Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының көркемдік ерекшелігі



бет55/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78
аширов ответ

М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының көркемдік ерекшелігі

Ақын туындысының құндылығы соншалық, боямасыз өлеңдерін оқи отырып, әр өлең алуан түрлі әлемге жетелейтінін ұғынасың. Ақынның құнды дүниелерінің бірі – «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Поэманың негізгі тақырыбы – Ана махаббаты. Ақын поэма арқылы үлкен тәрбиелік мәні бар астары терең мазмұнды да көркем туындыны дүниеге әкелген. Поэманың негізгі арқауы – ананың балаға деген махаббаты. Автор өзі көтерген мәселені толығымен ашқан, себебі, поэма шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен сағыныштан туған. Бұл поэмада екі ана бар: бірі – тіршіліктің анасы табиғат-ана, екіншісі – адам баласының анасы. Шығармада «Жетім көлдің» тағдыры туралы жыр толғаған ақын сол жетім көлдің көркін кіргізетін, көк аспанда көшіп жүрген ақша бұлттай аппақ, сұлу аққулар туралы баяндайды. Сонымен қатар, баласының еміне шипа іздеп шарқ ұрған ананың жан күйзелісі сөз болады. Ана ауру баласын емдеу үшін табиғаттың киесі саналатын аққу құсқа оқ атуға мәжбүр болады. Сол жерде аққудан айрылған көлді суреттеген ақынның өлең жолдары тұнып тұрған эстетика. Аққуларынан айрылған жетім көлдің жағасы құлазып, сәбиінен айрылған ананың солғын тартқан жүздері, мұңды бейнесі көз алдыңда көпке дейін тұрып алады. Ақын жетім көл оқиғасын табиғатқа жан бітіре суреттеген. Эстетика – адамның жан дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары дейтін болсақ, әсемдік заңдарын арқау еткен шығарманың да мәнісі осыған келіп тоғысады. Бұл тұжырым автор поэмасында кеңінен көрініс тапқан. Ақынның табиғат пен адам жанын ұштастыра суреттеу шеберлігін белгілі ғалым Зейнолла Серікқалиев: «Мұқағали мұрасы, сұлулық үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, Мұқағали мұрасы, маржан поэзиясы – болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп-қадірлейтін қазынасы» – десе, жазушы Бексұлтан Нұржекеев: «Ойын сиқырлы сөзбен айта білу, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізе білу – Мұқағали өлеңінің негізгі құдіреті ...Мұқағали – өлең түрін түрлендіруге де көп көңіл бөлген ақын. Ол көне шығыс үлгілерін де, әр сөзі ой шегелеген өзіндік тәжірибелерін де қазақ өлеңінің қанына сіңіріп кетті»,– деп бағалаған.
«... Қызғыштар қиқулап, қорғағанда,
Сорлағанға ұқсайды сорланғанға,
Шүрегейлер айдынын қорлағанда,
Көкқұтандар қанатын қомдағанда.
Беу, дүние-ай, аққулар оралғанда,
Айдын көлдің иесі жол алғанда.
Жетісіп бір «Жетім көл» қалушы еді-ау,
Тынушы еді-ау, теңселген қара орман да». (М.Мақатаев. «Аққулар ұйқтағанда»). Бұл жыр жолдарында Мұқағали «Жетім көлдің» сұлулығы, сәні тек аққулар оралғанда кіретінін баяндап, аққуды көл еркесі, сол көлдің падишасы ретінде суреттейді. Біздің әдебиетімізде сұлу қыздың портретін суреттер болса, оны аққу құсқа немесе жарық күннің сәулесіне теңеп жатады. Ал, Мұқағали өз поэмасында аққудың сұлулығын сұлу қызға теңеуі, сұлулық падишасы – аққудың қасиеттерін адам бойынан келтіруінің өзі оның асқан шебер, қиялының шексіз екенін айқындап тұрғандай. Осылайша, Мұқағали құс еркесі – аққудың тәкаппарлығын аса бір көркем суретпен жетізе білген.
«Жетті аққулар.
Түгендеп «Жетім көлін»,
Жағалауда ұшып жүр шыр айналып,
(Бірден көлге қонбайды құлай барып.)
Сондайтұғын, аққулар сондайтұғын,
Асығыстық оларда болмайтұғын.
Қомағай көкқұтандар секілденіп,
Жалп беріп жағаға кеп қонбайтұғын.
Сондайтұғын, аққулар сондайтұғын,
Ақ мүсін айдынға кеп орнайтұғын». Осы жолдардан аққу құстың өзге құстардан артықшылығын, сұлулығын, тәкәппарлығын суреттегенде, «Қыз Жібек» жырындағы Жібектің сұлулығы еріксіз ойға оралады. Олай дейтінім, аққудың сағынышпен келген көліне бірден сүңгіп кетпеуі, асықпай айнала қиқулай ұшуы, бұл қазақ ұлтының тектілігін аңғартқандай көрінеді. Біздің бабаларымыз алыс сапардан елге оралса, бірден үйіне бармай, сол елдің ақсақалына сәлем берген. Ал, қыздарымыз өзге ұлттың қыздарындай емес, өзі қанша жігітті ұнатып тұрса да, әдепсіздік танытпай, іштей тілеулес болып, күте білген халықтың ұрпағы. Бұл жердегі шыдамдылық қазақ қызының бойындағы қасиетін ашып көрсеткендей.
«...Аққулар... Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап.
Айдынның еркелері, білмей тұрмын,
Етермін тағдырыңды кімге аманат?!
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Бір мамығы майысса ауырсынып,
Тарақ етіп тұмсығын, тарайды кеп,
Тарайды кеп, тарайды қауырсынын.
Құм тұрса да бір түйір ауырсынып,
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Ақ қанатын сабалап, асыр салып,
Бірде суға сүңгиді басын малып», – деп келетін жолдары арқылы аққудың еркелігін, сұлулығын суреттеу арқылы оқырманын таңғажайып эстетикалық ләззатқа бөлейді.
Бұл поэманың негізгі айтары, сұлулық қана емес, адам баласына табиғатты, сол табиғатты мекен еткен тіршілік иелерін құрметтеу керектігін ұғындырады. Қазақ пайымында аққу құс сұлулықтың ғана емес, көлдің киесі, достықтың символы ретінде де суреттеледі. Аққу десе, көз алдымызға адалдық, тазалық, бейбітшілік сияқты ұғымдар келетіні содан. Дана халқымызда «аққуды атпа, досыңды сатпа» деген нақыл сөз бекер шықпаған болар?! 



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет