ОҚУ-Әдістемелік материалдар семей – 2013 Мазмұны 1 Глоссарий Дәріс сабақтары 3 Тәжірибелік сабақтары 4 Студенттердің өздік жұмыстары 1 глоссарий



бет4/6
Дата17.07.2016
өлшемі0.53 Mb.
#205090
1   2   3   4   5   6

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Оқыту дегеніміз не?

2. Тәрбиелеу дегеніміз не?

3. Тәрбие мазмұнын сипаттаңыз.

4. Тәрбие әдістерін атаңыз.

Әдебиеттер:


  1. Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.

  2. Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов и др.-Алматы,2003.-366с.

  3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003.-128 б.

  4. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов. – 2-е изд., доп., испр. и перераб.. – Москва, 2004. – 383 с.

  5. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-2-е изд.-Москва, 2005.-255с.

  6. Митин Л.М. Профессиональная деятельность и здаровье педагога.-Москва,2005.

  7. Никитина Н.Н. Введение в педагогическую деятельность: Теория и практика. - 4-е изд., стер. - Москва, 2008. - 224 с.


Модуль3. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің диагностикасы мен экспертизасы

Тақырып 7. Мұғалімнің отбасымен жұмысының диагностикасы мен экспертизасы

Негізгі ұғымдар: отбасы, ата-ана, бала, психологиялық-педагогикалық қолдау.

Отбасымен жұмыс міндеттері және мазмұны. Отбасын зерттеу жұмысының ұйымдастырылуы. Ата-аналарды зерттеу. Ата-аналарға бала тәрбиесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Мұғалімнің отбасымен жұмысын диагностикалау және экспертиза жүргізу.

Отбасы – бұл адамдардың әлеуметтік-педагогикалық тәрбие тобы әр мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру және өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Отбасы белгілі дәстүрлерді, жағымды өнегелерді, мұрларды сақтаушы.

Отбасы - тұлғаға қоғамда қалыптасқан әлеуметтік нормалармен таныстырушы, мінез-құлқын қалыптастырушы, өзін -өзі танытушы, демек әлеуметтендіруші фактор ретінде табылады. Отбасы - адам өміріндегі тарихи қалыптасқан, оның әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыратын негізгі фактор. Себебі, бала дүниеге келген соң кездестіретін әлеуметтік ортасы – оның отбасы. Ендеше, адам бойына тән қасиеттер отбасындағы әлеуметтену үрдісінде қалыптасады.

Осыған байланысты адам әлеуметтік жеке мәдени құндылықтармен сусындайтын жеке тұлғасының қалыптасуының негізгі өзегі ата-анасы болып табылады. Әр отбасында өзіндік құрылымы, балалардың әлеуметтік және психологиялық дамуын көрсететін заңдары мен механизмдері, тәлім-тәрбиелік әдістері және өзара әрекет ету жүйесі қалыптасады. Ол, сол отбасы мүшесінің үйлесімді дамуының негізі болмақ.

Педагогика ғылымында отбасы проблемасын қарастыру бүгінгі күннің жаңалығы деуге болмайды, ол: Ушинский К.Д., Крупская Н.К., Сухомлинский В.А., Ш.Амонашвили, А.С.Макаренко, Толстой Л.Н., Лесгафт П.Ф. және т.б. еңбектерінде қарастылды.

Қазақстанда қазақ отбасы мәселесіне қатысты құнды ой-пікірлерін айтқан: М.Жұмабаев, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев т.б.

Кейінгі уақыттарда отбасы және ондағы бала тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері қазақстандық ғалымдар Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, Р.Төлеубекова, Г.Байдельдинова, Ж.Әбиев және т.б. тарапынан зерттеліп келді. Олар өз зерттеулерінде ұлттық тәрбиені ескере отырып қоғам талабына сай бала тәрбиесін ұйымдастырудың жолдарын көрсетті.



Отбасының басты міндетібалаларды тәрбиелеу. Қазіргі отбасының дамытушы іс-әрекетінің қызметтері мен міндеттері.

          Отбасының негізгі қызметтері:

- тәрбиелеуші;

- сауықтырушы;

- рухани адамгершілік;

- танымдық білім берушілік;

- тұрмыстық;

- еңбекті ұйымдастыру;

- мәдени-ағартушылық;

- бос уақытты ұйымдастыру;

- шығармашылық:

- ынталандырушы;

- қорғаушы.

         Отбасы тәрбиесінің басты міндеттері:

        - балалардың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету;

       - балалар денсаулығына қамқорлық жасау;

        - балаларға көмектесу;

        - жан-жақты тәрбиелеу;

        - тұлғаның әлеуметтену үрдісіне көмектесу;

        - адамгершілік қатынастар тәжірибесін қалыптастыру;

        - жалпы мәдени және интелектуалдық дамуына қамқорлық жасау;

       - қызығушылығын, бейімділігін, қабілеті мен шығармашылығын дамыту;

        өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамытуына даярлық;

        болашақ өмірге даярлау.



Отбасы тәрбиесінің негізгі компоненттері:

      - отбасы тәрбиесіндегі атмосфера (дәстүр, жағымды жағдай, қарым-қатынас);

       - отбасы өмірінің тәртібі;


  • іс-әрекет мазмұны (әкесінің, анасының, атасының, апасының, балаларының).

Педагогтар мен ата-аналардың өзара бірлескен әрекеттерінің қызметтері: ақпараттық;  тәрбиелеу-дамытушылық; қалыптастырушы; қорғаушы-сауықтырушы; бақылаушы; тұрмыстық.
2. Ата-аналарға бала тәрбиесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

Практикада ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың жеке, топтық және көпшілік тәрізді формалары орын алған.



1. Ата-аналармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық ағарту жұмыстары.

Ата-аналар үшін өткізілетін лекциялар. Оны педагогикалық ұжымның арнайы даярлаған бағдарламасы бойынша өткізуге болады. Лекцияны жақсы даярланған маман мен мектеп мұғалімдері оқи алады.

Ата-аналар үшін тақырыптық конференциялар. Бұл конференция, қандайда бір жеке тәрбие проблемасына арналуы мүмкін. Мысалы, «Қиын балаға қалай көмектесуге болады», «Балаларды еңбекке тәрбиелеу», «Балалардың бос уақытын ұйымдастыру» және т.б.

Ата-аналар үшін «ашық есік күні» немесе «Ата-аналар күні». Бұл мектептің өмірмен байланысын нығайтуға, халыққа білім беру жүйесінің демократиялық сипатын жүзеге асыруға, балаларды тәрбиелеудегі отбасы рөлін күшейте түсуге мүмкіндік береді.

Жеке кеңестер өткізу (психологиялық, педагогикалық, медициналық).

Ата-аналар үшін психологиялық-педагогикалық әдебиеттерден көрме ұйымдастыру және т.б.



2. Ата-аналарды оқу-тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру.

Сынып жетекшісіне алғашқы жиналысты өткізуге мән беру өте маңызды, өйткені оның ары қарайғы жұмысы осыған байланысты. Бірінші жиналысты сынып оқушылары және олардың ата-аналарымен бірге өткізген де дұрыс. Сынып жетекшісі оларға өзі туралы айтады: отбасы, білімі, қандай пәннен сабақ береді және т.б. Ата-аналарды өзінің болашақтағы жұмысының мақсаты, міндеті және бағдарламасы, тәрбие жұмысының жоспары, мектептегі қалыптасқан дәстүрлер, ортақ талаптар, принциптер, ережелермен жан-жақты таныстырады. Мұндай жиналысқа мектеп әкімшілігі өкілін, арнаулы пән мұғалімдерін шақыру да артық болмайды.



3. Ата-аналарды балалармен біріккен жұмысқа тарту.

Қазіргі мектеп практикасында оның әр түрлі формалары қолданылады:



  • сынып жетекшісі ұйымдастырған сыныптан тыс жұмыстардың барлығына қатысу (жорыққа шығу, жарыс, сыныпты жөндеу жұмыстары және т.б.);

  • ата-аналардың мектептегі дәстүрлі қалыптасқан жұмыстарға қатынасуы (соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші т.б.);

  • мектептегі және сыныптағы ата-аналар комитеті жұмыстарына қатынасуы;

  • мүмкіндігінше мектепке және сыныпқа материалдық көмек көрсету.

4. Жеке оқушылардың отбасындағы тәрбиесіне көмек көрсету.

Бұл жұмыстың бірінші аспектісі әртүрлі деңгейдегі отбасындағы оқушылардың тәрбиесін ұйымдастыруға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету (жеке пәндерді оқуға бейімділігін көрсеткен дарынды балалар немесе қандай да бір іске қызығушылығы бар балалар).

Сынып жетекшісінің осы бағыттағы келесі жұмысы – бұл отбасы тәрбиесіндегі күрделі проблемаларды шешуге психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, пубертаттық кезеңдегі ұл балалар мен қыз балалар тәрбиесіндегі қиыншылықтарды жеңуге, зиянды қылықтардан сақтандыруға (темекі тарту, ішімдікке әуес болу, т.б.) көмектесу және т.б.

Бұған сәтсіз отбасындағы оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін жеке жұмыстарды да жатқызуға болады: отбасындағы дау-жанжал, бала дамуы мен тәрбиесіне жеткіліксіз көңіл бөлу, ішімдікке салыну және т.б.

5. Ата-аналар комитетімен жұмыс.

Жүйелі және белгілі ретпен жұмыс істейтін ата-аналар комитетін – сынып жетекшісінің оң қолы деп айтуға болады.

Ата-аналар комитеті де тәрбиенің негізгі мәелелерін шешуді бағдарға алып жұмыс жасайды. Сонымен қатар, жауапкершілігі жоғары міндеттерді де атқарады: педагогикалық ұжым мен отбасының балаларға тәрбиелік әсерін жетілдіру мақсатында отбасы мен мектеп арасындағы байланысты үнемі нығайту; ата-аналарды мектеп өміріне, сынып, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыруға белсенді қатыстыру, әкімшілік және құқық қорғау органдарымен байланыс орнату, оқушылармен мектепте және сыныпта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға көмектесу, отбасы проблемасы бойынша ата-аналарды біріктіру.

3. Отбасын зерттеу жұмысының ұйымдастырылуы. Ата-аналарды зерттеу. Мұғалімнің отбасымен жұмысын диагностикалау және экспертиза жүргізу

  Отбасын білу дегеніміз оның баланың жеке басына ықпалын, отбасы тәрбиесінің сипатын, отбасымен байланыс орнатудың психологиялық, педагогикалық негіздерін анықтау деген сөз.

Педагогқа отбасын зерттеудің әдістері мен тәсілдерін меңгеру қажет.

Отбасын зерттеу. Отбасы, оның мүшелері туралы жалпы мәлімет. Тұрмыстық жағдайы, материалдық қамтамасыз етілуі. Балабақша жұмысына қызығушылығы. Балалар туралы жалпы мәлімет. Жасы, қызығушылығы, тәрбиелік деңгейі. Отбасының тәрбиелеу мүмкіндігі. Ата-анасының педагогикалық мәдениет деңгейі. Отбасындағы микроклимат. Отбасы дәстүрлері. Отбасы тәрбиесінің жағдайы(жағымды, жағымсыз).

Отбасын зерттеу. Бұл – аса сыпайылықты, нәзіктікті қажет етеді. Педагогқа отбасы мүшелерін сыйлау, ашықтықты, шынайы, адал ниетпен көмек көрсету талабы қойылады. Отбасын зерттеуде педагог келесі мәліметтердің жиналуына мән беруі керек:

1.Отбасының жалпы сипаты. Әдетте мұндай зерттеу әрбір мектепке дейінгі ұйымда оқу жылының басында балалардың отбасының портретін құру мақсатында жүргізіледі. Зерттеуде сауалнамалық сұрақтар қолдану арқылы келесі мәліметтер алынады: 1). Ата – аналар, отбасының басқа да мүшелері туралы (білімі, мамандығы, жұмыс орны және т.б.) тұрмыс жағдайы, материалдық жағдайы жөнінде жалпы мәлімет; 2). Балалар, олардың жасы, қызығушықтары, тәрбиелік деңгейі туралы мәлімет; 3). Отбасының тәрбиелеу мүмкіндіктері, отбасындағы атмосфера, отбасында қалыптасқан дәстүрлер, отбасы тәрбиесінің жалпы сипаты (жағымды, күрделі, жағамсыз).

2.Отбасының психологиялық – педагогикалық мәдениеттілік деңгейін анықтау, яғни ата-аналардың білімді меңгеруге деген талпынысын зерттеу. Бұл ата-аналардың мәдениеттілік деңгейін арттыру жұмысын ұйымдастыруда қажет, себебі ол жұмыс барысында әр ата-ананың білім деңгейін ескеруге және жеке жұмыстар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда көбінесе анкета, тест, сауалнама әдістері қолданылады.

III. Ата-аналардың мектепке дейінгі ұйым туралы, педагогикалық процестің мазмұны, әдістері, тәсілдері, нәтижесі туралы, оқыту-тәрбиелеу процесіне кірісуге деген тілегімен мүмкіндіктері туралы пікірлерін зерттеу. Мұнда да анкета, тест, сауалнама әдістерін қолдануға болады. Сонымен қатар, әр топқа шағын қорапшалардан жетістіктер қоюға болады. Ол арқылы ата – аналар сұрақтарын, ескертулерін, тілектерін, шағымдарын жасырын жеткізе алады.



Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Отбасына анықтама беріңіз.

2. Отбасының міндеттерін атаңыз.

3. Психологиялық-педагогикалық қолдау дегеніміз не?

4. Отбасымен жұмыс түрлерін атаңыз.

Әдебиеттер:


  1. Баркан А.И. Практическая психология для родителей, или как научиться понимать своего ребенка. – Москва, 1999.

  2. Гребенников И.В. Основы семейной жизни. - Москва, 1991.

  3. Гарбузов В.И. От младенчества от отрочества. – Ленинград, 1991.

  4. Клайн В. Как подготовить ребенка к жизни. - Москва, 1991.

  5. Помощь родителям в воспитании детей. – Москва, 1992.

  6. Субботский Е.В. Ребенок открывает мир. – Москва, 1991.

  7. Бойко В.В. Если ты мать и жена. – Москва, 1991.

Тақырып 8. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің диагностикасы

Негізгі ұғымдар: педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениет, педагогикалық техника.

Педагогикалық шеберлік мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің компоненті ретінде. Педагогикалық шеберлік компоненттері: гуманистік бағыт, кәсіби білім, педагогикалық қабілет, педагогикалық техника. Мұғалім мамандығындағы актерлік және режиссерлік шеберлік элементтері. Мұғалімнің педагогикалық техникасының диагностикасы.


1.Педагогикалық шеберлік мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің компоненті ретінде. Мұғалім мамандығындағы актерлік және режиссерлік шеберлік элементтері.

«Педагогикалық техника» термині мұғалімнің оқушыларға жекелей әсер етуінің әр түрлі тәсілдерінің бірігуінен қабылданған. Оның негізгі құралы болып дауыс ырғағы, сөйлеу мәдениеті, ойнау қабілеті болып табылады.

«Педагогикалық техника» түсінігінде 2 топтық компоненттерді көрсетуге болады: Бірінші топ педагогтық өзінің мінез-құлқын басқару шеберлігімен байланысты – өз ағзасына басшылық ету (мимика, пантамимика), эмоциямен, көңіл-күймен басқару, әлеуметтік перцепция шеберлігі (бет-әлпетке қарап оқу), сөйлеу техникасы (тыныс алу, дауыс ырғағы, дикция). Екінші топ педагогикалық техника компоненттері жекелей және ұжымдық әсер ету шеберлігімен және тәрбие процесінің технологиялық жақтарын ашумен байланысты. Ол мынандай элементтерден тұрады: педагогикалық қарым-қатынас техникасы, тәртіпті қалыптастыру техникасы, мекеме тәртібінің техникасы, тәжірибелі шеберлердің жазалау техникасы.

Тәрбиелеушінің сыртқы көрінісі эстетикалық талғамға сай болу керек.

Мұғалім киіміндегі басты талап – қарапайымдылық, жақсы талғам қонымдылығы, шаштың түсін көп өзгерту оқушылардың назарын аудартады. Балалар педагогтардың сыртқы және ішкі әдемілігінің үйлесімділігін және әрбір мұғалімнің сыртқы келбетінің эстетикалық талғамының болғанын ұнатады.

Тіл мен сөйледің арасындағы айырмашылық қарама-қарсы емес, олар бірін бірі толықтырушы, бір біріне негізделген. Егер тіл қатынастың әмбебап құралы болатын болса, онда нақты тілдік жағдайдың мазмұнымен толықтырылған ең негізгі қатынас құралы болады, демек тіл мен сөйлеу – бұл тілдік әрекеттің күрделі өзара қатынасында көрінетін екі әртүрлі формасы.

Мимика - өзінің ойы, сезімін, көңіл-күйін, бетінің қозғалысын көрсете алу өнері. Адамның бетінің келбеті және көзқарасы қатысушыларға сөзден гөрі жақсы әсер етеді. Жест және мимика қарым-қатынастың кинетикалық жүйесінің элементі ретінде мәліметтің эмоцоиналдық маңыздылығын көтереді және оны жақсы меңгеруге ықпал етеді.

Мұғалімнің көзқарасы балаларға арналуы керек, визуалды контакт құра алу керек. Әрине, бет-әлпеттің көрінісі сөйлеу мен қатынасттың сипаттамасына сәйкес келу керек. Типтік педагогикалық мимика – қатал, күшті бет-әлпеттің көрінісі. Бет-әлпет сыртқы көрініс ретінде сенімділікті, қанағаттанушылықты, көңіл толмаушылықты, таңқалуды, қуанышты, қызығушылықты және т.б келіспеушіліктерді көрсете білу керек.

Мимиканың бөлшектері – қас пен көз. Қастың көтерілуі – таңқалуды, қастың бірқалыпты болуы – зейіннің тұрақтылығын, сабырлылық, түсінебілушілік, үнемі қозғалта беру таңқалуды сипаииайды.

Адамды бет-әлпетіндегі ең бір смпатталатыны – көз. «Мәнсіз көздер - жан-дүниенің бос айнасы» (К.С.Станиславский). Мұғалімге өзінің бет-әлпеттің мүмкіндіктерін зерттей білу керек, бет-әлпеттің көп қозғалуынан («жүгіртпелі көздер») сонымен қоса, мәнсіз («каменное лицо») қозғалтулардан арылуға тырысу керек.

Мұғалім қабырғаға, терезеге, терезенің жақтауларына көп қарай беруден арылу керек. Барлық қатысушыларды көз алдында ұстай білуге тырысу керек.

Балалар мұғалімнің бет-әлпетінен өздеріне деген қатынасын, көңіл-күйін біле алады, сондықтан бет-әлпетті тек қана сипаттап қоймай, кейбір сезімдерді жасыра білу керек. Бет-әлпет және жест арқылы оқу-тәрбиелік тапсырмаларды шешуге көмектесетін және осы іске қатысты жағдайларды көрсету керек.

Пантомимика – бұл дене, қол, аяқ қозғалысы. Ол басты нәрсені көрсете білуге және бейнені суреттеуге көмектеседі. Қолдар көмектеседі, бірақ қабылдауға кедергі жасауы мүмкін. Балалардың зейінін аудартатын қолда керексіз қандай да бір затты қозғалта беру, ал тітіркенуді тудыратын басын қайта-қайта қозғалта беру, мұрынын және құлағын ұстай беру.

Педагогтың жесті басты ой мен сезімді жоғарылататын өзін өзі ұстай білу қалпына сәйкес болу керек. Жесттер сипаттамалы және психологиялық болып бөлінеді. Сипаттамалы – ойдың иллюстративті бағытын сипаттайды. Олар көп қажет емес, бірақ көп жағдайда кездеседі. Маңыздысы психологиялық жесттер. Олар сезімдерді сипаттайды.

Мұғалім жест пен мимикадағы басты нәрсе табиғилық және қалыпқа сәйкес боу керектігін әрқашан есіне сақтау керек. Жестикуляция тым асыра сілтеушілі пен қатал қозғалыстарсыз болу керек.

Сөйлеу барысында, әсіресе мұғалімнің сабақты түсіндіруі кезінде, тілінің мәдениеттілігі үлкен рөль атқарады. Мұғалімнің сөйлеу интонациясының, дауыс ырғағы мен оның қойылымының өзін дұрыс ойластыру қажет, себебі сөздің қандай көңіл-күймен айтылып тұрғандығы да маңызды. Мысалы А.С. Макаренко балаларға «Кел мында» деген сөзді оншақты түрде дауыс ырғағын өзгерте отырып, әр-түрлі көңіл күй жағдайына сәйкестендіріп айта алған. Өте қатты дауыс - адамның жүйкесіне әсер етеді, өте ақырын дауыс - жалықтырып, қалғытып, тез шаршатады.

Адамның сөйлеу жылдамдығын да қадағалап отыру қажет. Ең жоғары сөйлеу жылдамдығы минутына-120 сөз. Сөйлемдер арасында пауза - үзілістер жасау арқылы адам тынысын түзейді.

Сонымен қатар, мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің, негізгі көрсеткіштерінің бірі тілдің байлығы мен тазалығы, оны басқа тілдермен араластырмай, алаламай сөйлеуі қүлаққа жағымды естіледі, және педагогтың абыройы мен беделін жоғарлатады.

Сөздік (вербальдық) қарым-қатынас арқылы ғылыми ақпараттарды бала санасына жеткізуде нақты тәжірибеден алынған мысалдар, қызықты фактілер, орынды мақал-мәтелдер тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттырып, олардың назарын тақырыпқа шегелей түседі. Вербальды қарым-қатынас екі түрге белінеді: аксиалды және ретиалды.

Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процессі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қат ынас).

Ретиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындагы қарым-қатынас).

Қарым-қатынастың нәтижелері оны ұйымдастыру орнына (сынып іші, аудитория, дала, табиғат, мейрамхана т.б.), өткізілу уақытына (таңертең, түсте, кешке, түнде) адамның жас ерекшеліктеріне, мінездеріне байланысты әр-түрлі болады.

Мұғалімдер тәжірибесінде әр жастағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуге тура келеді. Өзімен бірге істейтін әр жастағы әріптестері, оқушылар, олардың ата-аналары, ата-әжелері педагогтың коммуникативтік қабілеттеріне деген талапты күрделендіре түседі. Жас мұғалімдер үшін аталып отырған адамдар категориясында әсіресе оқушылармен қарым-қатынас жасаудың психологиялық-педагогикалық негіздері мен сан-алуан тәсілдерін жан-жақты меңгеру қажет.

Бір адаммен сөйлескенде оған не қызықты, ол неге еліктейді соны анықтап алған жөн. Бұндай қарым-қатынасты өзіңді мазалайтын нәрседен емес, тыңдаушыңды қызықтыратын мәселеден бастаған жөн. Аксиалды қарым-қатынас барысында тек өзінің пікірін ғана дұрыс деп санайтын адамдар да жеткілікті. Ондай адамдармен дауласудың қажеті жоқ. Тек нақты фактілер, нақты аргументтер арқылы логика заңдарына негізделіп өз пікіріңіздің дұрыстығын сабырлықпен, достық қарым-қатынасты бұзып алмайтындай дәлелдеген абзал. Ал керісінше, кейбір жағдайларда сіздің барлық пікіріңізбен келісіп мақұлдай беретін адамдармен әңгімелесудің өзі қызықсыз болып қалады. Ондай адамдардың жеке пікірін білу үшін оларға тікелей сұрақтар қойып отыруға тура келеді.

Педагогикалық қарым-қатынас барлық білім беру жүйелеріне қатысты мекемелерде болатын қарым-қатынастың ерекше түрі. Білім берудің қай сатысында болмасын мұғалім оқушымен, оқушы мұғаліммен тікелей және кері қарым-қатынаста болады. Өйткені білім беру үрдісінде мұғалімүйретуші, бағыттаушы, басқарушы, тәрбиелеуші т.б. рөлді атқарса, оқушы - білім алушы, қабылдаушы, іс-әрекетке араласушы болып қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан да педагогикалық қарым-қатынастың құралы – сөз.

Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді (сөз) және вербальды емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын, ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да, балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімге оңай жұмыс емес.

«Педагогикалық такт» – латын тілінен аударғанда жанасу, түйсіну мағына білдіреді. «Педагогикалық тактика» – грек тілінен аударғанда тәртіпке келтіру мағына білдіреді.

Педагогикалық әдепке әрбәр нақты жағдайда оқушылаға әсер етудің тиімді құралы ретінде педагогикалық тактика деген анықтама береміз. Педагогикалық тактиканың ұстаздың кәсіби шеберлігін арттыруда әртүрлі әдістерді қолданамыз ауызша, көрнекілік, тәжірбиелік іскерлік, сабақтан, сыныптан тыс жұмыстар.

Әдептілік мұғалімнің жоғарғы шындықты, қарапайымдылық, сабырлық көрсетуі,өзін өзі басқарып ұстамдылық жасау, әртүрлі жағдайларға оқушылармен, өзге адамдармен, қарым қатынас жасай білу ептілігін біріктірілетін адамгершілік тәртібі. Әдепті мұғалім әр уақыттада оқушылардың құрметті адамы. Олардың айтқан шәкірттер мүлтіксіз орындайды және өнеге тұтады. Сондай ақ мұғаліммен мұғалімнің қарым қатынастағы ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ұстаздық әдепті сақтау.

Педагогикалық шеберлікте ең алдымен көрінетін аса қажетті сапа – ұйымдастырушылық, яғни оқу үдерісінің қандай жағдайында болмасын, тіпті қолайсыз болған күнде де, тәрбие, даму және білімнің алдын ала жоспарланған деңгейіне қол жүргізу. Нағыз мұғалім қалаған сұраққа қалыптан тыс жауап тауып, оқушы көңілінен шығады, оның ойына қозғау салып, толғанысқа келтіре алады. Қазіргі заман оқу әдістерін жете меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Шеберлікке жету кезеңдері келесідей, озат мұғалімдер тәжірибесін бақылау; үздіксіз біліктілік көтеріп бару, арнайы әдебиеттерді оқу, өз оқу істерінде оқытудың жаңа әдістерін ендіріп бару, өзіндік сарап жүргізіп отыру.

Педагогтың өнері әсіресе сабақ барысындағы оқыту-үйрету ептілігінен көрінеді. Тәжірибелі мұғалім табыстарының сыры оқушының оқу істеріне басшылық жасай білуінде. Шебер оқытушы бүкіл білімдену үдерісінде дирижерлік ете отырып, оқушы еңбегін материал мазмұнының аса маңызды да күрделі тараптарына бағдарлап отырады.

Шеберліктің және бір маңызды көрсеткіші – оқушыларды белсенділікке ынталандыра білу, олардың қабілеттерін, дербестігі мен зерделілігін көтере түсу, балаларды сабақ барысында ой толғастыруға ойыстыру. Шеберлік деңгейінен көріне алмаған мұғалім баланың ойлануына, пікір жүргізуіне мүмкіндік шеберліктің маңызды элементі – жоғары деңгейдегі педагогикалық техника. Педагогикалық техниканы меңгеру үшін педагогика мен психология бойынша арнайы білімдерді, ерекше тәжірибелік дайындықты қажет етеді. Ең алдымен педагогтың игеретіні – балалармен қарым-қатынас, тілдесу ортақтастығы (общение): оқушылармен орынды сөйлесу мәнері мен ортақтасу мәнерін таңдай білу. Балалармен қатынастың қарапайым да табиғи болғаны жөн.



Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Педагогикалық шеберлік дегеніміз не?

2. Педагогикалық шеберлік компоненттерін атаңыз.

3. Педагогикалық техника дегеніміз не?

4. Педагогикалық қабілет түрлерін атаңыз.

Әдебиеттер:

1. Якушева С.Д.    Основы педагогического мастерства. - Москва. 2008.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет