Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары



бет1/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
аширов ответ


Қазіргі қазақ әдебиеті пәнінен емтихан жауаптары
2023-24 оқу жылы

  1. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары

Көшпенділер — Ілияс Есенберлиннің үш кітаптан тұратын тарихи эпопеясы.
Трилогия — хронологиялық жүйеге құрылған, қазақы шежірелік сипатты бойына жинақтаған тарихи шығарма. Бұл шығарма - қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі, партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Трилогия Алмас қылыш ,Жанталас, Қаһар деген бөлімдерден тұрады.
Жалпы «Көшпенділер» трилологиясы әлемнің 30 тілінде жарық көріп, 50 рет қайта басылды. 2005 жылғы есеп бойынша, дүние жүзіне таралған жалпы тиражы 3 миллион дана. 
Көшпенділер трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, XV-XIX ғасыр аралығындағы Қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі.

  1. Алмас қылыш(1971) романында ХV –ХVІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы, Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясы суреттеледі.

  2. Жанталас(1974) романында ХVІІ –ХVІІІ ғасырлардағы Қазақстанның шетел басқыншыларымен күресі және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі сипатталады. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы, Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңілістері туралы жазылған.

  3. Қаһар(1969) романында ХVІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі, Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері және Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік, даналық істері баяндалады. Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері суреттеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет