ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет130/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

Әлеуметтік мәртебе – кӛпшілік мойындаған құндылықтар жүйесі 
тұрғысынан қарағандағы қоғамдағы әр түрлі объектілердің, құбылыстардың 
әлеуметтік маңыздылығына берілетін баға. 
Әлеуметтік мобильділік – адамның, әлеуметтік топтың әлеуметтік 
құрылымдағы ӛз орнын ауыстыруы, адамның бір әлеуметтік топтан екінші бір 
әлеуметтік топқа ӛтуі немесе сол топтың ішінде орнын ӛзгертуі. 
Әлеуметтік ортаадамдардың қалыптасуына, ӛмір сүруіне, дамуына 
және қызмет етуіне қоғамдық жағдай туғызатын адамды қоршаған нақты 
әлеуметтік әлем. 
Әлеуметтік прогресс – қоғамдық ӛмірдің күрделенуі, ӛндірістің, 
мәдениеттің, әлеуметтік еркіндік, теңдік, әділеттіліктің ӛркениетті бағытпен 
дамуы. 
Әлеуметтік роль – белгілі бір әлеуметтік бағытты ұстанған жеке адам 
ғадетінің, мінез-құлқының, тәртібінің жүйелі ресми үлгісі. 
Әлеуметтік статус - әлеуметтік топтар мен оның ӛкілдерінің қоғамдағы, 
әлеуметтік байланыстар мен қатынастар жүйесіндегі орнын кӛрсетеді. 
Әлеуметтік статус бедел,билік сияқты ұғымдар арқылы анықталады. 
Әлеуметтік ымыра – (социальный компромисс) ӛзара әсер етуші 
әлеуметтік топтардың ӛзара келісі арқылы әлеуметтік қарама-қайшылықтарды, 
келіспеушіліктерді, дауларды шешу. 
Әлеуметтік эксперимент - әлеуметтік объектіге арнайы енгізілген 
басқарушы және бақылаушы факторлар әсер еткенде туындайтын сандық және 
сапалық ӛзгерістер жӛнінде мәлімет алу әдісі. 
Бақылау - әлеуметтік деректер жинаудың негізгі әдістерінің бірі. 
Бақылаудың кӛмегімен әлеуметтік құбылыстарға, процестерге жүйелі түрде 
үздіксіз зерттеу жүргізу ӛте тиімді. 
Бейсаналық– 
субъектінің 
санасына 
бағынбайтын 
психикалық 
процестердің жиынтығы. З.Фрейдтің пікірінше бейсаналыққа адам санасынан 
шығарылып тасталған құмарлықтар жатады. 
Билингвизм – қостілділік. 
Билік – қоғамдық қатынастардың бір түрі, адамның сондай-ақ әлеуметтік 
топтың, әр түрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін экономика мен 
идеология ықпалының негізінде және қйымдастырушы құқықтар арқылы 
жүзеге асатын механизм. 


229 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет