та суда ісінеді. Олар шырыш жолдарында, бездерде және тағы басқа да өсімдіктердің секрет жүйелерінде түзіледі. Кейбір камедилер тамақ өндірісінде және медицинада пайдаланылады.

Полисахаридтер – зат алмасуда үлкен роль атқарады, ісікке, қабынуға қарсы елсенділігі бар. Сахароза, крахмал, пектиндер тамақ өндірісінде целлюлоза-қағаз, текстиль, химия өндірісінде пайдаланады.

Фенолды қосылыстар – өсімдіктер ұлпаларында кездесетін хош иісті заттардың үлкен тобы. Өсімдіктерде фенолды қосылыстар мономер, димер, олигомер және полимер түрлерінде кездеседі. Мұндағы олигомерлер зат алмасу процесінде белсенді қатысады. Ал полимер әдетте клетка қабырғаларында қалады – лигнин немесе вакуольдерде жинақталады, ал таниндер бос күйінде гликозидтер түрінде болады.

Әрине, жоғарыда келтірілген классификация және биологиялық белсенді заттарға берілген сипаттамалар толық емес, тек біз дәрілік өсімдіктерге қатысты кебір жиі кездесетін заттарды ғана келтірдік.

Хромосом саны түрдің ең басты, тұрақты белгілерінің бірі болып табылады. Сондықтан әдебиеттерде бар мәліметтерді пайдаланып дәрілік өсімдіктердің хромосомдар санын көрсетуді дұрыс көрдік.
Дәрілік препараттары:
Қайнатпа, «Аллантон», «Девять сил» сусыны
Өсімдіктердің дәрілік қасиеттерінің негізі
1. Алкалойдтар – азотты органикалық қосылыстар.Олар көбіне орталық нерв жүйесінің қызметіне әсер етеді.
2. Глюкозидтер – көмірсулар мен басқа органикалық затардан тұратын күрделі қосылыстар. Бұны көбіне жүрек ауруларына, іш жүргізетін, запыран айдайтын дәрі есебінде қолданылады.
3. Дәрумендер – адам организміне аса қажетті күрделі органикалық заттар.
4.Эфир майы – ұшпалы, сүйкімді органикалық қосылыс. Дәрілік мәні бар өсімдіктер қасиетіне қарай: қан тоқтатқыш, температураны төмендеткіш, тәбет ашушы, тері ауруларын жоюшы, нерв қызметін тынышталдырғыш болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет