ОҚУ-Әдістемелік материалдар семей – 2013 Мазмұны 1 Глоссарий Дәріс сабақтары 3 Тәжірибелік сабақтары 4 Студенттердің өздік жұмыстары 1 глоссарий



бет5/6
Дата17.07.2016
өлшемі0.53 Mb.
#205090
1   2   3   4   5   6

2.Занина Л.В., Меньшикова Н.П. Основы педагогического мастерства.- Ростов, 2003.

3. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е изд., доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.

4. Митин Л.М. Профессиональная деятельность и здаровье педагога.-Москва,2005.

5. Никитина Н.Н. Введение в педагогическую деятельность: Теория и практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.

Тақырып 9. Бір тұтас педагогикалық процестегі мұғалім-сынып жетекшісінің жұмысы және оның диагностикасы

Негізгі ұғымдар: біртұтас педагогикалық процес, сынып жетекшісі, ата-аналармен жұмыс.

Бір тұтас педагогикалық процестегі мұғалімнің сынып жетекшісі ретіндегі міндеттері, жұмысының мазмұны.Мұғалім-сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруы және оған қойылатын талаптар. Оқушылардың ата-аналарымен жұмысының мазмұны. Бір тұтас педагогикалық процестегі мұғалім-сынып жетекшісінің жұмысына диагностика жүргізу және карта толтыру.


Сынып жетекшісінің жұмысына қойылатын жалпы талап қазіргі мектептегі тәрбие мақсаты және мазұнымен анықталады. Осыған сәйкес сынып жетекшісі:

- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын;

- Бала құқылары туралы конвенцияны;

- Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;

- Педагогикалық этиканы;

- Тәрбие концепциясын;

- Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру концепциясын;

- Қазақстан Республикасының Конституциясын;

- Педагогиканы, әлеуметтік, жас және балалар психологиясын білуі керек.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі бағыттары:

1. Сынып ұжымын және оқушыларды зерттеу: демографиялық, дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық мәліметтер жинау (отбасы, әлеуметтік және материалдық жағдайы, денсаулығы, даму, тәрбеилік деңгейі, жеке ерекшеліктері).

Сынып жетекшісі жұмысының қай саласын алсақта, оның нәтижесінің жақсы болуы, әрине оның өз сыныбындағы оқушыларды жақсы білуіне тікелей байланысты. Өйткені, оқушыларға тәрбие беру міндеттері оларды мақсатқа сай, жүйелі түрде зерттеп білуді талап етеді.

2. Жеке топтар немесе сынып үшін ортақ тәрбие міндеттерін қалыптастыру.

3. Тәрбие жұмысын жоспарлау. Сынып жетекшісі жүргізетін тәрбие жұмысының нәтижелі де, әсерлі болуы көбінесе істі нақтылы жоспарлауына байланысты. Оқушылармен, ата-аналармен, өз сыныбына сабақ беретін мұғалімдермен істелетін жұмысты жоспарлағанда сынып жетекшісі олардың әр түрлі ерекшеліктерін ескереді. Өйткені тәрбие жұмысының жоспары педагогикалық құжат болып саналады.

4. Жоспарланған жұмысты ұйымдастыруда, сынып жетекшісі оларды өткізудің түрін таңдайды: дәстүрлі – сынып сағаттары, әңгіме, этикалық әңгімелер;талқылау (дискуссиялық), пікір-таластар (диспут), конференциялар, жоспар бойынша реферат, баяндама жазу және оны қорғау; ұлттық негізде – жыл басы – наурыз, ораза айт, құрбан айт; в) дәстүрлі емес – ойындар, рөлдік ойындар, педагогикалық ситуацияларды шешу т.б.; мәдени орындарға бару: театр, музей, парк және т.б.; д) жорыққа шығу; е) ата-аналар жиналыстары т.б.

5. Оқушылардың тәрбиелілік деңгейін негізге алып, тәрбие нәтижесін талдау және бағалау. Педагогикадағы зерттеу әдістері: бақылау, әңгіме, анкета және басқа да әдістер, осы нәтижелерді талдауға, тәрбиеші ретіндегі сынып жетекшісінің рөлі мен кәсіби білімділігін анықтауға және жаңа міндеттерді қоюға көмектеседі.

Сонымен, сынып жетекшісі жұмысының жүйесі мынадай: диагностика – тәрбие міндеттерін қалыптастыру – жоспарлау – жоспарды жүзеге асыру – нәтижені талдау.

Сынып жетекшісі жұмысының мазмұнын анықтауда мектептің және сыныптың нақтылы жұмыс жағдайын, оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін, сыныптың тәртібі мен оқу үлгерімін, сабақ беретін пән мұғалімдерін ескеру керек және тәрбие жұмысы, жоғарыда көрсетілгендей белгілі бір жүйемен жүргізілгені жөн.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы табысы оның тәрбие жұмысын қаншалықты дұрыс ұйымдастыра алатындығына байланысты. Демек, өз оқушыларын бүгінгі күн талабына сай тәрбиелеу үшін сынып жетекшісіне келесілерді білген артық болмайды:


  • балалардың белсенділігі мен жауапкершілігне қолдау көрсете отырып, олармен қарым-қатынас жасай білу;

  • тәрбие мақсаттарын анықтау, оған жету жолдарын таңдай білу;

  • өз еңбегінің сапасын жақсартуға үнемі талпыну;

  • тәрбие жоспарын құра білу;

  • тәрбиелік шараларды ұйымдастыра білу: әңгімелесу, диспут, сынып сағаты, жорыққа шығу және т.б.;

  • ата-аналар жиналысын ұйымдастыра және өткізе білу.

Міне, сынып жетекшісі осы айтылғандарды өз жұмысында есепке алса, онда тәрбие жұмысының тиімділігі арта түспек.

Сыныпты жаңа қабылдап алған сынып жетекшісі, оқушыларға қатысты құжаттармен (мінездемелер, емтихандағы жазған жұмыстары, сынып жиналыстарының хаттамалары, дәрігерлік анықтамалар, сынып журналы, оқушылардың күнделігі, үлгерімі туралы есеп т.б.) жан-жақты танысады. Өз сыныбындағы оқушыларды адам құқықтары және оларды жүзеге асыру мүмкіндіктерімен, мектеп уставымен, оқушылар ережелері және міндеттерімен таныстырады, өзі оқушылар құқығының қорғалуын бақылайды, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыруда оқушылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікті мойнына алады.

Сынып жетекшісінің өз жұмысына талдау (анализ) жасап отыруының да маңызы бар, өйткені, атқарылған жұмысты бағалау, оған талдау жасау, сынып жетекшісі қызметінің нәтижесін көрсетеді.

Демек, сынып жетекшісіне оқушылармен жүргізген тәрбие жұмысының нәтижесін, қойылған мақсатқа қаншалықты жеткен-жетпегені жүйелі бағалап, көре білу қажет. Мәселен, ол оқушылармен өткізілген нақтылы жұмыстарға талдау жасауда: сынып ұжымының даму деңгейін талдайды, оған жалпы сипаттама береді, өткізілген шараларды (мерекелер, әңгіме, жорыққа шығу, т.б.) талдайды, істеген жұмыстарына есеп береді және сынып ұжымының болашағының дамуын анықтай алады.

Сынып жетекшісінің негізгі жұмыстарының бірі - ол тәрбие жұмысының жоспарын құру болмақ. Жоспарлау бұл сынып жетекшісінің тәрбие міндеттерін және оларды шешу жолдарын анықтау процесі.

Сынып жетекшісі жүргізетін тәрбие жұмысының табысты болуы, істі нақты жоспарлауына байланысты. Бұл сынып жетекшісі жұмысын жоспарлаудың қажеттігін көрсетеді

Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлауда ескеретін принциптер:


  • мақсатқа лайықтылық, жүйелілік (тәрбиелеу процесі жүйе ретінде);

  • нақтылық (мақсатты жүзеге асыруға бағытталған, нақты жұмыс);

  • оптимистік (іс-әрекетті ұйымдастырудың ең тиімді нұсқасы);

  • ғылымилық (тәрбие процесін және оның компоненттерін ғылыми негізде түсіну);

  • даралық (әркімге жеке қатынас, өзін жетілдіру үшін жағдаймен қамтамасыз ету);

  • үзіліссіздік, сабақтастық және бірізділік;

  • мазмұн, форма және әдістердің әртүрлілігі;

  • педагогикалық басшылық және тәрбиеленушілер белсенділігінің бірлігі; оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін, олардың даярлық деңгейін және өмір сүру жағдайларын есепке алу;

  • сынып ішіндегі жұмыстардың мектеп жұмыстарымен және одан тыс жұмыстармен байланысы;

  • жоспардың ыңғайлылығы.

Қазіргі мектептерде жоспардың төмендегі түрлері қолданылады, сынып жетекшісі білуі керек:

1. Жалпымектептік, сынып жетекшісінің жоспары, кез-келген балалар мен үлкендер бірлестігінің жоспары (клубтар, үйірмелер, секциялар, балалардың қоғамдық ұйымдары, пән-мұғалімдері, сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері және т.б.).

2. Перспективті, календарлық, перспективті-календарлық.

3. Оқу жылына, тоқсанға, айға, аптаға арналған жоспар.

4. Мектептің өзекті проблемасын шешу және нақты міндеттерін жүзеге асыру бойынша мектептің, сыныптың, клубтың жұмыс жоспары.

5. Тәрбиелік шаралар жоспары (жалпы мектептің, сыныптың, топтың).

6. Оқушылардың жеке басын дамыту бойынша жұмыс жоспары. (План-сетка, перспективті жоспардың үлгісі, қосымшада берілген).
2. Оқушылардың ата-аналарымен жұмысының мазмұны. Бір тұтас педагогикалық процестегі мұғалім-сынып жетекшісінің жұмысына диагностика жүргізу және карта толтыру.

Практикада ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың жеке, топтық және көпшілік тәрізді формалары орын алған.



1. Ата-аналармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық ағарту жұмыстары.

1. Ата-аналар үшін өткізілетін лекциялар. Оны педагогикалық ұжымның арнайы даярлаған бағдарламасы бойынша өткізуге болады. Лекцияны жақсы даярланған маман мен мектеп мұғалімдері оқи алады.

2. Ата-аналар үшін тақырыптық конференциялар. Бұл конференция, қандайда бір жеке тәрбие проблемасына арналуы мүмкін. Мысалы, «Қиын балаға қалай көмектесуге болады», «Балаларды еңбекке тәрбиелеу», «Балалардың бос уақытын ұйымдастыру» және т.б.

3. Ата-аналар үшін «ашық есік күні» немесе «Ата-аналар күні». Бұл мектептің өмірмен байланысын нығайтуға, халыққа білім беру жүйесінің демократиялық сипатын жүзеге асыруға, балаларды тәрбиелеудегі отбасы рөлін күшейте түсуге мүмкіндік береді.

4.Жеке кеңестер өткізу (психологиялық, педагогикалық, медициналық).

5.Ата-аналар үшін психологиялық-педагогикалық әдебиеттерден көрме ұйымдастыру және т.б.

2. Ата-аналарды оқу-тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру.

3. Ата-аналарды балалармен біріккен жұмысқа тарту.

4. Жеке оқушылардың отбасындағы тәрбиесіне көмек көрсету.

5. Ата-аналар комитетімен жұмыс.



Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары – бұл мұғалімнің сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттерін ұйымдастырудағы әрекеттерінің жиынтығы. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте толықтыра түсуге лайықталып, әр оқушының жеке қабілетін дамытуға бағытталғаны жөн. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұндылығы, әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының түрлері көп. Қандай түрде өткізуді сынып жетекшісі өзі таңдап алады. Практикада қалыптасқан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына: қабырға газеттерін шығару, сайыстар ұйымдастыру, әр түрлі тақырыпқа әңгімелер, диспуттар, конференция, лекциялар өткізу, мектептегі әр түрлі жұмыстар (мектептегі тазалық, ремонт, мектеп ауласындағы жұмыстар, бір – біріне көмек т.б.) демалысты ұйымдастыру мақсатындағы ойындар (спорттық, танымдық, рольдік, сюжеттік, сайыс, жарыс және т.б. ойындар), сыныптан тыс оқу және т.б. жатпақ.



Сынып жетекшісі жұмысындағы диагностика.. Жоғарыда айтылғандай, сынып жетекшісі жұмысының кай саласын алсақ та, оның нәтижелі болуы – оқушыларын жақсы білуіне байланысты. Демек, сынып жетекшісінен өз оқушыларын және сынып ұжымын жүйелі түрде зерттеп білу талап етіледі. Ол үшін сынып жетекшісі ең алдымен оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне назар аудара отырып, сыпыптағы балалар құрамын мұқият тани білгені жөн.

Сынып жетекшісі жұмысындағы диагностика (тұтас топты және жеке оқушыларды кешенді зерттеу) – бұл педагогикалык диагностиканың жаңа бағыты. Педагогикалық диагностика – оқыту мен тәрбие процесін және оның нәтижесін зерттеу.

Әр оқушының жеке басы және оқушылар ұжымын жетік зерттеу – оқыту – тәрбиелеу процесінің нақты жағдайларымен анықталатын, келесі талаптарды есепке алып жүргізуді қажет етеді.

Мектепте сынып жетекшісінің диагностикалық шараларды жүргізуі жоспар бойынша және жүйелі жүргізілуі керек. Егер мектепте психолог бар болса, біріге отырып, жүргізе алады. Қазіргі уақытта сыныптың диагностикалық картасының әртүрлі нұсқалары құрылып, қолданыла бастады. Мәселен, солардың бірі, таблица түрінде беріліп, қатарларға бөлінген, оған әр оқушы туралы алынған мәліметтер жазылады.

Оқушыларды зерттеп білуде педагогикада әр алуан әдіс – тәсілдер қолданылады. Оларға жататындар: педагогикалық бақылау, оқушылармен, олардың ата – ана, жолдас-жораларымен және мұғалімдермен жеке әңгімелесу, оқушылардың түрлі жұмыстары, анкета және т.б.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Біртұтас педагогикалық процес дегеніміз не?

2. Сынып жетекшісі кім және қандай міндеттер атқарады?

3. Сынып жетекшісінің жұмысына қойылатын талаптады атаңыз.

4. Ата-аналармен жұмыс түрлерін атаңыз.

Әдебиеттер:


  1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.

  2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов и др.-Алматы,2003.-366с.

  3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.

  4. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-2-е изд.-Москва, 2005.-255с.

  5. Митин Л.М. Профессиональная деятельность и здаровье педагога.-Москва,2005.

  6. Никитина Н.Н. Введение в педагогическую деятельность: Теория и практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.

3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

Тәжірибелік сабақтарына даярлануға әдістемелік нұсқаулар

Тәжірибелік сабақтар студенттердің оқу жұмыстарының маңызды формаларының бірі.

Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – білімді бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен алған білімдерін практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруда өте жоғары.

Тәжірибелік сабақтардың міндеттері:

1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау.

2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім, дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін дамыту.

3. Теориялық білімді практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.

4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.

5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.

6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.

7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.

8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті және ұқыптылықты тәрбиелеу.

9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.

Тәжірибелік сабақтарға даярлануда әр тақырып бойынша берілген сұрақтардың мазмұнын ашу керек. Сұрақтардың мазмұнын ашуда нақты мысалдар, фактілер, аргументтер келтіру қажет. Сабаққа даярлануда ұсынылған әдебиеттерден басқа әдебиеттерді, күнделікті баслымдардағы материалдарды қолдануға болады. Тәжірибелік сабақтарда оқылатын пәнге жағымды қатынас қалыптасады, алған білім және іскерліктер бекиді және жетіледі.
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және қысқаша мазмұны

Модуль 1. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті және жеке тұлғасы

Тақырып 1. Қазіргі заман мұғалімі

Мақсаты: тақырып бойынша теориялық білімді меңгерту.

Мұғалімнің міндеттері және қызметтері. Мұғалімге қойылатын талаптар. Мұғалімнің кәсіби потенциалы. Құзырлылық, кәсіби құзырлылық туралы жалпы түсінік.Мұғалімнің кәсіби құзырлығының мазмұны.



Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің орны мен рөлін ашыңыз.

2. Мұғалімге қойылатын талаптарды атаңыз.

3. Кәсіби потенциал дегенді қалай түсінесің?

4. Құзырлылық дегеніміз не?

Әдебиеттер:


  1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.

  2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов и др.-Алматы,2003.-366с.

  3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.

  4. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-2-е изд.-Москва, 2005.-255с.

  5. Митин Л.М. Профессиональная деятельность и здаровье педагога.-Москва,2005.

  6. Никитина Н.Н. Введение в педагогическую деятельность: Теория и практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.

Тақырып 2. Педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық

Мақсаты: кәсіби даярлық негіздерімен танысу.

Кәсіби даярлық түсінігі. Кәсіби даярлық құрылымы. Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында педагогты кәсіби даярлау мәселелері. Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында педагогикалық мамандарды даярлауға қойылатын талаптар.



Бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіби даярлық дегеніміз не?

  2. Кәсіби даярлықтың құрылымын сипаттаңыз.

  3. ЖОО педагогтарды кәсіби даярлау мәселелерін атаңыз.

4. Педагогтарды даярлауға қойылатын талаптарды атаңыз.

Әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.

  2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов и др.-Алматы,2003.-366с.

  3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.

  4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е изд., доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.

  5. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-2-е изд.-Москва, 2005.-255с.

  6. Митин Л.М. Профессиональная деятельность и здаровье педагога.-Москва,2005.

  7. Никитина Н.Н. Введение в педагогическую деятельность: Теория и практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.


Модуль 2.Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы

Тақырып 3. Мұғалімнің кәсіби және жеке бас қасиеттерінің диагностикасы

Мақсаты: диагностикалау жұмысын меңгеру.

Мұғалімнің қызметтері. Мұғалімнің кәсіби қасиеттері. Мұғалімнің адамгершілік қасиеттері. Мұғалімнің кәсіби және жеке бас қасиеттерінің диагностикалау әдістемелері және жолдары.



Бақылау сұрақтары:

1. Мұғалімнің қызметтерін атаңыз.

2. Кәсіби және адамгершілік қасиеттерді маңыздылығына қарай жүйелеңіз.

3. Диагностикалау әдістерін атаңыз.



Әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.

  2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов и др.-Алматы,2003.-366с.

  3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.

  4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е изд., доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.

  5. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-2-е изд.-Москва, 2005.-255с.

  6. Митин Л.М. Профессиональная деятельность и здаровье педагога.-Москва,2005.

  7. Никитина Н.Н. Введение в педагогическую деятельность: Теория и практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.

Тақырып 4. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің мотивациясын диагностикалау

Мақсаты: диагностика жүргізу іскерлігін меңгеру.

Мотив және мотивация түсініктері, олардың айырмашылықтары. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің мотивациясының ерекшеліктері. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің мотивациясын диагностикалау әдістемелері мен жолдары.



Бақылау сұрақтары:

1. Мотив және мотивация ұғымдарына анықтама беріңіз және айырмашылықтарын көрсетіңіз.

2. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетін диагностикалау әдістемелерін атаңыз.

Әдебиеттер:


  1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.

  2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов и др.-Алматы,2003.-366с.

  3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.

  4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е изд., доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.

  5. Ростовцев Н.Н. О педагогической деятельности и методах преподавания: Мемуарные записи. - Омск., 2002, 248 с.

  6. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-2-е изд.-Москва, 2005.-255с.

Тақырып 5. Мұғалімнің оқыту және тәрбиелеу іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы

Мақсаты: мұғалім іс-әрекетін диагностикалау іскерлігін меңгеру.

Оқыту іс-әрекеті туралы жалпы түсінік. Мұғалімнің оқыту іс-әрекетін ұйымдастыруы. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі оқыту процесінің сапалы көрсеткішінің негізі ретінде.

Тәрбиелеу іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық мәселелері. Мұғалімнің тәрбиелеу іс-әрекетінің мазмұны: тәрбие түрлері, әдістері, құралдары. Мұғалімнің оқыту және тәрбиелеу іс-әрекетін диагностикалау әдістемелері. Мұғалімнің оқыту іс-әрекетіне экспертиза жүргізу.

Бақылау сұрақтары:

1. Оқыту және тәрбиелеу процестерінің ерекшеліктерін нақтылаңыз.

2. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі дегеніміз не?

3. Мұғалімнің тәрбие әдістерін таңдау бағыты.

4. Оқыту және тәрбиелеу іс-әрекетін диагностикалау әдістемелерін атаңыз.

Әдебиеттер:


  1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.

  2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов и др.-Алматы,2003.-366с.

  3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.

  4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е изд., доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.

  5. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-2-е изд.-Москва, 2005.-255с.

  6. Митин Л.М. Профессиональная деятельность и здаровье педагога.-Москва,2005.

  7. Никитина Н.Н. Введение в педагогическую деятельность: Теория и практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.

Тақырып 6. Мұғалімнің педагогикалық босаңсуға түскен балалармен жұмысы және диагностикасы

Мақсаты: педагогикалық босаңсуға түскен балалармен жұмыс мазмұнымен танысу.

Педагогикалық босаңсуға түскен балалар және олардың ерекшеліктері. Мұғалімнің педагогикалық босаңсуға түскен балалармен жұмысының міндеттері, мазмұны. Педагогикалық босаңсуға түскен балалармен жүргізілетін алдын-алу жұмыстары. Мұғалімнің педагогикалық босаңсуға түскен балалармен жұмысын диагностикалау әдістемелері және жолдары.



Бақылау сұрақтары:

1. Педагогикалық босаңсу дегеніміз не?

2. Педагогикалық босаңсу себептерін атаңыз.

3. Педагогикалық босаңсуға түскен балалармен жұмыс міндеттерін атаңыз.

4. Мұғалімнің іс-әрекетін диагностикалаудың әдістемелірі қандай?

Әдебиеттер:


  1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.

  2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов и др.-Алматы,2003.-366с.

  3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.

  4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е изд., доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.

  5. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-2-е изд.-Москва, 2005.-255с.

  6. Митин Л.М. Профессиональная деятельность и здаровье педагога.-Москва,2005.

  7. Никитина Н.Н. Введение в педагогическую деятельность: Теория и практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.

Тақырып 7. Өзін-өзі тәрбиелеу мұғалімнің кәсіби даярлығының құралы ретінде

Мақсаты: өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін меңгеру.

Өзін-өзі тәрбиелеу түсінігі. Тұлғаның қалыптасуындағы өзін-өзі тәрбиелеудің рөлі. Мұғалімнің адамгершілік мәдениеті. Өзін-өзі тәрбиелеу мазмұны. Өзін- өзі тәрбиелеу әдістемесі.

Болашақ маманның өзін-өзі тәрбиелеуі кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде. Болашақ маманның өз бетінше кәсіптік білімін жетілдіруі. Болашақ маманның кәсіптік өзін - өзі тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет