ОҚУ-Әдістемелік материалдар семей 2013. мазмұны



бет5/16
Дата11.06.2016
өлшемі7.19 Mb.
#128535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Тапсырма:

Келесі әрекеттерді орындайтын программа құру:



  1. Программаны жүктегеннен кейін келесі терезе ашылу керек


2. Программадан шығу үшін тыщқан батырмасын ЗАКРЫТЬ батырмасына шертіңіз
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

1. Жаңа жоба құрыңыз

2. Формаға келесі компоненттерді орналастырыңыз: Label және Button.

3. Келесі әрекеттерді орындаңыз:



Объект

Object Inspector терезесінің қатпары

Қасиет атауы/ оқиға атауы

Әрекет

Form1

Properties

Caption

Форма атауын тағайындаңыз «Проект1»

Label1

Properties

Caption

«Моя первая программа» мәтінің шығару

AutoSize

Қасиетке TRUE мәнің тағайындау

Font->Color

clPurple түсін таңдау

Button1

Properties

Events


Caption

Батырма атауын «Закрыть» деп тағайындау

OnClick

Close;

4. Жобаны сақтаңыз, жүктеңіз, тексеріңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер: [1-9]
Бекіту сұрақтары:

    1. Delphi ортасының жұмысы қалай басқарылады?

    2. Негізігі терезенің атқаратын қызметі қандай және ол қандай бөлімдерден тұрады?

    3. Пиктографиялық батырмалардың қызметі қандай және олар қаншаға бөлінген? Қалай аталады?

    4. Компонент дегеніміз не?

    5. Delphi ортасының компоенттер палитрасының қызметі қандай?

    6. Форма терезесінің міндеті не?

    7. Объектілер тармағы терезесі қандай қызмет атқарады?

    8. Объектілер инспекторы терезесі қандай қызмет атқарады?

    9. Программалар коды терезесінің қызметі қандай ол форма терезесімен қалай байланысады?

    10. Программалар коды терезесі ашылғанда Delphi ортасы қандай жолдары авторматты түрде шығарады?

    11. Броузер терезесінің қызметі не және ол қалай шақырылады?

Зертханалық жұмыс №2
Тақырыбы: Визуалды программалау негіздері
Мақсаты: Delphi ортасының жұмысына жалпы сипаттама
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, Delphi программалау ортасы
Теориялық түсініктеме:

Delphi – де программалау екі процестің өзара тызыз әрекеттесуінен тұрады: прогамманың визуалдық көрінісін құру және программаға толық қажетті басқаруды беру үшін программа кодын жазу процесі. Код жазу үшін клд терезесі пайдалынылады, программа құру үшін қалған терезелер, оның ішінде форма терезесі пайдалынады.

Форма мен код терезесінің мазмұның арсында үздіксіз байланыс болады. Формаға компонентті орналастыру программа кодының автоматты өзгеруіне әкеледі және керісінше автоматты немесе қолмен қойылған код фрагменттерін өшіру сәйкес компоненттерді өшіруге әкеледі. Сондықтан програмистер алдымен форма құрады, қажет болған жағдайда код фрагментін жазуға көшеді. Сондықтан, біз Delphi – де программалауды формалар терезесінен бастаймыз.
Бос форма және оны түрлендіру

Біз формалар терезесі, прогаммалар терезесі Windows жобасыннан тұратынын айттық. Сөйтіп File/New/Application опциясын таңдағаннан кейін қарапайым программа дайын болды. Дегенмен, бұған дейін: өзіңіз жұмыс істейтін каталогты құрып, Delphi – дің күйін келтіру (баптау) қажет.


Delphi – ді баптау

Программалар жобасымен жұмыс істеу процесінде сізге формалар мен модульдер жиындығын құру қажет. Бұл мәліметтерді жеке папкада файлдар түрінде сақтаған дұрыс. Оның ішінде өзініздің жұмыс папканызды құруға болды. «My_fist_program» деген атпен папка құрыңыз, оның ішіне өздерініздің программанызды сақтайтын папка құрыңыз.

Екіншіден, Delphi ортасының стандартты келтірілген күйіне өзгеріс енгізу қажет. Бұл сіздің құрған программаңыздың соңғы нұсқасының автоматты түрде сақталу үшін керек.

Ол үшін Tools/Environment Options менюін таңданыз, пайда болған сұхбат терезесінде Preferences бетінің екеніне назар аударыңыз. Осы беттің сол жақ жоғарғы бұрышында Autosave Options тобында “Editor Files”және “Desktop” деген ауыстырып қосқыштары бар. Ауыстырып қосқыштары екпінді жасау- программа коды терезесінің мәтінін және Delphi терезесінің жалпы орналасуын автоматты түрде сақтайды. Бұл программаны жоғалудан қорғайды. Тышқанмен белгілеу арқылы осы ауыстырыа қысқыштарды екпінді жасаймыз. Компиляция барысын қадағалап отыру үшін Compiling және Running тобындағы Show Compiler Progress ауыстырып қосқышын екпінді жасаңыз. Сондай –ақ, программа кодына түсіндірмені – мәтін фрагменттерін сақтауға болады, ол программа жұмысына әсер етпейді, бірақ оның мәтінін түсінікті етіп көрсетеді. Мәтін шығару үшін шрифті тағайындау қажет:

Tools/ Editor Options Display бетінде Editor Font–қа Times New Roman шрифт түрін тағайындау қажет.

Енді алғашқы программаны жүргізуге бәрі дайын болды. Негізі  терезеден батырмасын немесе F9 басқару клавишын басыңыз. Сонымен, Delphi ортасындағы программа үш кезеңнен өтеді: компиляция – компоновка – орындау.

Компиляция кезеңінде код терезесінде дайындалған программа мәтіні Object Pascal тіліне ауыстырылады; комппоновка кезеңінен дайын программа жедел жадыға шақырылып, орындалуға жіберіледі.

F9 клавишін басқаннан кейін Save Unit1 As сұхбат терезесі пайда болады, яғна Delphi Unit1.pas модулі үшін файлдфң аты мен ол орналысатын папканың атын сұрайды, сондай-ақ, модульдің де атын өзгерту қажет (немесе әрбір есепке жеке папка ашып, Save All командасы арқылы бәрін сақтаған дұрыс).



Delphi- дегі атаулары. Delphi- дегі атау латын әріптерінен басталатын әріптер, цифрлар және сызғыш болуы тиіс, атау цифрдан басталуы керек, ұзын атау бере беруге болады.
Форманың қасиеттерін өзгерту

Алдымен модуль ұғымына тоқталайық. Әрбір жаңа форма құрғанда модуль құрылады. Программаны компиляциялау кезінде Delphi заты .PAS, .DFM және .DCU болып келген файлдарды әрбір модуль үшін құрады: .PAS файл- программа коды терезесіндегі мәтін көшірмесінен тұрады; заты -.DFM файылында форма терезесінің мазмұны сақталады; ал файылында – екі файлдан алынған мәтінді машиналық нұсқауға түрлендіру нәтижесі сақталады. .DCU файлдары компилятормен құрылады және ол компоновщиктің жұмысы үшін қажетті базаны береді. Одан кейін ол заты .EXE болып келген біртұтас шақырылатын файлға түрленеді. Енді программаны түрлендіру көрейік, алдымен терезе тақырыбын өзгертейік. Алғаш Delphi жүйесіне кіргеннен кейін, терезе тақырыбы форма тақырыбына сәйкес келеді. Тақырыпты өзгерту үшін Объектілер Инспекторы терезесіне беру қажет. Form1 программасының терезесін жабыңыз. Объектілер Инспекторы терезесінің Caption жолын тышқанмен белгілеңіз. Осы жолдың оң жағында жыпылықтаған курсор болады. Клавиатураны кириллицияға ауыстырып, «программа» деп жазыңыз, одан кейін F9 ды басыңыз. Программаның бұл орындалуы – тақырыбы «программа» деп аталатын терезе құру. Объектілер Инспекторы терезесі арқылы программалар терезесінің бір қасиетін – тақырыбын өзгертейік. Дәл осылай формалардың кез келген қасиетін өзгертуге болады.


Формаға жаңа компоненттер орналастыру
Формаға жаңа компонент орналастыруды қарастырайық. Ол үшін алдымен орналасатын компонентті таңдау қажет, одан кейін форма терезесіндегі компонент орналасытын орынды тышқанмен белгілеу жеткілікті.

Енді программалар терезесіне әртүрлі жазуларды, түсініктемелерді орналастыруға арналған Label(белгі) компонентін орналастырайық. Алдымен, компоненттер политрасынан Standard бетінің ашылғанына көз жеткізу қажет. Курсорды әрбір компоненттің үстінен жүгізгенде оның аты жазылады. Компоненттер политрасына курсорды келтіріп, тышқанмен белгілейміз, одан кейін форма терезесінде белгінің орнын көрсетеміз.

Жаңа компоненттің стандартты аты Label1, батырмадағы жазудың да аты осындай болады. Объектілер Инспекторы терезесіндегі жолының көмегімен бұл жазуды оңай өзгертуге болады: «программа N1» деп енгіземіз. Бұл енгізілген жазу формадағы компоненттен көрінеді.

Енді жазудың түсі мен шрифті өзгертейік. Ол үшін Объектілер Инспекторы терезесіндегі Font қасиетін тышқанмен белгілейміз, батырманың көмегімен жолдың оң жақ бөлігінен шрифті түзететін сұхбат терезесі ашылады. Size тізімінен шрифтің өлшемін 24, Color тізімінен қажетті түсті таңдаймыз. ОК батырмасымен терезені жабамыз. Форма терезесіндегі компоненттегі жазу өзгеруге сәйкес қасиетін өзгертеді.


Оқиғаны жауапты қалыптастыру

  1. Формаларды түрлендіру. Алғашқы программаға кезекті түрлендіруді жасайық: формаға тағы бір компонент орналастырайық. Мысалы, батырманы алайық, ол тышқанның оң жақ батырмасын басуға байланысты басуға байланысты оқиғаға жауап беретін болсын. Батырма компоненті Standard бетінде компоненттер политрасында пиктограммасымен бейнеленеді. Бұл компоненті форма терезесіне белгінің төмен жағына орналастырайық.

  2. OnClick оқиғасын өндеуші. Тышқанның сол жақ батырмасын басқанда жұмыс істеп тұрған программада OnClick оқиғасы пайда болады. Әзір бұл оқиға программамен ешқандай өнделмейді, сондықтан батырманы басу ешқандай нәтиже бермейді. Батырма басылғанда жауап беруді жүзеге асыру үшін Object Pascal тілінде программа фрагментін жазу қажет, ол оқиғаны өндеуші деп аталады. Бұл фрагментте программист батырма басылғанда программаның не істейтін мәтіндік жолдар тізбегі жазылады. Фрагмент Object Pascal–дің арнайы қосалқы программасы – процедура түрінде өрнектеледі.

Delphi OnClick оқиғасын өңдеу процедурасына дайындықты өз бетімен жасау үшін компонетті тышқанмен жылдам екі рет белгілеу қажет. Нәтижесінде Код терезесіндегідей мәтін фрагменті болады:

Procedure Tform1.Button1Click (Sender:Tobject);

Begin
End;
Енді фрагметті талдайық. Procedure сөзі компиляторға қосалқы программа – процедурасының басы жөнінде хабарлайды. Delphi ортасында сондай-ақ, қосалқы программа – функция пайдалануы мүмкін, бұл жағдайда Function сөзі пайдалынады. Одан кейін: Tform1.Button1Click процедураның аты жазылған. Атау құрама сөзден тұрады: Tform1-класс атауы; Button1Click процедураның атауы. Енді класс дегеніміз не? Delphi ортасына класс деп өзіне ұқсас экземпляр (көшірмесі) құрудың үлгісі қызметін атқараты, аяқталған программа фрагменттін айтады. Программист класс құрғаннан кейін оны бірнеше программаға немесе бір праграмманың бірнеше жеріне қоюға болады. Delphi – дің құрамына Borland коорпорациясының программистері құрған стандартты класстар деп аталатын бірнеше жүз класстар кіреді. Стандартты кластар жиындығы осы программалау жүйесінің қуаты мүмкіндіктерін анықтайды. Әрбір компонент белгілі бір класқа жатады, ал формаға қойылатын компоненттердің барлық нақты экземпляры сандық индексі бар класс атауын алады. Пайдаланып отырған Delphi ортасында кластардың барлық атауларын Т әріпінен бастау келісілген. Сөйтіп, Tform атауы Tform стандартты класс үлгісі бойынша құрылған кластың атын білдіреді. Код терезесіндегі мәтіннің басына назар аударыңыздар, төмендегідей жолдар көрінеді:

Type Tform1=class(Tform)

Button1:Tbutton;

Label1:Tlabel;

Procedure Button1Click (Sender:Tobject);

Private


{Private declarations}

Public


{public declarations}

End;


Var

Form1:Tform;


Tform1=class(form) жолы Tform стандартты класынан туған (үлгі бойынша құрылған) Tform1 жаңа класын анықтайық. Ал, Form1:TForm1 жолы осы кластың Form1 атты экземплярын (көшірмесін) құрады. Стандартты TForm класы бос Windows терезесін сипаттайды, сонымен бірге TForm1 – белгі және батырма компоненттері қойылған терезені сипаттайды. Бұл компоненттерді сипаттайтын жолдар:

Button1:TButton;

Label1:TLabel;

Мұндағы Button1 компоненті TButton стандартты класының экземпляторы; ал Label1 компоненті Tlabel стандартты класының экземпляторы.

TForm1.Button1Click процедура атауынан кейін дөңгелек жақшаға параметірді шақыру сипатталған:

Sender:Tobject;


«Sender» атты параметр Tobject класына жатады. Sender параметрі Delphi ортасына барлық жағдай үшін қойылған: оның көмегімен Button1Click қосалқы прогаммасы OnClick оқиғасы қандай компонент құрғанын анықтап береді. Жол толығымен

Procedure Tform1.Button1Click (Sender:Tobject);

процедураның тақырыбы деп аталады. Object Pascal типінде «;» белгісі тілдің сөйлемнің аяқталғандығын компиляторға хабарлайды. Программа мәтіні жеке сөйлемдерден құралады. Әрбір сөйлемнің сонына нүктелі үтір қойылады. Төмендегі үш жол процедура денесін анықтайды:

Begin


End;

Begin сөзі компиляторға процедураның жұмыс алгоритмін сипаттайтын сөйлемдер тізбегінің бастамасы екені туралы белгі береді, ал End сөзі осы тізбектің соңын білдіреді. Біздің жағдайда процедура денесінде ешқандай сипаттама жоқ: Delphi процедура жазуға дайындықты құрып береді. Программист процедура денесін қажетті сөйлемдермен толтырады. Button1 батырмасын әрбір басқан сайын басқару процедура денесіне беріледі, яғни Begin және End сөздерінің арасына оқиғаға жауап ретінде орындалатын программа фрагменті жазылады. Біздің жағдайда батырма қандай да бір дыбыс шығару үшін Begin ... End сөздерінің араларына төмендегі сөйлемді жазайық:

MESSAGEBEEP(MB_OK);

Компьютердің дыбыстық жүйесі алдын-ала қосып, прграммасын орындайық. Сонымен, Button1 батырмасын басқанда компьютер дыбыстық сигнал береді, яғни процедура денесіне қойылған жол стандартты процедураны орындайды.



Компонент қасиеттерінің динамикалық өзгерісі

Біздің програмадағы Button1 батырмасы дыбыс шығаратын болғандықтан, Button1 – ге «дыбыс» сөзін меншіктедік. Мұны фромалалар терезесімен объектілер инспекторы терезесінің көмегімен орындауға болады, яғни форма құру кезегінде (Объектілер Инспекторы терезесінде Button1 компонентінің Caption қасиетін өзгерту жеткілікті) жүзеге асыруға болады. Бірақ Delphi ортасымен толығырақ танысу үшін басқа тәсілді – программаны жүргізу кезенінде жазуды динамикалық түрде өзгертуді қарастырайық. Ол үшін формаға арналған OnCreate оқиғаны өндеушіні құрамыз да, ондағы қасиетті өзгертеміз.



OnCreate оқиғасы Windows терезесі құрғаннан кейін пайда болады. Оқиға өндеушіні құру үшін Объектілер Инспекторы терезесінің жоғарғы бөлігіндегі компоненттер тізімін ашыныз. form1 компонентін таңдап, Events бетінде осы компоненттің OnCreate қасиетін жылдам екі рет тышқанмен белгілеу қажет (OnCreate жолының оң жақ бөлігін белгілеу қажет). Delphi бұған жауап ретінде код терезесін екпінді жасап, Tform1.formCreate процедурасына арналған дайындығын ұсынады. Процедураға төмендегідей өзгеріс еңгізейік:

Procedure Tform1.formCreate (Sender:Tobject);

Begin

Button1.Caption:=’дыбыс’;



End;

Бұл программа фрагментіне еңзізген жолымыз Object Pascal тілінің меншіктеу операторы. Оператордың сол жақ бөлігінде Button1. Caption қасиеті көрсетілген ал оның оң жақ бөлігінде – «дыбыс» мәні көрсетілген. Оператордың екі бөлігін меншіктеу белгісі «:=» байланыстырып тұр.

Button1.Caption құрама атауы қандай қасиет туралы айтылып жатқаның компиляторға дәл көрсету үшін қажет: біздің программада үш компонент пайдалынады олардың әрқайсысының Caption қасиеті бар. Button1 прификсі батырманың қасиетін өзгертеді. Қасиетке меншіктелетін мән мәтіндік жол болып табылады. Object Pascal тілінің ережесі бойынша мәтіндік жол апострофқа алынып жазылады. Апостроф ішіне кез – келген синволдар тізбегін жазуға болады, ол батырмадағы жаңа жазуды анықтайжы. Программаның кезекті орындалуынан кейін батырмадағы жазудың өзгергенің көреміз. Бұдан шығатын қорытынды: кез келген компонентің кез келген қасиетін программаның орындалуы барысында динамикалық өзгертуге болады.

Қорта келгенде, Delphi – де программа құру процесі екі кезеңге бөлінеді: форма құру және кодтау.

Форма құру палитрадан компоненттерді таңдап, оны формаға орналастырудың көмегімен жүзеге асырады.

Програмист формаға орналасқан кез келген компоненттің орның және тышқаннның көмегімен өлшемін өзгертуге болады.

Компонетке қажетті қасиетті беру үшін Объектілер Инспекторы терезесінің Properties беті пайдалынады. Компонент қандайда бір оқиғаға жауап беру үшін програмист оқиғаны өндеушіні құруы қажет және оның аты Объектілер Инспекторы терезесінде Events бетінде көрсетілуі тиіс.

Оқиғаны өндеуші құрама атауы бар процедура түрінде бейнеленеді. Атаудың бірінші бөлігі формаға арналған класс атын білдірсе, екінші бөлігі атаудың бірінші бөлігінен нүкте арқылы бөлінеді және ол еркін болуы мүмкін.

Процедура денесі Begin ... End сөздерінің арасында орналысады және Object Pascal тілінің жеке сөйлемдерінен (операторларынан) тұрады. Әрбір оператор соңына нүктелі үтір қойылады.

Компоненттің қасиеттері программаны жүргізу кезеңінде де өзгеруі мүмкін.


Тапсырма:

Тапсырма №1.

Келесі әрекеттерді орындайтын программа құр:



  1. Программаны жүктегеннен кейін «Брось кубик» жазуы көріну керек



  1. «Бросок кубика» батырмасына басқаннан кейін, 0-6 диапазонындағы кездейсоқ сан көріну керек.


Тапсырма №2.

Келесі әрекеттерді орындайтын программа құр:



  1. Программаны жүктегеннен кейін мәтін өрісіне мәтін енгізіледі:



  1. «Сменить заголовок окна» батырмасына басқаннан кейін, форма тақырыбы өзгеру керек:



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
Тапсырма №1.

  1. Жаңа жоба құрыңыз.

  2. Формаға Label және Button компоненттерін орналастырыңыз

  3. Келесі әрекеттерді орындаңыз:

Объект

Object Inspector терезесінің қатпары

Қасиет атауы/ оқиға атауы

Әрекет

Form 1

Properties

Caption

«Бросок кубика»

Label1

Properties

Caption

«Брось кубик»

Button 1

Properties

Caption

«Бросок кубика»

Events

OnClick

Төмендегі программа фрагментін жазыңыз

Программа фрагменті


procedure TForml.ButtonlClick(Sender: TObject);

var n: Integer;

begin

n := random (6) + 1 ;



Label1.Caption := IntToStr (n) ;

end;


end.
Тапсырма №2.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1-9]
Бекіту сұрақтары:

  1. Delphi ортасында программалау қандай негізгі процестерді қамтиды?

  2. Delphi ортасында программалау неден басталады және форма қалай түрлендіріледі?

  3. Delphi ортасында программалау қанша кезеңнен тұрады және әрбір кезеңнің қызметі қандай?

  4. Delphi ортасында пайдалынатын атауларға қандай талаптар қойылады?

  5. Программаны компиляциялау кезінде құрылатын файлдардың затын айтып, әрқайсына түсініктеме беріндер?

  6. Модульььььь дегеньіміз не?

  7. Формаға компоненттер қалай орналастырылады?

  8. OnClick оқиғаны өндеушінің қызметі қандай?

  9. OnClick оқиға өндеушісіне байланысты код терезесіндегі шығатын мәтінге сипаттама берініз?

  10. Класс дегеніміз не және ол программалар коды терезесінде қай бөлімінде сипатталады?

  11. Компонеттер қасиеттерін қандай жолдармен өзгертуге болады және OnCreate оқиғасының қызметі қандай?

  12. Object Pascal тілінде бүтін сандарға қандай операциялар қолданылады?

  13. Программада әр бір операцияға өзгеріс еңгізу қалай жүзеге асырылады?

Зертханалық жұмыс №3
Тақырыбы: Компоненттермен танысу
Мақсаты: Delphi ортасының жұмысына жалпы сипаттама
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, Delphi программалау ортасы
Теориялық түсініктеме:

Компоненттер дегеніміз жұмыс істейтін программада құрылатын, көрінетін бейнелер тұрғызылатын элементтер болып табылады. Компоненттер палитрасының ішінде бейне ретінде көрінбейтін де компоненттер жеткілікті. Сонымен, бұл тарауда біз Delphi ортасының негізгі компоненттеріне тоқталамыз.
3.1. SТANDARD беті
SТANDARD бетінде программа құруға ең қажетті Windows-ге арналған стандарты интерфейстік элементтерден тұратын компоненттер палитрасы орналасқан.

3.1-сурет. Sтandard беті.
Frame – басқа компоненттерді орналастыруға арналған контейнер қызметін атқарады (қызметі форма терезесімен бірдей). Формадан айырмашылығы компоненттерге дайындық құра отырып, компоненттер палитрасында орналасады.

MainMenu – Программаның бас менюі. Бұл компонент күрделі иерархиялық меню құрып жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Label – форманың бетіне мәтін шығаруға аранлаған. Компоненттің қасиеті мәтіннің түрі мен орналасуын анықтайды.

Edit – енгізу өрісі – символдар жолынжөндеуге арналған.

Button – командалық батырма.

Memo – бірнеше жолдан тұратын мәтіндік редактор құру элементі болып табылады.

RadioButton – қызметі басқа батырмалардың қызметімен байланысты болатын тәуелді батырма болып табылады. Егер сұхбат терезесінде бірнеше ауыстырып қосқыш пайдаланылатын болса, онда әрбір топты RadioGroup компоненті арқылы беруге болады.

CheckBox – басқаларға тәуелсіз ауыстырып қосқыш батырманы сипаттайды.

ListBox – қажетті элементті таңдауға болатын тізімді береді.

ComboBox – енгізу өрісіне мәліметтерді клавиатурадан теріп енгізуге немесе тізімнен таңдауға мүмкіндік береді.


    1. ADDITIONAL беті

Additional бетінде сұхбат терезелерінің түрін түрлендіруге мүмкіндік беретін 18 қосымша компоненттер орналасқан.



3.2 – сурет. Additional беті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет