227
Әлеуметтік ақпарат – қоғамдық,
сондай-ақ, адам, қоғам және табиғат
арасындағы қатынастардың ӛзара әсерін реттеп отыру үшін қолданылатын,
қалыптасқан, үнемі жаңарып отыратын білімдердің, мәліметтердің жиынтығы.
Әлеуметтік арақашықтық – әр алуан топтардың, таптардың бір – біріне
деген қарым –
қатынастарын, жақындығын, қарама-қайшылығын,
қоғамдағы
орнын білдіреді.
Әлеуметтік байланыс – жеке адамдардың немесе топтардың бір – біріне
деген кез келген әлеуметтік-мәдени қатынастарын бейнелœейтін түсінік. Бұл
түсінікті социологияға Э.Дюркгейм енгізген болатын.
Әлеуметтік бақылау – әлеуметтік институттардың, мекемелœердің,
қоғамның сан алуан салаларының қызметіне,
әлеуметтік топтар мен жеке
адамдардың әс - әрекетіне қоғамдық мүдделœер мен әлеуметтік ғұрыптар
тұрғысынан баға беру және тыйым салу механизмі.
Әлеуметтік бейімделу –адамның немесе топтың ӛз
қажеттілігіне сәйкес
жаңа әлеуметтік ортаны белсенді түрінен игеруінен және әлеуметтік жүйедегі
ӛз орнын ауыстыруынан кӛрінеді.
Әлеуметтік ғадет – адамдардың субъективті мінездемелерінен және іс-
қимылдарынан, әлеуметтік белсенділіктерінің нәтижесінен кӛрінетін әлеуметтік
ортаның сипаттамасы. Әлеуметтік ғадеттің негізгі түрлері: еңбектік, ӛндірістік,
ұйымдық, функционалдық, демографиялық, экономикалық, қоғамға жат т.б.
Әлеуметтік ереже– адамдардың мінез-құлқын және олардың топтағы
қарым – қатынасын реттейтін тарихи қалыптасқан әдет.
Әлеуметтік жоспарлау - әлеуметтік процестердің дамуы мен жүзеге
асырылу жолдарының ғылыми негізделген мақсаты мен міндеттері,
кӛрсеткіштері. Әлеуметтік институттардың,
саяси партиялардың немесе
ұйымдардың белгілі мерзімге жоспарланған қызметінің негізгі қағидаларының
мазмұны әлеуметтік бағдарламалар деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: