162
түсініктері діни-аңызға негізделген сипатта болды. Олардағы ӛкімет билігі,
басқару тәртіптері кӛбінесе құдаймен байланыстырылды.
Б.э.д. VIII -VI ғасырларда сол кездегі ӛмірде, тіршілікте адамдар
арасындағы қатынастарда
оның ішінде мемлекет, билік, құқық, ұғымдары,
бұрын беймәлім болып келген ӛзге де жаңа пікірлер айтыла бастады. Соңдай-
ақ, діни-аңызға негізделген кӛзқарастардан біртіндеп арылу тенденциясы да
байқалды. Ендігі жерде ӛмірге кӛзқарас кӛбінесе ғылыми негізге сүйене
бастады. Кӛзқарастардың бұлай ӛзгеруіне Заратуштраның (Перссия),
Конфуцийдің, Мо-цзының (Қытай), Будданың (Индия) ілімдері басты рӛл
атқарды.
Ежелгі Қытай ойшылы
Конфуций (б.з.д. 551-479 ж.ж.) ӛзінің саяси
доктринасын моралды максималарға негіздендірді, үлгілі адам концепциясын
жасады.
Конфуций бойынша, ондай адам адмгершілікті
(жень), адал, таза
ниетті болуы керек. Ойшыл идеяларын жанұйя, қоғамға, мемлекет
ұйымдастыруға байланыстырған. Конфуций ел басқарудың «адамгершілікті
басқару» принципін ұсынды. Басшы адам негізгі шешім қабылдауда тұрақты
және адал болып ӛз халқының жағдайын ойлап түру керек деген. Дана адам-
басқарушы жақсы біледі – адамның бәрі абырой мен байлаққа үмытылады, ал
кедейлік пен беделсіздіктен қашады. Жалпы айтқанда, Конфуций үшін
әлеуметтік дифференциацияны жақтау және қоғам мүшелері
арасында
міндеттерді иерархиялық бӛлу сипаттамалы.
Гректің ғүлама ойшылы Гераклит б.э. дейінгі шамамен 520-460
жылдарда ӛмір сүрген. Ол: "Әлемде бәрі қозғалысқа түсіп, бәрі біртіндеп
ӛзгеріске ұшырайды" - дей келіп әлеуметтік теңсіздік жаратушы күш арқылы
реттеледі деп түсінеді. Аристократия жағыңдағы Гераклит құлдықтың
сақталуын қорғап, мемлекеттегі зандардың тұрақты болуына үлкен мән
береді.
Гераклит: "қарама-қарсылықтар бірінсіз-бірі ӛмір сүре алмайды. Яки
белгілі бір қарама-қарсылық, екінші бір қарама-қарсылыққа ӛтеді. "Суық
жылынады, жылылық суынады,
ылғал кебеді, құрғақ ылғалданады" деген
тұжырымға сүйенген ол ӛмір мен ӛлімді, түзу мен қисықты, жақсылық пен
жамандықты, күн мен түнді, жоғары мен тӛменді бір таяқтың екі ұшы іспетті
деп біледі. Бұлар бір-бірімен бірлестікте әрі қарама-қарсылықта. Қарама-
қарсылық ӛзара мәңгі күресте.
Демокрит (б.э. дейінгі 460-370 жылдар шамасында) ӛмір сүрген, құлдық
демократияны жақтаған, антикалық материализмнің ӛкілі болды. Егер
адамдар бір-бірін күндемесе,
зияндық жасамаса, бір-біріне сенсе онда
заңдардың да қажеті шамалы деген пікір айтады. Сондай-ақ, ол қоғамның
пайда болуы мен даму сырын зерттеуге талпынады.
Әйгілі ежелгі грек ойшылдары
Платон және
Аристотель алдынғы
тарихи материалдарды талдап саяси ӛмір туралы біртүтас ілім құрастырған.
Достарыңызбен бөлісу: