Қосымшалар
Қосымша А
Глоссарий
Адам –жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы
сатысы,тарихи және мәдени субъект. Адам табиғаты біртұтас биоәлеуметтік
жүйе болып табылады
Азаматтық қоғам –саяси құрылымдарымен, соның ішінде мемлекетпен
салыстырғанда қоғамдық ӛмірдің біртұтастығын сипаттайтын ұғым.
Аккультурация - әртүрлі мәдениеттердің ӛзара әсерін білдіретін ұғым.
Аксиология – (гректің ―axia‖ «құндылық», ―logos‖ ілім деген сӛзінен
шыққан) құндылықтар туралы ілім.Құндылықтарды жан – жақты зерттеу
мәселесін социологияға Макс Вебер енгізген болатын.
Аномия– қоғамдық тәртіпті ретке келтіріп тұрған ережелердің бұзылуы.
Ассимиляция– сан алуан әлеуметтік топтардың әлеуметтік және мәдени
негізде бірімен бірінің сіңісіп кетуі.
Ауыл – қоғамдық еңбек бӛлінісінің, яғни қол ӛнер мен ауыл
шаруашылығының бӛлінуі нәтижесінде пайда болған қоғамдық ӛмірдің нақты
әлеуметтік кеңістіктік түрі.
Әлеуметтік – (социальное– латынның «socialis» – «бірге», «жолдастық»,
«қауымдық» деген сӛзінен шыққан) – социологияның категориясы ретінде: 1)
адамның қоғамдық ӛмірінің мәнін; 2) адамның жануарлардан айырмашылығын;
3) адамның табиғаттың ажырамас бӛлігі екендігін; 4) қоғамдық жүйелер
құрылымдарын тиімдірек пайдалану жолдарын кӛрсету үшін қолданылады.
Әлеуметтік байланыстар – белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының
арасында нақты бір уақыт пен кеңістікте бірлесе қызмет ету.
Әлеуметтік қарым – қатынастар – адамдар және топтар арасында
болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар
Әлеуметтанудың объектісі-қоршап тұрған объективтік нақтылы ӛмір, ол
қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік
мекемелер, институттар, мемлекет және т.б.), тіпті адамның ӛзі, оның барлық іс
- әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі.
Достарыңызбен бөлісу: |