Бихевиоризм
және
необихевиоризм
–
сананың
дербестігін
мойындамайтын, психиканы адамның ӛзіне қажет нәрселерге жету мақсатында
жүзеге асыратын іс-әрекеттерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы деп
кӛрсететін ғылыми бағыт.
Бюрократия – қатаң да дәл ережелер мен үлгілер арқылы реттелетін
қызметтер мен биліктің бӛлінісіне негізделген қызметтер мен рольдердің
иерархиясынан тұратын әлеуметтік құрылым.
Валидтілік – зерттеудің құралдары мен әдістерінің, ұғымдардың және
эксперименттердің мақсатының негізділіг мен барабарлығы.
Девиация – кӛпшілік мойындаған ғадеттік ережелерден ауытқу.
Дезинтеграция– жүйенің ішкі құрылымының ыдырау процесі.
Деноминация– басқа діндердің заң аясындағы қызметін қолдайтын және
қоғаммен арақатынасын позитивті принциптерге негіздейтін діни ұғым.
Депривация– адамдар мен топтардың негізгі қажеттіліктерін
қанағаттандыру мүмкіндіктерінен айыру немесе оларды шектеу процесі.
Еңбек – адамның іс-қимылының негізгі түрі, оның тіршілік ету тәсілі.
Еңбек арқылы кӛзделген мақсатқа жетуге болады. Еңбек адамның
қалыптасуына, оынң қоршаған ортаға бейімделуіне шешуші әсер етеді.
Коммуникации – бір адамның екінші бір адамға мәлімет беруі.
Коммуникацмя кез келген әлеуметтік ӛзара қатынастардың негізі.
Конвергенция ілімі – капиталистік және социалистік қоғамдардың
біртіндеп, біте қайнасып, бір біріне сіңісуін уағыздайтын бағыт.
Конформизм – бұқаралық санада қалыптасқан стереотиптерді, салт-
дәстүрлерді, бедел мен принциптерді қарсылықсыз қабылдау және сақтау.
Қоғамдық пікір - әлеуметтік қауымдардың қоғамдағы болып жатқан
оқиғаларға, әлеуметтік құбылыстарға қарым-қатынасын білдіретін бұқаралық
сананың жағдайы.
Макросоциология – күрделі әлеуметтік процестерді, әлеуметтік
топтарды және қоғамдық ӛмірді тұтастық тұрғысынан зерттейтін бағыт.
Маргиналдық – екі мәдениеттің ӛзара әсері процесіне қатысушы, бірақ
екеуінің біріне де толық сіңісе алмай, екі арада қалған адамдардың немесе
әлеуметтік топтардың рухани жағдайы.
Достарыңызбен бөлісу: |