Оқу әдістемелік құрал Қарағанды, 2009 Әож 616. 08 Кбж 51. 1 (2) я7 б 42


Залалсыздандыруды өткізу шарттары



бет5/7
Дата03.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#174093
1   2   3   4   5   6   7

Залалсыздандыруды өткізу шарттары:

Барлық залалсыздандырылатын агенттер үшін. Залалсыздандыру стерилизонды ұстау мерзімінде өнімдер толық ерітіндіге салынумен өткізілуі тиіс, содан кейін өнімдерді екі рет тазартылған сумен шаяды.Тазартылған жаймамен төсенген стерилизационды ыдыста (стерильді қорапшада) залалсыздандырылған заттың сақтау мерзімі -3 тәулік.



Қолданылатын жабдықтау:

Барлық залалсыздандырылатын агенттер үшін. Шыны, пластмассадан немесе эмальмен сырланған (зиянданбаған эмаль) жабық ыдыстар.

1.6% сутегі тотығының ерітіндісі мен 1%Дезоксон -1 ерітіндісін медициналық тағайындауының өнімдерін залалсыздандыру үшін екінші рет қолдануға болмайды!

2.Залалсыздандыру процесінде ерітіндінің температурасын үзбейді.

3.Залалсыздандыру және жуу таза операциондыға ұсынылатын, талаптарға сәйкес келетін асептикалық шарттарда өткізіледі.

Қайнату-залалсыздандыру әдісі ретінде стандартпен ескертілмеген. Бірақ үйде осы залалсыздандыру әдісімен қолдануға болады. Краннан алынған суды қолдануға болмайды, яғни қайнатқанда тұнбаға түсетін тұздар иненің канюлясында поршень мен целиндрде бөлініп шығады. Су қайнатылған немесе тұзсыз болу керек. Залалсыздандырудың сонына дейін шприцтің құрамындағы бөлшектер сумен толық жабылуын судың мөлшері қажет етеді.

Шприц бөлшектенген түрде қайнатылады. Залалсыздандырудың ұзақтылығы қайнағаннан бастап 45 минөт. Егерде қайнату кезінде тағы бір өнім қосылса уақыт сол өнімнің салуынан есептелінеді. Үйде көбінесе инсулин егу (қант диабетімен ауыратын науқастарда) , антибиотиктер (бронхит, пневмониялар), шыны тәрізді ден (тараушылық терапиясы), алоэмен қолданыладыв\. Егерде су туыстарының біреуімен жасалынса, медбике залалсыздандыру дұрыс қалай өткізіледі екенін түсіндіріп беруге тиіс.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ТАЗАРТУ КЕЗЕНДЕРІ.

1.Барлық заттар стерильдеу ақуыздан, майлардан және механикалық ластаушылардан, дәрі-дәрмек заттардан жойылып залалсыздандырылып алдын ала тазаланады.

2. Алмалы салмалы заттар бөлшек түрінде залалсыздандырылады.

3.Залалсыздандыру алдындағы тазалау кестеге сәйкес өткізілуге тиіс.

4.Жуу құрамына кіретін компенеттер 2 кестеге сәйкес.

5.Құралдар экспультация, өндеу стерильдеу процесіне коррозияға шалдығады. Коррозия дақтары бар және оксид қабығымен жамылған құралдар кварталда 1-2 рет химиялық тазартылады. Коррозия ингибитор ретінде 0,14 % олеат натрий ерітіндісі қолданылады.

Дезинфекция тәртібі: 1:1 10% хлорлы ақ ерітіндісі, экспозиция

60 мин. Стерильдеу алдындағы өндеу саласы медициналық тағайындау құралдарының дезинфекциясымен стерилизациясы. СанПин 9-01-001-76 және 404 бұйрыққа сәйкес Сарысу гепатитінің алдын алу шаралары жайлары туралы нұсқау.

Ескертпе: жуу құралдарын 1 тәуліктен асырмай, қызғылт түс пайда болғанша қолдануға болады. Түсі өзгермегн жуу комплексін 6 ретке дейін қолдануға болады. Комплекстің қызуы су термометрімен бақыланады. Ферменттің тез бұзылуынан «Биолот» жуу құралының ерітіндісі бір рет қолданылады. 0,5% НО және

0,5 % Лотос құрамды ерітіндіні қолданғанда 22 корррозия ингибитрін: 0,14 % олеат натрий ерітіндісі (1,4 г-1 л суға) пайдаланады.



Медициналық тағайындау құралдарды стерильдеу алдында тазалау сапасын бақылау.

Қан барын анықтау үшін:

-амидпирин тексерісі

-азопирам тексерісі

Жуу заттарының сілті компонттерін анықтау үшін:

-фенолфталейн

Бақылауға өнделген құралдардан 1% алынады.

Азопирам реактивінің көмегімен медициналық тағайындалу үшін құралдың стерильдеу алдындағы тазалау сапасын бақылау.

Жалпы бөлім:

1.Сезімталдық бойынша изопирам байқауы бензидин байқауынан кем емес..

2.Амидопирин байқауынан 10 есе артық. Бензидин және ортотолуидин байқауын өзгертіледі.

3.Азопирам реактиві стерильдеуге әзірленген медициналық құралдары дұрыс өндемеу.

4.Стерильдеу алдындағы өндеуді кварталда 1 рет СЭС және ДС өткізеді. ЕПМ де өзіндік бақылау аптасында 1 рет жүргізіледі, бөлімнің аға медбикесімен ұйымдастырылады және бақыланады.
II Азопирам реактивінің көмегімен құралды стерильдеу алдында өндеу сапасын анықтау әдістемесі.

1.Реактивтер. амидопирин ұнтағы, тұз қышқылы анилин, 3% су тотығы, 96%этил спирті, дистильденген су. Су 3% су тотығын әзірлеуге қолданылады.

2.Негізгі ерітінділерді әзірлеу.

1 литр ерітіндіге 100 грамм амидопирин және 1,0-1,5 грамм тұз қышқылды анилин. Реактивтер; амидпирин ұнтағы тұзқышқылды анилин 3% су тотығы 96% этил спирті дистилденген су. Су 3%тотығын әзірлеуге қолданылады.



Негізгі ерітіндіні әзірлеу.

1 литр ерітіндіге 100 г амидопирин және 10-15 г тұзқышқылды анилин. Құрғақ ыдыста заттарды араластырады және 1 л көлемінде этил спиртін құяды. Осы қоспаны барлық ингредиенттердің толық еруіне дейін толықшамен араластырады осылайша. Азопирамның құрамында 10% амидопирин 0,10-0.15% тұз қышқылды анилин, қалғаны 96% этил спирті. Дайын ерітінді тығыз жабылған флоконда қараңғы жерде 40С температурада (тоңазытқышта) 2 дана сақталады, қараңғы бөлмеде температурасы 18-230 С 1-айдан артық емес. Реактивтің тұңбасыз сақтау процесінде біркелкі сарғайтуы оның жұмысы саласын төмендетпейді. Шамалы көлемді тексеруде азырақ 50-200 порциямен дайындайды, индикация –реакциясының тотықтырғышы болып 3% су тотығы табылады.



III Жұмыс ерітіндсі дайындау.

Жұмыс ерітіндісін тікелей құрамдарын тазалау сапасын тексеру алдында әзірлеу. Азопираммен 3% су тотығының біркелкі мөлшерін араластыра отырып жұмыстық азопирам ерітіндісінің жарамдылығын қажет болса қанды даққа 2-3 тамшы тамызылуы біржола тексеріледі. Егерде 1 минөттен кейін күлгін түс пайда болсын, сосын ол түсін өзгертсе реактивті қолдануға болиайды. Егерде 1 минөттің ішінде боялмаса реактивпен қолдануға болмайды.



Құрамдарды стерилдеу алдында сапасын тексеру.

Реакцияны қою әдістемесі.

Жұмыс ерітіндісімен (азопирам 3% су тотығымен 1:1 қатынасында) , тексерілетін құрамдары өңдейді: тампонмен сүртеді, реактивпен суланған немесе реактивтің бірнеше тамшысын пипетканың көмегімен зерттелетін бұйымға жағады. Шприцтерге 3-4 тамшы жұмы ерітіндісін құяды және бірнеше рет жылжытады, реактивпен ішкі бетін сулау үшін, әсіресе шынымен темір қосылған жерлерін, осы жерде қан жиі қалады. Реактивті шприцте 0.5-1.0 минутке қалдырады, сонан соң дәке салфеткасына төгеді. Инелерді тазалану сапасын тексеру үшін, таза шприцке реактивті сорып алады, және кезекпен инені ауыстырып отырып , реактивтен 3-4 тамшы дәке салфеткаға шығарады.

Бір атаулы бір уақытта өнделген құралдардын 1% бақылауға алынады, 3-5 данадан кем емес.

4.Өнімнің залалсыздандыру алдындағы сапасын зерттеу.

Реакция жүргізу әдістемесі.

Жұмыс ерітіндісімен (1:1 қатынастағы 3% сутег3 тоты5ы мен азопирам) зерттейтін –өніміне бірнеше тамшы реактив тамызады.

Шприцке 3-4 тамшы жұмыс ерітіндісін құяды және бірнеше рет шприцтің ішін дымқылдау үшін поршеньді итереді, әсіресе шыны мен металдан қосылған жерлерін, өйткені қан көбінесе сол жерде қалып қояды, реактивті шприцтің ішінде 0,5-1,0 мин қалдырып, содан кейін реактивті марлялы салфеткаға шығарады.

Инелердің тазарту сапасын тексергенде, таза шприцке реактив алып сосын инелерді ауыстырып отырып, олар арқылы реактивті жібереді, марлялы салфеткаға 3-4 тамшы шығара отырып.

5.Ластану идикациясы.

Қан іздерінің болуында тез немесе 1 минуттан кейін рактивтің ластанған бөлікпен қатынасынан соң, алдымен күлгін түс сосын тез бірнеше секунд ішінде қызғылт немесе сия көк түске ауысады.

Зерттелген құралдарда 1 миуттан кейін пайда болған түс өзгеруі есептелмейді. Азопирам гемоглобин өсімдік тектес перексидоз тотықтырғыштар (хлорамн хлорлы ақ, жуушы ұнтақ және басқалары) сондай ақ тотырғышпен қышқыл барлығын анықтайды. Егерде тексерілетін құрамдарда хлорлы тотығыштардың барлығында сиякөк түс байқалады. Басқа жағдайларда қызғылт-ақшылт көк түске болады.

6 Реакция ерекшелері.

Тексерілетін құралдардың қызуы бөлменің қызуындай болу керек. Ыстық бұйымдарды тексеруге болмайды., және жұмыс ерітінділерді жарық жерде немесе жоғары қызуда ұстауға болмайды.

Жұмыс ерітіндісі (азопирам су тотығымен) 1-2 сағат ішінде қолданылу керек.Көп жүріп қалса ерітіндінің өз өзінен қызғылт түске бояуы мүмкін. Егер бұл түс жұмысқа кедергі болса, ал жұмысты жалғастыру қажет болса, қызғылт ерітіндіні ауыстыру керек. Тексергеннен соң, оның нәтижесіне қарамай азопирам қалдықтарынан тексерілген құралдардан жою қажет, сумен шайып, немесе спиртпен,сумен суланған тампонмен сыртын сосын стерильдеу алдында өңдеуді қайталау.

7 Қауыпсыздық шаралары.

Азопирамды әзірлеу және дайындау реактивтердің ішіне тұзқышқылды анилин, перигдроль немесе төгілген реактивтерді жояды, ал олар болған орындарын жуады немесе сумен және спиртпен суланған тампонмен сүртеді.

Азопирам жанады, өйткені оның құрамында спирт бар.

Амидопирин тексерісі.

Реактивті шприцтің поршінімен целиндіріне тиген қанның көмегімен тамызады, осылайша инеге алады.Егерде стерильдеу алдында өндеудің барлық кеендерінен кейін қан қалса, тез арада Реактив көкшіл-жасыл түске боялады. (тексеру он). 2 минөттен кейін пайда болған бояу есептелмейді.

Пипетканың көмегі арқылы рактивті поршеньға немесе шприцтің цилиндіріне, ал ол арқылы инеге жібереді. Егерде залалсыздандыру алдындағы кезендерден кейін қан қалса, онда реактивтің көк жасыл түске боялуы жүреді: (оө сынама). 2 мин. кейін пайда болған бояу ескерілмейді.

Фенолфталейн тексерісін жүргізу әдістемесі.

Бұл тексерістін көмегімен шприцтердің жуып-шайылғаннан анықтауға болады. Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1% спиртті фенолфталейн ерітіндісіне суланған мақтамен сүртеді. Жуу ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде көкшіл-күлгін түс пайда болады. Егер тексеріс оң болса ағынды суық су астында қайтадан қайталамау керек.

прогресс Биолот жуу заттарын қолданғанда фнеолфталейн тексерісі қолданылмайды.

ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН НЕГІЗГІ ҚЫЗЫМЕТТЕРІ.

1.Күту бөлімі –науқастарға,оларды әкелген адамдарға арналған.Бұл жерде кресло,орындықтардың жеткілікті саны,аурухананың анықтама қызыметінің телефоны болуға тиіс.

2.Кезекші мейірбикенің кабинеті –бұл жерде жаңадан келген науқастардың

тіркеуі,қажеттілік құжаттамалардың толтырылуы өткізіледі.

3.Қарау кабинеттері -(терапевт,хирург,гинеколог) дәрігерлерімен науққастарды қарауға арналған.

4.Процедуралық кабинет.

5.Танатын,кіші операциялықбөлмесі.

6.Санитарлық өткізгіш –науқастарды санитарлық өндеуге арналған(ванна,қайта киінуге арналған)бөлме.

7.Оңашалайтын бөлме-бөлек дәретханасы бар, диагноздары анықталмаған науқастарға арналған бөлме.

8.Рентген кабинеті.

9.Зертхана,

10.Дәретхана.

Дәрігерлік алдын ала тексеру кабинеттері әр сырқат сайын ауыстырып тұруға арналған ақ жаймалармен қамтамасыз етіледі. Жедел дәрігерлік жәрдем көрсетуге арналған қажетті аспаптар бар.Қабылдау бөлімшесінің барлық кабинетінде тіке табиғи жарық болуы керек. Сырқат киініп-шешінгенде тонып қалмауы үшін бөлменің температурасы 250 С төмен болмауы керек. Алдын ала тексеру кабинетіндегі әрбір көшетканың жанында ағаш тор болуы керек. Сырқат киімдерін сақтайтын бөлме (торап) қабылдау бөлімшесіне жақын орналасуы қажет. Сырқат күтімінің сапасы медициналық қызыметкерлердің мінез-құлқына және еңбектегі дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Соңғы жылдары қабылдау бөлімшесіндегі медициналық қызыметкерлердің қызыметі бір қатар өзгеріпті. Күтім сапасына қойылатын талаптар артты, дәрілік жәрдем түрлері көбейді, жабдықтау аппаратуралары жақсарды. Осыған байланысты орта медицина қызыметкерлеріне оның жалпы арнайы даярлығына қойылатын талаптар күшейді. Дұрыс әрі дәл қойылған қабылдау бөлімшесінің жұмысы көбіне аурухананың жұмыснда анықтайды. Қабыдау бөлімшелері сырқатты тасымалдау үшін ыңғайлы түзік зембілдермен және доңғалататын зембілдемен (каталка), сондай-ақ жүретін сырқаттар үшін жылдың маусымына сай сырт киіммен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс. Зембілдер мен доңғалататын зембілдер жеткілікті мөлшерде жастық тыспен, ақ жайма мен сайсеппен қамтамасыз етілуі тиіс, олар әрбір сырқаттан кейін ауыстырылып отыруы керек. Қабылдау бөлімшесінің жұмысы белгілі бірзілділікпен жүргізіледі: сырқатты тіркеу , дәрігерлік алдын ала тексеру, санитарлық жуып-шаю. Қабылдау бөлімшесі де осы тәртіппен орналасуы тиіс.

Сырқатты тіркеген соң тез тарайтын жұқплы ауруы жоқ, бар екенін тексеріп, содан кейін дәрігер болжам диагноз қояды да, санитарлық жуып-шаюдың түрін белгілейді, мейіркеш оны санитарлық өткізу бөлмесіне дейін шығарып салады.

Қабылдау бөлімшесіндегі мейірбике міндеттері.

1Науқастарды қабылдау және тіркеу.

Науқастарды қарау,алғашқы зерттеу диагнозды қою.Жаңадан түскен науқастарды санитарлық-гигеналық өндеу.

2Білікті медициналық көмегін көрсету.

3Аурухананың емдеу бөлмелеріне науқастарды тасымалдау.

Мейіркеш міндетіне мыналар кіреді:

1.бөлімшеге түскен сырқат құжаттарын реттеу.

2.сырқатты шешіндіріп бит және түрліше жұқпалы ауруілардың жоқтығын анықтау үшін үстірт қарап шығу;

3.сырқатты дәрігердің кабинетіне шығарып салу;

4.санитарлық-гигиеналық . жуып шаюдан өткізу;

5.сырқатты бөлімшеге дейін тасымалдап шығарып салу.

Қабылданған сырқаттар құжаттарын реттеу дегеніміз ауруң тарихының паспорттық бөлімін толтыру, оған фамилясы, аты-жөні, мекені, жасы, мамандығы, ауруханаға түскен уақыты жазылады. Егер сырқат ауыр куйде немесе ессіз жағдайға түссе, бұл мағлұматтарды оны әкелген адамнан алады. Қабылдау бөлімшесіне ауыр күйде түскенсырқатты дереу арнайы бөлімшесіне жібереді, онда мамандырылған жәрдем көрсетіледі. Алайда сырқаттың көбі оған медициналық құжат толтыруға, алғашқы дәрігерлік алдын ала тексеру мен санитарлық жуып шаюға жағдайы көтеретін күйде түседі. Түскен сырқаттар құжаттары мен құнды заттары өртенбейтін шкафта, қабылдау бөлімшесінің қамбашысының немесе аға мейіркештің жауапкершілігінде болады. Ауру тарихының паспорттық бөлімін толтырғаннан кейін биттерді және жұқпалы ауруларды болдырмау үшін мейіркеш сырқат денесінің түкті жерлерін тесеріп қарайды. Егер сырқат жағдайы көтерсе, мейіркеш оны өлшеуішке тұрғызып, саклмағын біледі, тек содан кейін ғана сырқатты алдын ала тексеру кабинетіне дәрігерге апарады, ол болжау дигнозын қойып , санитарлық жуып шаю мен тасымалдаудың қай түріне жататынын айтады.



Антропометрия-науқас денесін және жеке мүшелерін өлшеу арқылы адамның жетілуін анықтау. Мейіркеш сырқаттың бойы мен көкірек шенберін өлшейді. Стационар бөлімшелеріндегі, емханалардағы санаторийлердегі, демалыс үйлеріндегі мейіркештер де қарапайым антропометриялық зерттеулер жүргізеді.

Бойды арнайыц өлшеуішпен байқайды.Аспаптын тік тіреуі сантиметрлік бөлуңлері бар алаңшаға бекітілген. Тіредің бойымен көленең орналасқан тақтайша қозғалады. Бойын өлшегенде сыцрқат тіреуішке өкшесін, бөксесін, жауырынын, желкесін тигізіп арқа жағымен тұрады.

Құлақ қалқанының жоғары ұшымен көз сызығының ұшы бір горизонталь сызықтың бойында болғандай етіп басын ұстау қажет: тақтайшаны басына түсіріп, оның төменгі бөлуінің көрсеткішін санайды. Кейбір жағдайда сырқат бойын отырғызып қойып өлшейді, мұнда алынған санға отырғыштан еденге дейінгі қашықтықты қосады.

Өлшену дұрыс орнатылған және жақсы реттелген дәрігерлік ондық салмағы таразыда тексереді. Аш қарынға іш киіммен, дәрет сындырғаннан кейін өлшену ұсынылады. Ауңыр науқасарды алдын ала орындық орындық салмағын анықтаған соң, отырғызып өлшейды. Ауру шаппасы ашық тұрған таразыға ешқандай итеріске түспей, жайлап көтергені абзал. Дұрыс өлшенген соң таразының шаппасын жабады.Дененің салмағы екі бөліктің салмақ түскен төмеңгі және жоғарғы планкалардың қосыендысымен анықталады. Көкірек клеткасының шеңберін сантиметрлік лентаны алдынан 4 қабырғаның бойымен, ал сырт жағынан жауырынның ұшына сала отырып өлшейді. Сырқат қолдарын түсіріп, бірқалыпты дем шығарып тұруы тиіс. Өлшеу дем шығару және өте терең дем алу кезінде жүргізіледі. Антропометриялық өлшеуден соң мейіркеш сырқатты дщәрігердің тексеруі кезінде қатысады, консультант шақырады, ЭКГ және басқа да диагноз қоюға арналған жедел зерттеулерге көмектеседі, содан кейін сырқаттарды санитарлық жуып шаюға арналған жерге дейін апаракды.



Сырқатты санитарлық жуып шаю.

Қабылдау бөлімшесіндегі сырқатты санитарлық-гигиеналық жуып-шаю оның күйінің ауырлығын ескере отырып бір немесе екі тасқынды жүйемен жасалады. Кереует саны шағын ауруханаларды бір тасқынды жуып шаю жүйесі, онда кезекпен әйелдерді, ал содан кейін ер адамдарды жуу қоса жүріп жатады да. Ауруңлардың сырқаттар қабылдауң бөлімшесіне тез өтуіне мүмкіндік туады.

Қабылдау бөлімшесінің санитарлық өткізгішінде дәрігерліе тексеру бөлмесі бар, онда сырқатты шешіндіріп гигиеналық ванна алуға даярлайды. Бөлмеде көшетке таза киімге арналған шағын шкафтар мен кір киімге арналған шағын бактар, үстел, оның үстінде қырынуға, шашын қиюға арналған қажетті заттар, сабындар, жөкелер бар. Үстел үстінде «таза жөкелер» және

«лас жөкелер» деген жазулары бар екі кастрюль тұр. Әрбір сырқат жуынып шайынған соң жөкелер кастрюльге салып қайнатылады. Ванналарды санитарлық тазартуға арналған арнайы жөкелер мен шөткелер бар, олармен әрбір сырқаттаң соң, ванна тазартылып жуылады. Қазіргі кезде ванна бөлмелеріне заласызданған таза киім мен жеке салынған пакеттер қойылады. Қабырға ауа температурасын көрсетіп термометр ілінеді.

Дәрігерлік тексеру бөлмесінде сырқатты шешіндіріп заттарының екі дана тізімін жасайды, оның біреуін ауру тарихына қатыстырады, ал екіншісін сырқат ауңруханадан шыққанға дейін жататын заттарға салады да оларды сақтау камерасына тапсырады.

Мейіркеш сырқат шашын тексереді. Егер бит немесе сірке табылса , ауруды шешіндірместен көшеткаға отырғызып, қолда бар ерітінділер дің бірімен тазалайды, олар:

1.карбофостың 0,15% сулы эмульсиялы ерітідісі;

2.метилацетофостың 5 % майлы;

3. 0,5 % метилацетофос ерітіндісі осыншалық мөлшерде сірке су қышқылы; 4. 5 метилацетофос шампуны;

5. дикилдің 0,25 % сулы-эмульсиялы еріткіші;

6. 10 % сулы-сабынды-керосинді эмульсиясы (40 бөлігі керосин, 35 бөлігі К немесе шаруашылық сабыны, 25 бөлігі ыстық су.)

Шашты осы ерітіндінің бірімен жуып 15-20 минуттай үшкіл байлап жүреді. Содан кейін қайта-қайта жуып, 6%асханалық сірке суымен шаяды. Шашты алғанда клеенкаға немесе қағазға түсіріп, кейін отқа жағып жібереді. Егер шашты қалдыратын болса , оны жиі тарақпен тарайды. Сіркені кетіру үшінм шашты 27-300С дейәін қыздырылған асханалық сірке суын мақта тампонымен шылайды да 15-20 минуттай үшкіл тартып, содан соң жиі тарақпен тарап, қайтадан шаяды. Киімнен бит шықса, оны дезинфекциялайтын ерітіндіге малынған (4% ДДТ эмульциясы6 гексахлоран6 005% карбофос ерітіндісі, ацетофостың немесе метафостың 1% сулы ертіндісі ) клеенкадан жасалған қапқа салады да аурухана тұрған жердегі территориялық дезинфекциялайтын камерасына жібереді. Биті бар сырқат ауру тарихының титуңл бетіне «Р» әріпін жазады. Мұндай сырқат ерекше қадағалауда болады, себебі битті (педикулезді) толық жойғанша жуып-шаю қайталана береді. Әрбір осындай сырқат жайлы мәлімет тұрған жердің СЭС-іне қабарланады. Дәрігерлік алдын ала тексеру бөлмесінен сырқатты мейіркеш ванна бөліміне апарады. Ол бөлме кең және жарық, таза және жылы (250) болуы тиіс.Ванна бөлмесінде арнайы желдеткіш болуы қажет. Гигиеналық ванна алу кезінде форточканы ашып желорай жасауға болмайды. Еден су өтпейтін, кафельдермен төселген болуы қажет. Әр ваннада ағаш төсеме жатуы, оның үстіне салфетка жабылуы тиіс. Салфетка әр сырқаттан соң ауыстырылып отыруы керек. Ванна бөлмесіндегі сүртінуге арналған сүлгілерді немесе ақ жаймаларды кептіру үшін электр құрылғылары болғаны жөн. Сырқатты жуып-шаятын ваннаны сабынға немесе қандайда бір дезинфекциялайтын ертіндіге малынған жөкемен немесе шөткемен мұқият жуады. Шүмектің түбінде қошқыл дақ болса 3% хлорлы сутек қышқылымен сүрту қажет. Содан соң ваннаны ыстық сумен шайып , тесігін тығынмен жабады. Суып кетпеуі үшін ваннаны жуындыру алдында ғана толтырады. Су буы болмауы үшін алдымен суық су. Содан кейін ыстық су құяды. Судың температурасын ағаш сапты арнайы термометрмен, оны судан шығармай тұрып, өлшейді. Сырқат арқасы мен желкесі ваннаның жиегіне тіреліп тұруы қажет, сонда судың мөлшері адамның дененсне дейәін көтеріледі.

Сырқат ванна ішінде тайып құламауы үшін аяқ жағына ағаш отырғыш немесе тіреуіш қойылады да науқас оған аяғын тірейді. Сырқатты жөкемен жуу керек: алдымен басын, содан соң денесі мен төменгі жағын, әсіресе жиналып, бозданатын жерлерін (шаштың, шаптың тұстарын, әйелдерде емшек безі мен қолтық асты) жуады.Ваннада болу ұзақтығын судың температурасы мен сырқаттың жалпы күйіне байланысты. Су температурасы 350360 болғанда гигиеналық ванна алудың орташа ұзақтығы 20-30 миут. Ваннангы дайындап, оны таза ұстауға жауапты кіші мейіркеш.Мейіркеш сырқатты жуындыру кезінде жанында болып, оның теғрісі мен тамырының соғуын байқап егер науқас өңі бозарып, басының айналатының, күйінің нашарлағанын айтса, мейіркеш дереу дәрігерді шақыруы тиіс. Сырқатты ваннадан шығарып, денесін сүртіп, көшеткеге жатқызады да, мүсәтір спиртіне малынған мақта иіскетеді. Немесе басын суық су мен дымқылданған сүлгімен орйды. Егер сырқаттың күйіне қарай гигиеналық ванна жарамаса, душ беріледі. Ол үшін ваннаға орындық қойылып, оған сырқатты отырғызады. Онда да ваннадағы сияқты тәртіппен жуады. Әрбір сырқаттан соң ваннаны сабынды жөкемен жуып, дезинфекциялайтын ерітінділердің бірімен (0,5 % суық хлорлы әкпен немесе 2% хлорамин ерітіндісімен) шаю қажет. Егер сырқат жай –күйі орташа дәрежеде болса, мейіркеш оның денсін, әсіресе шап тері қыртыстарын, қолтық асты мен әйелдердің емшек бездері астын дезинфекциялайтын ерітінділердің (камфора спирті, иіс су, арақ) бірімен дымқылданған сүлгімен сүртеді. Ванна және дәрігерлік алдын ала тексеру бөлмелерін өте таза ұстау керек. Көшеткеге клеенка мен жастықты әрбір сырқаттан кейін 2%хлорамин ерітіндісіне немесе 0,5% хлорлы әк ерітіндісімен дымқылданған шүберекпен сүртіп, ал ауысым біткен соң сабынды ыстық сумен жуу қажет. Көшеткедегі ақ жайманы әрбір сырқаттан кейін ауыстырып отыру қажет. Ванна бөлмесін күніне бірнеше рет жуу керек. Бөлмелелерді жинауға қоланатын құрал-жабдықтар ( шелектер, легендер, ескіберектер т.б.) таңбалануы қажет. Оларды арнайы бөлмеде сақтау керек. Жинауда қолданылған құрал-жабдықтар мұқият жуылып, кептіріледі. Унитаздарды жууға 0,5% хлорлы әктің сұйық ерітіндісі қолданылады. Ауруханалардың бөлімшелерінде олардың профиліне қарамастан сырқатты жуып-шаюдан өткізу үшін төмендегідей құрал жабдықтар мен дезинфекциялайтын құралдары болуы тиіс, олар осы мақсатқа арнайы бөлінген шкафтарда немесе жәшіктерде сақталуы керек.

1.Дезинфекциялайтын құралдар: лизол, сабын, асханалық сірке су, сабынды-керосинді эмульсия, 0,5% гексахлоран ерітіндісі, карбофос, хлорамин.

2. Шаш алатын машинка, шаш тастайтын, қақпғы жабылатын шелектер, таза және лас жөкелер салатын қаптар, шаш алғанда сырқат жамылатын жеңіл-клеенка пелерина, мензурка, спирт шамы, мақта үшкілдер, тарақтар, жөкелер.

Сырқат қабылдау бөлімшесінде барынша өте аз уақыт болуы тиіс. Жұқпалы ауруы бар деп сезіктенген сырқаттардың диагнозын тездетіп қойып, эпидемияға қарсы емдеу шараларын қабылдау үшін бактериологиялық сынақ алу қажет. Сырқатты санитарлық жуып-шаюдан кейін оның ауңруына сәйкес аурухананың арнайы бөлімшесіне палатаға дейінгі жолы тіке де қысқа болуы тиіс. Мұның үстіне сырқат басқа бөлімшелердің сырқаттарымен қатынаспауы, сөйлеспеуі қажет.Жағдайы тым нашар жағдайда сырқат санитарлық жуып-шаймай-ақ қарқынды бақылау бөлімшесіне дәріг.ерлік жедел жәрдем көрсету үшін жіберіледі. Жұқпалы аурулар бөлімшесінде сырқатты оқшаулауға арналған мельцер боксі және жартылай бокс бөлмесі бар, онда халат дезинфекциалайтын ерітіндіні, жуынатын жер, сабын, сүлгі трады. Бокс алдындағы бөлмеде екі есік бар: біріне коридордан кіреді, екіншісі (ішкі) палатаға кіреді, онда сырқаттың ауруханадағы күні оқшаулау кезеңінен тұрады. Палатада керуеттен, төсек орыннан, тумбочка мен орындықтан басқа санитарлық торап болады. Әрбір бокстың өзінің жақсы таңбаланған жинастыру құрал-жабдығы және 0,5 % хлорлы әк ерітінджісі болуы тиіс. Есіктер саңылаусыз жабылуы қажет. Қызыметкерлер бокс алды бөлмеге есікті мұқият жауып кіреді, қолдарын жуады, екінші халат, қалпақ немесе үшкіл тартады, қажет болған жағдайда дәкеден маска байлайды, тек осылардан кейін ғана ішкі есіктіә қаттырақ жауып бокске кіреді. Сырқатты көріп, қажетті процедураларды орындаған соң мейіркеш бокс алдындағы бөлмеге шығып, аққан судың астына қолын сабындап жуады, 0,5%хлорамин ерітіндісімен дезинфекциялайды, халаты мен қалпағы шешеді де, сыртқы есікті мықтап жауып, коридорға шығады.Бокста істейтін мейіркеш бокста пайдаланылған заттардың міндетті түрде дезинфекциялануын бөлменің үш рет жуылуын және ауруханада жұқпалы ауруды болдырмау үшін сырқаттардың дұрыс оқшалануын қатаң қадағалау тиіс. Сырқат жазылып шыққан соң бокс бөлмесін, заттарды, киім-кешекті мұқият дезинфекциялап жуып, ал медициналық қызыметкерлер халатын ауыстыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет