Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары



бет51/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   78
аширов ответ

Қ.Мырзалиевбалалар ақыны

Қазақ балалар әдебиеті - қазіргі заманғы барлық жанры жетілген, кемел әдебиет. Қазіргі кезеңде балалар әдебиетінің ыстық-суығына бірдей ортақтасып жүрген ақын Қадыр Мырза Әли. Сонау 1970 жылы Қадыр Мырза Әлидің балаларға арналған өлең-жырларының таңдамалысы «Күміс қоңырау» деген атпен жарық көрген. Содан кейін осы атпен 1985 жылы «Шымыр жаңғақ», «Ғаламдағы ғажап» атты жаңа кітаптарынан ашылған өлеңдерімен толықтырылып, ақын таңдамалысы екінші рет басылып шықты. Ал «Сабақ» деп атаған жинағында тұтас қарағанда ана үлгісі, ана өсиеті тәрізді ғибратты сабақ, азамат атануға, адал болуға, еңбекті сүюге, табиғатты анандай аялауға шақыратын, көркем сөзбен баурайтын өлеңдері болып табылады.
Ақынның жас өрендерді өнер-білімге, оқуға шақыруға арналған өлеңдерінің мән-маңызы өте жоғары болып табылады. «Бірінші сентябрь», «Әліппе», «Күнделік», «Үйде», «Жыл қорытындысы» атты өлеңдерінің бір парасына тоқталсақ. «Бірінші сентябрь» өлеңіндегі негізгі кейіпкердің өзі - бала. Ең бірінші сыныпқа жаңа ғана аяқ басқан бүлдіршіннің мектеп жөнінде ойы арқылы басқа да балалардың оқуға жауапкершілікпен қарауын көздейді. «Әліппе» өлеңінде жалпы Әліппені оқудың мән-маңызын байқата келе, еңбекті барлық ілімнің, білімнің әжесіне балайды. «Диктант» өлеңінде ақын балаларды өздігінен білім алуға, ешкімнен көшірмей өз бетімен жазуға шақырады. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей демекші, біреудің еңбегіне құнығып тұтылғанша, өзің еңбектеніп білім ал деген өсиет айтады. Өлең әрі қызықты, әрі терең өнегелі ойға құрылған. «Жыл қорытындысында» ақын сол бірінші класын бітірген оқушыны қайта сөйлетеді. Беске тәмамдап отырған баланың өлі де осы қарқынмен қалған тоғыз жылын аяқтауына ұмтылуын байқатады. Ерте кезден жауапкершілікті сезінген жас баланың бүгінгі ойын үлгі етерлік. Ол кластың анасы өлеңінде баланың өзге балаларды бестікке оқуға, тәрбиелі болуға шақырады. Ақын Қадыр Мырза Әли баланың өзін ойланта отырып, жақсылық пен жамандықты айыруға талпындырады.
Ақын өлеңдерінің басым көпшілігінде тартыс бар, жақсылық пен жамандықтың қатар келуі ақын өлеңдері сонысымен тартымды, сонысымен де қызғылықты. Бұған кез келген өлеңнен уәж табуға болады. Мысалы «Қаламым алды өшін» деген туындысында бала күні-түні сырғанақ тебе берген соң, қаламның мөрі әбден өшеді. Ақырында төзімді пақыр-қалам өз иесін құлатады да, жылатады. Сөйтіп өшін алады. Қадыр өлеңдері баланың балғын жүрегіне жол тауып, олардың көңілдерін көтеріп, сезімтал, сергектікке тәрбиелейді. Ақын бала мінезінің адал да аңғал оқыс тапқырлығын жанына дарыта отырып, сәбидің тұнық сезіміне тұнық жырлар береді. Сотқарларын тәрбиелеп, момақандарының намысын оятады. Ақынның «Қайрақшы» өлеңі балаларға ғана емес, үлкендерге де арналған. Өзіңді-өзің үнемі қатаң бақылау, өзіңнің әр қадамыңа орынды баға беру, өзіңді-өзің тәрбиелеудің ең басты жағдайы болып табылады.
Баланы еңбекке де баулу мақсатында өлеңде адамның қолымен сан мыңдаған үй салынып, жапан түз жаңғырғанын, шөлін көлге, құла жол гүлге оралғанын, дұшпан достасып, тегіс жер тау түзегенін айта отырып, ақын адамның бұл әрекетінің екінші жағы болғандығын, яғни, гүлді күл, падишаны күң, көнді шөлге, досты - дұшпанға айналдырғанын көрсете отырып, соңғы әрекеттен бойды аулақ ұстауға үлгі етеді. Жас ұрпаққа жалпы бір адамды бағалағанда бір жақты жаман, я жақсы деп бөлмеудің керектігін өзіне ойлантады. «Болмайды» өлеңінде балаға жалпы ұстанатын міндеттерді санамалап өтеді. Алдымен сабақтан қалмауды, екілік алмауды, кішіні қорламау, бұзықты жасамауды, өтірік айтып, кеш келіп үйге, шылым шегуге, үлкендерді сөгуге, аққуды атуға, еліңді сатуға болмайтындығын ғибрат, өсиет етеді. Баланы тәртіпсіздіктен аластатады. «Түтін» өлеңінде балаларды жаман қылықтардан сақтандырады. Алдымен түтіннің Волгадай, мылтықтан шыға келе, ең соңы: Ең жаман сол түтін мұрыннан да шығады,- деп жирендіреді. Қадыр Мырза Әлидің бір топ өлеңдері еңбекке баулу идеясын ту етеді. «Тазалық» өлеңінде баланы сөйлету арқылы ақын еңбектің пайдасын аңғартады: Сыпырғы ап сыбанып, Шаң-тозаңды қудым кеп. Шүберек ап, су алып, Сырлы еденді жудым кеп,- деп үй тазалаған баланың қуанышын білдіреді. Бала бір жағынан, тазалықты сақтауға талпынса, екінші жағынан анасына көмектеседі. Өлең балаларды еңбек етуге тәрбиелейді. Ал «Анам үшін» өлеңінде анасына қолғабыс жасайтын өнегелі баланың ісін үлгі етеді.
Тазалыққа баулу үшін құр сөзге қарағанда қызықты, әрі танымдық түрде сабынды сөйлету арқылы Қадыр мырза Әли бала психологиясына ұтымды әсер қалдырады. Жастық тыс, жабындың кірлесе, Ақ көбік болып мен сабылдым,- деп жансыз сабынды сабылып жүрген жанды құбылысқа теңейді. «Өз ана» өлеңі баланың өз анасын құрметтеуге, әрдайым қолғабыс болуға үндейтін тамаша сегіз шумақтан құралған өлең. Ақынның жан-жануарлар (төрт түлік мал) және жәндіктер (балықтар) туралы енкрінің басты мақсаты балаларды өз халқымыздың тұрмыс- тіршілігіне тарихынан, әдет-ғұрпынан хабардар ету. Оларды кейбір жәндіктер балықтардың) түрлерімен таныстыра отырып, танымдық білім беру. Балалар мен жасөспірімдердің шаруашылыққа икемділігін дамыту. «Қой» өлеңінде жалпы қойдың момындығын айта келе, оның адамзатқа берер пайдасын, яғни жүнін, сүтін, етін тұтынатынымызды айтады. Қойды бағалаудың қажеттілігін ескертеді.
Жан-жануарлар, жәндіктер туралы өлеңдердегі әсемдік әлемі хақында бірер сөз айтсақ. «Арыстан» аталатын өлеңінде балаға арыстан жөнінде көп мағлұмат береді. Байыптап қарасақ, ақын арыстанның айбарлығын көрсетпей керісінше, пілмен құрметін, бегемот, мүйізтұмсық және басқа да аңға ешбір ызбар байқатпай тыңдағанын және айтып кетеді. «Не жетеді Мықтыға, Кішіпейіл болғанға!»
Балалар әдебиеті қазақ әдебиетінің де арнайы саласы»,- деп Т. Тоқсанбаева айтып кеткеніндей, Қадыр Мырза Әлидің де поэзияға әкелген құлды-құнды балаларға арналып жазылған базарлығы Қазақ балалар әдебиетінің ең төргі жағын алған. Ақын теңеуді өрбір өлең шумағындағы ойды күшейту үшін, идеяны арттыру үшін көріністі көркейту үшін жұмсайды. Қадырда қазақ психологиясын түсіну бар, қазақ үшін жазғаны байқалып, оқырманды өзіне тартып, елжіретіп турады



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет