ОқУ-Әдістемелік қҰрал


охлократияға – қара тобыр адамдардың билігіне



Pdf көрінісі
бет76/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

охлократияға – қара тобыр адамдардың билігіне айналады. Жалпы 
айтқанда, ойшыл демократияның барлық түріне қарсы болған. Аристотель: 
«адам – саяси жануар» деген. 
Орта Заман саяси ой діннің ықпалы түседі. Үкімет басында дін иелері 
болды. Билік Құдайдың құдіретінен деп шығарылды. Осы заманның кӛрнекті 


164 
ӛкілдері – Аврелий Августин, Фома Аквинский және кӛптеген басқалары. 
А.Августиннің саяси кӛзқарасы «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде 
баяндалған. 
Христиан дінінің теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома 
Аквинский (1225-1274) ӛмір сүрді. Оның саяси кӛзқарастары "Билеушілердің 
басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды. 
Аквинский ӛз шығармаларында Аристотельдің кӛзқарастарын котолик 
дінінің қағидаларына бейімдеуге тырысты. Атап айтсақ ол Аристотельдің 
адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін негізге алды. Жалғыз адам 
әу бастан ӛз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке - дара қанағаттандыра алмайды. 
Сондықтан бірігіп мемлекет болып ӛмір сүру адамдардың пешенесіне әуел 
баста жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты - "ортақ 
игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды ӛмір сүруге жағдай 
жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы 
сословиеге бәрі бағынуы тиіс. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен 
орнайды және соның бұйрығымен жүзеге асырылады. Билік басындағылардың 
халыққа жасаған жақсылықтарының бәрі бір жаратушының арқасы деп 
түсіндірді. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы тиіс. 
Оның пайымдауынша аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі керек. Ол 
биліктің монархиялық түрін жақтады. Осыған ұқсас саяси кӛзқарас мұсылман 
дінінде де орын алды. Онда билік дін басыларының қолында болуын кӛздеді. 
Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның ӛкіліне 
және билік иесіне бағынуы тиіс. 
Әйгілі араб ойшылы Ибн Хальдун (1332-1406 жж.) ӛмір сүрген. Ол 
"ӛзінің Тарихқа кіріспе" деген еңбегіңце қоғам мен билік түрін ғылыми талдап 
береді. Адамның жануардан айырмашылығы сол ол билікті қажет етеді деген 
пікір айтады. Оның осы пікірі екі түрлі саяси қағидаға негіз болды: 
а) қоғамдық топтардың ӛзара дау-жанжалын шешудің қағидасы; 
б) басшы топтар билігінің шеңберлі айналу түрінің қағидасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет