«ORDA» жоғары колледжі
«Тілдер» пәндік циклдық комиссиясы
ХАТТАМА№2
05.12.2022ж, сағат 10:00
Студенттерді өндірістік іс-тәжірибесі
бойынша бекіту (қорытынды) конференциясы
Қатысқандар: 22
КҮН ТӘРТІБІ:
1. 21.11.2022 – 03.12.2022 ж. аралығында өткізілетін ББ-9-11оқу тобының «Тәрбие жұмысының әдістемесі» өндірістік іс-тәжірибесінің есебі
1 ТЫҢДАЛДЫ:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша А.К.Қанибаева сөз алып, 01140100 – «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге ОН 2.1 «Тәрбие жұмысының әдістемесі» арқылы өздеріне көп мағлұмат алатындарын, біраз тәжірибе жинайтындарын түсіндірді. Жас ұрпақтың тәрбиесі – білімді де білікті мамандардың қолында деп, олардың білімге, өз мамандықтарына деген қызығушылығын тағы бір мәрте арттырды. Студенттерден іс-тәжірибеде не үйренгендерін сұрап, пікірталас өткізді. Олардың жақсы маман болып шығатынына сенім білдірді.
Сөз алды: ББ-9-11 оқу тобының студенттері іс-тәжірибе барысында бір жылдан аса алған теориялық білімдерін іс-тәжірибе барысында ұштастырып, құжаттармен жұмыс істеу,сөйлеу мәдениетін, іскерлік қарым-қатынас барысын меңгергендігін сөз етті.Конференция барысында сөз алған төмендегі студенттер өз ойларымен бөлісті.
Топта барлығы 35 студент. Барлығы ретімен тақтаға шығып, іс-тәжірибе папкасын қорғады. ОН 2.1 «Тәрбие жұмысының әдістемесі» бойынша қорғады.
Дүйсенәлі Сағыныш:Мен Қызылорда қаласы, Б.Ермекбаев Атындағы №271 орта мектепте білім беру мекемесінен іс-тәжірибеден өттім.Құжаттармен толық танысып шықтым. Өзіме біраз тәжірибе жинақтадым. Қанибаева.А.К.: –Қандай құжат түрлерімен таныстың? – Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлары мен тәрбие жоспарымен таныстым.Ерханова.Жанерке Қызылорда қаласы,Сырдария ауданы №130 Абай атындағы орта мектебінен іс-тәжірибеден өттім. Іс-тәжірибе барысында қосымша оқушы мәліметтерін (отбасы құрамы, әлеуметтік жағдайы) толтырдым. Қанибаева.А.К.: –Ата-аналармен қалай байланыста болдың?– Ата-аналармен үздіксіз байланыста болдым. Себебі, ата-аналар балаларын мектепке әкеледі және алып кетеді. Қонысбекқызы Ақниет Қызылорда қаласы,Қармақшы ауданы, Жанқожа батыр атындағы орта мектебінен іс-тәжірибеден өттім. Іс-тәжірибе барысында жетекшімнен тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруды, жүргізуді үйрендім. Қанибаева.А.К.: –Өндірістік тәжірибеге бару несімен ұнады?– Оқушылармен жұмыс жасаған маған ұнайды.
Студенттердің конференция барысында есебі тыңдалып,комиссия шешімімен төмендегідей бағаланды.
Достарыңызбен бөлісу: |