ОқУ-Әдістемелік қҰрал


Партиялық және сайлау жүйелерінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет102/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

Партиялық және сайлау жүйелерінің ерекшеліктері 
Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны – сайлау. Оның сипаты 
ӛкіметтің сайланбалы органдары құрамына әсер ететіні сӛзсіз. 
Сайлау жүйесі дегеніміз - ӛкімет органдарына ашық сайлаумен 
байланысты және сайлау тәртібін айқындайтын қалыпты қоғамдық 
қатынастар жиынтығы. 
Оның негізгі құрамдас бӛліктері тӛмендегідей: 
берілген дауысты санау тәсілі мен депутаттық мандат беру мағынасында 
алып қарағанда, сайлаудың саяси ұйымдастырылуы бейнеленеді; 
сайлау процесі сайлаудың тікелей ұйымдастрыу жағын кӛрсетеді. 
Сайлаушылардың берген даусын санау тәсілі мен депутаттық мандат 
беру ретіндегі сайлау жүйесі дамыған шетелдерде абсолютті кӛпшілікті 
мажоритарлық жүйе (Франция), пропорционалды жүйе (Австрия, Бельгия, 
Франция), аралас жүйе түрінде қолданылады. 
Енді осы сайлау жүйелеріне байланысты қолданылатын сайлау 
кампаниялары, жарнама, ПР, сайлау үлгілеріне тоқталып, олардың 


197 
Қазақстанда қолдану ерекшеліктеріне мән беруге тырысамын. Демократия 
кӛшіне бет алған тәуелсіз мемлекетіміздің кәсіби тұрпатта кемелденуін 
саралаудың мақсатты жолында тӛл сайлау жүйесін жетілдіру үшін әлемдік 
ӛркениет тәжірибесіне де назарымызда аударуымыз қажет деп ойлаймын. 
Жоғарыда айтылғандарды қарасақ, алыс және жақын шет елдердегі 
саяси технологиялар тәжірибелерін және либералдық демократиялық дамуын 
зерттеудегі әдіснамалық негіздің пайда болуы мен даму тарихына деген 
қызығушылық заңды және негізі бар құбылыс болып табылады. Соңғы 
жылдары қазақстандық қоғам терең, сапалы ӛзгерістерді басынан ӛткеруде, ол 
әлеуметтік-саяси жүйенің 
фундаменталды 
параметрлерін 
радикалды 
құрастыруымен байланысты. Мемлекеттің саяси іс-әрекетке монополиясынан 
бас тартуы, плюралистік және полисубъекті ретінде қазақстандық саяси 
ӛмірдің қалыптасуы жаңа парадигмаларды қажет етеді және практикалық 
қайта құру саласында, саяси нақтылықты теориялық ұғыну жағынан да 
осындай талаптар бар. 
Әдебиет
1. Балғымбаев А.С. Саясаттану. Оқу құралы. -Алматы, 2003. 
2. Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Оқулық. -Алматы: Жеті Жарғы, 2010. 
3. Жамбылов Д.Ә. Тәуелсіздік және саяси сана. -Алматы: Жеті Жарғы
1999. 
4. Жандаулетов Т. Қазақ ұлттық идеологиясы мәселелері. -Алматы, 2004. 
5. Қазыбеков Н.А. Саяси процестер:Оқу құралы.-Қарағанды:Болашақ 
баспа,2004 
6. Саяси сӛздік. Алматы, 1989 
7. Ортақ үйімізге татулық пен келісім болсын. Алматы, 1995. 
8. Қозыбаев М. Киелі тәуелсіздік. //Парасат. №3, 2001. 
9.ҚР « Саяси партиялар туралы заңы»//Мысль, № 9, 200 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет