ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет51/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

 
 
2.4 Әлеуметтік стратификация 
 
Сабақтың мақсаты: қоғамның таптық жiктелуiн, стратификацияның 
тарихи типтерiн, жiктелу ӛлшемдерiн, қазiргi қоғамдардың таптық құрылымын, 
әлеуметтiк мобильдiктiң кӛрсеткiштерi мен типтерiн зерттеу . 
Негізгі түсініктер: қоғам,стратификация, таптық жіктелу,құлдық,каста, 
қанау,теңсіздік,әлеуметтік мобильдік. 
Әлеуметтік стратификация – бұл адамдар арасындағы табиғи және 
әлеуметтік теңсіздік: бұл теңсіздік олардың арасындағы жоғарыдан тӛмен қарай 
болатын (иерархиялық сипаттағы) теңсіздігінен кӛрінеді; бұл теңсіздікті 
түрліше сипаттағы саяси мекемелер берік сақтап реттеп отырады. 
Стратификацияның тарихи типтері – құлдық дәуірі, касталар,сословиялар 
– бұлар жабық қоғамды сипаттайды. Ал, таптар болса – бұлар ашық қоғамды 
айқындайды. Жабық қоғамда тӛменгі сатыдан жоғары сатыға әлеуметтік 
тұрғыда кӛтерілуге тыйым салынған. Ашық қоғамда бір сатыдан екіншісіне 
ӛтуге ресми түрде ешқандай да шек қойылмайды. 


111 
Стратификация теориясының құрамдас бӛлігі - әлеуметтік мобильдік 
теориясы. 
Әлеуметтік мобильдік әлеуметтанулық категория ретінде индивидтің 
әлеуметтік құрылымдағы ӛзгерісін бейнелейді. Әлеуметтік мобильдік дегеніміз 
– адамның немесе әлеуметтік топтың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы 
әлеуметтік жағдайының ӛзгеруіне байланысты жүзеге асатын әлеуметтік 
процесс. Әлеуметтік мобильдік категориясын 1927 жылы әлеуметтануға орыс-
американ ғалымы П.Сорокин енгізді. Әлеуметтік мобильдік түсінігін талдаудың 
методологиялық теориясы және әлеуметтанудағы әлеуметтік-құрылымдық 
бағыт болып есептеледі. П. Сорокин әлеуметтануда алғаш рет әлеуметтік 
мобильдік түсінігінің анықтамасын жасап, оны зерттеу принциптерін негіздеді. 
Осы проблемаға байланысты ол «Әлеуметтік мобильдік» деп аталатын еңбек 
жазды. Ол әлеуметтік мобильдікті горизонтальды және вертикальды деп екіге 
бӛлді. 
Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуында негізгі екі тенденция 
байқалады. Оның біріншісіне қоғамның белсенді түрді әлеуметтік тұрғыда 
жіктелу процесі, халықтың жаңа әлеуметтік топтары мен қабаттарының пайда 
болуы жатады. Екінші тенденция – бұл бүкіл дүниежүзінде жүріп жатқан 
экономикадағы интеграция процесі, ол қоғамның әлеуметтік құрылымына 
сӛзсіз әсер етеді. 
Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік құрылымы пирамида түріндегі 
геометриялық фигураға ұқсас. Келешек даму барысында осы сипаттағы 
әлеуметтік құрылым дамыған елдердегі тәрізді ромба түріндегі геометриялық 
фигураға ұқсауы тиіс. Келешек қоғам орта таптың қоғамы болуы тиіс. 
Әдебиет тізімі
1. И.Шәмшәтұлы, М.Дәкенов, Д.Дәуіт, Н.Күнхожаев Әлеуметтану 1999 ж. 
2. А.Д.Жүсіпова, А.И.Икенов Әлеуметтану негіздері. Алматы , 2004ж. 
3. З.Райнес, Қ.Жақып. Социология негіздері .Қостанай, 1997ж. 
4. М.Тәжин, Б.Аяғанов.Социология негіздері. Алматы «Ана тілі» 1993ж. 
5. Ә.Тұрғынбаев.Социология. Алматы білім 2001ж.
6. Р.Әбсатаров, М.Дәкенов Әлеуметтану. Алматы. Қарасай.2007ж. 
7. Ғабдуллина Қ.Құқық социологиясы.Алматы 2004ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет