157
дәрежесіне біздің ӛміріміздің, біздің ойлау жүйеміздің, саяси іс-әрекетіміздің
іс жүзінде байланысты екенін дәлелдейді.
Саясаттану адам және қоғам туралы ӛзге де ғылымдар сияқты адамның
білімін қалыптастыруға, ӛткенді, қазіргіні, келешекті дұрыс түсініп, орнын
анықтауға кӛмектеседі.
Саясаттану сӛзі
гректің
«politika» және
«logos» деген
сӛздерден
шыққан,
саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Саясат термині
мемлекетпен, ӛкімет билігі қатынастарымен, адамдар мен қоғамға басшылық
ету ғылымдармен байланысты кӛне заманғы ұғымдарға негізделген.
Дәстүрлі түсінік бойынша
саясат дегеніміз, ең алдымен, мемлекеттік
және қоғамдық істер, адамдар,
әлеуметтік топтар, халықтар мен мен
мемлекеттер арасындағы айқын кӛрінетін және ӛкімет билігі жӛніндегі
қатынастармен байланысты қызмет саласын білдіреді
. Әлеуметтік сирек
ұштасатын құбылыс ретінде оған саяси институттар мен ұйымдардың қызмет
атқаруы, саяси нормалар мен дәстүрлері, адамдардың басқару қызметі,
олардың әлеуметтік-саяси мүшелері мен қажеттері, саяси идеялары мен
кӛзқарастары жатады.
Саясат - ӛкімет билігі мен қоғамды басқару тұрғысындағы таптар мен
әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың, қызметтің, тәртіптің,
бағдарлардың және комуникациялық байланыстардың сан алуан әлемі ретінде
түсіндірілетін әмбебап қоғамдық сирек ұшырасатын құбылыс.
Саясаттану
пәні қоғамның саяси санасын, оның даму заңдылықтарын,
қазіргі саяси ӛмірді ұйымдастырып, басқаруды, оның құрлысы мен сан-алуан
қызметтерін зерттейді. Ол адамзаттың қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен
міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси ӛмірге
қатынасу тәсілдері, саяси ӛзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті
қалыптастыру жолдары, қазіргі заманғы сан түрлі саяси идеалық кӛзқарастар,
саяси сананың дамуы туралы, дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері
туралы түсінік береді. Ол ӛткендегі және қазіргі саяси жүйелерді, адамдардың
санасындағы, кӛзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-
әрекетіндегі саяси ӛзгерістерді қарастырады. Ал, бір жағынан жиналған
деректерді қорытады,
екінші жағынан, құбылыстардың ӛзара ұқсастығы
бойынша болашаққа болжам жасайды.
Салыстырмалы (comparative) әдіс- екі немесе одан кӛп саяси
объектілерді бір бірімен салыстыру арқылы зерттеме жасау. Бүл әдіс арқылы
объектілердің жалпы ұқсастығы және айырмашылығы табылады. Кезінде бүл
әдіспен Аристотель, Платон, Монтескье зерттемелерінде қолданған.
Салыстырмалы әдіс арқылы: 1) саясат туралы дәлелденетін білім жүйесін
қалыптастыруға; 2) саяси тәжірибені, тәртіпті және саяси процесстерді
бағалауға; 3) саяси құбылыстарды, оның келешегін болжауға мүмкіндік табуға
болады. Саяси әлімнің шын мәнін түсіну үшін, оның әр түрлі аумақтардағы,
региондардағы ар алуан түрлерін зерттеу керек. Мысалы, мемлекет
құрылымы, заң шығару органдары, партиялар, сайлау жүйелері
және тағы
басқалары.Социологиялық әдіс
–саяси ӛмірдің құбылыстарын талдау үшін
158
бағытталған нақты социологиялық зерттемелердің жиыны: анкетирование,
сұрақ қою, эксперименттер, статистикалық анализ, математикалық модель
жасау. Социологиялық әдіс арқылы саяси болжамдау жасалынады. Қазіргі
заманда осы әдістің негізінде қолданбалы саясаттану пайда болды, осында
зерттемелердің нәтижесі интеллектуалды тауар болып табылады. Ал оған
тапсырыс беруші – билік органдары, саяси партиялар, мемлекеттік ұйымдар.
Психологиялық әдіс
–саяси тәртіптің субъективті механизмдерін,
мінездемелерін, индувидуалды қасиеттерін зерттеуге арналған тәсіл. Бұл
әдістің
негізінде
Аристотельдың,
Сенеканың,
Макиавеллидың,
Ж.Ж.Руссоның, Т.Гоббстың
тұлға мен билік, адам табиғаты туралы, азамат
тәрбиелеу жайында идеялары жатыр. Психоаналикалық зерттеме арқылы
кӛбіне саяси елбасшылық феномені зерттелінеді, оының ішінде –
психобиографиялық және психотарихи бағыт. Психобиографиялық бағыт
бойынша, басшылық феномені адамның бала және жасӛспірім кезіндегі
ерекшеліктерімен байланысты. Бұл әдіс бірнеше зерттемелерде орын тапқан:
З.Фрейд және У.Буллит еңбегінде «Томас Вудро Вильсон, 28-і президент
АҚШ. Психологиялық зерттеме», Г. Лассуэл «Психопатология және
политика», В.Витгенштейн «Революциялық тұлға. Ленин. Троцкий. Ганди»
және т.б.
Экономика — бұл адамнің және қоғамның ӛз тiршiлiк әрекетiн
материалдық камтамасыз етуінің саласы. Ол екi жақты бӛлiнбейтiн бiрлiгi бар
сабақтас тарабы - саймандар, ӛндiрiстiң құралы,
еңбек ресурстердi
жиынтығынан құрастырылатын ӛндiргiш күштер және ӛндiрiстiк қатынастар
бiр жағынан, басқа жағынан - заттар, еңбек құралдар, үлестiрiлу және
шығарылған ӛнiмдердiң тұтынуы жӛнiндегі адамдардың арасындағы
қатынастардың жиынтығы.
Бұл адамның және қоғамның ӛз тiршiлiк әрекетiнiң материалды
камтамасыз етудiң екi тараптары диалектикалық ӛзара байланыстарда болып
дамиды. Ӛндiргiш күштердiң дамуы нақтылы оған сәйкес ӛндiрiстiк қатынас
деңгейін талап етедi. Ӛндiрiстiк қатынастар, ӛз кезегiнде, ӛндiргiш күштердiң
дамуына, олардың жылдамдатып ӛрлеуiне немесе баяулатуына белсене ықпал
етедi. Аталған екi тараптардың арасындағы дауының шешiлуiне саясат
ықпалін тигізеді. Экономика және саясат ӛзара әрекетте және ӛзара
байланыста болады.
Батыстың индустриалды дамыған елдері, жақында ғана индустриалды
ӛндірістен жоғарғы технологиялар мен ғылыми-технологиялық ӛндiрiске
ӛткел болған, бүгiнде терең дағдарыстың табалдырықтарында тұр.
Экономикалық хаосқа мемлекеттiк билiктерiнде үлкен ӛзгерiстерден ӛткен
кӛптеген шығыс Еуропаның елдерi кіріп түр.
Бұл Елдерде қалың қарапайым
халық пен байсымақтар арасындағы қарымқатынасы алыстауда. Сонымен
қатар, Кеңес одағының жақында ғана дүниелiк державаның аумағында пайда
болған егемендi мемлекеттiктерiнің де заманы оңай емес: инфляцияның ӛсуі,
жұмыссыздық, ӛнеркәсiптiң ӛнiмi және ауыл шаруашылығының ӛндiрiсi
түсуде.
159
Сонымен, саясат және экономиканың ӛзара байланысы ӛты тығыз.
Осындай ӛзара байланысты анықтайтын рӛлін экономика орындайды. Ол
саясаттың материалды негiзiн құрайды. Экономикалық процесстердiң дамуы
саясаттың дамуын бағыттайды. Саясаттың мазмұны, не бiр саяси шешiмдер
және әрекеттер ақырында адамдардың экономикалық мүдделерiмен
анықталады.Экономикалық заңдарды саналы қолдану - шынайы саясат болып
тұр. Саясаттың және экономиканың ӛзара байланысының бiр жағы осылай
айқындалады. Алайда осы байланыс бiржақты болып табылмайды.
Саяси ӛмір толығымен экономикаға тәуелді болғанымен, саясаттың ӛз
алдына экономикаға ықпалы бар. Осыған дәлел бола алатын озіміздің
еліміздің тарихы. Кӛптеген саяси шешімдер қоғамдық ӛмірдің ӛрістеріне,
экономикалық салаларының ӛзгерістеріне келтірген. XX ғасырдың басындағы
Қазан тӛнкерісінен туындаған коллективизация халқымызды қиын жағдайға
ұшыратты. Ал Кеңес Одағы кезіндегі алкогольге қарсы үкіметің әрекеті, қайта
жаңғырту (перестройка), бағалардың либерализациясы да оңай ӛткен жоқ.
Сондықтан, Саясат та экономикалық дамуға үлкен әсер етеді, ӛйткені ол
экономикалық шешімдердің құралы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: